-------------------Бұйрықтан үзінді---------------- Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының K010209_ Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi:
36. "Әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған алымды есептеудiң және төлеудiң тәртiбi туралы" N 47 Нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң 1999 жылғы 10 ақпандағы N 49 V990718_ бұйрығы. -----------------------------------------------------
Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Президентінің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Z952235_ Заң күші бар Жарлығына (бұдан әрі - Жарлық) сәйкес әзірленді.
І. Әлеуметтік қамсыздандыруға арналған алымды төлеушілер
1. Осы Нұсқаулықтың 3-тармағына сәйкес салық салу объектілері бар заңды тұлғалар (шетелдіктер қатысқан заңды тұлғаларды, шетелдік заңда тұлғалардың өкілдіктері мен филиалдарын қоса) жеке балансы және банктік шоты бар филиалдары, өкілдіктері және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері әлеуметтік қамсыздандыруға арналған алымды төлеушілер болып табылады.
Алым төлеушілер алым төлеуді өздерінің орналасқан жерлері бойынша жүзеге асырады.
2. Заңды тұлғалар осы нұсқаулықтың 1-тармағына сәйкес өкілдіктері және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері үшін алым төлеуді заңды тұлғаның орналасқан жерлері бойынша жүзеге асырады.
ІІ. Салық салу объектісі
3. Әлеуметтік қамсыздандыруға арналған алымды салу объектісі еңбекке ақы төлеу қоры болып табылады.
Еңбекке ақы төлеу қорының құрамына заңдарға сәйкес ақшалай немесе заттай нысанда есептелген (қаржыландыру көзіне қарамастан) істелмеген уақыт үшін қызметкерлерге есептелген ақшалай соманы қоса жалақылардың барлық түрлері, әртүрлі сыйлықтар, қосымша ақылар, үстеме ақылар, жекелеген әлеуметтік жеңілдіктер, төлемдер, жәрдемақылар енгізіледі. Еңбекке ақы төлеу қорына енгізілетін төлемдердің тізбесі осы Нұсқаулыққа N 1 қосымшада келтірілген.
4. Заңды тұлғалар төлемнің мынадай түрлеріне әлеуметтік қамсыздандыруға арналған алымды есептелмейді:
1) жеке тұлғалар (қызметкерлер) үшін заңды тұлғалар жинақтаушы зейнетақы қорларына төлейтін міндетті зейнетақы жарналарын;
2) пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы;
3) жұмыстан шығу кезіндегі шығу жәрдемақысы;
4) заңдарға сәйкес белгіленген өтемақылық төлемдер;
5) тұрақты жұмысы жолда істелетін немесе жолсапар сипатындағы не қызмет көрсетілетін учаскелер шегіндегі қызметтік іссапарларға байланысты тәулікақының орнына жалақыға қосымша ақылар мен үстеме ақылар;
6) берілген арнаулы киімнің, арнаулы аяқ киімнің және басқа да жеке қорғаныс құралдарының, сабынның, май кетіретін құралдардың, сүттің және емдеу-алдын алу тамақтарының құны;
7) қызметкерлерге олардың жұмысына байланысты мертігуден не денсаулығының зақымдалуынан келген залалдың орнын толтыру үшін төлемдер (алынбаған жалақы бөлігіндегі төлемдерден басқа);
8) жарыстарда, байқауларда, конкурстарда және тағы басқаларда жүлделі орындар үшін берілетін ақшалай сыйлықтар;
9) әскери қызметшілер мен ішкі істер органдары қызметкерлеріне ақшалай ақы;
10) жұмыс ауыстырған кезде не жұмыс бабымен басқа жерге көшкен кезде жолақының, мүлікті тасымалдау мен үй-жайды жалға беру шығындарының орнын толтыру.
5. Әлеуметтік қамсыздандыруға арналған алым қаржыландыру көзіне қарамастан тиісті салықтарды ұстағанға дейін есептеледі.
ІІІ. Әлеуметтік қамсыздандыруға арналған алымды есептеудің және
төлеудің тәртібі
6. Әлеуметтік қамсыздандыруға арналған алым еңбекақы төлеу қорының 1,5 % ставкасы бойынша төленеді.
7. Салық төлеуші осы Нұсқаулықтың 2 қосымшасында келтірілген нысан бойынша әлеуметтік қамсыздандыруға арналған алым бойынша декларацияны салық органдарына есепті айдан кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей әрбір есепті кезең үшін ай сайын тапсырады.
8. Әлеуметтік қамсыздандыруға арналған алым бюджетке ай сайын айдың екінші жартысына жалақы төлеу үшін белгіленген мерзімде, бірақ жалақының төленуіне қарамастан келесі айдың 15-нен кешіктірілмей төленуі тиіс.
9. Салық салынатын кірісті анықтаған кезде әлеуметтік қамсыздандыруға арналған алымның есептелген сомасы шегіріске жатқызылады.
IV. Әлеуметтік қамсыздандыруға арналған алымды төлеушілердің
жауапкершілігі және төлеуге бақылау жасау
10. Әлеуметтік қамсыздандыруға арналған алымды дұрыс есептеуге және бюджетке уақытылы төлеуге жауапкершілік төлеушіге жүктеледі.
Әлеуметтік қамсыздандыруға арналған алымды есептеу мен дер кезінде төлеу тәртібін бұзғаны үшін салық төлеушілерге Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгіленген санкциялар, және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген әкімшілік айыппұлдар қолданылады.
11. Уақтылы төленбеген әлеуметтік қамсыздандыруға арналған алым сомасы бюджетке осы сома төленген күні, мерзімі өткен әр күн үшін (төлем жасау күнін қосқанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген қайта қаржыландыру ставкасының 1,5 есе ресми мөлшерінде өсімі есептеліп, өндіріп алынады.
12. Белгіленген мерзімде салық декларациясын табыс етпеген төлеушіге декларация ұсынылмаған әр ай үшін төленуге тиісті, бірақ декларация бойынша төленбеген соманың 5 % мөлшерінде айыппұл салынады. Бұл ретте айыппұл мерзімі өткен күннің санына қарамастан 5 % мөлшерінде салынады.
Салық төлеуші салық органының тексеруіне дейін салық жылы ішінде бұрын ұсынылған декларациясына түзетулер енгізуге және бұл жөнінде салық органына хабарлауға құқығы бар.
Салық төлеуші бюджетке қосымша төлеуге тиісті алым сомасы бойынша нақтылау жүргізілген сол есепті кезеңге тіркелген жеріндегі салық органына қосымша декларация тапсырады. Бұл ретте декларациялардағы тиісті жолдар бойынша бұрын тапсырылған декларациялармен салыстырғанда тек анықталған айырманың сомасын ғана көрсетеді. Бұл жағдайда белгіленген мөлшерде айыппұл санкцияларын қолданбай-ақ бюджет кірісіне тиесілі алым сомасын
бұзушылық жол берілген сәттен бастап енгізгенге дейінгі сәтте одан өсім өндіріліп алынады. 13. Декларацияда көрсетілген алым мөлшерін оның толық төленбеуіне әкеліп соққан кеміту үшін салық төлеушіге кемітілген салық сомасының 100 % мөлшерінде айыппұл салынады. 14. Әлеуметтік қамсыздандыруға арналған алымды дұрыс есептеуге және уақтылы төлеуге бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық органдары жүзеге асырады. ҚР МКМ Салық комитетінің N 48 Нұсқаулығына 1 Қосымша Еңбекке ақы төлеу қорына енгізілетін төлемдердің тізбесі І. Ақшалай нысандағы жалақы
1. Ұйымда қабылданған еңбекақы төлеудің нысандары мен жүйесіне қарамастан таза табыстың үлесімен немесе орташа жалақы бойынша, табыстан алынатын процентпен, кесімді нарық, тарифтік ставка, лауазымдық айлық бойынша орындалған жұмыс (істелген уақыт) үшін есептелген жалақы.
2. Тариф ставкаларына және айлықтарға үстеме ақылар және қосымша ақылар (кәсіби шеберлігі, біліктілік сыныбы және т.б. үшін).
3. Еңбек сіңірген жылдары, жұмыс стажы (ұйымда үздіксіз жұмыс істеудің ұзақтығы үшін үстеме ақы) үшін сыйақы (проценттік үстеме ақы).
4. Ағымдағы сипаттың өндірістік нәтижелері үшін сыйлықтар.
5. Арнайы мақсаттағы қаражаттар және мақсатты түсімдер есебінен төленетін сыйлықтар, біржолғы көтермелеу ақылары.
6. Жыл ішіндегі жұмыс қорытындылары бойынша сыйақылар.
7. Жыл сайынға демалысқа қосымша ақылар (демалысқа қосымша материалдық көмектер).
8. Еңбекақы төлеуді аудандық реттеуге байланысты:
- аудандық коэффициенттер;
- шөлді, сусыз жерлерде, биік таулы аудандарда жұмысы үшін, сондай-ақ экологиялық апат аудандарындағы жұмысы үшін коэффициенттер және үкіметтің шешімдерімен белгіленген өзге коэффициенттер бойынша төлемдер.
9. Еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар (ауыр және зиянды, сондай-ақ ерекше ауыр және ерекше зиянды еңбек жағдайларындағы жұмысы үшін).
10. Түнгі уақыттағы жұмыс істегені, көп ауысымды режимде жұмыс істегені үшін қосымша ақылар.
11. Тұрақты жұмысы жолда істелетін немесе жолсапар сипатындағы не қызмет көрсетілетін учаскелер шегіндегі қызметтік іс-сапарларға байланысты тәулікақының орнына жалақыға қосымша ақылар мен үстеме ақылар.
12. Құрылыста, қайта құруда және күрделі жөндеуде жұмыс істейтін қызметкерлер үшін жылжымалы және жолсапар сипатындағы жұмыстар үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жағдайларда вахталық тәсілмен жұмыстар орындаған кездегі үстеме ақы.
13. Вахтадағы жұмыстар графигімен көзделген ұйым орналасқан жерден (жиналу пунктінен) жұмыс орнына дейін және қайту жолындағы күндері үшін, сондай-ақ метеорологиялық жағдайлармен және көлік ұйымдарының кінәсінен қызметкерлердің кідірген күндері үшін тарифтік ставка, айлық мөлшерінде төленетін сомалар (жұмыстарды вахталық тәсілмен орындаған кезде).
14. Жер асты жұмыстарында тұрақты істейтін қызметкерлердің олардың шахтада (кеніште) стволдан жұмыс орнына және одан кері жүріп- тұратын нормативтік уақыты үшін қосымша ақылар.
15. Геологиялық барлау, топографтық-геодезиялық және басқа да дала жұмыстарында істейтін қызметкерлерге далалық ақы.
16. Демалыс және мейрам (жұмыс істемейтін) күндері, уақытынан артық жұмыстар үшін ақы.
17. Қызметкерлерге жұмысты вахталық тәсілмен ұйымдастырған кезде, жұмыс уақытын қосып есепке алу кезінде және заңдарда белгіленген басқа да жағдайларда қалып жұмыс уақытының ұзақтығынан тыс жұмыстарға байланысты оларға берілетін демалыс (тынығу) күндері үшін ақы.
18. Жыл сайынғы және қосымша демалыстар ақысы, пайдаланылмаған демалыс үшін ақшалай өтемақы.
19. Ұжымдық шарт бойынша қызметкерлерге, оның ішінде балаларды тәрбиелеп отырған әйелдерге берілетін қосымша демалыстар ақысы (заңдармен көзделгеннен тыс).
20. Жұмыстағы арнайы үзілістердің ақысы, жасөспірімдердің жеңілдік сағаттарының ақысы.
21. Мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындауға тартылатын қызметкерлердің жұмыс уақытының ақысы.
22. Ұйымдардың балансындағы кәсіби-техникалық мектептердің түлектерін жұмыс істеуге кірісу алдындағы демалыс уақыты үшін ұйымдар төлейтін сомалар.
23. Белгілі бір уақыт мерзімінде бұрынғы жұмыс орны бойынша лауазымдық айлық мөлшерін сақтай отырып басқа ұйымдардан келіп жұмысқа орналасқан, сондай-ақ уақытша орнында болған кездегі қызметкерлердің айлығындағы айырманың төлемі.
24. Қызметкердің кінәсінен емес бос тұрудың ақысы.
25. Ұйымның жұмысшыларының, басшыларының және мамандарының кадрларды қайта даярлау мен біліктілігін арттыру жүйесіндегі олардың жұмыстан қол үзіп оқыған уақытында негізгі жұмыс орны бойынша жалақы.
26. Рұқсат етілген ереуілге қатысқан қызметкерлерге төленетін сомалар, егер осы қаражат жалақы қорынан есептелген жағдайда.
27. Нақты жалақы алғанға дейін уақытша еңбек қабілетінен айырылған жағдайда қызметкерлерге қосымша ақылар.
28. Тексеру, қан тапсыру және әрбір қан тапсырған күннен кейін берілетін демалыс күндері үшін қызметкер-донорлардың ақысы.
29. Мәжбүрлі қыдырымпаздық жасаған уақыты үшін ақы.
30. Жеткіліксіз біліктілігі не денсаулық жағдайы салдарынан қызметкердің істеп отырған қызметіне не орындап отырған жұмысына сай болмауынан әкімшіліктің бастамашылығы бойынша еңбек шартын тоқтатқан жағдайда; әскери қызметке шақырылуына және тараптардың еркінен тыс басқа да мән-жайларға байланысты төленетін жұмыстан шығу жәрдемақысы.
31. Жұмыс істемеген уақыты үшін ақы төлеудің басқа да түрлері.
32. Мейлі қосымша тариф ставкасына төлене ме не негізгі ақы төлеу болып табыла ма соған байланыссыз проценттік немесе комиссиялық сыйақы.
33. Кәсіптерді (қызметтерді) қоса атқарғаны немесе уақытша жұмыста жоқ қызметкердің міндеттерін орындағаны үшін қосымша ақылар.
34. Ұйымдардың қызметкерлерді даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға, оқушылар мен студенттердің өндірістік практикасына басшылық етуге тартылатын және негізгі жұмыстан босатылатын және босатылмайтын білікті жұмысшылардың, басшылардың, мамандардың еңбекақысы.
35. Қызметкерлердің кінәсінсіз жарамсыз деп танылған (жұмыстар, қызметтерді көрсету) үшін жасалған төлемдер.
36. Ұйымдарда өндірістік практикадан өткен жоғары оқу орындарының студенттеріне және орта арнаулы оқу орындары мен кәсіптік-техникалық училищелердің оқушыларына еңбекақы төлеу, жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына кәсіптік бағдарлау кезінде жалақы төлеу.
37. Мемлекеттік ұйымдармен арнаулы шартқа сәйкес ұйымдарда (жұмыс күшін ұсыну үшін) жұмыстарға тартылған адамдарға орындаған жұмыстары үшін есептелген, мұндай адамдарға тікелей төленген және мемлекеттік ұйымдарға аударылған сомалар.
38. Басқа ұйымдардан қосып атқарған жұмыстар үшін бұйрықтарға сәйкес қабылданған адамдарға жалақы төлеу.
39. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалардан басқа, тізімдік емес құрам қызметкерлеріне жалақы төлеу:
- біржолғы жұмыстарды (құрал-жабдықтарды жөндеу, әкету және сырлау, медициналық мекемелердегі дәрігерлік кеңестер, сараптау жөніндегі жұмыстар және т.б.) орындағаны үшін ұйымдардың қызметкерлерінің тізімдік құрамында тұратын адамдарға жалақы төлеу; егер орындалған жұмыстар үшін қызметкерлермен есеп айырысу заңды тұлғамен емес, жеке тұлғамен, тікелей ұйымның өзімен жүргізілсе мердігерлік шартты қоса, азаматтық-құқықтық сипаттағы жасасқан шарттар бойынша орындаған жұмыстар үшін. Бұл орайда, бұл қызметкерлерге жалақы төлеу қаражаттарының көлемі осы шарт бойынша жұмыстардың (қызметтерді көрсетудің) сметасынан және төлем құжаттарынан шыға отырып анықталады;
- тізімдік емес құрам қызметкерлеріне (аударма, консультациялар,
баяндамалар оқу, радиодан және теледидардан сөйлегені үшін) қызметтер көрсетуге жасалатын төлем (гонорар). 40. Берілетін жекелеген әлеуметтік жеңілдіктердің орнына ақшалай өтемақылар: - асханалардағы, буфеттердегі, профилакторийлердегі қымбаттаған тамақтардың құнын ақшалай өтеу; - тұрғын үйге, коммуналдық қызметтер көрсетуге және т.б. Қазақстан Республикасының заңдармен кепілдік берілмегені үшін экономиканың жекелеген салаларының қызметкерлеріне ақшалай берілетін өтемақының сомасы. 41. Әскери қызметшілер мен ішкі істер органдарының қызметкерлеріне берілетін ақшалай ырыздықақы. ІІ. Заттай нысандағы жалақы 1. Табиғи төлем тәртібінде берілетін өнімдердің құны.
2. Экономиканың жекелеген салаларының қызметкерлеріне тегін берілетін (ҚР заңдарына сәйкес) коммуналдық қызметтер көрсетудің, тамақтардың, азық-түліктердің құны; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметкерлерге берілетін тегін тұрғын үй төлемдері бойынша шығыстар.
3. Теміржол, әуе-теңіз, өзен, автомобиль көлігі және қала электр көлігі қызметкерлерінің жол жүру жөніндегі жеңілдіктерінің құны.
4. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тегін берілетін, тұрақты жеке пайдалануға жататын заттардың (нысандық киімдерді, киім- кешектерді қоса) құны немесе төмендетілген баға бойынша оларды сатуға байланысты жеңілдіктердің сомасы.
5. Ұйым қаражаты есебінен емделу, демалу, экскурсиялар мен саяхаттарға шығу үшін қызметкерлерге және олардың балаларына берілген жолдамаларға жасалатын төлем.
6. Қызметкерлерге тегін немесе төмендетілген баға бойынша тамақтар беру (Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жағдайларда қызметкерлердің жекелеген санаттарына арналған арнаулы тағамдардан басқа).
7. Ұйымдардың қызметкерлеріне берілетін немесе ұйымдардың қызметкерлеріне қоғамдық тамақтандыру үшін қосалқы шаруашылықтар босататын өнімдер (жұмыстар, қызметтер көрсету) үшін бағалық айырмашылықтардың орнын толтыру бойынша шығыстар.
8. Өз қызметкерлеріне медициналық қызметтер көрсету үшін денсаулық сақтау органдарымен жасасқан шарттар бойынша емханалардың көрсеткен қызметтеріне ақы төлеу жөніндегі шығыстар.
9. Тұрғын үйге ақы төлеу, пәтер, жатақханадағы орынға ақысы.
10. Қоғамдық пайдалану көліктерімен, арнаулы бағыттармен, ведомстволық көлікпен жұмыс орнына бару ақысы.
11. Өзінің қызметкерлерінің пайдасына ұйымдардың жасасқан жеке және мүліктік шарттар бойынша ұйымдардың төлейтін сақтандыру төлемдері (жарналар).
12. Басқа да жеңілдіктер (балаларды оқытқаны және отбасы мүшелері үшін ақы төлеу, денсаулық топтарының абонементтеріне, секциялардағы, клубтардағы жаттығулар, газеттер мен журналдарға жазылғаны үшін, протездегені үшін және т.б. ақы төлеу).
13. Мерейтой күндеріне арналып сатып алынған сыйлықтар немесе қызметкерлерге ынталандыру түрінде берілетін (машиналарды, пәтерлерді, ұзақ мерзімді пайдаланылатын заттарды және басқа да тауарларды, сондай- ақ қызметкерлердің дербес шоттарының проценттік ставкаларының артуын қоса алғанда) шығыстар.
ІІІ. Еңбекке ақы төлеу қорына енгізілетін басқа да төлемдер
1. Жұмыс көлемдерінің қысқаруына немесе жұмыс сипатының өзгеруіне (ұйымдар таратылған, саны, штаты қысқарған және т.б., сондай-ақ өндірісте бақытсыз жағдайға ұшырауы немесе кәсіби ауруы салдарынан жұмыстан босаған жағдайда) байланысты босатылған қызметкерлерге қызметтен босатылуы жәрдемақылары.
2. Қызметкерлердің сандық және штаттық қысқаруына, ұйымдардың қайта құрылуына немесе таратылуына байланысты жұмыстан босатылған қызметкерлерді жұмысқа орналастыру кезеңі үшін төленетін сома.
3. Осы мекемеде жұмыс істемейтін адамдарға көрсетілетін материалдық көмек (зейнеткерлерге, мүгедектерге, қаза болған қызметкерлердің отбасыларына берілетін материалдық көмектерді қоспағанда).
4. Қызметкерлерге бала тууы кезінде, ақылы медициналық операциялар жасау үшін, растаушы құжаттар бар болған жағдайда жерлеуге арналып көрсетілетін материалдық көмек.
5. Қызметкерлерге олардың жұмысына байланысты ұшыраған мертігуінен не денсаулығына келтірілген басқа да жарақаттануымен келтірілген шығынның орнын толтыруға ақы төлеу.
6. Кешкі және сыртқы жоғары және орта арнаулы оқу орындарында, сырттан оқитын аспирантурада, кешкі (ауысымдық) кәсіби-техникалық мектептерде және кешкі (ауысымдық) жалпы білім беретін мектептерде оқитын, сондай-ақ аспирантураға түскен қызметкерлерге берілетін оқу демалыстарына ақы төлеу.
7. Жоғары немесе орта арнаулы оқу орындарын бітірген жас мамандарға, сондай-ақ кәсіби-техникалық мектептердің түлектеріне жұмысқа кірісер алдындағы демалыс уақыты үшін ұйымдардың төлейтін сомасы.
8. Ұйым қаражаты есебінен төленетін жоғары және орта арнаулы оқу
орындарына оқуға ұйымдардың жіберген студенттері мен оқушыларының стипендиялары. 9. Тұрғын үй құрылысына, сатып алуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға қызметкерлерге берілген материалдық көмек, субсидиялар, осы мақсаттарға және т.б. үшін қызметкерлерге берілген қарыздарды (оның ішінде ипотекалық) өтеуге арналған шығыстар. 10. Уақытша жұмысқа жарамсыз күндеріне ақы төлеу. 11. Екіқабат болуы мен босануына байланысты демалысқа ақы төлеу. 12. Егін жинауға және жем әзірлеуге немесе монтаж орнату, құрылыс жұмыстарын орындауға, іссапарға жіберілген қызметкерлердің тәулікақы және пәтерақыларының орнына Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде негізгі жұмыс орны бойынша сақталатын жалақы сомасы. 13. Авторлық қаламақы. 14. Ашқан жаңалықтар, өнертабыстар және рационализаторлық ұсыныстар үшін сыйақылар. 15. Спорт жарыстарында, байқауларда, конкурстарда және т.б. жүлделі орын үшін берілетін ақшалай сыйлықтар. 16. Жұмыс ауыстырыған кезде не жұмыс бабымен басқа жерге көшкен кезде жолақының, мүлікті тасымалдау мен үй-жайды жалға беру шығындарының орнын толтыру. 17. Берілген арнаулы киімнің, арнаулы аяқ киімнің және басқа да жеке қорғаныс құралдарының, сабынның, май кетіретін құралдардың, сүттің және емдеу алдын алу тамақтарының құны. 18. Жинақтаушы зейнетақы қорларына төлейтін міндетті зейнетақы жарналары. 19. Қызметкерлерге мертігуі себепті не олардың жұмысына байланысты денсаулығына басқадай келген залалға жасалатын төлемдермен орнын толтыруға. ҚР МКМ Салық комитетінің N 48 Нұсқаулығына 2 қосымша Әлеуметтік қамсыздандыруға арналған алым жөніндегі Декларация 19 ____________________ ж. үшін Салық төлеушінің атауы ___________________________ СТТН _____________________________________________ Бас ұйымның атауы ________________________________ Мекен-жай, телефон _______________________________ Аудан ___________________________қала/облыс_______ Банк _____________________________________________ Банк шоттары _____________________________________ --------------------------------------------------------------------------- N ! Көрсеткіш ! Код !Төлеушінің ! ! ! деректері ! ! ! бойынша --------------------------------------------------------------------------- 1 ! 2 ! 3 ! 4 --------------------------------------------------------------------------- 1 Еңбекке ақы төлеу қоры 1 -------------------------------------------------------------------------- 2 Алым есептелмейтін төлемдер 2 -------------------------------------------------------------------------- 3 Алым салынатын еңбекке ақы төлеу қоры (1жол - 2жол) 3 --------------------------------------------------------------------------- 4 Есепті кезеңде төленуге тиісті алым сомасы (3жол х 1,5%) 4 --------------------------------------------------------------------------- 5 Есепті кезеңде төленген алым 5 --------------------------------------------------------------------------- 6 Төленуге тиіс барлық алым (4 жол - 5 жол) 6 --------------------------------------------------------------------------- 7 Артық төленген сома (5 жол - 4 жол) 7 --------------------------------------------------------------------------- Салық төлеушінің заң алдындағы жауапкершілігі ------------------------------------------------------ Біз аталған Декларацияда көрсетілген деректердің шындығы және толықтығына заң алдында жауап береміз. Басшысы __________________ ______________________ (Аты-жөні, тегі) (қолы) Бас бухгалтер __________________ ______________________ (Аты-жөні, тегі) (қолы) Күні ____________________ МО Салық қызметі органы ------------------------------------------------------ Салық комитетінің бөлім бастығы _________________________ (күні, қолы) Оқығандар: Умбетова А.М. Икебаева А.Ж.
Әлеуметтік қамсыздандыруға арналған алымды есептеудің және төлеудің тәртібі туралы N 47 Нұсқаулық
Күшін жойғанБұйрық Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі 1999 жылғы 10 ақпан N 49. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 26.03. 1999 ж. тіркелді. Тіркеу N 718. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығымен.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз