"Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Қызылорда облыстық әскери комиссариатында орындалу барысы жайлы

Жаңа

Қызылорда облыстық Мәcлихатының 1998 жылғы 27 наурыздағы /XVI сессия/ шешімі. Қызылорда облысының Әділет басқармасында 1999 жылғы 12 cәуірде № 94 болып тіркелді

      Облыстық әскери комиссар орынбасары Ж.Бисенғалиевтың хабарламасын тыңдап, облыстық Мәслихаттың ХVІ-сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Облыстық әскери комиссар орынбасары Ж.Бисенғалиевтың "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Қызылорда облыстық әскери комиссариатында орындалу барысы жайлы хабарламасы еске алынсын.

      2. Облыстық әскери комиссар хабарламасында айтылған ұсыныстар, яғни әскер қатарына шақырылушылар ішінен басқа адамның көмегі мен күтіміне мұқтаж отбасы барларды, мерзіміне қарамастан сотталғандарды, әскери қызметке шақыруды кейінге қалдырылғандарды әскери запасқа қалдыру "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына /19 мамыр 1995 жылғы, 14 қараша 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары арқылы енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды еске ала отырып сәйкес жүргізілсін.

      3. Облыстық, Кызылорда қалалық және аудандық Мәслихаттарға, білім, денсаулық сақтау, дене мәдениеті және спорт бөлімдері /ұйымдарына / әскери қызметке шақыруға дейінгілер мен шақырылушы жасөспірімдерге патриоттық тәрбие беру, бастапқы әскери даярлықтан өткізу, емдік-профилактикалық шараларды жүзеге асыруды ұйымдастыру тапсырылсын.

      Облыстық Мәслихат
      ХVI-сессиясының төрағасы А. Алматов
      Облыстық Мәслихат хатшысы Б. Ермақашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады