Азаматтардың Солтүстік Қазақстан облысының су көздеріндегі міндетті қауіпсіздік ережелері туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облыстық Мәслихатының XIX сессиясының Шешімі N 19/5 30.10.1998 ж. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасында 1998 ж.12.09. N 40 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2009 жылғы 19 маусымдағы N 16/16 Шешімі

Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2009.06.19. N 16/16 Шешімі

      Ұсынылған материалдарды қарай келiп, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдары туралы" Z934100 Заңының 40 және 41-баптарына сәйкес облыстық мәслихат шешім етті:
      1. "Азаматтардың Солтүстiк Қазақстан облысының су көздерiндегi мiндеттi қауiпсiздiк ережелерi /1 қосымша/ бекiтiлсiн және олар әдiлет органдарында тiркелген сәттен бастап қолданылатын болсын.
      2. "Азаматтардың Солтүстiк Қазақстан облысының су көздерiндегi мiндеттi қауiпсiздiк ережелерiн" бұзушылық туралы хаттама-қаулының" үлгiсi бекiтiлсiн /2 қосымша/.
      3. Облыс әкiмi су көздерiн және су нысандарын пайдаланудың қолданылып жүрген қағидаларын, шешiмдерiн және басқа нормативтiк актiлерiн, реттейтiн ережелерiн бекiтiлген "Азаматтардың Солтүстiк Қазақстан облысының су көздерiндегi мiндеттi қауіпсiздiк ережелерiне" бiр ай iшiнде сәйкес келтiретiн болсын.
      4. Аудандар және Көкшетау, Петропавл қалалары әкiмдерiнiң әкiмшiлiк комиссиялары облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарманың және судан құтқару қызметiнiң бөлiмшелерi өкiлiнiң ұсынуы бойынша "Азаматтардың Солтүстiк Қазақстан облысының су көздерiндегi мiндеттi қауiпсiздiк ережелерiнiң" баптарын бұзған кiнәлілердi жауапқа тартатын болсын.

       Облыстық мәслихаттың ХIХ сессиясының төрағасы

       Облыстық мәслихаттың хатшысы

N 1 қосымша Солтүстiк Қазақстан
облыстық Мәслихатының 1998 жылғы
30 қазандағы 19/5 шешiмiмен бекiтiлген

Солтүстiк Қазақстан облысының су қоймаларында азаматтарды сақтандырудың мiндеттi ережелерi

1. Жалпы ережелер

      1.1. Осы мiндеттi Ережелер /одан әрi Ережелер/ Солтүстiк Қазақстан Облысының су қоймаларын бұқаралық демалыс, туризм және спорт мақсаттарына пайдалану тәртiбiн белгiлейдi.
      1.2. Ережелер меншiк түрлерiне қарамастан су қоймаларын пайдаланушылар мен иеленушiлердiң азаматтардың судан сақтануын қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн белгiлейдi.
      1.3. Жергiлiктi атқарушы органдар азаматтардың өмiрi мен денсаулығын қорғау, экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында суға шомылуға, қайықпен серуендеуге және бұқаралық демалыстың басқа түрлерiн ұйымдастыруға тыйым салынатын орындарды айқындайды, сондай-ақ өздерiнiң әкiмшiлiк шекарасы шеңберiнде орналасқан су қоймаларын жалпы пайдаланудың басқа да шарттарын белгiлейдi.
      1.4. Су қоймаларының жағасында орналасқан құтқару күзеттерi, дайындықтан өткен құтқарушы кадрлары, арнаулы жабдықтары және төтенше жағдайлар жөнiндегi облыстық басқарманың, облыстық судан құтқару қызметiнiң /одан әрi облсуқұтқару/ және мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудың облыстық басқармасы бөлiмшесiнiң тиiстi рұқсаты болмайынша жағажай, еңбек және демалыс лагерлерiн, базаларын, су стансаларын және басқа бұқаралық демалыс объектiлерiн ашуға тыйым салынады. Қойылған талаптарды сақтамай жағажайлар, еңбек және демалыс лагерьлерiн, базаларын, су стансалары мен басқа да бұқаралық демалыс объектiлерiн ашқаны үшiн азаматтарға 5 /бес/ айлық есептiк көрсеткiштер көлемiнде, лауазымды адамдарға 5 /бес/-тен 10 /он/-ға дейiнгi және заңды тұлғаларға 50 /елу/-ден 100 /жүз/-ге дейiнгi есептiк көрсеткiштер көлемiнде айыппұл салынады.
      1.5. Меншiктiң барлық түрiндегi ұйымдар өздерiне бекiтiлген су қоймаларында адам өмiрiн қорғауды қамтамасыз ету, құтқару күзеттерiн жабдықтандыру мен ұстау iсiне жауап бередi. Құтқарушыларды үйретудi суқоймаларын иеленушiлер мен пайдаланушылардың қаражаттары есебiнен төтенше жағдайлар жөнiндегi облыстық басқарма немесе облсуқұтқару қызметi жүзеге асырады.
      1.6. Суда экскурсия, спорт жарыстарын және мейрамдар өткiзген кезде аталған шараларды өткiзетiн ұйымдардың басшылары суда азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн жауапты адамдар болуға және құтқару күзеттерiн қоюға мiндеттi.
      1.7. Құтқару күзеттерiн жұмысына бақылау жасау осы күзеттер қарайтын су қоймаларын иеленушiлер мен пайдаланушыларға жүктеледi.
      1.8. Су маңындағы жағажайларда, көпшiлiк демалатын орындарда, жалға қайық беретiн стансаларда және шағын кемелердiң тұрақ базаларында, өткелдер мен айлақтарда аталған ғимараттар мен жүзу жабдықтарын пайдаланған кезде қауiпсiздiк сақтау ережелерi iлiнуi тиiс.
      1.9. Меншiктiң барлық түрiндегi ұйымдардың басшылары халық демалатын орындарда топырақ алу, мұз ою су қоймаларының түбiн тереңдету жұмыстарын жүргiзген кезде жұмыстар жүргiзiлетiн учаскелердi қоршауға алуға, ал жұмыс аяқталғаннан кейiн су табанын тегiстеуге мiндеттi.
      1.10. Суға түсу маусымының ұзақтығы, су спорты және құтқару стансаларының, жағажайлардың жұмыс сағаты жергiлiктi атқару органдары осы нысандар бағынатын ұйымдар басшылармен келiсе отырып белгiленедi.
      1.11. Су қоймаларының бетiнде жеке дара құтқару жабдығынсыз балық және аңдар аулауға тыйым салынады. Су қоймаларының бетiнде жеке дара құтқару құралдарынсыз балық және аң аулағаны үшiн азаматтарға 5 /бес/-ке дейiнгi айлық есептiк көрсеткiштер көлемiнде айыппұл салынады.

2. Жағажайларды және су жағасындағы бұқаралық демалыс орындарын пайдалану кезiндегi сақтандыру шаралары

      2.1. Жағажайларға бөлiнген және су жағасында көпшiлiк демалуына арналған орындарға қойылатын талаптар: суға шомылатын орынның және оған тақау төңiректiң жағалау аймағы "Елдi мекендер аумағын күтiп ұстаудың санитарлық ережелерiне" және "Дене тәрбиесi мен спорт сабақтарын өткiзетiн орындарды құру мен күтiп ұстаудың санитарлық ережелерiне" сәйкес келуi тиiс: су қоймасының түбi тығыз, жағадан еңiстене түсiп және жағадан бастап алғандағы алқабының кеңдігi 15 м. болып, 1, 75 м. тереңдiкке дейiн жарқабақсыз болып келуi, шырмауықты су өсiмдiктерiнен, ағаш түбiртегiнен, таскесектерден, шыныдан, шыны құтылардан және өзге заттардан тазартылуға тиiс /көлдiң, өзеннiң суға шомылатын айдын бетi бiр ересек адамға 5 шаршы м., балаға 4 шаршы м., ал тұйық су қоймасында 10-нан 15 шаршы метрге дейiн келуi керек/: жағажайлар мен бұқаралық демалатын орындар жергiлiктi атқару органдары белгiлеген қашықтықта, бiрақ ақпа сулар шығатын тұстан кемi 500 м. жоғары және порт ғимараттарынан, пирстерден, кеме тоқтайтын жерлерден, паром өткелдерiнен және мұнай өнiмдерi сақталатын орындардан кемi 1000 м. төмен орналасуы керек. Жағажайға түсетiн жер жайпақ болуға тиiс: су нысанының шомылуға бөлiнген аумағында төмен температуралы жер асты су көздерi, су иiрiмдерi мен шұңқырлар болмауы керек, ағынның жылдамдығы секундына 0,5 м/сек-тан аспауға тиiс: су қоймасындағы судың сапасы суды пайдаланудың мәдени-тұрмыстық пункттерiне қойылатын құрамы мен қасиеттерiнiң санитарлық талаптарына сәйкес болуға тиiс.
      2.2. Суға шомылатын орындарда 1,2-1,3 м. тереңдiкте су өлшейтiн шыбық шаншылады. Су шомылатын орынның жүзу шекаралары бiр-бiрiнен 25-30 м. қашықтықта орналасқан және тереңдiгi 1,3 м. болатын 25 метр қашықтыққа дейiн сарғылтым түстi белгiлермен белгiленедi.
      2.3. Әр жағажайдағы шомылу орындарында жүзе бiлмейтiндер шомылуға және балаларды жүзе бiлуге үйретуге арналған су бетiнде тереңдiгi 1,2 м-ден аспайтын учаскелер жабдықталуға тиiс.
      2.4. Суға түсуге тыйым салынған, соның iшiнде бактериялық немесе химиялық залалға ұшыраған жерлерге "Суға түсуге тыйым салынады" деп жазылған белгiлер орнатылады. "Суға түсуге тыйым салынады" деген тыйым белгiлерiн шомылуға тыйым салынған жерлерге, соның iшiнде бактериялды немесе химиялық ластанған жерлерге қоймағаны үшiн, - азаматтарға 5/бес/-ке дейiнгi, лауазымды және заңды тұлғаларға 10/он/-нан 20/жиырма/-ға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiштер көлемiнде айыппұл салынады.
      2.5. Жағажайлар мен су маңындағы демалыс орындарында радио торабы жүргiзулi және, мүмкiндiгiне қарай, телефон, радио байланысы болуға тиiс.
      2.6. Су маңындағы көпшiлiк демалатын орындарда спирттi iшiмдiктер сатуға тыйым салынады.
      Су маңындағы көпшiлiк демалатын орындарда спирттi iшiмдiктер сатқаны үшiн азаматтарға 5 /бес/-ке дейiнгi, лауазымды және заңды тұлғаларға -10/он/-нан 20/жиырма/-ға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiштер көлемiнде спирттi iшiмдiктерiн тәркiлей отырып айыппұл салынады.
      2.7. Жағада, ұйымдасқан шомылу орындарында, әр 50 м. сайын судан 5 м. аспайтын жерлерде құтқарғыш шеңберлер мен өзге құтқару құралдары iлiнген қалқандар қойылады. Шеңберлерде "Суға батып бара жатқандарға лақтыр" деген сөз/ шеңбердiң бiрiншi бетiнде/ және жағажайдың аты/ шеңбердiң екiншi бетiнде/ жазылуы керек.
      2.8. Жағажайларда және су маңындағы көпшiлiк демалатын орындарда мiндеттi түрде алғашқы жедел дәрiгерлiк жәрдем көрсету үшiн тұрақты кезекшi қызметкерлерi бар бөлмелер жабдықталады. Алғашқы дәрігерлiк жәрдем пунктi суда апатқа ұшырағандарға және жарақат алғандарға жәрдем көрсетуге қажеттi құралдармен дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етiлуi тиiс.
      2.9. Қалқымалар стендiлерiн және белгiлердi уақытылы орнату жауапкершiлiгi су қоймаларын иеленушiлер мен пайдаланушыларға жүктеледi және солардың қаржылары есебiнен орнатылады.
      2.10. Әр жағажайда ол жұмыс iстеп тұрған уақытта тәртiптi қадағалайтын жағажай әкiмшiлiгiнiң өкiлi болуы керек. 12 жасқа дейiнгi, балалар жағажайға тек ересектермен бiрге және олардың бақылауда ұстауы бойынша жiберiледi.
      2.11. Суға түсетiн орындарда және ағыстан 500 м. жоғары тұстарда кiр жууға, жануарларды шомылдыруға тыйым салынады. 2.12. Суға түсушiлерге: - қалқымалармен қоршаудан әрi жүзуге; - моторлы, желкендi және өздiгiнен жүрмейтiн кемелерге, ескектi қайықтарға, баржаларға, сутаспаларға және басқа жүзу құралдарына жақындап жүзуге; - қайықтан, катерден, су велосипедiнен, тұрақ және сол мақсаттар үшiн арнайы жабдықталмаған құрылыстардан суға секiруге; - мас күйде суға түсiп, шомылуға; - тақтаймен, бөренемен, жатпамен, автомашина доңғалағының резеңкесiмен, доппен және т.б. жүзуге; - суда сүңгiп, шомылушыларды тартып әкететiн ойын ойнауға; - жағажайға иттердi және басқа да жануарларды әкелуге; - су қоймаларын ластауға, қоқыстауға; - жағада қағаз, қалбыр, шыны және өзге қоқыстарды қалдыруға қатаң тыйым салынады;
      - аталған талаптарды орындамағаны үшiн азаматтарға 5/бес/-ке дейiнгi айлық есептiк көрсеткiштер көлемiнде айыппұл салынады.
      2.13. Жүзу сабақтары арнайы бөлiнген орындарда ғана өткiзiлуi тиiс. Суда адам қауiпсiздiгiн ұйымдастыруға сабақ не жаттығу өткiзушi оқытушы /нұсқаушы, банкир, тәрбиешi/ жауап бередi.
      2.14. Топ болып жүзеге үйрену кезiнде бiр уақытта үйренушiлердiң саны 10 адамнан аспауы керек. Үйренушiлер тобына, оқытушыдан басқа, құтқарушы мен медицина қызметкерi үнемi бақылау жасауы тиiс.
      2.15. Судағы спорт түрлерiмен шұғылданушылардың барлығы құтқару әдiстерiне және зардап шегушiлерге дәрiгер келгенше жәрдем көрсетуге дағдылануы керек.
      2.16. Биiктiгi 3 м. және одан да жоғарыдан суға секiретiн мұнаралар алаңшасына шығу нұсқаушының /бапкер/ рұқсатымен және олардың көзiнше жүргiзiледi.
      2.17. Жыл сайын суға түсу маусымы басталар алдында, сонан соң айына кемi бiр рет адамдар шомылуға арналған су айдынының табанын сүңгуiршiлер тексерiп шығып, көлденең заттардан тазартылуы керек. Су табанын тексеру және тазарту жұмыстарын ұйымдастыру жағажай иегерiне немесе су қоймасы бекiтiлген иеленушiлер мен пайдаланушыларға жүктеледi.
      Су айдынын тексеру және тазарту жұмысын сүңгуiршiлер суда құтқару қызметiнiң облыстық бөлiмшелерiмен жасасқан келiсiм-шарттарға сәйкес жүргiзiледi.
      Жұмыс аяқталғаннан кейiн тапсырыс берушiге жағажай құжаты табыс етiледi.
      Тиiс дәрежеде ресiмделген құжаттары жоқ жағажай тексерiлмеген адам өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiптi деп есептеледi, ал оларды пайдалануға жол берiлмейдi. Қойылған талаптарды орындамаған үшiн азаматтарға 5/бес/-ке дейiнгi айлық есептiк көрсеткiштер көлемiнде, лауазымды адамдардан 5/бес/-тен 10/он/-ға дейiнгi және заңды тұлғалардан 50/елу/-ден 100/жүз/-ге дейiнгi айлық есептiк көрсеткiштер көлемiнде айыппұл салынады.

3. Балаларды судан сақтандыруды қамтамасыз ету шаралары

      3.1. Балаларды судан сақтандыруды жергiлiктi атқарушы органдар қамтамасыз етедi және оған мынандай алдын алу-түсiнiк шаралар кешенiн өткiзу арқылы қол жеткiзiледi, соның iшiнде:
      - суға түсетiн жерлердi дұрыс таңдау;
      - балаларды жүзуге үйрететiн су айдыны учаскелерi мен жағажайларды жабдықтау;
      - ведомстволық құтқарушы күзет орындары мен медициналық пункттер ашу;
      - балаларды суда жүзуге үйрететiн сабақтар ұйымдастыру;
      - суда өзiн-өзi ұстау және су нысандарын пайдалану кезiнде сақтық шараларын сақтау тәртiбi туралы түсiнiк жұмысын жүйелi жүргiзу.
      3.2. Мектеп лагерi, балалар мекемесi жағажайларындағы суға түсетiн жерлерде 9 жасқа дейiнгi балаларды суға түсiрiп, жүзуге үйрету үшiн тереңдігi 0,7 м. аспайтын, сондай-ақ 9-11 жастағы және жүзе бiлмейтiн ересек балаларға тереңдігi 1.2 м-ден аспайтын су учаскелерi жасалуы керек.
      9 жасқа дейiнгi балалардың шомылуына арналған учаскелер су бетiне шығып тұратын биiктiгi кемi 80 см. келетiн қоршаумен қоршалады, ал ересек балалар үшiн темiр арқанға бекiтiлген қалтқы желiмен тартылып тасталады.
      Тереңдігi 2 м. дейiн баратын жерлерде жасы 12-ден асқан, жақсы жүзе бiлетiн балаларға шомылуға рұқсат етiледi.
      Бұл тереңдiктер бiр-бiрiне 25-30 м. қашықтықта орналасқан белгiлермен қоршалады.
      3.3. Мектеп лагерiнiң, балалар мекемесiнiң жағажайы белгiленген санитарлық талаптарға жауап берiп, жабдықтандырып, жаға жағынан шарбақ қашамен қоршалып, көлеңкелi қалқалармен жабдықталуы керек.
      3.4. Балалар жағажайын ашуға жергiлiктi әкiмшiлiк құрған арнайы комиссияның облсуқұтқарудың суда құтқару өкiлiнiң қатысуымен тексеру жүргiзiлгеннен кейiн рұқсат етiледi.
      Тексерiлгенi жөнiнде арнайы акт жасалады.
      Арнаулы актісіз балалар жағажайын ашқаны үшiн-азаматтарға 5/бес/-ке дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш, лауазымды адамдарға 5/бес/-тен 10/он/-ға дейiнгi және заңды тұлғаларға 50/елу/-ден 100/жүз/-ге дейiнгi айлық есептiк көрсеткiштер көлемiнде айыппұл салынады.
      3.5. Суға шомылу кезiндегi балаларды судан сақтандыру жауапкершiлiгi жүзу жөнiндегi нұсқаушыға жүктеледi.
      3.6. Балалардың 10 адамнан аспайтын топ болып, ұзақтығы 10 минуттай суға шомылуына жүзе бiлетiн ересектердiң бақылауымен рұқсат етiледi.
      3.7. Жүзе бiлмейтiн балалар суға жүзе бiлетiн балалардан бөлек түсуi керек.
      Мұндай балалардың шомылуын балалар лагерiнiң не мекемесiнiң жетекшiсi ұйымдастырып, бақылау жасайды.
      3.8. Шомылу медицина қызметкерiнiң және жүзе бiлетiн, суда апатқа ұшырағандарға жәрдем көрсете алатын адамдардың бақылауымен ұйымдастырылады. Шомылуға әдiстемелiк басшылықты жүзу нұсқаушысы жасайды.
      3.9. Сабақтар жүргiзу ыңғайлы болуы үшiн жағалаудың суға енiп жатқан тұсынан қоршалып, алаң жасалады.
      3.10. Балалар суға түсiп жатқанда бүкiл жағажай аумағында бөгде адамдардың жүруiне, шомылуына және қайықпен, катермен серуендеуге, спорт ойындары мен шараларын өткiзуге тыйым салынады.
      3.11. Жорық, серуен және экскурсия кездерiнде балалардың шомылуы үшiн таяз, түбi жайпақ, дiңгек, түбiртек, қарлы тас, балдыр мен тұнбадан таза тұстар таңдап алынады.
      Шомылатын жерлердi жүзе, сүңги бiлетiн, құтқару және алғашқы жәрдем көрсету әдiстерiн меңгерген ересектер iздестiредi.
      Шомылатын жерден шекарасы қайқылармен, айғақтармен, сырықпен және өзге де арнайы нәрселермен белгiленiп қойылады.
      Шомылу ересектердiң бақылаумен сақтық шараларын мейлiнше сақтай отырып жүргiзiледi.
      3.12. Қайықпен, катермен серуендеу ересектердiң басшылығымен өтедi. Катер мен моторлы қайықтарды жүргiзуге жүзу құралдарын жеке дара басқаруға берiлген арнайы құқы бар адамдар ғана жiберiледi.
      3.13. Тыйым салынады:
      - катерге, қайыққа белгiленген нормадан артық отыруға;
      - ересектердiң қамқорлығынсыз 16-жасқа дейiнгi балаларды серуендетуге;
      - 7 жасқа толмаған балаларды серуендетуге;
      - қайықтан суға секiруге және шомылуға;
      - катер, қайық жүрiп келе жатқанда оның жиегiне отыруға, орын ауыстыруға, басқа жүзу құралдарына ауысып отыруға болмайды.
      Катерлер мен қайықтар ақаусыз болуы керек, құтқару құралдарының толық жабдығы, өзге жабдықтар мен мүкәммалдар болуға тиiс.
      Жоғарыда айтылған талаптарды орындамағаны үшiн азаматтардан 5/бес/-ке дейiнгi, лауазымды адамдардан 5/бес/-тен 10/он/-ға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiштер көлемiнде айыппұл алынады.

4. Су өткелдерiн пайдалану кезiндегi сақтандыру шаралары

      4.1. Су өткелдерiнен өтудi ұйымдастыруға жергiлiктi атқарушы ұйым рұқсат бередi, ол өткелден өту тәртiбiн, сондай-ақ жұмыс уақыты мен сағатын белгiлейдi.
      4.2. Тасымал аймағы, паром және тасымалдау катерi құтқару құралдарымен жабдықталуы керек. Күннiң қараңғы мезгiлдерiнде оларда белгi оттар жағылуы тиiс:
      - тасымал айлағын, паромды, тасымалдау катерiн жарақтандыру және оларға жарық түсiру ережесiн бұзғаны үшiн азаматтарға 5/бес/-ке дейiнгi айлық есептiк көрсеткiштер, лауазымды адамдарға 5/бес/-тен 10/он/-ға, заңды тұлғаларға 10/он/-нан 20/жиырма/-ға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiштер көлемiнде айыппұл салынады.
      4.3. Өткелдiң әр аймағында суға батқандарға алғашқы жәрдем көрсете алатын кезекшi және құтқарушы шеңбер, құтқарушы жiп, сырық бар құтқарушы шлюпка /қайық/ тұруы тиiс.
      Жоғарыда айтылған талаптарды сақтамаған үшiн лауазымды адамдарға 5/бес/-тен 10/он/-ға дейiнгi заңды тұлғаларға 10/он/-нан 20 /жиырма/-ға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiштер көлемiнде айыппұл салынады.
      4.4. Өткел аймағы берiк таяныштармен жабдықталады. Оған түсетiн жер жайпақ болуы керек.
      4.5. Жолаушылар мен машиналарды аймаққа жiберудi, сондай-ақ түсiрудi өткел әкiмшiлiгi жүргiзедi.
      4.6. Өткел аймақтарында /өзеннiң екi жағында/ көрнекi жерге өткелдiң кiмге қарайтыны және оған жауаптылар, өткелдiң жұмыс iстеу уақыты мен тәртiбi туралы ақпараттары бар сiлтемелер iлiнуге тиiс.
      Жоғарыда айтылған талаптарды орындамағаны үшiн лауазымды 5/бес/-тен 10 /он/-ға, және жеке тұлғаларға 10/он/-нан 20/жиырма/-ға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiштер көлемiнде айыппұл салынады.
      4.7. Тыйым салынады:
      - паромдарға, моторлы және ескектi қайықтарға жақындап жүзiп келуге;
      - айлақтардан, паромдардан, катерлерден, қайықтардан, шлюпкалардан суға секiруге;
      - катерлер мен қайықтарда тәртiп ережелерiн бұзуға;
      - мас күйiнде жүзу құралдарын басқаруға;
      - паромдарға, катерлерге, шлюпкаларға, қайықтарға артық жүк алуға;
      - пароммен тасымалдауға, катер келе жатқанда жолаушыларды алмастыруға;
      - жолаушыларды құтқару құралдарынсыз тасымалдауға тыйым салынады.
      Жоғарыда айтылған талаптарды орындамағаны үшiн азаматтардан 5/бес/-ке дейiн, лауазымды адамдардан 10/он/-нан 20/жиырма/-ға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiштер көлемiнде айыппұл алынады.

5. Мұз үстiмен өтудi пайдалану кезiндегi сақтандыру шаралары

      5.1. Қыс басында, қыс аяғында мұз өткелдерiн ашу және жабу уақытын, сондай-ақ оның тәулiктiк жұмыс кестесiн, өткелге жауапты ұйымның, ауа райы қызметiнiң, iшкi iстер органдары, суда құтқару қызметтерiнiң және өзге де ынталы ұйымдардың өкiлдерi: бар жергiлiктi әкiмшiлiк тағайындайтын арнаулы комиссия белгiлейдi.
      5.2. Өзен және су қоймалары үстiмен адам және жүк тасымалдаумен айналысатын ұйымдар мұз ұстасқаннан кейiн мұз үстiнде жаяу, авто және көлiк өтетiн жол салады, қажеттi құтқару жабдығы мен мүкәммалы бар ведомстволық құтқару күзеттерiн құрады.
      Жоғарыда айтылған талаптарды орындамағаны үшiн лауазымды адамдар 10 /он/-нан 20/жиырма/-ға дейiнгi және заңды тұлғалар 50 /елу/-ден 100 /жүз/-ге дейiнгi айлық есептiк көрсеткiштер көлемiнде айыппұл төлейдi.
      5.3. Өткел үшiн бөлiнген орындар мына шарттарға сай болуы керек:
      - өткелге апаратын жолдар мен еңiстер абаттандырылуы тиiс;
      - өткелдiң екi бетiнде, оның ұзын бойынан есептегенде 20 м. жерде мұздың қатқақтануына және су деңгейiнiң аса көтерiлуiне берiлмейдi;
      - өткел бойының мұзы басынан аяғына мұзы басынан аяғына дейiн шыңылтыр қатты, әрi қалыңдығы бiркелкi болуы тиiс;
      - өткел ауданында /одан оң және сол жаққа 100 м. дейiнгi жерде /жер асты жылы суы және қайнар су және қайнар су көзi бастау, бұлақ/, сондай-ақ мұз алаңында ойық жылым болмауы керек;
      - автокөлiк өтетiн даңғылмен бiржақты қозғалысқа арналған, қарсы жүру үшiн алдыңғы жолмен қатарластыра одан 40-50 м. аралықта дербес жол салынады.
      5.4. Өткелдерде кәсiптiк балық аулау үшiн ау салуға балық аулайтын және басқа мақсаттарға арналған ойық жасауға, сондай-ақ тексерiлмеген және күзет қойылмаған тұстардан өтуге қатаң тыйым салынады.
      Жоғарыда айтылған талаптарды сақтамаған азаматтарға және лауазымды адамдарға 5/бес/-ке дейiнгi айлық есептiк көрсеткiштер көлемiнде айыппұл салынады.
      5.5. Көлiк қозғалысының тәртiбiн, жүк және жолаушы тасымалы нормасын, ауа райы қызметiнiң мұз құрсауы болжамдарын, мұз көтеретiн салмақтың жоғары шегiнiң кестелерiн ескере отырып өткел әкiмшiлiгi белгiлейдi.
      5.6. Өткелдердiң жабдықталуы және күтiм:
      - өткелге бөлiнген тұстың шекарасы бiр-бiрiне 25-30 м. қашықтықта орналасқан сайғақтармен белгiленедi;
      - сайғақтарға қызыл жалау, сыпырғыш, сiпсебас немесе шөп шудасы iлiнедi;
      - өткелде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында мұз үстiндегi апат жағдайында көмек көрсетуге қабiлеттi теңiзшi-құтқарушылармен жасақталған ведомстволық құтқару күзетi қойылады;
      - өткелде тәулiк бойы кезекшiлер болуы керек;
      - өткел аузына осы өткел бойынша өтуге құқылы, жүк көтеру қабiлетi және жүру жылдамдығы, мұз үстiнде ұстау ережелерi мейлiнше ескерiлген, көлiк түрлерi туралы ақпарат жазылған арнаулы қалқан, сондай-ақ көлiктi басып озуға және тоқтауға тыйым салынатын белгiлер қойылады;
      - жағадан өткелге баратын жолдарға және өткелге жарық түсiп тұруы керек;
      - қозғалыс үшiн қауiптi орындарда, әсiресе елдi мекендер маңында, ойық, жылым т.б. тұсында ең көрнекi жерлерге "Мұз үстiмен өтуге, көлiкпен жүруге рұқсат етiледi" және "Мұз үстiмен өтуге, көлiкпен жүруге тыйым салынады" деп жазылған ескертпе белгiлер қойылады;
      - су қоймасының өткелге түсер аузының екi бетiне құтқару шеңберлерi, арқан, құтқару сатылары мен тақтайлары iлiнген қалқандар қойылады. Оның әрқайсысына "Суға батып бара жатқандарға лақтыр" деп жазылады. Қалқанның жанында мұз ойылып кеткен жағдайда көмек көрсету үшiн ұзындығы 5-6 м. диаметрi 10-12см. бөрене жатуы керек:
      - күн сайын таңертең және кешкiлiк, ал жылымық күндерi күндiзгi уақытта да мұздың қалыңдығы өлшенiп, оның бүкiл жол бойындағы, әсiресе ағыны қатты ойығы терең тұстардағы құрылымы анықталады;
      - мұздың еруi жүк көтеру қабiлетiнiң азаюын болдырмау үшiн мұз жолының көлiк өтетiн тұсы үнемi қардан тазартылып, ал кiрме жолға дүркiн-дүркiн күл мен қиыршық тастар төселiнедi. Өткелдерi жабдықтау мен ұстау ережелерiн сақтамағаны үшiн лауазымды адамдарға 10/он/-нан 20/жиырма/-ға дейiн және заңды тұлғаларға 50/елу/-ден 100/жүз/-дейiнгi айлық есептiк көрсеткiштер көлемiнде айыппұл салынады.

6. Мұз айдынын және ойын алаңдарын жабдықтау

      6.1. Мұз қатқан су қоймаларына және ойын алаңдарын мұз айдынын жабдықтау кезiнде тереңдiгi 100-120 см-ден аспайтын тұстар таңдап алынады. Сырғанақ /ойын алаңы/ алаңындағы мұздың қалыңдығы 25 см-ден кем болмауы керек.
      6.2. Мұз айдыны аумағы сайғақтармен қоршалады. Мұз айдыны маңына құтқару құралдары /арқан, тақтай, саты, т.б./ iлiнген қалқан орнатылады.
      6.3. Мұз айдынында тұрақты кезекшiлiк ұйымдастырылады.
      6.4. Мұз айдыны мен ойын алаңдарын: - өндiрiс орындарының ағын суы құйылатын мұз айдыны маңында; - ағысы қатты жерлерде; - суға малына қатқан заттар, қамыс, құрақ, т.б. бар учаскелерiн; - жылым, бұлақ, бастау және ойық маңында; - мұз астынан балық аулайтын, мұз ойылатын су қоймалары учаскелерде; - көпiр астында, бұрылыстарда және қылта жерлерде жабдықтауда тыйым салынады.

7. Мұз үстiнде сақтандырудың жалпы шаралары

      7.1. Мұз басқан су қоймаларын арнаулы мұз өткелдерi /жаяулар мен автокөлiкке арналған/ жасалған тұстардан ғана өтуге рұқсат етiледi. Мұндай өткелдер жоқ жерлерден өтерде алдымен ол жердегi мұздың берiктiгiне көз жеткiзiп алу керек. Мұздың берiктiгiн ағаш келтектi сүйменмен шұқып байқаған жөн, қатты ұстасқан мұз 2-3 соққыдан соң ғана ойыла бастайды. МҰЗДЫҢ БЕРIКТIГIН ӨКШЕМЕН СОҚҚЫЛАП БАЙҚАУҒА ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
      7.2. Жұқа мұз үстiмен жүруге, мұзы шытынаған тұстарға жақындауға, жұқа мұз үстiне жағадан шаңғымен, шанамен, конькимен сырғанап түсуге болмайды. Мұз жүрiп жатқан кезде мұз сынықтарында сырғанауға немесе олар арқылы арғы бетке өтуге, сондай-ақ мұз бетiне ой-шұқыры беймәлiм тұстардан, әсiресе жарғабақтан түсуге болмайды.
      7.3. Өзенде /су қоймасында/ тыйым салынған мұз үстiмен және қауiптi тұстардан өтуге рұқсат етiлмейдi. Ескертпе қалқандарға мұқият қарап отыру керек.
      Қызыл су жүргенде мұз үстiне шығуға қатаң тыйым салынады.

8. Жүзу құралдарын жалға беретiн стансаларын /пункттерiн/ құру,  ұстау және пайдалану ережелерi

      8.1. Жүзу құралдарын жалға беретiн стансаларды /пункттердi/ құруға және пайдалануға беруге облсуқұтқару мен мемлекеттiк санитарлық қадағалау органдарының арнайы келiсiмi бойынша жергiлiктi атқару ұйымының рұқсатымен берiледi.
      Арнаулы жүзу құралдарын жалға беретiн стансалардың рұқсатынсыз /пункттер/ құрғаны және пайдалануға бергенi үшiн азаматтарға 5/бес/-ке дейiнгi айлық есептiк көрсеткiшi, лауазымды адамдарға 10/он/-нан 20/жиырма/-ға дейiнгi және заңды тұлғаларға 50/елу/-ден 100/жүз/-ге дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш көлемiнде айыппұл салынады.
      8.2. Қайық тұратын аймақ құтқару шеңберлерiмен /аймақ желiсiнiң бiр шеңберi 10 м./, басқа да құтқару құралдарымен және өрт сөндiру жарақтарымен жабдықталуға тиiс.
      Қайық айлағына қойылатын талаптарды бұзған лауазымды адамдар 10/он/-нан 20 /жиырма/-ға дейiнгi және заңды тұлғалар-50/елу/-ден 100/жүз/-ге дейiнгi айлық есептiк көрсеткiштер көлемiнде айыппұл төлейдi.
      8.3. Жалға беру пунктiнiң су айдыны қалқыма белгiлермен белгiленуге тиiс, жалға беру орнының жүзу құралдарымен оның арғы жағына шығуға тыйым салынады.
      Жалға беру пунктiнiң су айдынын қалқыма белгiлермен белгiлемегенi үшiн азаматтарға 5/бес/-ке дейiнгi айлық есептiк көрсеткiшi, лауазымды адамдарға 10/он/-нан 20 /жиырма/-ға дейiнгi және заңды тұлғаларға 50/елу/-ден 100/жүз/-ге дейiнгi айлық есептiк көрсеткiштер көлемiнде айыппұл салынады.
      8.4. Әрбiр жалға беру стансасы жанынан құтқарушы керек-жарақтар мен жасақшы-құтқарушылары, сондай-ақ радио-хабарын тарататын қондырғысы бар кезекшi қайығы бар құтқарушы күзет құрылады.
      Жоғарыда айтылған талаптарды орындамаған азаматтардан - 5/бес/-ке дейiнгi айлық есептiк көрсеткiшi, лауазымды адамдардан 10/он/-нан 20/жиырма/-ға дейiнгi және жеке тұлғалардан 50/елу/-ден 100/жүз/-ге дейiнгi айлық есептiк көрсеткiштер көлемiнде айыппұл алынады.
      8.5. Жалға берiлетiн қайықтардың мiндеттi түрде ақаусыз, iлмектер жиынтығы ескектерi, айлақта тоқтайтын орны, су алатын ожауы мен құтқарушы керек-жарақтары болуға тиiс.
      Жалға берiлетiн қайықтарға қойылатын талаптарды орындамағаны үшiн азаматтарға 5/бес/-ке дейiнгi айлық есептiк көрсеткiшi, лауазымды адамдарға 10/он/-нан 20/жиырма/-ға дейiнгi және жеке тұлғаларға 50/елу/-ден 100/жүз/-ге дейiнгi айлық есептiк көрсеткiштер көлемiнде айыппұл салынады.
      8.6. Стансалардың кассалары мен демалушыларға арналған орындықтар жағада болуға тиiс. Отырғызу және қайықтардан түсiру орындары олар күтiп тұратын жерден оқшауланады, отырғызу және түсiру жалға берушi стансаның құтқарушысының бақылауымен жүргiзiледi.

9. Топырақты шығару жұмыстары жүргiзу кезiнде халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн шаралар

      9.1. Өзенге, көлге және басқа су объектiлерiне жақын жерде, әсiресе адамдар жаппай суға шомылатын орындарда топырақ шығару жөнiнде жұмыстарды жүргiзу жергiлiктi атқару органымен, төтенше жағдайлар жөнiндегi облыстық басқармамен, өзен флотының тиiстi бөлiмшелерiмен, облсуқұтқару қызметiмен және басқа да мүдделi ұйымдармен келiсуге тиiс.
      9.2. Су толған қазаншұңқырлар маңындағы адамдарды сақтандыруды қамтамасыз ету жұмыс аяқталғанша топырақ шығаруды жүргiзушi ұйымның басшысына жүктеледi.
      9.3. Су толған қазаншұңқырлардан топырақ шақыру жұмысы аяқталғаннан кейiн жағалаудан 1,7 м. тереңдiкке дейiнгi су табанын тегiстеу жүргiзiледi. Көпшiлiк демалатын орындардағы шағын қазаншұңқырлар топырақ шығарулар жүргiзген кәсiпорын, ұйым тарапынан бiтелуi /тегiстелуi/ керек.

10. Судан сақтандыру белгiлерiнiң сипаттамасы

      10.1. Судан сақтандыру белгiлерi су нысандары жағалауына су жиегiнде және суда жүрген азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында орнатылады.
      10.2. Белгiлердiң әр тұсы кем дегенде 50х60 см. тiкбұрыш пiшiнді болып келедi және ағаш тақтайдан, қалың фанерден, металл тiлсемнен немесе басқа да берiк нәрседен жасалады. Белгiлер көрнекi жерлерге қойылады және жерге орнатылған бағаналарға /ағаш, металл, темiрбетон, т.б./ бекiтiледi. Бағаналардың жер бетiнен биiктiгi 2,5 кем болмауы керек.
      10.3. Белгiлерге жазу қара немесе ақ бояумен түсiріледi.
      10.4. Судан сақтандыру белгiлерiнiң сипаттамасы: NN Белгiдегi жазу Белгiнiң жалпы түрi 1 2 3 1 Суға түсетiн орын /метрмен Жасыл қоршауға алынады. өлшегендегi шекарасы Жазу бетiне жазылады. көрсетiледi/ Төменде жүзiп келе жатқан адам бейнесi, белгi ақ бағанға бекiтiледi. 2. Балалар суға түсетiн орын Жасыл қоршауға алынады /метрмен өлшегендегi шекарасы Жазу бетiне жазылады. көрсетiледi/ Төменде iшiнде тұрған екi баланың бейнесi. Белгi ақ бағанға бекiтiледi. 3. Жануарлар суға түсетiн тыйым Жасыл қоршауға алынады. салынады /метрмен өлшегендегi Жазу бетiне жазылады. шекарасы көрсетiледi/ Төменде жүзiп келе жатқан ит бейнесi. Белгi ақ бағанға бекiтiледi. 4. Суға түсуге тыйым салынады Қызыл қоршауға алынады. /метрмен өлшегендегi Жазу бетiне жазылады, шекарасы көрсетiледi/ төменде жүзiп келе жатқан адам бейнесi. Бейне жоғарыдағы сол бұрыштан бастап қызыл белдеумен айқара сызылады. Белгi қызыл бағанға бекiтiледi. 5. Сүңгуге тыйым салынады. Қызыл қоршауға алынады. Жазу бетiне жазылады, жүзiп бара жатқан адам бейнесi, бейне жоғарыдағы сол бұрыштан бастап қызыл белдеумен айқара сызылады. Белгi қызыл бағанға бекiтiледi. 6. Жүзу құралдарымен жүруiне Қызыл қоршауға алынады. Жазу тыйым салынады. бетiне жазылады, төменде моторлы шағын кеме бейнесi, бейне жоғарыдағы сол бұрыштан бастап қызыл белдеумен айқара сызылады. Жүзу бейнесi. Жағажайдың бетiн қоршайтын белгiлермен қатар қойылады. 7. Мұз үстiмен жүруге болады. Тұтастай жасылмен боялады. Жазу ортасында, ақ түстi. Белгi ақ бағанға орнатылады. 8. Мұз үстiмен жүруге тыйым Тұтастай қызыл түске боялады. салынады. Жазу ортасында, ақ түстi. Белгi қызыл бағанға орнатылады.

11. Солтүстiк Қазақстан облысының су қоймаларында адамдар өмiрiн қорғауға ережелерiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiк

      11.1. Осы ережелердi бұзғаны үшiн әкiмшiлiк және материалдық жауапкершiлiк белгiленедi.
      11.2. Осы ережелердiң талаптарын орындауға бақылау жасау жергiлiктi атқару ұйымдарына төтенше жағдайлар жөнiндегi облыстық басқармаға және облсуқұтқару қызметiне жүктеледi.
      11.3. Алматы облысының су қоймаларында азаматтарды сақтандырудың Мiндеттi ережелерiнiң орындалуын бақылау жөнiндегi жүзеге асыру үшiн облсуқұтқару қызметiне төмендегiдей құқықтар берiледi:
      - меншiктiң барлық түрiндегi ұйымдарға судағы қауіпсiздiк талаптарын және нормативтiк-құқықтық, нормативтiк-техникалық актiлердi сақтау шараларын бұзу фактiлерi бойынша орындалуы мiндеттi нұсқамалар жiберу:
      - көпшiлiк пайдаланатын су нысандарына, судағы көлiк құралдары мен өткелдерге шарт негiзiнде техникалық куәландырулар жүргiзу, оларды пайдалануға тыйым салу, қауіпсiздiк ережесiн бұзған жағдайда азаматтарға меншiктiң барлық түрiндегi ұйымдар мен кәсiпорындарға белгiленген тәртiппен әкiмшiлiк шара қолдану:
      - судағы төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған шараларға талдау жасау және орындау жөнiндегi меншiктiң барлық түрiне жататын ұйым, кәсiпорындардың ведомстволық құтқару стансалары мен қызметiне бақылау жасау:
      - күштi дауыл қарсаңында және суда жүзуге арналған аудан шекарасынан шығып кеткенде немесе спортшылар жаттығуға катер не моторлы қайықсыз шығып кеткенде барлық шағын кемелердi айлаққа қайтару құқы берiледi.
      11.4. Облсудан құтқару қызметi өкiлдерiнiң судан сақтандыру шаралары туралы нұсқаулары: жағажай, демалыс базалары, және басқа да су нысандары әкiмшiлiктерi үшiн: соларды пайдаланушы барлық азаматтар үшiн: шағын кемелердi жүргiзушiлер үшiн, сондай-ақ меншiктiң балық түрiне қарамастан заңды тұлғалар мен кәсiпкерлерге және жеке тұлға құрмастан басқа қызметпен айналысатын адамдарға мiндеттi.

N 2 қосымша
Солтүстiк Қазақстан облыстық Мәслихатының 1998 жылғы 30 қазандағы 19/5 шешiмiмен бекiтiлген

Азаматтарды су қоймаларында сақтандырудың "Мiндеттi ережелерiнiң" бұзылуы туралы Хаттама-қаулы "__"_______199_ж _____________________________________________________ хаттаманы жасаушы органының атауы ______________________________________________________________ /аты-жөнi, қызметi/ ______________________________________________________________ / құқық бұзылған жер/ ______________________________________________________________ /ереже пункттерiне сiлтеме жасай келе құқық бұзулар мазмұны/ ______________________________________________________________ Құқық бұзушының түсiнiктемесi ________________________________ ______________________________________________________________ Құқық бұзушы туралы мәлiмет 1. ____________________________________________________________ /аты-жөнi, қызметi/ 2. ____________________________________________________________ /мекен-жайы, телефоны/ 3. ____________________________________________________________ / ұйымның атау, телефоны/ 4. Есепшот_________________банк _______________________________ Акт жасаушылардың қолы _____________________________ 5. "__"_______199_ж. сағатта әкiмшiлiк комиссиясына келуi мiндеттi. 6. Хаттамамен таныстым ________________________________________ / қағазды қиятын жер/ Әкiмшiлiк комиссияның шешiмi: Облыстың су қоймаларында азаматтарды сақтандырудың мiндеттi ережелерiн баптарын бұзған үшiн ________________________________________________ /аты-жөні, әкесінің аты/ ____________теңге көлемiнде айыппұл. Айыппұл _________________ есепшотына ____________ қалдырылмай төленсiн Қаулы хаттамасын алдым ______________________________________ / қолы/ Облыстық су қоймаларында азаматтарды сақтандырушының. Мiндеттi ережелерiн бұзғаны үшiн айыппұл алу жөнiндегi Хабарлама Облыстық судан құтқару қызметiне ___________________________ /аты-жөнi/ 199_ж. "___"______ _______________________________________ /аты-жөнi, жұмыс орны/ айыппұл салынады _________________ теңге көлемiнде ____________есепшотына енгiзiледi Әкiмшiлiк комиссиясының хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады