Шудың деңгейiн азайту және қаланың ауасын жүк тасымалдау көлiгiнiң түтiнiнен ластануды төмендету шаралары туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы Әкiмiнің 1998 жылғы 5 ақпандағы N 76 шешімі. Алматы қалалық Әділет басқармасымен 1998 жылғы 25 ақпанда N 8 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қалалық Әкімшілігінің 2004 жылғы 9 маусымдағы N 3/485 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қалалық Әкімшілігінің 09.06.2004  N 3/485 қаулысымен.

      Алматы қаласының ауасын автомобильдердiң түтiнiнен ластануын төмендету мақсатында, жүк тасымалдау көлiгiнiң қозғалысын реттеуде Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 25 қарашадағы "Алматы қаласында экологиялық жағдайда жақсарту шаралары туралы" N 1184 қаулысына сәйкес, әуе бассейнiнiң ластануының деңгейiн төмендету және автокөлiк қозғалысын реттеу мақсатында Алматы қаласының әкiмi

шешiм қабылдады:

      1. Жүк тасымалдау көлiгiнiң қозғалысы: Райымбек - Жангелдин - Қалдыаяқов - Достық - Сәтбаев - Фурманов - Әл-Фараби - Марков - Тимирязев - Розыбақиев - Төле би - Әуезов - Гоголь - Байзақов көшелерiнiң орамында шектелсiн.
      Аталған көшелерде жүк тасымалдау көлiгiнiң, тракторлар, мотоциклдер мен пневматикалық механизмдердiң қозғалысы ҚIIБ МАИ басқармасы берген арнайы куәлiгi бойынша рұқсат етiледi.
      Фурманов көшесi мен Абылай хан даңғылында жүк тасымалдау қозғалысына тыйым салынады.
      2. ҚIIББ МАИ басқармасы (Н.А.Ыбырайымов) осы шешiмнiң 1-тармағында көрсетiлген аймаққа кiруге арналған рұқсат қағаздардың 5 түрiнiң қажеттi мөлшерiн әзiрлеп шығарсын:
      - N 1 рұқсат қағазы жүк көлiгiнiң өтуi үшiн берiледi;
      - N 2 рұқсат қағазы Мақатаев, Қонаев, Абай, Наурызбай батыр көшелерi орамынан басқа тыйым салынған орамнан көлiктердiң өтуi үшiн берiледi;
      - көлiктердiң жүруге шек қойылған аймақтан өтуi үшiн берiлетiн бiр жолғы рұқсат қағазы;
      - "Мото" рұқсат қағазы мотоцикл көлiгiнiң өтуi үшiн берiледi;
      - "Трактор" рұқсат қағазы тракторлардың және пневматикалық механизмдердiң өтуi үшiн берiледi.
      3. Заңды ұйымдарға, жеке адамдарға келесi ставкалар бойынша рұқсат қағаз беру ұйымдастырылсын:
      - N 1 үлгiдегi рұқсат қағазы есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
      - N 2 үлгiдегi рұқсат қағазы мотоцикл және трактор үшiн рұқсат қағаздары - 5 есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
      - уақытша рұқсат қағазы - берiлген мерзiмiне қарай, бiрақ кемiнде 0,5 есептiк көрсеткiш мөлшерiнде.
      4. Рұқсат куәлiгiн алудағы төлемнен мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын мүгедектердiң ерiктi қоғамы. Қазақстан зағиптар қоғамы, Қазақстанның саңыраулар қоғамы, Әлжуаз балалар мен жасөспiрiмдердiң еңбек және әлеуметтiк орталығы, Ұлы Отан соғысы мен ауған соғысының ардагерлерiнiң ұйымдары, балалар қорлары және ұйымдары босатылады.
      5. Алматы қаласы әкiмiнiң 1995 жылғы 1 маусымдағы "Автокөлiктердiң түтiнiнен қала ауасының ластануын төмендету шаралары туралы" N 121 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
      6. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары Б.Сауранбаевқа жүктелсiн.

      Алматы қаласының әкiмi           В.Храпунов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады