"Ауылдық жерлердегі жұмыссыз адамдарды жеке кәсіпкерлікке тартудың уақытша ережесі" туралы облыстық Мәслихат ХХІ сессиясының 1998 жылғы 10 сәуірдегі N 239-1 ~V98T017 шешіміне ішінара өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

І cайланған Атырау облыстық Мәслихаты ХХІІ сессиясының 1998 жылғы 14 шілдедегі N 250-1 шешімі. Атырау облысының әділет басқармасында 1998 жылғы 8 қыркүйекте N 26 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облыстық Мәслихатының 2011 жылғы 3 қазандағы № 275/1711/-МШ хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық Мәслихатының 2011.10.03 № 275/1711/-МШ хатымен.
      Облыстық Мәслихаттың ХХII сессиясы шешім етті:
      - 7 тармақтың соңғы сөйлеміндегі "кез-келген" деген сөздің орнына "ыңғайланған" деген сөзбен ауыстырылсын.
      - 8 тармақтың соңғы "Аталған сауданы жүзеге асырғаны үшін ақы алынбайды" деген сөйлемі алынып тасталсын.
      - 10 тармақтың "б" бөлімі жылдық жиынтық табыс мөлшері 12 еселенген есеп көрсеткішінен асатын және өз жеке меншік кәсібін жер, су, т.б. табиғат ресурстарымен байланыстырып жүргізетін жеке тұлғалар міндетті түрде кәсіпкер ретінде тіркелуге жатады" деген өзгертумен алынсын.
      - қосымша төмендегіше "в" тармақшасы енгізілсін:
      - егістікке жарамды, суармалы жерлерден жер участогын меншік құқы негізінде пайдаланып, кәсіп жасайтын азаматтар жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өтуге тиіс.
      - қосымша төмендегідей мазмұнда 11 тармақ енгізілсін:
      - аталған уақытша ереже тиісті заңды құжаттар алынғанша күшінде болсын.
 
 

      Облыстық Мәслихат хатшысының
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады