Ашық халықтық акционерлiк қоғам мәртебесiн алудың және жоюдың тәртiбi тypaлы

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы 1999 жылы 4 ақпан N 22 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 12.02. 1999 ж. тіркелді. Тіркеу N 684. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 218 қаулысымен.

      "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегі заңының  7-бабын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) қаулы етеді:
      1. Ашық акционерлiк қоғамның ашық халықтық акционерлiк қоғам мәртебесiн (бұдан әрi "Халықтық қоғам" деп аталады) Ұлттық комиссия Директоратының осы қоғамға Халықтық қоғам мәртебесiн беру туралы қаулысымен алатындығы белгiленсiн.
      2. Жоғарыда аталған заңның 7-бабының 1-тармағымен айқындалған Халықтық қоғам белгiлерiне сәйкес келетiн ашық акционерлiк қоғамның күнтiзбелiк жыл аяқтанғаннан кейiн отыз күннiң iшiнде Ұлттық комиссия орталық аппаратының Корпоративтiк қаржылар басқармасына жолдама хатпен бiрге мынадай құжаттар тапсыруға мiндеттi екендiгі белгiленсiн:
      1) ағымдағы жылдың 01 қаңтары жағдайына өз активтерінің мөлшерлерi туралы жедел мәлiметтер;
      2) ағымдағы жылдың 01 қаңтары жағдайына осы қоғам акционерлерінің саны туралы оның тiркеушісінің анықтамасы;
      3) ағымдағы жылдың 01 қаңтары жағдайына бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушының бағасы кесiлетiн акциялардың түрлерi мен санаттарын көрсете отырып, бағалы қағаздар рыногының сауда-саттық ұйымдастырушы қызмет көрсететiн сегментiнде (секторында) осы қоғамның акцияларының бағаларын кесу, бағасы кесiлетiн акцияларды айналысқа жiберу деңгейi, аяқталған күнтiзбелiк жылғы бағасы кесiлген акциялармен жасалған мәмiлелердiң (мәмiлелер болмағанда - сұраныс пен ұсыныстың көлемдерi) ақшалай және бағалы қағаздардың даналары түрiндегi айлық және жиынтық көлемдерi, аяқталған күнтiзбелiк жылдың айлары бойынша бағасы кесiлген акциялармен жасалған мәмiлелердiң ең төменгi, ең жоғарғы және орташа бағалары (мәмiлелер болмағанда - сұраныстың ең жоғарғы бағасы және ұсыныстың ең төменгi бағасы) туралы анықтамасы.
      3. Күнтiзбелiк жыл аяқталғаннан кейiн отыз күн iшiнде мына аталған ұйымдардың Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасына мынадай жазбаша мәлiметтер беруге мiндеттi екендiгі белгiленсiн:
      1) тiркеушiлер - олар қызмет көрсететiн, ағымдағы жылдың 01 қаңтары жағдайына әрқайсының акционерлерiнiң саны кемiнде бес жүз болатын ашық акционерлiк қоғамдар туралы;
      2) бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылар - осы Қаулының 2 тармағының 3) тармақшасында айқындалған мәлiметтердi көрсете отырып, ағымдағы жылдың 01 қаңтары жағдайына бағалы қағаздар рыногының осы сауда-саттық ұйымдастырушылар қызмет көрсететiн сегментiнде (секторында) акцияларының бағалары кесiлетiн ашық акционерлiк қоғамдар туралы.
      4. Осы Қаулының 3-тармағында көрсетiлген мәлiметтер алынғаннан кейiн екi жұмыс күнi iшiнде Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасы акционерлерінің санына және бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында акцияларының бағалары кесiлуiне қатысты Халықтық қоғам белгiлерiн иеленген ашық акционерлiк қоғамдардың тiзiмiн қалыптастыратындығы және осы тiзiмдi Ұлттық комиссия орталық аппаратының Корпоративтiк қаржылар басқармасына беретiндiгi белгiленсiн.
      Ұлттық комиссия орталық аппаратының Корпоративтiк қаржылар басқармасы осы тiзiм алынғаннан кейiн, бiрақ күнтiзбелiк жыл аяқталғаннан кейiн кемiнде отыз күн өткеннен кейiн оны осы Қаулының 2-тармағына сәйкес құжаттар тапсырған ашық акционерлiк қоғамдардың тiзбесiмен салыстырады және осы тiзiмге енгiзiлген, бiрақ Ұлттық комиссияға осы Қаулының 2-тармағына сәйкес құжаттар тапсырмаған ашық акционерлiк қоғамдарға олардың активтерінің мөлшерлерi туралы ағымдағы жылдың 01 қаңтарына жедел мәлiметтер берудiң қажеттiлiгi туралы талаптар (Ұлттық комиссияның жетекшілік ететiн Мүшесi-Атқарушы директорының қолымен) жiбередi, бұл мәлiметтер талаптар алынған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде берiлу керек.
      5. Жоғарыда аталған заңның 7-бабының 1-тармағымен айқындалған Халықтық қоғам белгiлерiне сәйкес келетiн және Халықтық қоғам мәртебесiн алуға ниет бiлдiрген ашық халықтық қоғамның ағымдағы жылдың iшiнде Ұлттық комиссия орталық аппаратының Корпоративтiк қаржылар басқармасына Халықтық қоғам мәртебесiн беру туралы өтiнiш берген күннен бастап отыз күннен аспайтын күн жағдайына жасалған мынадай құжаттарды беру керектiгі белгіленсiн:
      1) Халықтық қоғам мәртебесiн алу туралы еркiн үлгіде жазылған өтініш;
      2) осы қоғамның активтерінің мөлшерi туралы мәлiметтер;
      3) осы қоғам акционерлерінің саны туралы оның тiркеушiсiнiң анықтамасы;
      4) бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушының бағасы кесiлетiн акциялардың түрлерi мен санаттарын көрсете отырып, бағалы қағаздар рыногының сауда-саттық ұйымдастырушы қызмет көрсететiн сегментiнде (секторында) осы қоғамның акцияларының бағаларын кесу, бағасы кесiлетiн акцияларды айналысқа жiберу деңгейлерi, аяқталған күнтiзбелiк жылғы бағасы кесiлген акциялармен жасалған мәмiлелердiң (мәмiлелер болмағанда - сұраныс пен ұсыныстың көлемдерi) ақшалай және бағалы қағаздардың даналары түрiндегi айлық және жиынтық көлемдерi, аяқталған күнтiзбелiк жылдың айлары бойынша бағасы кесiлген акциялармен жасалған мәмiлелердiң ең төменгi, ең жоғарғы және орташа бағалары (мәмілелер болмағанда - сұраныстың ең жоғарғы бағасы және ұсыныстың ең төменгі бағасы) туралы анықтамасы.
      6. Ұлттық комиссия Директоратының осы ашық акционерлiк қоғамға Халықтық қоғам мәртебесiн беру туралы мәселенi осы Қаулының 2 және 5-тармақтарында аталған құжаттардың соңғысын алған күннен бастап (осы қоғам осы Қаулының 2 және 5-тармақтарына сәйкес құжаттарды тапсырған жағдайда) немесе осы қоғамның активтерінің мөлшерi туралы жедел мәлiметтер алынған күннен бастап (осы қоғам осы Қаулының 4-тармағының екiншi бөлiгіне сәйкес өзiнiң активтерінің мөлшерi туралы жедел мәлiметтер тапсырған жағдайда) бес жүмыс күнi iшiнде қарайтындығы белгiленсiн.
      7. Ұлттық комиссия Директоратының осы ашық акционерлiк қоғамға Халықтық қоғам мәртебесiн беру туралы шешiмi қабылданған сәттен бастап онда Халықтық қоғамдар үшiн қолданылып жүрген заңдармен белгiленген қосымша құқықтары мен мiндеттерi туындайтындығы белгіленсiн. Қажеттiлiгіне орай осы қоғам акционерлерінің жақында өтетiн жалпы жиналысында оның жарғысына Халықтық қоғам мәртебесiн алуға байланысты өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілуi керек.
      8. Ұлттық комиссия Директоратының осы ашық акционерлiк қоғамға Халықтық қоғам мәртебесiн беру туралы шешiмi қабылданғаннан кейiнгі күннен кешіктiрiлмей осындай шешімнiң көшермесінің осы қоғамға, осы қоғамның тiркеушiсiне, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінің аумақтық басқармасына (осы қоғамның атқарушы органы орналасқан аумаққа қызмет көрсететiн), бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушыларға және бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларына жiберiлетiндiгі белгiленсiн.
      9. Халықтық қоғам мәртебесiн иеленген ашық акционерлiк қоғамның оның Халықтық қоғам мәртебесiн жоғалтқандығы туралы жоғарыда аталған заңның 7 бабы 3-тармағының 1)-3) тармақшаларында айқындалған шарттарының кез-келгені басталған сәттен бастап алты ай өткеннен кейiн баспасөз басылымында (ол жоғарыда аталған заңның 2-бабының он жетiншi бөлiгінде айқындалған) жариялауға және Ұлттық комиссияға жазбаша хабарлауға (тиiстi растама құжаттарды қоса бере отырып) мiндеттi екендiгi белгiленсiн.
      10. Төменде көрсетiлген белгiлердiң кез-келгенінің жойылғандығы анықталған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде төменде аталған ұйымдар Ұлттық комиссияға мынадай мәлiметтердi беруге (олар Ұлттық комиссия орталық аппаратының Корпоративтiк қаржылар басқармасына берiледi) мiндеттi екендiгі белгiленсiн:
      1) Халықтық қоғам мәртебесiн иеленген ашық акционерлiк қоғамның тiркеушiсi, - осы қоғамның акционерлерi санының жоғарыда аталған заңның 7-бабының 1-тармағында айқындалған деңгейден кемiп кетуi туралы;
      2) Халықтық қоғам мәртебесiн иеленген ашық акционерлiк қоғамның бағалы қағаздарымен сауда-саттық ұйымдастырушы, - бағалы қағаздар рыногының осы сауда-саттық ұйымдастырушы қызмет көрсететiн сегментiнде (секторында) осы қоғамның акцияларының бағаларын кесу тоқтатыла тұрғандығы немесе тоқтатылғандығы туралы.
      Ұлттық комиссия орталық аппаратының Корпоративтiк қаржылар басқармасы алынған мәлiметтердiң негізiнде жоғарыда аталған заңның 7 бабы 3-тармағының талаптарын сақтау үшiн бақылауда тұрған Халықтық қоғамдардың тiзiмiн қалыптастырады және қажеттiлігіне орай осы Халықтық қоғамдарға тиiстi ескертпелер жiбередi.
      11. Ашық акционерлiк қоғамдар Халықтық қоғам мәртебесiн алудың және жоюдың тәртiбiн сақтамаған кезде Ұлттық комиссия осы қоғамдардың заң талаптарын ықтиярсыз орындаулары және осы қоғамдардың лауазымды тұлғаларын қолданылып жүрген заңдармен белгiленген жауапкершілікке тарту жөніндегi мәселемен құқық қорғау органдарына жүгінуге құқылы екендiгі белгiленсiн.
      12. Ашық акционерлiк қоғамдарға Халықтық қоғам мәртебесiн беру туралы және осы қоғамдардың Халықтық қоғам мәртебесiн жоғалтқандығы туралы мәлiметтердiң Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне енгізiлулерiне жататындығы белгiленсiн.
      13. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген сәттен бастап күшiне енгiзiлетiндiгi белгiленсiн.
      14. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Заң және Корпоративтiк қаржылар басқармасы осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) бағалы қағаздар рыногы субъектiлерінің, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнің және оның аумақтық басқармаларының назарына жеткiзсiн.
      15. Осы Қаулының орындалысына бақылау жасау Ұлттық комиссия орталық аппаратының Корпоративтiк қаржылар басқармасына (жалпы бақылау) және Лицензиялау және қадағалау басқармасына жүктелсiн.

      Ұлттык комиссияның Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады