Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2011.09.26 N 38/16 Шешімімен
Дербес әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк мәртебесiн жоғалтуына байланысты және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымы туралы" Z934200_ 1993 жылғы 8 желтоқсандағы ном. 2572-ХII Заңына сәйкес облыстық мәслихаттың ХIХ сессиясы мен облыс әкiмi шешім етті:
1. Облыс бойынша мына елдi мекендер есептi деректерден шығарылсын:
- Айыртау ауданындағы Украин селолық округiнiң Люботино селосы;
- Ақжар ауданындағы Ұялы, Совхоз және Алқатерек селолық округтерiнiң Бұланбай, Жаңатiлек және Қызылтаң селолары;
- Булаев ауданындағы Успенка, Золотонива, Молодогвардейск, Писаревка және Лебяжье селолық округтерінiң Успенка, Жданово, Молодая гвардия, Писаревка станциялары, Оңтүстiк Урал темiржолының 2726 километр аялдама пунктi, Ахметжан және Комсомол селолары;
- Еңбекшiлдер ауданындағы Уәлиханов, Краснофлот, Донской, және Еңбекшiлдер селолық округтерiнiң Ворошилово, Достық, Қасқат және Жамбай селолары;
- Зерендi ауданындағы Пухальск селолық округiнiң Күлет селосы;
- Қызылжар ауданындағы Бескөл және Светлопольск селолық округтерiнiң Ивановка және Крутое селолары;
- Сергеев ауданындағы Кривощековка селолық округiнiң Известковое селосы;
- Совет ауданындағы Қиялы селолық округiнiң Шағалалы разъезi;
- Тайынша ауданындағы Чкалов селолық округiнiң Алакөл селосы;
- Уалиханов ауданындағы Қарасу және Чехов селолық округтерiнiң Аққайың, Дружба, Солнечное селолары;
- Щучье ауданындағы Абылайхан, Злотополь және Қотыркөл селолық округтерiнiң Оразбұлақ, Щедринка селолары, Приозерный кардоны.
2. Аудандардың әкiмдерi аудандық мәслихаттармен бiрлесе отырып өздерiнiң әкiмшiлiк немесе аумақтық байланысы бар өмiр сүрiп тұрған елдi мекендер мен поселениелердiң реестрiн және есебiн "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымы туралы" Заң талаптарына
сәйкес келтiрсiн, деректердi белгiленген форма бойынша жоғары тұрған
өкiмет, статистика және жерге орналастыру органдарына бiр ай iшiнде
енгiзетiн болсын.
3. Бiрлескен шешiмнiң орындалуына бақылау облыстық мәслихат хатшысы
Е.Ж. Әубәкiровке және облыс әкiмi аппаратының басшысы П.И. Демчукке
жүктелсiн.
Облыстық мәслихаттың ХIХ Облыс әкiмi
сессиясының төрағасы