I-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының "Экологиялық-санитарлық құрылымдар және Алматы қаласының жалпы пайдаланатын өсімдік қорын қорғау тәртібі туралы" 1996 жылғы 5 шілдедегі Х сессиясының шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы қалалық Мәслихатының шешімі I-сайланған XVIII сессиясының 1998 жылғы 25 наурыздағы Алматы қалалық Әділет басқармасында 1998 жылғы 24 сәуірде N 18 тіркелді. Күші жойылды - ІІІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХІІІ сессиясының 2006 жылғы 15 мамырдағы N 255 шешімімен

      "Қоршаған ортаны қорғау туралы"  Z970160_ 1997 жылғы 15 шілдедегі Заңды және "Алматы қаласының мәртебесі және оны бұдан әрі дамыту жөніндегі шаралар туралы"  U973698_ Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын тиімді жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ қаланың бірқатар кәсіпорындары мен ұйымдары атауларының өзгерісін ескере отырып I сайланған Алматы қалалық Мәслихаты шешім қабылдады: 
      "Экологиялық-санитарлық құрылымдар және Алматы қаласының жалпы пайданылатын өсімдік қорын қорғау тәртібі туралы" I-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 1996 жылғы 5 шілдедегі және оған N 2 Қосымшаға мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: 
      - 2-тармақ мына редакцияда мазмұндалсын: 
      "Алматы қаласының жасыл желек қорын күзету, қорғау және күтіп ұстау тәртібі" бекітілсін; 
      N 2 Қосымшаның тақырыбы мына редакцияда мазмұндалсын: 
      "Алматы қаласының жасыл қорын күзету, қорғау және күтіп ұстау тәртібі"; 
      - Тәртіптің екінші азат жолынан кейін қосымша енгізілсін: 
      - Алматы қаласының барлық жасыл желектері ведомстволық бағыныстылығы мен меншіктің санына қарамастан қол сұғылмайтын қала қорын құрайды және "Қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы" ҚР Заңымен және осы тәртіппен қорғалады"; 
      - І-тармақтың а/ тармақшасына "және көшелерде" сөздерінен кейін " көгалдандырушы ұйымдар" сөздері қосылсын;" 
      - N 3 тармақшаға мына мазмұндағы қосымша енгізілсін: 
      Жер пайдалану актісіне сәйкес заңды және жеке тұлғалар өздеріне бекітілген аумақта өсіп тұрған жасыл желектің сапасы мен санына есеп жүргізуге міндетті. Нормативте белгіленген мерзімде (әрбір 10 жыл сайын) жасыл желек қорына түгендеу жүргізіліп, түгендеу актісін Алматы қаласындағы жасыл желек жағдайын бақылайтын тиісті органдарға тапсыратын болсын; 
      - Төмендегі тармақтарға мына мазмұндағы өзгеріс енгізілсін: 
      5-тармақ "көгалдандырушы ұйым қамтамасыз етуге тиіс:"(бұдан әрі мәтін бойынша); 
      6-тармақ "Мемлекеттік сәулет және қала құрылысы органы мыналарды жүргізе алады..." "бұдан әрі мәтін бойынша және осы азат жолдың аяғына "көгалдандырушы ұйыммен"; 
      7-тармақ "Көлік ұйымдары мен электр желісі кәсіпорындары және басқа да мүдделі ұйымдар мыналарды жүргізуге міндетті...""бұдан әрі мәтін бойынша және осы азат жолдың аяғында "көгалдандырушы ұйыммен келісім бойынша"; 
      8-тармақ мына редакцияда мазмұндалсын: 
      "Жасыл желектерді амалсыздан кесу объект құрылысы (жаңалануы) үшін жер учаскесін бөлу, жер асты коммуникациясын өткізу мен жасыл желектерді ауыстыру (әшекейлік тұқымдарға айырбастау) кезінде экологиялық нормалардың сақталуын бақылайтын мемлекеттік органдармен келісу арқылы ғана жүргізіледі, келтірілген залал сомасы қолданыстағы заңға сәйкес алынуға және қатаң нысанды мақсат бойынша қаланы көгалдандыру жұмыстарына пайдаланылуға тиіс"; 

       9-тармақта "Авариялық ахуалды тудыратын" сөздерден кейін мына 

мазмұндағы өзгеріс енгізілсін:

     "Экологиялық нормаларды бақылайтын мемлекеттік органмен келісілген 

жоспар бойынша құрғап, тозған ағаштарды жинаудың жоспар кестесіне сәйкес 

шұғыл түрде көгалдандыруды жүргізетін өкілетті ұйым жасауға тиіс";

     II-тармақтағы азат жолдың екінші сөйлемі күші жойылған деп танылсын.

           I-сайланған Алматы қалалық

     XVIII сессиясының төрағасы

           I-сайланған Алматы қалалық

     Мәслихатының хатшысы      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады