Дарынды балалар үшін музыкалық-эстетикалық саладағы облыстық мамандандырылған мектеп-интернатын ашу жөнінде

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 1997 жылғы 12 қарашадағы N 231 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасында 1998 жылғы 19 маусымда N 24 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2016 жылғы 10 қазандағы № 28 шешімі

      Ескерту. Күші жойылды -  Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 10.10.2016 № 28 шешімі (қол койылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 16.09.96 ж "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Дарынды балалар үшiн арналған мектептердi мемлекеттiк қолдау және дамыту туралы" N963002 өкiмiн жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" N 1125 P961125 Қаулысын орындау үшiн облыс әкiмi ШЕШIМ ШЫҒАРДЫ:
      1. 1997 жылдың 1 қыркүйегiнен Петропавл гуманитарлық колледжi жанынан 1-9 сыныптардың дарынды балалары үшiн облыстық мамандандырылған музыкалық-эстетикалық саладағы мектеп-интернаты ашылсын.
      2. Облқаржыбасқармасы /Сутулов Ф.Ф./ дарынды балаларға арналған мектеп-интернатты облыстық бюджетiне бiлiм жүйесiне қарастырылған шеңберде, Петропавл қаласы аумағындағы, аумағына кiретiн мектеп-интернаттың тәрбиеленушiлерiнiң жалпы есебiнен құрылған мектеп-интернатты қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
      3. Гуманитарлық колледждiң директоры /Әбiлғазиев Ш.Т./ дарынды балалар үшiн мектеп-интернатқа оқуға шеттен келген балаларды тұрғын-жаймен, тамақпен және оқу-тәрбие үрдiсiн қамтамасыз етсiн.
      4. Бiлiм департаментi, мәдениет департаментi /Ваховский Ф.И., Лапухин В.П./ дарынды балалар үшiн мамандандырылған мектеп-интернаттың сапалы жұмыс iстеуiне бақылауды қамтамасыз етсiн.
      Облыс әкiмi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады