Телеграф байланысының қызмет көрсетулерін ұсыну ережелеріне толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Бұйрық Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі 1999 жылғы 4 қаңтар N 1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 25 наурызда тіркелді. Тіркеу N 715

      "Қазақстан Республикасының Президенті", "Жоғарғы Үкіметтік" және "Үкіметтік" санаттағы жеделхаттарды жіберу құқығы бар тұлғалардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 18 тамыздағы N 785 P980785_ қаулысына сәйкес бұйырамын:
      1. Телеграф байланысының қызмет көрсетулерін ұсыну ережелеріне толықтырулар енгізілсін (Көлік және коммуникациялар министрлігінің 1997 жылғы 27 мамырдағы N 465 бұйрығы):
      1) 2.4. тармақ мынадай мазмұнды бесінші абзацпен толықтырылсын - "Қазақстан Республикасының Президенті";
      2) 2.5. тармақтың екінші абзацы "санаттағы" сөздерінен кейін және бұдан әрі мәтін бойынша "Қазақстан Республикасының Президенті" сөздерімен толықтырылсын.
      2. Осы бұйрықты заңдармен белгіленген тәртіпте Қазақстан

Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылсын.
     3. "Қазақтелеком" ААҚ президенті (Н.З. Сақыпов), РМПБК бас директоры 
(Е.Р. Әшкенов), "Қазақстан темір жолы" РМК бас директоры (А.И. 
Мырзахметов) осы телеграф байланысының қызмет көрсетулерін ұсыну бойынша 
барлық жұмыс орындарын көрсетілген Ережелердегі толықтырулармен қамтамасыз 
етсін.
     4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Почта және 
телекоммуникациялар жөніндегі департаментке (А.Қ. Нәсиев) жүктелсін.
     
     Министр
Оқығандар:     
          Умбетова А.М.
          Касымбеков Б.А.
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады