Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің арнаулы валюта ноттарын шығару, айналымға шығару және өтеу ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы 1999 жылғы 6 сәуірдегі N 66 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 8.04.1999 ж. тіркелді. Тіркеу N 730. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.09.2000. N 21012/3582юр хатымен. (Хаттан үзіндіні төменнен қараңыз)

      РҚАО-ның ескертуі: Хаттан үзінді қазақша аудармасы болмағандықтан
                         орысша мәтінде беріліп отыр.

      Извлечение из письма Нацбанка РК от 22.09.00. N 21012/3582юр

      "... официально извещаем Вас о том, что ... были признаны утратившими силу постановление Правления Национального Банка РК от 6 апреля 1999 года N 66 "Об утверждении Правил выпуска, обращения и погашения специальных валютных нот Национального Банка Республики Казахстан, а также сами Правила выпуска, обращения и погашения специальных валютных нот Национального Банка Республики Казахстан...
      Заместитель Председателя".

      Еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшуге байланысты және халықтың жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы салымдарын ұлттық валютаның құнсыздануынан қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің арнаулы валюта ноттарын шығару, айналымға шығару және өтеу ережелері бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енгізілсін.
      2. Монетарлық операциялар департаменті (Әлжанов Б.А.):
      1) Заң департаментімен (Сизова С.И.) бірлесіп осы қаулыны және бекітілген Ережелерді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткізсін;
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің арнаулы валюта ноттарын жинақтаушы зейнетақы қорларының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі эмиссиялаған және ұлттық валютамен құны белгіленген қысқа мерзімді ноттарының портфелін арнаулы валюта ноттарына айырбастауы жолымен шығаруды ұйымдастырсын.
      3. Айырбастау ерікті негізде жинақтаушы зейнетақы қорларының Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясымен келісе отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жазбаша өтініш беруі жолымен жүзеге асырылады деп белгіленсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсін.
     Ұлттық Банк
     Төрағасы


                                               Қазақстан Республикасының»  

Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 6 сәуiрдегi N 66 қаулысымен бекiтiлген


              Қазақстан Республикасының»Ұлттық Банкiнiң
       арнаулы валюта ноттарын шығару, айналымға шығару және өтеу
                            ережелерi

      1. Жалпы ережелер

      1) Осы Ережелер Қазақстан Республикасының»Ұлттық Банкiнiң арнаулы валюта ноттарын шығару, айналымға шығару және өтеу тәртiбiн белгiлейдi. "Қазақстан Республикасының»Ұлттық Банкiнiң»арнаулы валюта ноттары" атауы (бұдан әрi - валюта ноттары) мемлекеттiк тiлде Қазақстан Республикасының» Ұлттық Банкiнiң арнаулы валюта ноттары деп жазылады.
      2) Валюта ноттарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi - Ұлттық Банк) еркiн өзгермелi айырбас бағамына көшуге байланысты жинақтаушы зейнетақы қорларының активтерiн қорғау мақсатымен шығарады.
      3) Валюта ноттарының Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы қолданылып жүрген заңға сәйкес Ұлттық Банк бекiткен шығару өлшемдерiне қарай ұлттық бiрегейлендiру номерi болады.
      4) Валюта ноттарын шығару жинақтаушы зейнетақы қорларының Ұлттық Банк эмиссиялаған және ұлттық валютамен құны белгiленген ноттар портфелiн осы Ережелерге сай валюта ноттарына айырбастау жолымен жүзеге асырылады. Валюта ноттарының нақты құны 100 АҚШ доллары.
      5) Ұлттық Банктiң 1999 жылғы 3 сәуiрдегi жағдай бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiнiң портфелiндегi ноттарын айырбастауға болады.
      6) Айырбастау ерiктi негiзде жинақтаушы зейнетақы қорларының Ұлттық Банкке ноттардың санын және олардың Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясымен келiсiлген ағымдағы құнын көрсете отырып, жазбаша өтiнiш беруi жолымен жүзеге асырылады.
      7) Айырбастау ноттар портфелiн валюта ноттарына 1 АҚШ долларына 88,3 теңге бағамымен қайта ресiмдеу жолымен жүзеге асырылады.
      8) Валюта ноттары өтелген кезде олардың иелерiне нақты құнын алу және осы Ережелерде көзделген тәртiппен төленетiн нақты құнына процентпен есептелетiн сыйақы (мүдде) алу құқығын бередi.
      9) Валюта ноттарының құжаттамасыз нысаны болады, "Бағалы қағаздарды» орталық депозитарийi" жабық акционерлiк қоғамында (бұдан әрi - Депозитарий) оларды ұстаушылардың»"депо" есепшотына және олардың инвесторлары бойынша Бастапқы агенттерiнде ашылған "депо" есепшотына тиiстi жазулар жасау жолымен орналастырылады және айналымға шығарылады.
      10) Валюта ноттарын Ұлттық Банк өтейдi.

      2. Валюта ноттарын шығару және айналымға шығару тәртiбi

      11) Валюта ноттарын шығару 1999 жылғы 3 сәуiрдегi жағдай бойынша теңгемен құны белгiленген ноттардың тиiстi шығарылымына инвестицияланған зейнетақы активтерiнiң»ағымдағы құны шегiнде жүзеге асырылады.
      12) Валюта ноттарын өтеу күнi - 1999 жылдың 13 мамыры.
      13) Валюта ноттарын айналымға шығару мерзiмi - 1999 жылғы 12 сәуiрден басталады.
      14) Қайталама рыноктағы валюта ноттарымен жасалатын барлық операциялар Қазақстан Республикасының»қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      15) Валюта ноттарына меншiк иелiгiн есептеу және ауыстыру Депозитарий

арқылы сатушы мен сатып алушының "депо" есепшотына валюта ноттарын 
ұстаушыларды»жазбаша және/немесе электронды тапсырмалары негiзiнде тиiстi 
жазба жасау жолымен жүзеге асырылады.
     
     3. Валюта ноттарының сыйақысын (мүдде) төлеу және өтеу

     16) Валюта ноттары бойынша сыйақының (мүдденiң) жылына 5,40%-ке тең» 
тiркелген ставкасы белгiленедi.
     17) Валюта ноттары олардың нақты құнын және сыйақысын (мүддесiн) 
Ұлттық Банк өтеу күнi белгiлеген АҚШ доллары бағамымен теңгемен төлеу 
жолымен өтеледi. Төленуге тиiстi сыйақы (мүдде) сомасы мынадай формуламен 
белгiленедi:
     S = 100*М*С*35/364, мұндағы
     S - төленуге тиiстi сыйақы (мүдде) сомасы;
     М - Ұлттық Банк өтеу күнi белгiлеген АҚШ долларының бағамы;
     С - осы Ережелердiң 16-тармағына сәйкес белгiленетiн сыйақы (мүдде) 
ставкасының процентi; 
     18) Депозитарий деректерi негiзiнде жасалған жиынтық ведомосына 
сәйкес айналым аяқталатын күннен кемiнде бiр жұмыс күнi бұрын Ұлттық Банк 
өтелетiн валюта ноттарының санын айқындайды. Өтеудiң»түпкiлiктi сомасы 
Ұлттық Банк өтеу күнi белгiлеген бағам бойынша айқындалады.
     19) Валюта ноттары бойынша өтеу және сыйақы төлеу Ұлттық Банктiң 
қаражаты есебiнен Депозитарий деректерi негiзiнде жасалған жиынтық 
ведомосына сәйкес Бастапқы агенттердiң есепшотына теңге аудару жолымен 
жүзеге асырылады.
     
     Ұлттық Банк
     Төрағасы       

Оқығандар:     
          Умбетова А.М.
          Касымбеков Б.А.                      
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады