Алматы қаласы әкiмiнiң мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорын құру, осы қордың тұрғын жайына қоныстануға берiлетiн ордердiң үлгiсiн бекiту және Тұрғын үй департаментiнде тұрғын үй қорын пайдалану бөлiмiн құру туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкiмiнің 1998 жылғы 22 қаңтардағы N 25 шешімі. Алматы қалалық Әділет басқармасымен 1998 жылғы 22 қаңтарда N 7 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласының әкімдігінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 1/211 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласының әкімдігінің 2012.03.28 № 1/211 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алматы қаласының статусы және оны ары қарай дамыту туралы" 1997 жылғы 20 қазандағы Жарлығын орындау мақсатында, 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 3 б.6 б. негiзiнде мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорын құру, пайдалану мақсатында Алматы қаласының Әкiмi шешiм қабылдады:
      1. Қала әкiмiнiң мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қоры құрылсын.
      2. Аталған қорға қала әкiмiнiң өз қаражатына алынған заңды және жеке тұлғалар берген тұрғын үйлер енгiзiлсiн.
      3. Қала әкiмiнiң мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қоры туралы Қағидасы бекiтiлсiн (N 1 қосымша).
      4. Қала әкiмiнiң мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорынан берiлетiн тұрғын үйге қоныстануға берiлетiн ордердiң үлгiсi және ол туралы Қағида бекiтiлсiн (2, 3 қосымша).
      5. Қалалық Тұрғын үй департаментiнде қала әкiмiнiң мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорын пайдалану бөлiмi құрылсын және ол туралы Қағида бекiтiлсiн (N 4 қосымша).
      6. Қала әкiмiнiң мемлекеттiк тұрғын үй қорын пайдалану үшiн құрылған бөлiм қала бюджетiнен қаржыландырылсын.
      7. Осы шешiмнiң орындалуын қадағалау Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары М.Дұлқайыровқа жүктелсiн.

      Алматы қаласының әкiмi                      В.Храпунов

N 1 қосымша
Алматы қаласы әкiмiнiң
1998 ж. 22.01 N 25
шешiмiмен бекiтiлдi

Алматы қаласы әкiмiнiң мемлекеттiк
коммуналдық тұрғын үй қоры туралы
ЕРЕЖЕ

      Осы "Ереже" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 20 қазандағы "Алматы қаласының статусы және оны ары қарай дамытудың шаралары туралы" Жарлығын орындау мақсатында және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 3,4 бабына сәйкес әзiрленген.
      Аталған Ереже қала мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорына қатысты мына мәселелердi белгiлейдi:
      1. Мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорының түсiнiгiн;
      2. Қала мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорының құрылуын;
      3. Қала азаматтарына тұрғын үйдiң берiлу көлемi мен жағдайын;
      4. Тұрғын үй алуға құқығы бар азаматтар тобының шеңберiн;
      5. Коммуналдық тұрғын үй қорын пайдалануды;
      6. Тұрғын үйдiң құқықтық статусының өзгеруiн.
      1. Мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қоры - мемлекеттiң меншiгiндегi және жергiлiктi атқару органының қарауындағы тұрғын үй.
      Қала әкiмiнiң мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорына кiретiн барлық тұрғын жайға қала әкiмiнiң өкiлеттi өкiлi ретiнде тұрғын үй департаментiне меншiк құқығындағы куәлiк ресiмделедi.
      Қала мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қоры - қала әкiмiнiң қарауындағы тұрғын үй.
      Тұрғын үйдi аталған қорға жатқызу қала әкiмiнiң оларды аталған қорға енгiзу туралы шешiмiнiң негiзiнде болады.
      Тұрғын үйлердегi тұрғын емес жайлар коммуналдық тұрғын үй қорына кiрмейдi.
      Мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын жайы азаматтарға жалдау шарты бойынша белгiлеген.
      Аталған тұрғын үйге - тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж есебiнде тұратын әлеуметтiк қорғалатын табысы аз азаматтар, мемлекеттiк қызметкерлер, бюджеттiк мекеме жұмыскерлерi, әскери қызметкерлер және мемлекеттiк сайлау қызмет орындарындағы адамдар қоныстана алады.
      Мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерiнiң бiраз ерекшелiктерi бар, оның iшiнде:
      - тұрғын үй мемлекеттiң меншiгiне жатады;
      - тұрғын үй қала әкiмiнiң қарауында, яғни иелену, пайдалану, басқару қала әкiмiнiң (аудан әкiмдерi) өкiлеттiгiнде;
      - тұрғын үй азаматтарға Заңда қаралған айрықша жағдайлардан басқа кезде жекешелендiру, айырбастау, ажырату, мұраға қалдыру құқығынсыз жалға берiледi;
      - мемлекет қызметкерлерi, бюджеттiк мекемелер жұмыскерлерi, әскери қызметкерлерi және мемлекеттiк сайлау қызметтерiндегi адамдар, Заңда қаралған ерекше жағдайдан басқа кезде, қызмет iстеген уақытында ғана, яғни қызметiн бiтiргенде тұрғын үйден шығарылады;
      - қоныстанған кезде мiндеттi түрде жалдау шарты жасалады;
      - Заңда қаралған жағдайлардан басқа кезде бөтен адамдарды қоныстандыруға жол берiлмейдi.
      2. Қала әкiмiнiң мемлекеттiк тұрғын үй қоры атқару органының шешiмiмен енгiзiлетiн тұрғын үйлерден құрылады, оның iшiнде:
      - қала әкiмiнiң коммуналды тұрғын үй қорының салынып жатқан үйлерiнде, сонымен қатар құрылыстың аяқталуына дейiн;
      - қала әкiмiнiң мiндеттi аудару есебiне және шарттық келiсiм бойынша берiлетiн жеке пәтерлер;
      - қала әкiмiнiң сату-сатып алу шарты бойынша және үлестiк қатысу арқылы алған тұрғын үйлерi;
      - пәтер босағаннан кейiн тұрғын үй разрядына көшiрiлген, қала қызметтерi немесе заңды және жеке тұлғалар дұрыс мақсатта пайдаланбай жатқан тұрғын үйлер;
      - тұрғын емес жайларды қайта жобалау және қайта жаңғырту жүргiзген соң, тұрғын үй разрядына енгiзiлген тұрғын үйлер;
      - тұрғын емес жайларды қайта жобалау және қайта жаңғырту жүргiзген соң, тұрғын үй разрядына енгiзiлген тұрғын жайлар;
      - Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң ерекше бөлiмiнде қаралған мемлекетке өткен тұрғын үйлер.
      3. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер мына жағдайларда берiледi:
      - тұлға тұратын жерi бойынша немесе жұмыс орнында тұрғын үй жағдайын жақсарту есебiнде мiндеттi түрде тұруы керек;
      - тұрғын үй берiлетiндер - әлеуметтiк қорғалатын табысы аз топқа жататын азаматтар қатарына жатуы немесе мемлекеттiк қызметкер болуы, қалалық бюджеттiк ұйымының жұмыскерi, әскери қызметтегiлер және мемлекеттiк сайланып қойылатын қызметтерге сайланған адамдар болуы керек;
      - мемлекеттiк сайланып қойылатын қызметтерге сайланған адамдар және әскери қызметтегiлерден басқа азаматтар тұрғылықты қала iшiнде тұруы керек.
      Аталған қордан мемлекеттiк қызметкерлерге, бюджеттiк ұйымдар жұмыскерлерiне, әскери қызметкерлерге және мемлекеттiк сайланып қойылатын қызметтерге сайланған адамдарға тұрғын үйдiң берiлетiн қажеттi алаңы кiсi басына шаққанда 15 ш.м. кем емес, 18 шаршы метрден көп емес болуы және бiр пәтерден аспауы керек, ал әлеуметтiк қорғалатын табысы аз азаматтарға берiлетiн тұрғын үй көлемi Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлеген, бiрақ республикада қолданылып жүрген тұрғын алаңы кiсi басына шаққанда санитарлық мөлшерден аспайтын және бiр тұрғын бөлмеден артық болмайтын мөлшерде болуы мүмкiн.
      - қолданылып жүрген заңдарға байланысты қосымша жеке бөлме алуға құқығы бар азаматтарға қосымша жеке бөлме берiлуi мүмкiн.
      Сонымен қатар, берiлетiн тұрғын үйдiң көлемiн анықтау кезiнде отбасында 20 аптадан астам уақыт аяғы ауыр әйелдiң бар екенi есептеледi.
      4. Қала әкiмiнiң мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға құқығы барлар:
      а) әлеуметтiк қорғалатын табысы аз топтың азаматтары.
      Табысы аз адамдар - мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын жай сұрағанға дейiнгi соңғы 12 айда отбасының әр мүшесiне шаққанда барлық айлық табысы осы мақсаттар үшiн заңмен белгiленген күнкөрiс шегiнен төмен болғандар.
      Ең төменгi күнкөрiс мөлшерi берiлгенге дейiн, _____ жылға арналған "Мемлекеттiк бюджет туралы" Заңға сәйкес жалақының ең төменгi мөлшерiн басшылыққа алсын.
      Әлеуметтiк қорғалатын топ азаматтарының шеңберiн қолданылып жүрген заңдарында анықталады:
      - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi, соларға теңелгендер;
      - 1 және 2 топ мүгедектерi;
      - мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп жатқан отбасылар;
      - белгiленген Заңды тәртiп бойынша бекiтiлген тiзiмде көрсетiлген сырқаттармен, созылмалы сырқаттың ауыр түрiнен азап шегушi адамдар;
      - жасына байланысты зейнеткерлер;
      - кәмелеттiк жасқа жетпей ата-анасынан айрылған, 20 жасқа толмаған жетiм балалар;
      - репатрианттар;
      - экологиялық зардаптан, табиғаттың төтенше жағдайларынан азапшеккен адамдар;
      - көп балалы отбасылар;
      - мемлекеттiк және қоғамдық мiндеттерiн орындап жүрген кезде, әскери борышын өтеп жүргенде, адам өмiрiн қорғау кезiнде, қоғамдық тәртiптi қорғау кезiнде метр болған адамның отбасылары;
      - толық емес отбасылар.
      б) мемлекеттiк қызметкерлер, бюджеттiк ұйымдар жұмыскерлерi, әскери қызметтегiлер және мемлекеттiк сайланып қойылатын қызметтерге сайланған адамдар.
      5. Қала әкiмiнiң коммуналдық тұрғын үй қорын пайдаланумен қала Тұрғын үй департаментiнде құрылған арнайы қызмет орны айналысады.
      Аталған қызмет орны мына мәселелермен айналысады:
      - коммуналдық тұрғын үйдi балансқа алады;
      - қордың үйiнде (пәтерiнде) тұратын адамдармен жалдау немесе жалға алу шартын жасайды;
      - коммуналдық қызметтермен жабдықтаушылармен шарт жасайды;
      - қала инженерлiк байланыс және территорияны тазалау қызметтерiмен шарт жасайды;
      - жәй және күрделi жөндеу жүргiзу шартын жасайды;
      - тұрғын үй қорын өмiрлiк қажеттiлiктермен қамтамасыз етумәселелерi.
      6. Қала әкiмiнiң коммуналдық тұрғын үй қорының құқықтық статусын өзгерту мына жағдайларда болады:
      - Қала әкiмiнiң келiсiмiмен және белгiленген Заңды тәртiппен жекешелендiрiлгенде;
      - жалдау шартының тәртiбiне сай;
      - тұрғын емес жайға көшiрiлгенде;
      - Заңда қаралған тәртiп бойынша өтеусiз берiлсе.
      Аталған Ереже мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынүй беру мәселелерiн реттеуде өзгерiс болып, заң актiлерi қабылданғанкезде, өзгеруi, толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

N 2 қосымша
Алматы қаласы әкiмiнiң
1998 ж. 22.01 N 25
шешiмiмен бекiтiлдi

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘКIМIНIҢ МЕМЛЕКЕТТIК КОММУНАЛДЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ
ҚОРЫНАН ТҰРҒЫН ЖАЙҒА ҚОНЫСТАНУҒА БЕРIЛЕТIН ОРДЕРДIҢ ТҮБIРI
 
КОРЕШОК ОРДЕРА НА ЗАНЯТИЕ ЖИЛИЩА ИЗ ГОСУДАРСТВЕННОГО
КОММУНАЛЬНОГО ЖИЛИЩНОГО ФОНДА АКИМА ГОРОДА АЛМАТЫ

      N _______ от "___"________________ 199__г.
      
      Фамилиясы
      Фамилия____________________________________________________
 
      Аты, әкесiнiң аты
      Имя, отчество _____________________________________________
      
      Туған күнi, айы, жылы
      Год, месяц, число рождения ________________________________

      Жұмыс орны
      Место работы ______________________________________________

      Қызметi
      Должность _________________________________________________     
      Кезекте жылдан тұрушы
      Очередник (категория) года ________________________________
                                    (Әкiм аппараты, кәсiпорын)
                                   (аппарат акима, предприятия)

      Ордер берудiң негiзi
      Основание выдачи ордера ___________________________________
                                 (тұрғын жай беру туралы шешiм)
                             (решение о предоставлении жилполщади)

      "____"_____________ 19 __ г. N ___________


Қоныстанушылар
 
Число
въезжа-
ющих

Бөлме
лер саны
Кол-во
комнат

Пәтер жеке (коммун.)
Кварт.
отд.
(коммун.)

Тұрғын жай алаңы
Площадь, кв.м.

Мекен-жайы
Адрес

Көшесі
Улица _________
Үй
Дом ___________
Пәтер
квартира ___________

Тұрғын алаңы
Жилая площадь

Жалпы алаңы
Общая площадь






      Тұрғын үй Департаментiнiң бастығы
      Начальник Департамента жилья

      Ордердi алдым
      Ордер получил ______________ "____"_________________ 19___г.

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘКIМIНIҢ МЕМЛЕКЕТТIК КОММУНАЛДЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ
ҚОРЫНАН ТҰРҒЫН ЖАЙҒА ҚОНЫСТАНУҒА БЕРIЛЕТIН ОРДЕР ОРДЕР НА ЗАНЯТИЕ ЖИЛИЩА ИЗ ГОСУДАРСТВЕННОГО
КОММУНАЛЬНОГО ЖИЛИЩНОГО ФОНДА АКИМА ГОРОДА АЛМАТЫ

      N _____________ от "___"________________ 199__г.

      Азамат
      Выдан гр. __________________________________________________

       ___________________________________________________________

      отбасы құрамы          адамға
      на семью из __________ человек на право занятия жилого помещения

      Тұрғын алаңы                   шаршы метр, жалпы алаңы
      размером жилой площади _______ кв. метров, общей площади ______

      шаршы метр                         бөлмеден тұратын
      кв. метров, состоящего из ________ комнат _____________________

      мекен-жайы
      по адресу: ____________________________________________________
                       (көшесi, даңғылы)       (улица, проспект)

      Үй N               пәтер N         берiлдi
      дом N ____________ квартира N ___________

      Ордер берудiң негiзi
      Основание выдачи ордера _______________________________________
                                  (Тұрғын жай беру туралы шешiм)
                               (решение о предоставлении жилплощади)

       ______________________________________________________________

      "____"______________ 19 __ г. N _____________
      
      М.О. Тұрғын үй Департаментiнiң бастығы
      М.П. Начальник Департамента жилья

N 3 қосымша
Алматы қаласы Әкiмiнiң
1998 ж. 22.01. N 25
шешiмiмен бекiтiлдi

Алматы қаласы Әкiмiнiң мемлекеттiк коммуналдық
тұрғын үй қорынан тұрғын жайға қоныстануға
берiлетiн ордер туралы
ЕРЕЖЕ

      Осы Ереже Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 20 қазандағы "Алматы қаласының статусы және оны ары қарай дамыту шаралары туралы" Жарлығын орындау мақсатында әзiрлендi.
      Аталған Ереже азаматтарды халықтың әлеуметтiк жағынан қорғалатын табысы аз бөлiгiне жататын анықтау шарты мен тәртiбiн, қала әкiмiнiң мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорынан берiлетiн тұрғын жайлардың нормасын, аталған қордан берiлген тұрғын жайды босату және пайдалануды ретке келтiредi.
      Қолданылып жүрген заңдарға байланысты (Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 2 бап.) мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын жай сұрағанға дейiнгi соңғы 12 айда отбасының әр мүшесiне шаққанда барлық айлық табысы осы мақсаттар үшiн заңмен белгiленген күнкөрiс шегiнен төмен азаматтар халықтың әлеуметтiк жағынан қорғалатын табысы аз тобына жатады. Қазақстан Республикасы Үкiметi ең төменгi күнкөрiс мөлшерiн белгiлегенге дейiн, _____ жылға арналған "Мемлекеттiк бюджет туралы" Заңға сәйкес жалақының ең төменгi мөлшерiн басшылыққа алсын.
      Қолданылып жүрген заңдарға байланысты мемлекеттiң қорғауын және әлеуметтiк қолдауын, соның iшiнде жергiлiктi атқарушы органның қарауындағы (Қазақстан Республикасы "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 68 б.) мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға құқығы бар азаматтар - әлеуметтiк жағынан қорғалатын топқа жататын адамдар.
      Мемлекеттiк тұрғын үй қоры - мемлекеттiк меншiк құқығына жататын және жергiлiктi атқару органдарының (мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қоры), яки мемлекеттiк кәсiпорындар қарауындағы (мемлекеттiк кәсiпорын тұрғын үй қоры) тұрғын үй. Қала әкiмiнiң коммуналдық тұрғын үй қоры - қала әкiмiнiң атқару органдарының қарауындағы мемлекеттiк тұрғын үйлерi. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 20 қазандағы "Алматы қаласының статусы және оны ары қарай дамыту шаралары туралы" Жарлығының 2 тармағына сәйкес коммуналдық меншiк болып табылатын объектiлердi, соның iшiнде коммуналдық мемлекеттiк тұрғын үй қорын да иелену, пайдалану, басқару жөнiндегi өкiлеттiктер Алматы қаласы атқару органына берiлуiне байланысты аталған тұрғын үй қоры қала әкiмiнiң мемлекеттiк тұрғын үй қорына енгiзiлсiн.
      Алматы қаласы Әкiмiнiң мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын жайына қоныстануға берiлген ордер мемлекеттiк тұрғын үй қорының тұрғын жайына қоныстануға негiз болады.
      Аталған ордер - Алматы қаласы Әкiмiнiң мемлекеттiк тұрғын үй қорының тұрғын жайына қоныстануға негiз болатын және ары қарай жалдау шартын бекiтетiн - құжат.
      Ордер екi бөлiктен: ордердiң түбiршегi және ордерден тұратын баспаханалық әдiспен басылған құжат. Ордердiң бетiнде қазақша-орысша: "Қазақстан Республикасы" және "Алматы қаласы Әкiмiнiң аппараты" деген сөздер басылған. Ортасында түрлi-түстi бейнелеуде Алматы қаласының гербi орналасқан. Астында үлкен түрлi-түстi жазулармен екi тiлде: "Алматы қаласы Әкiмiнiң мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге қоныстануға берiлген ордер" деп жазылған.
      Ары қарай тiркеу нөмiрi мен берiлетiн күнi жазылған.
      Содан кейiн ордер берiлетiн адамның аты, фамилиясы, әкесiнiң аты, отбасы құрамы, тұрғын үйдiң көлемi мен мекен-жайы және ордер берудiң негiзi, Тұрғын үй департаментi бастығының қолы мен мөр орны бар.
      Ордердiң артқы жағында отбасы мүшелерiнiң аты, фамилиясы, әкесiнiң аты және ордер ресiмдеген маманның қолы тұратын графалар тұр. Астында екi тiлде аталған ордердiң құқықтық статус ерекшелiктерi туралы ескертулер. Аталған қордан берiлген тұрғын үйдi пайдаланудың ерекшелiгi - көп нәрселерге шек қойылады, оның iшiнде: заңда қаралған жағдайлардан басқа кезде жекешелендiруге, иесiздендiруге, мұраға қалдыруға болмайды.
      Аталған қордан мемлекеттiк қызметкерлерге, бюджеттiк ұйымдар жұмыскерлерiне, әскери қызметкерлерге және мемлекеттiк сайланып қойылатын қызметтерге сайланған адамдарға тұрғын үйдiң берiлетiн қажеттi алаңы кiсi басына шаққанда - 15 ш.м. кем емес, 18 шаршы метрден кем болмауы және бiр пәтерден аспауы керек, ал әлеуметтiк қорғалатын табысы аз азаматтарға берiлетiн тұрғын үй көлемi - Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлеген, бiрақ республикада қолданылып жүрген тұрғын алаңы - кiсi басына шаққанда санитарлық мөлшерден аспайтын және бiр тұрғын бөлмеден артық болмауы мүмкiн.
      Осындай тұрғын үйлерде тұру және коммуналдық қызметтердi пайдалану төлемдерi белгiленген тәртiппен анықталады.
      Тұрғын үй жағдайын жақсартқан кезде немесе басқа жағдайда тұрғын жайды босатуы тиiс. Тұрғын үйдi заңсыз пайдаланған және өз еркiмен босатудан бас тартқан адамдар белгiленген тәртiппен үйден шығарылады.

N 4 қосымша
Алматы қаласы Әкiмiнiң
1998 ж. 22.01. N 25
шешiмiмен бекiтiлдi

Қала Әкiмiнiң мемлекеттiк коммуналдық
тұрғын үй қорын пайдалану бөлiмi туралы
ЕРЕЖЕ

      1. Қала әкiмiнiң мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорын пайдалану бөлiмi қала Тұрғын үй департаментiнiң құрылымды бөлiгi болып табылады.
      2. Бөлiм өз қызметiне қатысты Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентi мен Премьер-Министрiнiң жарлықтары мен Қаулыларын, Қазақстан Республикасы Министрлiктерi мен ведомстволарының ереже белгiлейтiн актiлерiн және қала әкiмiнiң шешiмi мен өкiмiн, Тұрғын үй департаментi бастығының бұйрықтары мен өкiмiн басшылыққа алады.
      3. Бөлiмдi құрғандағы мақсат - мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорын енгiзу, балансқа алу, пайдалану және ұстау, қорды сақтау жөнiндегi мәселелердi реттеу болып табылады.
      4. Жүктелген мiндеттерге байланысты бөлiм мынадай қызметтердi атқарады:
      - мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорына кiрген тұрғын үйдi балансқа алу және тiркеудi;
      - аталған тұрғын үйлердiң мемлекеттiк есебi;
      - мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорының пәтерiнде (үйiнде) тұратын азаматтармен жалға беру және жалдау шартын жасауды (қайта жасау);
      - коммуналдық қордың тұрғын үйiн жалдаушысы мен жалға алушысы және коммуналдық қызметпен жабдықтаушылар арасында оларды осы қызметпен қамтамасыз ету шартын жасауды;
      - үйдiң жанындағы территорияны және ортақ пайдаланатын орындардың тазалау шартын жасауды;
      - коммуналдық қордың тұрғын үйлерiне жай және күрделi жөндеу жүргiзу шартын жасауды;
      - күрделi жөндеу кезiнде жалдаушы мен жалға алушыларға уақытша тұратын тұрғын жай табуды;
      - мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйiнде (пәтерiнде) байланыс және инженерлiк торабын пайдалану үшiн осыларға қатысты қала қызметтерiмен шарт жасауды;
      - мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорының жалдаушылары мен жалға алушыларын құжаттармен және қажеттi ақпараттармен қамтамасыз ету жұмысын;
      - жалға алушылар мен жалдаушыларға қызмет көрсетуге жағдай жасауды;
      - тұрғын жайды коммуналдық тұрғын үй қорынан шығару және тұрғын үйдi қорға енгiзу туралы ұсыныстарды дайындауды;
      - мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорын сақтау жөнiнде Заңда қаралған шараларын қабылдауды;
      - мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйiнде тұруға құқығы жоқ және өз бетiмен кiрiп алған адамдарды шығару үшiн Заңда қаралған шараларын қабылдауды;
      - мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорының жұмысы туралы қажеттi анықтама-ақпараттық және методикалық құжаттар әзiрлеудi;
      - қажеттi мемлекеттiк есебiн құрастыру және жүргiзудi;
      - жалдаушы мен жалға алушыларды тұрғын үйден Заңға сәйкес және қаралған жағдайда қоныс аударту және шығару жұмыстарын;
      - басқа да ағымдағы жұмыстарды.
      5. Жүктелген мiндеттерге байланысты бөлiмнiң мынаған құқығы бар:
      - қажеттi құжаттарды талап етуге және барлық заңды тұлғалардан қаралып жатқан тұрғын үй мәселесiне қатысты түсiнiк алуға;
      - қолданылып жүрген заңдардың орындалмағанын тапқан жағдайда жалдаушы мен жалға алушылардың қажеттi құжаттарын рәсiмдеудi тоқтатуға;
      - Тұрғын үй департаментi басшылығы арқылы заңсыздықты жою жөнiнде ұсыныс енгiзуге;
      - Тұрғын үй департаментiнiң сенiмхатымен сотта талапкер және жауапкер болуға.
      6. Бөлiмнiң жұмысын Тұрғын үй Департаментi бастығының бұйрығымен тағайындалатын және босатылатын бөлiм бастығы басқарады.
      - Бөлiмге жұмыс ауқымына сәйкес мамандар алынады.
      7. Жұмыс ауқымының және жүктелер мiндеттердiң өзгеруiне байланысты Ереже толықтырылуы немесе өзгеруi мүмкiн.
      8. Бөлiмдi тарату және қайта құру Алматы қаласы Әкiмiнiң шешiмiмен жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады