Орман өсімдіктерін сақтау мен тұрақтылығын арттыру, олардың өнімділігін көтеру, сондай-ақ ормандарды зиянкестер мен аурулардан қорғаудың шараларын жетілдіру мақсаттарында Бұйырамын:
Қосымшаланып отырған Қазақстан Республикасында ормандарды зиянкестер мен аурулардан қорғау Ережесі бекітілсін.
Төраға
Қазақстан Республикасында
Ормандарды зиянкестер мен аурулардан
қорғау ережелері
1. Жалпы ережелер
1. Осы ережелерде орман шаруашылығын жүргiзу, орман пайдалануды жүзеге асыру орман қоры аумағында жүзеге асырылатын өзге де шаруашылық қызмет түрлерi, оның iшiнде орман шаруашылығын жүргiзумен байланысты емес орман екпелерінің тұрақтылығын сақтау, орманды зиянды жәндiктер мен аурулардың зақымдауының алдын алу, сол сияқты орманның ағаш және ағаш емес ресурстарын анағұрлым толық пайдалану жағдайында Қазақстан Республикасының ормандарындағы негiзгi санитарлық талаптар белгiленген.
2. Бұл ережелер заңды тұлғалар мен азаматтар үшiн мiндеттi болып табылады.
3. Ормандағы орман пайдаланудың барлық түрлерi мен басқа да орман шаруашылық жұмыстар, зиянкестер мен аурулардан қорғау шараларын қосқанда, ормандардың жай-күйiне терiс ықпал жасамайтын тәсiлдермен және әдiстермен жүзеге асырылуы керек.
Кеспеағашты басты мақсатта пайдалану үшiн және орманды күтiп-баптау үшiн ағаш кесуге бөлiп беру жоспарлары, сол сияқты зиянкестер мен аурулар ошақтары әрекет етушi екпелердегi орман өсiмдiктерi жобалары мен басқа да орман шаруашылық жұмыстары орман қорғау мамандарымен келiсiледi және зиянды жәндiктер мен аурулар тигiзетiн зиянды барынша қысқарту жөнiндегi қажеттi шаралар болуы керек.
4. Облыстық мемлекеттiк орман шаруашылығын басқару органдары тиiстi аумақта қолданылатын осы Ережелерге қосымшалар енгiзуi мүмкiн. Аталған қосымшалар Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органының бекiтуiне жатады.
2. Санитарлық-сауықтыру шараларының
түрлерi мен мiндеттерi
5. Екпелердiң тұрақтылығын сақтау мен арттыру, олардың өнiмдiлiгiн ұлғайту, дiңдiк зиянкестердiң санын кемiту, аурулардың жұқпалы әсерiн азайту, сол сияқты ормандарда өрт қауiпсiздiгiн арттыру мақсаттарында орман шаруашылығын жүргiзудi жұзеге асырушы ұйымдар (бұдан әрi - ормшарлар) мынадай санитарлық-сауықтыру шараларын дер кезiнде жүргiзуге мiндеттi:
iрiктеп санитарлық мақсаттағы кесудi;
жаппай санитарлық мақсаттағы кесудi;
жастай отырғызылған ағаштарды iрiктеудi;
тұтқыр ағаштар мен шоғырларды сұрыптауды;
қоқыстарды жинауды;
орман ауруларының қауiптi аралық иелерi болып табылатын қажетсiз ағаш тұқымдықтарын, бұталарды және басқа өсiмдiктердi кесiп тастауды;
орманды және орман қоры аумағындағы үйiлген дайындалған ағаштарды зиянкестерден және жұқпалы аурулардан қорғаудың басқа да қажеттi шараларын.
3. Санитарлық-сауықтыру шараларын белгiлеудiң,
жоспарлаудың және жүргiзудiң жалпы тәртiбi
6. Мерзiмдердi iрiктеп алуды, санитарлық-сауықтыру шараларының түрiн және нақты көлемiн жоспарлауды орман шаруашылықтары орман орналастыру, орман патологиялық қадағалау орман патологиялық тексеру, орман экожүйесiнiң мониторингi кезiнде және олардың негiзiнде жасалған ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзiмдi болжаулар негiзiнде айқындалған, сол сияқты ормандар топтарын, жасын, қолайлылығын, зиянкестер ошағының даму фазасын, ағаш тұқымдықтарының биологиясын, зиянды жәндiктер мен ауруларды қоздырушылар биологиясын, экономикалық және экологиялық мақсаттылығын ескере отырып, ормандардың нақтылы жай-күйi негізiнде жүзеге асырады.
7. Санитарлық-сауықтыру шаралары бiрiншi кезекте өрт, желсұлатпа, қуаңшылық, шамадан тыс құрғақтық, ылғалдың молдығы, өнеркәсiп қалдықтары немесе өзге де қолайсыз факторлар салдарынан бүлiнген немесе әлсiреген екпелерде, сол сияқты кесудi, шайыр ағызудың және өзгеде орман пайдаланудың салдарынан, екпелердiң тұрақтылығына кауiп төндiретiн мөлшерде ағаштардың зақымдануына және жойылуына, олардың мақсатты функцияларының бұзылуына соқтырған зиянды жәндiктер мен аурулар ошақтарында, сол тәрiздi сауықтыру мақсаттарында белгiленедi.
8. Санитарлық-сауықтыру шаралары ормандардың барлық топтары мен қорғаныштық категорияларында жүргізіледі.
Мемлекеттiк табиғи қорықтар мен мемлекеттiк ұлттық парктер ормандарында санитарлық сауықтыру шараларын жүргiзу олар жөнiндегi үлгiлiк және жеке-дара ережелермен реттеледi.
9. Санитарлық сауықтыру шаралары жүмыстар түрлерi бойынша жеке-дара жоспарланады, бұл орайда санитарлық iрiктеп және жаппай кесу аралық мақсатта пайдалану кесуiнiң жалпы көлемiне және басқадай кесу көлемiне сәйкес кесудiң жалпы көлемiне жекелей бөлiп көрсетiледi.
Санитарлық-сауықтыру шаралары көлемiн жоспарлау кезiнде олардың алқабы жүргiзiлетiн шаралар түрлерi және бiр гектар жерден, барлық алқаптан кесiлетiн ағаштардың саны бойынша көрсетiледi (1-қосымша) құнды (өтiмдi) ағаштың, оның iшiнде iс ағаштардың үлесi кеспе ағаштарды материалдық ақшалай бағалау негiзiнде белгiленедi.
10. Санитарлық-сауықтыру шараларының жоспарлары жыл сайын жасалады және қажеттiлiгiне қарай түзету жасалады. Оларда өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және жойыла басталған түрлерiн, бiрегей табиғи қоғамдастықтарды, самырсын және құнды ағаштарды қорғау жөнiндегi шаралар қарастырылады.
11. Санитарлық-сауықтыру шаралары көлемiн жылдың тоқсандары бойынша бөлу, екпелердiң зақымдануының мерзiмдерi мен ерекшелiгiн ағаш тұқымдықтарының, зиянды жәндіктер мен ауру қоздырушылардың биологиясы ескерiлiп жүргiзiледi.
12. Күтпеген апатқа ұшыраған аудандарда (ағаштардың өрттен, өнеркәсiп қалдықтарынан, желсұлатудан, қар омырудан, куаңшылықтан, жәндiктерден, аурулардан және т.б. әсерiн зақымдануы) белгiленген тәртiпте ағаш кесу жоспарларына бүлiнген ағаштарды тезiрек өңдеуге және жинауға және бұл жұмыстарды барынша қысқа мерзiмде аяқтауға бағытталған қажеттi өзгерiстер енгiзiледi.
13. Кеспеағаштарды санитарлық кесуге бөлу және жаңадан қоныстандырылған ағаштарды iрiктеп алу кесуден бiр ай бұрын көктем-жаз кезеңiнде жүргiзiледi, бұл орайда жалпақ жапырақты ормандарда тек жапырақтар болған жағдайда ғана бөлуге рұқсат етiлiдi.
Кесуге арналған барлық ағаштар таңбалануға тиiс, сол кесуден кейiн түбiр кесiндi таңбаланады.
4. Iрiктеп санитарлық кесу
14. Iрiктеп санитарлық кесу тұрақтылығы бұзылған екпелерде, онда табиғи тұрақтылығы жағынан салыстырылуы бойынша ағаштардың құлап түсуi арта бастағаны байқалған және қурай бастаған, қурап тұрған, желсұлатқан, дауыл омырған, қар сұлатқан, қар омырған, аурулар зақымдаған, дiңдiк зиянкестер ұялаған және өзгеде зақымдалу салдарынан ағаштардың жай-күйiнiң орташа өсуi, яғни 1,6-дан 3,5 дейiнгi қасиетiнiң жойылуы сәтiне дейiн зақымдау пайда болған және осындай себептер жинақталған екпелерде жүргiзiледi (3,4-қосымша).
15. Тұрақтылығы берiк екпелерде ағаштарды iрiктеп алу орманды күтiп баптау мақсатында жоспарлы кесудiң тәртiбiнде мерзiмдерi арасындағы кезеңде құндылығы жоқ жекелеген ағаштарды жою, қоқыстарды жинау олардың пайда болуына қарай қосымша шара ретiнде ұдайы түрде жүзеге асырылады.
16. Сауықтыру шаралар ретiндегi iрiктеп санитарлық кесу 1 және 2 топтардағы сүрекдiңдерде барлық қорғаныштық категориялары, жастары мен тұқымдықтары жағынан шаруашылық тұрғыда игерiлген ормандарда жүргiзiледi.
17. Ірiктеп санитарлық кесу екпелердiң тұтастылығы мен тұрақтылығының бұзылуына соқтырмауға тиiс. Олай болмаған жағдайда екпелер жаппай санитарлық кесуге немесе қайта құруға жатқызылады. Ірiктеп санитарлық кесуден кейiн екпелердiң толымы 0,5 тен, ал шыршалар мен майқарағайларда 0,6 дан кем болмауға тиiс. Толымдылықты одан әрi кемiтудiң қажеттiлiгi орман патологиялық тексеру материалдарында негiзделуi керек.
Төмен толымдылық табиғи жай-күйiнiң қасиетi болып табылатын екпелерде (арша, пiсте ағашы, сексеуiл және т.б.), және тау ормандарында Гаузер қабық құрты мен микрофаг зақымдаған жағдайда iрiктеп санитарлық кесуде толымдылықты 0,3 дейiн кемiтуге рұқсат етiледi.
18. Iрiктеп санитарлық кесудi жүргiзуге өз қарамағында орман орналастырудың немесе арнайы орман патологиялық зерттеудiң мәлiметтерiн пайдаланушы ұйымның бiрiншi басшысы рұқсат бередi.
19. Ағаштарды сұрыптап алу мен таңбалауды орманшылар, олардың көмекшiлерi немесе учаскелiк техниктер (орман шеберлерi) жүргiзедi.
20. Өрт салдардынан, жел, қар әсерiнен, ағаш дайындау кезiнде мүлде әлсiреген ағаштар, дiңдiк зиянкестер ұялап алғанға және аурулар зақымдағанға дейiн сұрыптауға жатады. Ағаштарды кесуге iрiктеп алу кезiнде ағаштардың бүлiнуi (зақымдануы) дәрежесiн, зиянкестер мен ауруларды қоздырушылардың биологиясы ерекшелiктерiн басшылыққа алу қажет (3,4 қосымша).
5. Жаппай санитарлық кесу
21. Жаппай санитарлық кесу жапырақты орманның жай-күйiнiң өсу балы 3,6 дан 5,0 дейiн болатын 3 сыныпты екпелерде жүргiзiледi (2,3-қосымша) егер сүрекдiң 0,25 гектар және одан көп алқапта кесiлсе, ол санитарлық жаппай кесу болып саналады.
22. Ірiктеп санитарлық кесу екпелердi сауықтыра алмайтындай болғанда және екпелердiң толымының 0,5 төмен кемуiне, шырша мен майқарағай екпелерi үшiн толымдылықты 0,6 кем мөлшерге соқтыратын жағдайда жаппай санитарлық кесу жасына қарамастан 1 және 2 топтардағы ормандарда белгiленедi (ерекшелiк төмен толымдылық табиғи жай-күйi болып табылатын ағаш тұқымдықтарға қатысты болады, осы ережелердiң 16 тармағы).
Зақымданған, әлсiреген толысқан екпелер олардың өмiршеңдiк сатысының бұзылуына қарамастан бiрiншi кезектi кесуге белгiленедi. Егер бұл кесу басты мақсатта пайдалану кесуi тәртiбiнде жүргiзiлетiн болса, онда зиянкестер мен аурулардың қауiптi түрлерi ошағының таралуының алдын алу, олардың биологиясы мен нақтылы жағдайларын ескере отырып қосымша шаралар қолданылады.
Қорғаныштық, су қорғаушылық, санитарлық гигиеналық және сауықтырушы маңызы бар ормандардағы (қалалық ормандармен орман парктерi, қалалар, басқада елдi мекендер мен өнеркәсiп кәсiпорындары төңiрегiндегi жасыл аймақтардың ормандары, сумен жабдықтау көздерiн санитарлық қорғау аймақтарының бiрiншi және екiншi белдеулерiнiң ормандары және курорттарды санитарлық қорғау округтерiнiң ормандары, өзендердiң, көлдердiң, су қоймаларының және басқа суаттардың жағалары бойынша) тыйым салынған жолақтар ормандары эрозияға қарсы ормандар, сол сияқты ерекше қорғалатын аумақтардың ормандарында (қорықтар мен қорықтық аймақтар, ұлттық және тарихи табиғи парктер, оқшауланған орман алқаптары, ғылыми маңызы бар, оған қоса генетикалық резерваттар мен табиғат ескерткiштерi ормандары, жанғақ-кәсiпшiлiк аймақтарының ормандары және орман жемiс екпелерi, биiк таудағы ормандар) ерекше жағдайларда, екпелер өздерiнiң мақсатты функцияларын толық жойған, мiндеттi түрде кейiн бiрiншi кезекте ағашы кесiлген алқаптарда орманды қалпына келтiру жүргiзiлетiн санитарлық кесу белгiленедi.
Сексеуiл ормандарында жаппай санитарлық кесу ағаштардың жасына қарамастан 50 процентi қураған, немесе қурап тұрған және ағаштардың басының қурауы қазiрде 30 проценттен асқан жағдайда жаппай санитарлық кесу жүргiзiледi, кесу күзгі-қысқы кезеңде атқарылады.
23. Жаппай санитарлық кесуге арналған екпе ағаштарға, орман шаруашылығының бас орманшысы, орманшы немесе оның көмекшiсi, орман қорғау бойынша маман, ал қажеттi жағдайда өзге де мамандардың қатынасуымен мiндеттi түрдегi орман-патологиялық тексеру жүргiзiледi.
Тексеру материалдарын орманшар директоры бекiтедi.
Орман орналастыру кезiнде жаппай санитарлық кесу көзделген орман учаскелерi, бұған орман патологы немесе орман қорғау маманы қатыспаса, тексерiлуге сондай-ақ жатады.
24. 1 және 2 топтардағы ормандарда, егер әрбiр учаскенiң көлемi 25 га аспаса жаппай санитарлық кесуге орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк орган рұқсат бередi.
Өзге жағдайларда санитарлық кесуге рұқсатты Қазақстан Республикасы орман шаруашылығын басқарудың мемлекеттiк органы бередi.
Голланд ауруына ұшыраған екпелерде санитарлық кесудi жүргiзуге ормандардың көлемi мен топтарына қарамастан облыстық мемлекеттiк орман шаруашылығын басқару органы рұқсат бередi. Әдеттегiдей, кесiлетiн сүрiк кеспе ағаш қорынан белгiленген жылдық лимитi есебiнен, ал қажеттi жағдайда онан тыс босатылады.
25. Екпелердiң орман патологиялық жай-күйiн сипаттау үшiн жаппай санитарлық кесу белгiленген әрбiр телiмде тiкбұрышты немесе ленталы сынақ алаңдары (5-қосымша) орналастырылады. Сынақ алаңының жалпы көлемi тексерiлетiн учаскенiң көлемi 100 гектарға дейiн болғанда оның алаңының кемiнде екi процентi, ал 100 гектардан асса - 1 процентi болуы керек.
26. Жаппай санитарлық кесудi жүргiзуге арналған рұқсат алу үшiн мынадай қүжаттар тапсырылады:
кесуге арналған екпелерге комиссия жүргiзген бақылау мен тексеру актiсi;
осы екпелер бойынша жиынтық ведомость (6-қосымша) зақымдалған екпелерге салынған сынау алаңдарының жиынтық ведомостысы (7-қосымша);
жаппай кесуге арналған, телiмдер көрсетiлген, олардың көлемдерi мен сынау алаңдары түсiрiлген участке планшетiнен көшiрме.
27. Кесуге белгiленген екпелердi комиссияның бақылау немесе тексеру актiсiнде ормандар топтары, қорғаныштық категориясы, екпелердiң таксациялық сипаттамасы, кесудiң шапшаңдығы мен оны жүргiзуге белгiленген мерзiмi, олардың зақымдалуының себептерi, жаппай кесудiң қажеттiлiгiн негiздеу, кейiн түлетудi қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар және жапсарлас екпелердiң ыдырауының алдын алу үшiн қажеттi шаралар. Актiге комиссияның барлық мүшелерi қол қояды.
28. Бiрiншi топтағы ормандардағы зақымданған және қураған екпелердi жаппай санитарлық кесу кезiнде мiндеттi түрде мынадай жағдайлар сақталады:
1) ағашы кесiлетiн алаң, егер онда табиғи түлеп өсу болмаса, бiрiншi кезекте орман өсiмдiгiн орналастыруға арналатыны;
2) аурудан сау жапсарлас екпелер үшiн орман патологиялық қадағалау белгiленедi, оларда ауру және зиянды дiңдiк зиянкестер өте ұялай бастаған ағаштарды iрiктеп алу және қоқыстарды жинау жүргiзiлетiнi берiк сақталуға тиiс.
29. Жаппай санитарлық кесудi талап ететiн желсұлама, дауыл омырған, өртеңдер мен жәндiктердiң зақымдауы немесе ауруларға шалдыққан учаскелер, өрттiң таралуына, зиянды жәндiктер мен сүректердiң техникалық сапасын жоғалтуына жол бермеу үшін мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде алаңдарды ұқыпты түрде кеспе қалдықтарынан және қоқыстардан тазарту жұмысы белгiленуi керек.
30. Екiншi топ ормандарының пайдаланылып отырған бөлiгiндегi ағашын желсұлатқан, дауыл омырған немесе қылқан жапырақтарын кемiрушiлер зақымдаған, ыдыраған (қуару және дiңдiк зиянкестердiң ұялауы байқалған жағдайда), сол сияқты жоғарғы немесе тұрақты төменгi жағын өрт шалған қылқан жапырақты екпелер бiрiншi кезекте кесуге жатқызылады.
Екiншi топтағы ормандарда кесуге жасы жетпеген немесе есептi кеспеағаштың белгiленген мөлшерiнен тыс ыдыраған және зақымданған екпелердi кесуге, сол сияқты алаңы кеспе ағашқа тиiстi мөлшерден асып түсетiн екпелердi кесуге бiрiншi топ ормандарына белгiленген тәртiпте рұқсат етiледi.
6. Зиянкестер ұялай бастаған ағаштарды iрiктеп алу
31. Зиянкестер ұялай бастаған ағаштарды iрiктеп алу өзiндiк дербес шара, ол дiңдiк зиянкестер тобы бөлiгiн құртуға және жұқпалы аурулар деңгейiн кемiтуге, сол арқылы екпелерге зиянды әрекетiн шектеуге және зиянды организмдердiң жаппай көбею шағының пайда болуына жол бермеуге бағытталған қауiптi зиянкестер мен аурулардың көбею қаупi бар барлық екпелерде iрiктеп алу жүйелi түрде жүргiзiледi.
32. Бiрiншi кезекте зиянкестер ұялаған ағаштарды iрiктеп алу орман өртiнен, желсұлатудан, дауыл омырудан, қуаңшылықтан, жәндiктердiң қылқан жапырақты жүйесi обырынан, сол сияқты түбiр шiрiгiнен және басқа қауiптi аурулардан зақымданған екпелерде жүргiзiледi.
33. Зияндылар ұялай бастаған ағаштарды iрiктеп алуды жүргiзуде мынадай талаптар қойылады:
1) кесуге белгiленген ағаштарды iрiктеу мен таңбалау орман патологының, орманды сақтау мен қорғау жөнiндегi инженердiң, орманшардың басшылығымен жүргiзiлетiнi;
2) iрiктеу жәндiктердiң ұшуы мен жетiлуi мерзiмiн ескеру, сөйтiп, жәндiктердiң жас ұрпағының ұшуына және олардың санының одан әрi артуына жол бермеу, жалпы жұқпалы жайдың өршуiнен құтылу, зиянкестердiң өсiп көбеюiне және аурулар қаупiне жол бермеу үшін анағұрлым қолайлы уақытты ескеру негiзiнде жүргiзiледi.
Күнтiзбелiк мерзiмдер тiкелей аймақта жылдың ауа-райы жағдайларына, зиянкестер таралымы мен ауруларды қоздырушылардың аталған жергiлiктi жер үшiн биологиялық ерекшелiктерге қатысты ауысуы мүмкiн.
Анағұрлым қауптi зиянкестер мен ауруларға арнап негізгі орман құраушы тұқымдық ағаштарды зиянкестер ұялауынан және зақымдауынан iрiктеп алу үшiн шара және мерзiмдер белгiленедi (8-қосымша).
34. Зиянкестер ұялай бастаған ағаштарды iрiктеп алу кезiнде кесiлген сүрек қабығынан аршылуы әйтпесе инсектицидпен өңделуi керек. Сүректi өңдеу мерзiмi ағаш қабығы астынан бiрiншi көбелектердiң байқалуынан кешiктiрiлмеуi, ағашты күзгi-қысқы кесу кезiнде 1 мамырға дейiн болмақ.
Қылқан жапырақты екпелерде қабықтар мен бұтақшалар өртеледi немесе жерге көмiледi.
7. Тосқауыл ағаштар мен тұтқыр үймелердi
орналастыру
35. Тосқауыл ағаштар мен тұтқыр үйменi орналастыру санитарлық жағынан қанағаттанарлық жай-күйге келтiрiлген, онда қазiрдiң өзiнде зиянкестер ұялай бастаған кураған ағаштар кесiлген, бiрақ дiңдiк зиянкестердiң санының артуы сақталып отыр.
Тосқауыл ағаштар мен тұтқыр үйменi орналастыру зиянкестер ұялай бастаған ағаштарды iрiктеп алумен және iрiктеп санитарлық кесудi жүргiзумен қосарластырылуы мүмкiн. Зиянкестердiң қаптап көбею кезеңдерi жаппай санитарлық кесудi жүргiзгенде болады, сонда тосқауыл кеспеағашты құруға болады, жаз кезеңiне сүрекдiңдi қоршаған сүректерi молынан қалдырылады.
36. Тосқауыл ағаштар ретiнде жел сұлатқан, дауыл омырған, қар омырған зиянкестер ұялаудан бос қураған ағаштар дiңi, сол сияқты ауру, кемiс және әлсiреген ағаштар пайдаланылады. Тосқауыл материалдар ретiнде ағаштардың жоғарғы тұсы және басқа кеспе калдықтары, сол сияқты аталған тұқымдықтардың бұтақтары тосқауыл үйме ретiнде пайдаланылады. Тосқауыл үйменi, әдеттегiдей, шөл-шөлейт аймақтағы тоғай екпелерiнде және Шренк шыршасының, аршаның таудағы екпелерiнде пайдаланылады.
Сау ағаштардан тосқауыл жасауға рұқсат етiлмейдi.
37. Зиянкестер ұялай бастаған ағаштарды орналастыру кезiнде дiңдердi дер кезiнде қабығынан аршу керек, бұл ұрғашы құрттар жұмыртқаның негiзгi бөлiгiн салған кезеңде, ал алғашқы құрттар қуыршақ жасауға кiрiскен шақта, әйтпесе сүрек пен тұтқыр үйменi пайдалану немесе химиялық әдiспен өңдеу жүргiзiлуi қажет. Тосқауыл ағаштарды аршылғаннан кейiн қабық пен бұтақты өртеу керек әйтпесе жерге көму қажет.
Инсектицидпен өңделген тосқауыл ағаштарды орналастыруға болады.
38. Тосқауыл ағаштар мен тұтқыр үйменi орналастыру орманшылардың немесе орман қорғау жөнiндегi мамандардың тiкелей басқаруымен жүргiзiлуге тиiс.
Дiңдiк зиянкестердiң саны екпелердi орман патологиялық тұрғыдағы тексеру нәтижелерi бойынша белгiленедi, олардың санына қарай орналастыруға тиiстi ағаштардың саны анықталады (9 қосымша).
Зиянкестер саны жағынан көп болған жағдайда тосқауыл ағаштар саны зиянкестер ошағындағы құрттар ұялай бастаған ағаштардың тең жарымы мөлшерiнде, саны орташа жағдайда құрт ұялаған ағаштар санының 1/2 және 1/4 мөлшерiнде, ал төмен жағдайда құрт ұялаған ағаштар санының 1/4 мөлшерiнде орналастырылады. 4 қосымшада көрсетiлген зиянкестер санына төмен жағдайда тосқауыл ағаштар орналастырылмайды.
39. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ормандарында (қорықтар мен қорық аймақтары, ұлттық және тарихи-табиғат парктерi, аса құнды орман алқаптары, генетикалық резерваттар мен табиғат ескерткiштерiн қосқанда ғылыми маңызы бар ормандар, жаңғақ кәсiпшiлiк аймақтарының ормандары және орман жемiс екпелерi, биiк тау ормандары), санитарлық гигиеналық және сауықтыру функцияларын орындаушы ормандарда (қалалық ормандар мен орман парктерi, қалалар, басқа елдi мекендер мен өнеркәсiп кәсiпорындары төңiрегiндегi жасыл аймақтардың ормандары, сумен жабдықтау көздерiн қорғау аймақтарының бiрiншi және екiншi белдеу ормандары және курорттарды санитарлық қорғау округтерiнiң ормандары) оларды санитарлық жай-күйi жақсы болған жағдайда қабық жегiштердiң жаппай ұшуынан бiрнеше апта бұрын тосқауыл ағаштар орналастыру әдiсiн пайдалануға болады, ол үшiн көбелектердi өзiне тарту қабiлетiн арттыру үшiн ағашқа фермонды диспенсерлер орнатып немесе оларды қабық жегiштер ұялайтын жерлерге қою керек.
40. Тосқауыл ағаштар, әдеттегiдей, жапырақтарын отамай тұтас күйiнде астына төсенiш қойып, әйтпесе түйдек қүйiнде орналастырылады. Төсенiштiк тосқауылды дiңдiк зиянкестер ошағына жақын жерге топтай қойған ұтымды.
Қатынауға жақын жерлерде зиянкестердiң өсiп дамуын дер кезiнде байқау және тосқауыл ағаштарды қабығынан аршу үшiн бақылау тосқауыл ағаштарды орналастыру iсiн жүргiзу керек.
41. Тосқауыл ағаштар мен тұтқыр үйменi орналастыруда зиянкестердiң биологиясын және қолданыстағы ұсыныстарды ескерiп, белгiлi мерзiмде жүргiзу қажет.
Күнтiзбелiк мерзiмдер жылдың аймақтық ауа-райына, жергiлiктi жерде зиянкестердiң таралымы мен ауру қоздырушылардың биологиялық ерекшелiгiне қарай ауытқуы мүмкiн. Көптеген жағдайларда тосқауыл ағаштар мен тұтқыр үйменi қою мерзiмi және оны жүргiзу техникасы арнайы сипатта болуы мүмкiн немесе қосымша шаралар қолданумен жүргiзiлуi мүмкiн.
Анағұрлым қауiптi зиянкестер мен екпелерге мейлiнше қауiп төндiретiн зиянкестерге (жұқпалы ауруды таратушылар) арнап тосқауыл ағаштар мен тұтқыр үймелердi қоюдың мерзiмi белгiленедi сол сияқты шараларды жүргiзудiң техникасы мен жағдайы белгiленедi (10-қосымша).
8. Қоқыстарды жинау
42. Қоқыстарды жинау, дербес шара ретiнде, қурап тұрған, желсұлатқан, дауыл омырған, қарсұлатқан және т.б. түрдегi өтiмдi ағаштар болған жағдайда белгiленедi.
Санитарлық-гигиеналық және сауықтыру функцияларын басымдырақ орындаушы ормандарда эстетикалық және өртке қарсы мақсаттарда, сол тәрiздi ерекше қорғалатын аумақтардың ормандарында өтiмдi емес сүректердi жинау жүргiзiледi.
Бiрiншi кезекте дiңдiк зиянкестердiң ошағының пайда болу қауiпi бар учаскеде жас шырпылар жиналады. Осылай өңдеу зиянкестердiң негiзгi түрлерiнiң биологиясымен байланыстырылады.
9. Ағаштарды, бұталарды, өскiндердi және басқа
қажетсiз өсiмдiктердi кесiп тастау
43. Аталған шара мәдени ауылшаруашылық өсiмдiктерi мен құнды сүрек тұқымдықтарына қауiптi организмдердi таратушы болып табылатын ағаштармен бұталардың жекелеген түрлерi бар сүрекдiңдерде жүргiзiледi.
44. Орман қойнына дейiн 200 метр қашықтықтағы далалық жерлерге жапсарлас орман екпелерiнде ауылшаруашылық дәндi дақылдарын зақымдайтын тотты шiрiткiштiң аралық иесi болып табылатын зерек пен iш жүргiзетiн қаражемiс өсiрудiң еш қажетi жоқ.
45. Жекелеген жағдайларда құнды сүрек тұқымдықтары үшiн қауiптi организмдердiң өсiп дамуына ықпал жасаушы аралық иегер ретiндегi кейбiр ағаш түқымдарын кесiп тастау керек. Шөлейт аймақтағы егiстiкте және сексеуiл өсiмдiгiнде арам шөп өсiмдiктерiнiң дамыуына жол беруге болмайды, өйткенi марева тұқымдастығында сексеуiлдiң кейбiр зиянкестерi дамуы мүмкiн.
10. Арнайы әдiстердi қолдану
46. Орман қорғаудың жоғарыда көрсетiлген шараларын ұштастыру, сол сияқты iрiктеп және жаппай санитарлық кесу немесе оларға қатысты болмайтын, орман қорғау жөнiндегi ұсыныстар бойынша және мамандардың бақылаумен осы ережелердiң 11-қосымшасына сәйкес орман мен орман материалдарын дiңдiк зиянкестерден қорғаудың химиялық шаралары, алдамшы құралдар (ферромондық тұтқырлар,т.б.), ремиздер қалдыру пайдалы организмдердi қорғау жөнiндегi шаралар қолданылады.
47. Дiңдiк зиянкестерге ферромондарды пайдалану кезiнде тиiстi нұсқаулықтарды басшылыққа алу керек. Ферромондар мен жәндiктердi ұстап алу кезiнде түрлiше амал қолданылады немесе ағашты кесу және тосқауыл ағаштарды (өсiп тұрған және кесiлген) пайдалану, бұл арада барлық жағдайда тосып алынған жәндiктердi инсектицидпен механикалық жолмен (ағаштарды қабықтау) жою, әйтпесе басқа тәсiлдермен дер кезiнде құрту қажет.
48. Көктемде құстардың ұя басатын кезiнде және жаздың екiншi жартысында ең алдымен құрлардың ойнағы, жыртқыш құстардың ұя басатын кезiнде орманда орман шаруашылық және өзгеде қызметтi шектеу қажет.
Орманда ағаш кесудiң барлық түрi кезiнде және өзгеде жұмыстар шағында орман қолтығында әрекет етпеу керек, онда құстар ұя салуы мүмкiн олардың ұя салуына жәрдемдесудiң басқада шараларын (ұяшықтар iлу т.б.) қолданған жөн.
49. Ағаш кесудiң барлық түрiнде, кеспеағашты тазарту, орман қорғау шараларының барлық түрiн жүргiзу кезiнде дiңдiк зиянкестердiң энтомофагтарын қорғау, сақтау және жәрдемдесу жөнiнде шаралар қолданылады.
Энтомофагтарды сақтау, қорғау және өсiп-көбеюiне жәрдемдесу жөнiнде мынадай негiзгi шаралар алға қойылады:
1) әлсiреген екпелерде және қабық құрты кешенiнiң жыртқыш қоңыздарына қоныс аудартудың барынша тиiмдi әдiсi;
2) үлкейе бастаған кезiнде көмiртектi тағам арқылы жағдайын жақсарту жолымен қабық құртын өсiп-көбеюi ошақтарында сақтау және қабық құрт, паразиттерiн бiр ұяға тарту. Бұған - қолданыстағы ұсыныстарға сәйкес дiңдiк зиянкестердiң үрдiстi ошақтарында бiр, екi және көпжылдық шырынды шөптер (ремиздер жасау) егу арқылы қол жеткiзуге болады.
3) ағаштарды химиялық жолмен өңдер кезiнде қабық құрты энтомофагтарын сақтау химиялық өнiмдердiң жанама әсерiн төмендету негiзiнде жүзеге асырылады, атап айтқанда, зиянкестердiң энтомофагтарының көктемгi топтарының ұшуы кезеңiнiң алдын алу мерзiмiнде өңдеу, негiзiнен сауықтыру мақсатында химиялық өңдеудi қолдану;
4) екпелерде энтомафагтар мекендеушi шағын стансаларды сақтауға әлсiреген екпелерде және қабық құрты паразиттерiнiң жұқтырушылық жоғары процентi анықталған, өзiне ағаштардың белгiлi бiр санын сақтауды қосатын қабық құрты ошақтарында iрiктеп санитарлық кесудi жүргiзудiң бiрқатар ережелерi мен мерзiмдерiн берiк сақтау негiзiнде қол жеткiзуге болады. Сол сияқты тамыз айынан ерте емес кезенде дiңдiк зиянкестер ошақтарында қабық құрты ұялаған, қураған ағаштарды кесiп тастау және алдамшы ағаштар мен сорттылықтарды орналастыру, қабық құрттың жыртқыш қоңыздарын бiр жерге шоғырландыру үшін алдамшы құралдарды пайдалану және қолданыстағы ұсыныстарға сәйкес басқа да шаралар қолданылады;
5) Ағашы кесiлген жерлерде қабық құрттың энтомафагтерi мекендеушi шағын стансаларды сақтау қабық құрт кешенiнде паразиттер мен жыртқыштарды өсiру үшiн белгiлi бiр мөлшерде кеспе қалдықтарын, түбiрлердi, шырпыларды және басқа ағаш дайындау қалдықтарын қалдыруға болады.
Дiңдiк зиянкестердiң энтомофагтерiн сақтау, қорғау және өсiп-көбеюiне жәрдемдесу жөнiнде жоғарыда көрсетiлген шаралар орман қорғау жөнiндегi мамандардың қатысуымен орман патологиялық тексеруiн мұқият жүргiзу қажет.
11. Ағаш кесу кезiндегi санитарлық талаптар
50. Басты мақсаттағы кесудi жүргiзу кезiнде бiрiншi кезекте кесу өрттер зақымдаған, желсұлатқан, қар омырған, орман зиянкестерi мен аурулары басқа да қолайсыз факторлар әсерiнен бүлiнген екпелерде белгiленедi.
51. Ірiктеп және бiртiндеп кесу кезiнде бiрiншi кезекте кесуге дiңi, тамыр табаны, iрi бұтақтардың төбесi және бүкiл желегi бүлiнген және солып қалған, дiңдiк зиянкестер ұялаған немесе iстен шыққан және аурулар зақымдаған ағаштар жатқызылады.
52. Күтiп-баптау кесуi кезiнде бiрiншi кезекте дiңдiк зиянкестер ұялаған, аурулар зақымдаған, жел, қар бүлдiрген, өсуi мешеулеген, қалжыраған, курай бастаған, қурап тұрған, төбесi қураған, иiлген және механикалық жағынан бүлiнген (осылған, қуарған-ойылған, төбелерi сынған және т.б.) ағаштар жатады.
Шығыстың мамыр айындағы зауза қоңызы сан жағынан көп болатын аудандарда құрылған қарағайдың ұйысқан өсiмдiктерiнiң және қарағай түбiрiнiң қандаласы жағдайында тазарту мен сирету iсiн өсiмдiктердiң толымын 0,7 кемiтпей, бұл орайда жапырақты тұқымдықтардың қоспасын (құрамы бойынша 2-3 бiрлiк ) және орман қолтығын сақтай отырып қажетті жағдайда ағаш тасу соқпақтарын пайдалану негiзiнде селективтiк және желiлi-селективтiк әдiс бойынша жүргiзiледi.
25 жасқа дейiнгi қарағай өсiмдiктерiнiң түбiр қандаласы ошақтарында күтiп-баптау кесуiн жүргiзуге болмайды. Түбiр қандаласы ошақтарына жақын орналасқан табиғи жағынан ұйысқан жас шыбықтарда күтiп-баптау кесуiн жүргiзу кезiнде сүректердiң толымы О,8-ден кемiмеуi керек.
Қарағай өсiмдiктерiн 3-5 сыныпты бонитетiнде кесудi желiлiк тәсiлмен жүргiзгенде толымдылық 0,9, қатарлар аралығының енi 2 метрден кем болмауға тиiс, оларды шығыстың және қарағай түбiрi қандаласы жағдайында кесуге тыйым салынады.
Толымы төмен қарағайдың жас қабықтарында өте күшті әлсіреген және қурай басталған ағаштар саны 30 проценттен артса, ал желектердiң тұтасуы 0,4 аспаса немесе кезкелген тұтасу жағдайында, аталған категориядағы ағаштар саны 50 процент болса, екпелердi жаппай кесу арқылы қайта құру белгiленедi және ағаштар тасылып алынады немесе жағып жiберiледi.
Түбiр губкасы мен саңырауқұлақ зақымдаған қылқан жапырақты күтiп-баптау кесуi күзгi-қысқы кезеңде (қарашадан сәуiрге дейiн) саңырауқұлақтың табиғи таралуы болмайтын шақта жүргiзiледi.
53. Өсетiн жерiнiң жағдайларына, кесiндi қалдықтарын сату мүмкiндiгiне, ағаш дайындау мен орманды қалпына келтiру жұмыстарының технологиясына байланысты және басқа факторларға қатысты ағашы кесiлген жерлердi тазартуға мынадай тәсiлдер белгiленедi:
1) кесiндi қалдықтары жал етiлiп үйiледi;
2) үймеге, жалға жиналған қалдықтар кейiн отын немесе ұқсату ретiнде пайдаланылады;
3) кесiндi үйiндiлерi мен жалы жиналған жерiнде шiрiтуге қалдырылады;
4) ағашы кесiлген алаңда ұсақталған кесiндi қалдықтары (ұзындығы 1 метрден аспайтын) жер үстiне шашып тасталады.
5) үйiндiге, жалға жиналған кесiндi қалдықтары кеспеағаш алаңында, алаңқайда, бос жерде, сол сияқты саңлаулы жерлерде өрт қауiпi жоқ кезеңде жағып жiберiледi.
Ағашы кесiлген жерлердi тазарту тәсiлi әрбiр жекелеген жағдайда ағаш кесу билетiнде көрсетiледi.
Ағаш кесудiң барлық тәсiлдерi кезiнде ағаш дайындаушылар кеспе ағашта кесуге жатқызылмаған өскiндер мен басқа да ағаштарды бүлiнуден сақтауды қамтамасыз ете отырып, кеспеағашты тазартуды ағаш кесумен бiр мезгілде жүргiзуге мiндеттi.
54. Қысқы кесуден кейiн, көктемде ағаш дайындаушылар тазартудың белгiленген тәсiлiне сәйкес ағашы кесiлген орындарды толық тазартуды жүргiзуге мiндеттi. Табиғи түлеп өсуге арналған кеспеағаштарда кесiндi калдықтарының үйiндiлерi мен жалдары болашақ өсiмдiктер қатарларына жапсарлас орналастырылуы керек және трактордың шынжыр табаны арқылы тапталады.
55. Қүрғақ құмдақ топырақта өскен екпелерде, тастақты топырақтағы қарағай екпелерiнде жапырақты орманда және басқа қатты жапырақты екпелерде сол сияқты ауыр топырақтағы шырша орманында ағаштың өздiгiнен тұқым шашуын күн қызуынан, үсiктен және т.б. жағдайдан қорғау үшiн ағашы кесiлген жерлерде кесiндi қалдықтары ұзындығы 1 метрге дейiн етiлiп ұсақталып ағашы кесiлген алаңға бiркелкi етiп шашып тасталуға тиiс.
56. Ызғарлы және дымқыл топырақты жерлердегi қылқан жапырақты және жалпақ жапырақты екпелерде ағашы кесiлген жерде пайда болған өздiгiнен тұқым шашу жағын түлетуге жатқызылады, ағашы кесiлген жерлердi тазарту үлкен емес (биiктiгi 0,5 метрге дейiн) кесiндi қалдықтарын жинау жолымен, тығыз үймелердi өскiндерден бос жерлерге (түбiрлер мен шағын түлеген шыбықтар арасына) жинау керек.
57. Құмдақ және жеңiл сазды топырақты алқаптағы қылқан жапырақты және жалпақ жапырақты екпелерде шаруашылық жағынан құнды тұқымдықтардың түлеп өсуi мақсатында жәрдемдесу топырақты жақсарту қажет болып табылады, ағашы кесiлген жерлердi тазарту үймелер мен жалдарға жиналған кесiндi қалдықтарын отқа жағып жiберу тәсiлiмен жүргiзiлуi керек.
58. Тау ормандарында ағашты бiртiндеп және iрiктеп кесудi жүргiзу кезiнде кеспеағашты тазарту кесiндi қалдықтарын ұзындығын 1 метрге дейiн ұсақтап бiркелкi етiп жер үстiне шашып тастау керек. Ағашты жаппай кесу кезiнде эрозиялық процестердi болдырмау үшiн кесiндi қалдықтарын енi бiр метрлiк жалға жинап, олар тау баурайына әрбiр 8-10 метр сайын көлденең орналастырылады осындай мақсатпен ағаш кесудiң барлық түрiнде кесiндi қалдықтарының бiр бөлiгi трактор жүретiн жолдарға (соқпақтарға) жал етiлiп үйiледi.
59. Дiңдiк аурулардың, тамыр және жүйке-аурулары ошақтарында кесінді қалдықтарын өрт қаупi ережелерiн сақтай отырып, мiндеттi түрде отқа жағып жiберу немесе жерге көму керек.
Ұқсатуға немесе сатуға арналған кесiндi қалдықтарын көктемгi жазғы маусым мерзiмiн ескере отырып, осы ережелердiң 12 қосымшасында көрсетiлгенiндей олардың қашан дайындалғанына қарамастан бiр ай орман iшiнде сақтауға рұқсат етiледi.
60. Бұландарды және басқа жануарларды азықтандыру және оларды орман өсiмдiктерi мен құнды ағаш тұқымдықтарының табиғи түлеушi өскiндерiн жеп қоюдан сақтау үшiн күзгi-қысқы қалдықтарын және басқа азықтық тұқымдықтарды қалдыруға рұқсат етiледi және кейiн өрт қауiпi басталар кезеңге дейiн оларды мiндеттi түрде жинап алып, кеспеағаштан тазартылады.
61. Қылқан жапырақты тұқымдықтардың түбiрiнде қарағайдың үлкен бiзтүмсық қоңыздары және басқа зиянкестердiң жаппай өсiп-көбеюi, және олар жас шыбықтарды бүлдiруi қауiпi туған жағдайда жас шыбықтарды, ал тек ерекше жағдайларда осы ережелердiң 11-қосымшасына сәйкес түбiрлердi жәндiктердiң ұялауынан бұрын химиялық өңдеу жүргiзiледi. Емен ормандарында және терек екпелерiнде қажеттi жағдайда түбiрлердi дiңдiк зиянкестерден қорғау үшiн химиялық әдiс қолданылады.
62. Ағаш кесудiң барлық түрiнде сүректердi төменгi қоймаға тасып жеткiзу, әдеттегiдей, оларды дайындаумен бiр мезгiлде атқарылады. Сүректердi тасып әкету қиындаған жағдайда сүректерде орман iшiнде көктемгі-жазғы кезеңде сақтауға осы ережелердiң 11 және 13 қосымшаларында жазылған әдiстер мен аудандардың климат жағдайларын ескере отырып, белгiленген мерзiмде сүректердi мiндеттi түрде дiндiк зиянкестердiң ұялауынан және саңырауқұлақ ауруына шалдығудан сақтау шаралары қолданылған жағдайда рұқсат етiледi.
63. Ормандарда және орманнан 2 шақырым қашық жерде, осы Ережелердiң 12 қосымшасында көрсетiлген мерзiм iшiнде қылқан жапырақты тұқымдықтардың қабығы аршылмаған немесе химиялық немесе басқа әдiстермен өңделмеген, зиянды жәндiктердiң ұялауынан және зақымдауынан қорғалмаған сүректердi қалдыруға болмайды.
64. Көктемгi-жазғы кезде дайындалған қылқан жапырақты тұқымдықтардың, еменнiң, шағанның, қара ағаштың сүректерiн тасып әкету, қабықтау мен қорғау осы шараларды жүргiзу сәтiнен 10 күннен кешiктермей атқарылуға тиiс.
65. Қайыңның және қандағаштың жазғы кезеңде дайындалған сүрегiн, оларды сақтаудың арнайы тәсiлдерi қолданылған жағдайда орман iшiнде 2 айға дейiн қалдыруға болады.
66. Орманда ағаш кесiлген және сүректер сақталған жерлерде зиянды жәндiктердiң және аурулар зақымдаған ағашты, қабықталмаған ағаш материалдарын, орман өсiмдiктерiн және табиғи түлеп өсудi дер кезiнде анықтау және тиiстi қорғаныш шараларын жүргiзу мақсатымен орман патологиялық қадағалау жүргiзiледi. Ағаш кесудiң аяқталуы бойынша қадағалау ағаштарда өсiмдiктердiң, табиғи түлеудiң зақымдану қауiпi сақталып отырған жағдайда 1-3 жыл бойы жалғастырылады.
12. Сүректердi қоймаларда, тиеу пункттерiнде және
тасымалдау кезiндегi санитарлық талаптар
67. Көктемгi - жазғы кезеңде сүректердi жоғарғы және төменгi қоймаларда сақтаған жағдайда оларды зиянды жәндiктер мен саңырауқұлақтардың зақымдауынан сақтау жөнiндегi шаралар жүргiзiледi осы мақсатта сүрек дөңгелек ағаш материалы (сортты), ұзын және жас шыбықтар түрiнде ағашты дiңдiк зиянкестерден (11-қосымша) химиялық қорғау жөнiндегi нүсқаулыққа сәйкес текшелей үйiлiп, қабықталып немесе инсектицидтермен өңделуге тиiс немесе осы ережелердiң 13 қосымшасында ұсынылған тәсiлдермен сақтау қамтамасыз етiлуге тиiс.
68. Дайындалған сүректi дiңдiк зиянкестердiң ұялауынан және саңырауқұлақпен зақымдауына қарсы шараларды дер кезiнде қабылдау мақсатында ағаш дайындаушылар сүректi қоймаларда және тиеу пункттерiнде сақтауда жүйелi түрде бақылау (қадағалау) қоюға мiндеттi.
Зиянды жәндiктер ұялаған дайындалған ағаш материалдары дереу қабықталып, кейiн қабықты отқа жағып жiберуде өрт қаупсiздiгiн немесе инсектицидтермен өндеудi берiк сақтауға мiндеттi.
Шiрiтушi зақымдаған ағаш материалдары ұқсату, отын немесе әлгiдей жеке мақсаттарға арналғанда сұрыпталуы керек.
69. Дiңдiк зиянкестер ұялаған ағаш материалдарын тасымалдауға оларды тек қана қабықтаған және инсектицидтермен өндегеннен кейiн рұқсат етiледi. Ағаш материалдарын жәндiктер ұялаған кезде оған қарсы қабықтау мен химиялық өндеудiң тиiмдiлiгi шамалы, сондықтан сүректi тереңiрек жедел ұқсату ұсынылады.
70. Сүректердi тасып әкеткеннен қоймалар мен тиеу пункттерiнiң аумағы кемсiндi қалдықтарын, қоқыстардан, шырпылардан шiрушi сүректерден тазартылуы керек.
13. Ағаштан шырын ағызу және шайыр ағызу кезiндегi
санитарлық талаптар
71. Шырын ағызуға арналған қарағайлар мен самырсындардың, ал шайыр ағызуға арналған қарағайлар екпелерi олардың жай-күйiн анықтау үшiн алдын-ала тексерiлуi керек.
Орманның қылқан жапырақты кемiрушiлерiнiң және дiңдiк зиянкестердiң ошақтарында оларды ең алдымен жоймайынша, сол сияқты өрттер немесе өзгеде факторлар әлсiреткен екпелерде шырын ағызуға болмайды.
72. Әлсiреген ағаштардан, жуандығы 16-18 см кем, дiң шеңберiнiң 50 проценттен астамы сұр көбелек зақымдаған ағаштардан шырын ағызуға рұқсат етiлмейдi.
73. Шырын және шайыр ағызуға бөлiнген екпелерде осы жұмыстар басталғанға дейiн дiңдiк зиянкестер ұялаған,аурудың әсерiнен қураған және қураған ағаштар кесiп тасталады, кесiндi қалдықтары жиналады. Зиянкестер ұялаған ағаштарды iрiктеп алуда діңдiк зиянкестердiң дамуы ескерiлiп жүргiзiледi. Қажеттi жағдайда бұл жұмыс кейiнде атқарылады. Шырын ағызылған екпелерге тұрақты түрде орман патологиялық қадағалау жүргiзiлуi қажет.
74. Кайың мен үйеңкi шырынын дайындауда ағаштардың тұрақтылыған және сүректердiң техникалық сапаларын сақтауды қамтамасыз ететiн тәсiлдерге жол берiледi. Ағаштар дiңiндегi бүрғыланған каналдар шырын ағызу маусымының аяқталуы бойынша мiндеттi түрде ағаш тығынмен жабылады немесе бау желiмiмен немесе әк араластырылған балшықпен майланады.
14. Орманды мәдени-сауықтыру мақсаттарында
пайдалану кезiндегi санитарлық талаптар
75. Мәдени-сауықтыру мақсаттарында пайдаланылатын ормандардың жай-күйiн сақтау және тұрақтылығын арттыру мақсатында олардың орман патологиялық жай-күйi үшiн қадағалау жүзеге асырылуға, аумақтарды ұйымдастыру жолымен орманға рекрециялық қажеттiлiк реттелуге, сол сияқты ормандардың құрылымы мен пайдаланылу ерекшелiктерiн ескере отырып санитарлық сауықтыру және өзгеде шаралар орындалуға тиiс.
76. Аумақтарды жоспарлаумен байланысты ағашты кесу, ландшафтық кесу, қайта құруға кесу және күтiп-баптау кесулерiнде кемiс және қурап тұрған ағаштарды, тұрақтылығы мен сәндiлiгi төмен ағаштарды iрiктеп кесу, бiрақ сәндiлiк қасиеттерi сирек кездесетiн ағаштар, тiптi егер олардың патологиялық белгiлерi болса да, олардың өмiршеңдiк қасиетiн елеулi түрде бұзбайтын жағдайда кеспей қалдырылады.
Ағаштарды механикалық және өзге де зақымданудан барынша сақтау мақсаттарында ағаш кесудiң барлық түрлерi, ағаштардың дiңдiк зиянкестерiнiң көктем кезiндегi топтарының ұялай бастағандарын iрiктеп алудың басқа әдеттегiдей, қыс кезеңiнде жүзеге асырылады. Ағаштар биiк жағымен жол-сүрлеу жүйесiне, алаңқайларға, бос жерлерге және басқа бос жерлерге құлатылады. Бұтақтарды отау мен шыбықтарды бұтау, сүректердi сүйреу мен тасып әкету сүректер мен бұта өсiмдiктерден бос жер бойынша жүзеге асырылады.
77. Парктерде, ескерткiштiк сипаттағы екпелерде, әсiресе ормандардың кұнды учаскелерде осы ережелердiң жалпы талаптарын орындаумен қатар ағаштарды жеке-дара қорғауды, атап айтқанда, жарақаттарын емдеу, қураған және зақымданған бұтақтарды кесу, құрттар мекендеген қабықтарды шауып тастау, қуыстарды бекiту жургiзiледi.
78. Орманды тұрмыстық қалдықтармен, тастандылармен ластауға, қоқыстарды төгуге және құрылыс қалдықтарын төгуге тыйым салынады. Елдi мекендерден қоқыстарды отқа жағып жiберу тек қана белгiленген тәртiпте, арнайы бөлiнген участкелерде ормандарда өрт қауіпсiздiгi ережелерiнiң талаптарына сәйкес жүргiзiледi.
15. Санитарлық талаптарды орындау үшiн бақылау және
оларды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
79. Орман шаруашылығын басқарудың мемлекеттiк органдары, ауданаралық инженерлер-орман патологтерi, орман өсiмдiк қорғау стансаларының қызметкелерi, мемлекеттiк орман күзетiнiң басқа да қызметкерлерi өздерiнiң құзыретi шегiнде ормандарда санитарлық талаптарды орындау үшiн бақылауды жүзеге асырады, қажеттi жағдайларда өзге орман пайдаланушыларға мамандандырылған орман Қорғау жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргiзуде көмек көрсетедi немесе оларды белгiленген тәртiпте шарттар бойынша орындайды.
80. Орман шаруашылығын басқарудың мемлекеттiк органдары, жергiлiктi жердегi атқарушы органдардың келiсiмiмен жұмыстарды, егер олар ормандар мен осы санитарлық ереженi бұзу қауiпiн төндiретiн болса, тоқтатыпқоя алады.
81. Санитарлық ережелердiң бұзылуына жол берген заңды, жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданып жүрген заңдарына сай жауапкершiлiкке тартылады.
1-қосымша
Бекітемін,
ұйымның басшысы
Санитарлық-сауықтыру шараларын
жүргізу жоспары (түзету)
199___жылғы "____"_________
________________________________________________________________________
|Орман.|шар. |телім| телім. | белгі. |Қысқаша таксациялық |
|шылық |шы | |нің кө. |леудің |сипаттама |
| |нөмері| |лемі, га|себебі |__________________________________|
| | | | | |Жасы|бонитет|орташа |орташа диа. |
| | | | | |жыл | |биікті.|метрі, см |
| | | | | | | |гі, м | |
|______|______|_____|________|________|____|_______|_______|_____________|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
|______|______|_____|________|________|____|_______|_______|_____________|
жалғасы
_____________________________________________________________
| Сүрекдіңнің қоры, м | |
|_____________________________________| Категория |
| 1 га | барлығы, га | оның ішінде | |
| | | өтімдісі | |
|_______|_____________|_______________|_______________________|
2-қосымша
Екпелердің категориялық жай-күй
(тұрақтылық сыныптары)
Екпелердің категориялық жай-күйінің
(тұрақтылық сыныптары) көрсеткіштері
_______________________________________________________________________
|1 сынып | Биологиялық | ІІ сынып - | ІІІ сынып |
| |тұрақтылығы |тұрақтылығы |тұрақтылығы жоғалған |
| | |бұзылған | |
|_____________|_______________|___________________|______________________|
Ағымдағы табиғи шегінде Табиғи сирексуі мөлшерінен екі және одан да
сирексуі диаметрі төмен көп артады және орман шымылдығының ағаштары
ағаштар есебінен есебінен болады, диаметрі сүрекдіңнің
басымырақ орташа диаметріне жақын немесе одан көп.
Қурауы жалғыз, топталуы көбінесе топтала, бір бөлігі, аралас
сипаты сирек бір бөлігі, аралас немесе жаппай
Қуарушы толымы сәл-пәл белгіленген шектен белгіленген шектен
және қуар кеміген кезде төмен емес толымын төмен толымын
ған ағаш. сақталады кеміткен кезде кеміткенде
тарды кес. сақталады. сақталмайды
кеннен
кейінгі
сүрекдің.
нің тұтастығы
Зиянкес. байқалмайды елеулі болуы жаппай болуы
термен, немесе жалғыз мүмкін мүмкін
аурулармен жарым
бүлінгені,
зақымданғаны
Сау сүрек, әлсіздік белгісі әлсіреген белгісі әлсіреген, қурай
дің құра. жоқ ағаштардан жоқ ағаштар үле. бастаған, қураған
мындағы басымырақ сінде әлсіреген, ағаштар басымырақ,
категория қурай бастаған, әлсіреген белгісі
жай-күйінен қураған ағаштар. жоқ ағаштар үлесі
басымырақ дың үлесі елеулі азырақ
ұлғайған
Ескерту: Ағымдағы сирексу өсу барысы кестесі
бойынша анықталады.
3-қосымша
Ағаштардың санитарлық жай-күйінің
шкаласы
________________________________________________________________________
|Категориялар | Тұқымдықтар бойынша ағаштардың жай-күйінің белгілері |
|балы |__________________________________________________________|
| |қылқан жапырақты | жалпақ жапырақты |
|_____________|_____________________________|___________________________ |
1-әлсіреген желегі қою, қылқаны (жапырағы) жасыл, қураған, бүлінгені жоқ
белгісі жоқ
ІІ-әлсіреген. желегі әлсіз, селдір, қылқаны желегі әлсіз, селдір, жапы.
дері жасыл, ақшыл-жасыл немесе рағы ерте түседі немесе
желінген, күйген 1/3 көп емес, желінбеген, 25% дейін,
жеке бұтақтары қураған, жеке. жекелеген бұтақтары, қураған
леген түбір табаны бүлінген, діңінің әр жері, түбір
діңінің әр жері бүлінген өскіндер жекелей.
ІІІ-өте желегі өте сирек, қылқаны желегі өте сирек, жапырағы
күшті ақшыл-жасыл, немесе сұр өте кіші, ақшыл, ерте сар.
әлсіреген ақшыл, тіпті желінген ғаяды, сирейді, өсуі өте баяу,
(күйген) 2/3 дейін, өсуі тіпті жоқ желегінің 2/3бөлігі
өте баяу, желегінің 2/3 қураған, діңі мен түбір табаны
қураған түбір табаны немесе 2/3 бүлінген діңінің, бұтақ.
өзге діңі өте күшті зақым. тарынан шырын ағады, діңдік
данған зиянкестер ұялауға тырысқан,
сулы өскіндері мол діңінде
құрттар бар.
IV-қурай желегі кіші сирек, қылқаны желегінің 2/3 қураған,
бастаған сұр, сарғыш сары-жасыл, қурай бастаған, діңі мен
төгілмелі, өсуі өте баяу, түбір табанының айналасы
кейде өспейді, бұтақтарының 2/3 бүлінген, діңдік зиян.
2/3 бөлігі бүлінген, діңдік кестердің ұялауы белгісі бар,
зиянкестердің ұялау белгісі сулы өскіндері қурай бастаған.
бар
V-енді сұр, сары, қоңыр, қылқаны жапырағы қураған, семген,
қураған жиі төгіледі, қабығы жиі жойылған, қабығы жиі сирейді,
(ағымдағы сирейді, діңдік зиянкестер. зиянды, діңдік зияндылардың
жылы) дің ұялау белгісі бар, ұялаған, ұшыққан белгілері
орал діңнен ұша бастаған бар.
VI-байырғы қылқаны жоқ, бұтағы кішкентай, жиі төгілмелі, толық төгіледі,
қураған діңдік зиянкестердің ұшып шығатын саңылаулары бар, қабығы
өткен жыл. астында ағашты бүлдіретін зиянды құрттар.
дарғы
Ескерту:
1. Сүрек тұқымдастықтарының әлсiреуi мен тұрақтылығы себептерiнiң ерекшелiктерiн ескере отырып, шкала зиянкестердiң, аурулардың, басқада бүлдiрушiлердiң түрлiше ошақтары негiзiнде нақтыланады.
2. Сынау алқаптарына есептеу кезiнде III-IV категориядағы ағаштардың дiңдiк зиянкестер ұялағаны және аурулар зақымдағаны мiндеттi түрде көрсетiледi, бұл үшiн есептеу тiзiмде тиiстi графалар көзделген.
3. Желсұлатқан, дауыл омырған, қарқұлатқан ағаштар дiңдiк зиянкестердiң ұялауы деңгейiне қарай жеке түрде көрсетiледi.
4. Ағаштардың жай-күйi бойынша барынша нақты есебi қажет болған кезде зиянкестер мен аурулардың жекелеген ошақтары бойынша қосымша категорияларды бөлiп көрсетуге болады.
4-қосымша
Сүрекдіңдердің санитарлық жай-күйін анықтау баллы
(Каз ОШҒЗИ аушарғылымы кандидаты
Ю.И.Гнинеконың ұсыныстары
)
Сүрекдіңнің жай-күйінің орташа түлеуінің санитарлық жай-күйі, мына нысан бойынша:
z1 n1 + z2 n2 + z3 n3 + z4 n4 + z5 n5 + z6 n6
Б _____________________________________________
n1 + n2 + n3 + n4 + n5 + n6
мұнда: z1...z6 - ағаштардың жай-күйінің біріншіден алтыншыға дейінгі категориясы.
n1...n6 - жай-күй категориясына сәйкес сынақ ағаштардың саны.
Сүрекдіңдердің санитарлық жай-күйінің баллын анықтау кезінде жай-күйі бойынша 1 ден 6-дейінгі категорияға қатысты барлық ағаштар есепке алынады.
5-қосымша
Ағаштарды санитарлық кесуге iрiктеп алу
1. Орман өрттерiнен кейiн ағаштарды санитарлық кесуге iрiктеп алуда желектiң, дiңнiң, түбiр табанының, ағаштардың жалпы жай-күйiнiң отқа шалыну жағдайын бағалау негiзiнде жүргiзiледi. Жас қарағай тоғайларында алғашқы екi жылда ағаштардың өмiршең тұрақтылығының аса сенiмдiлiк белгiсi өсiп тұрған дiңнiң күйген жерiнiң биiктiгi (төменгi бөлiктегi жұқа қабықтың қүюi аса қауiптi), қураған, өте қураған ағаштарда - түбiр табаны мен түбiр алқымы (қауiптi деңгейi дiңнiң айналасының 75 процентi және онан көп болса) анықталады, осыған ұқсас самырсын мен балқарағай бағаланады. Шырша, қайың, майқарағай отқа сәл-пәл төзiмсiз, олар отқа шалынғанда жалпы күйi әлсiрейдi, нашарлайды, қурайды. Өртең жерде құлаған ағаштарды жедел жинау керек. Ірiктеп санитарлық кесуге ағаштар отқа шалынып, бүлiнгеннен кейiн iле кiрiсу керек, кесудi көктемдегi өртеңде келесi жылдың 1-маусымына дейiн, ерте жаздағы өртеңде 1-тамызға дейiн ал жаз соңындағы-күздегi өртеңде келесi жылдың 1 мамырына дейiн аяқтау керек, көлемi зор өртеңдi өңдеу жұмыстарын Республикалық орман шаруашылығы ұзартуға тиiс емес.
2. Жел құлатқан немесе сындырған ағаштарды түгел немесе құлаған, сындырған ағаштарды жарым жартылай жинау керек. Осы орайда бүлiнген орманды өңдеудi мына мерзiмдерде аяқтау қажет: жаздың соңы күзгi-қысқы бүлінудi - 1-мамырға дейiн, көктемдегiнi - 1 шiлдеге дейiн, ерте жаздағы - 1-тамызға дейiн; көлемi iрi учаскелерден желсұлатқан, дауыл омырған ағаштарды сұрыптауды 1-2 жыл iшiнде, мұнда қадағалау мерзiмi, кесудiң кезекшiлiгi реттеледi.
3. Қар мен мұздақ бүлдiрген екпелерде желегiнiң 2/3 және одан көп бөлiгi бүлiнген, құлаған ағаштар мiндеттi түрде кесiледi. Бұл ағаштарды 1-шiлдеге, ал келесi жалдың 1 мамырынан қалдырмай жинау ұсынылады.
4. Дiңдiк зиянкестер ұялаған ағаштарды iрiктеп алу iсi зиянкестердiң өсiп-көбею ошақтарында, олар пайда болған екпелерде, өрттер, жел, қар, қуаңшылық, шамадан тыс қураған, шамадан тыс дымқыл жерлердегi өнеркәсiп қалдықтары, қылқанды жапырақты кемiрушi жәндiктер, түбiр шiрiтушi, басқа да қауіптi аурулар, өзгеде себептер мен кешендi себептер әсерiнен бүлiнген, әлсiреген екпелерде жүргiзiледi.
Зиянкестер ұялай бастаған ағаштарды iрiктеп алу, таңбалау iсiнде ағаштардың жойыла бастауының түрлiше типiнде зиянды жәндiктердiң ұялауының сипаты белгiсiн, сүрек тұқымдықтары мен зиянкестер түрлерiнiң биологиялық ерекшелiктерiн алу керек, мұнда қылқанды тұқымдықтарда басты себептер қабық құрттардың ұялауы болып табылады.
5. Тамыр кемiргiш пен опенкамен зақымданған қылқанды екпелерде кесуге жай күйi 3-4 категориядағы ағаштар жақызылады, мұнда аталған аурулармен зақымданған, қураған ағаштарды iрiктеп алу кезiнде қураған учаскелер төңiрегiндегi ағаштарда қамтылады.
Тамыр шiрiтушiлердiң, дiңдiк зиянкестердiң саны мол ошақтар болған жағдайда ағаштардағы жәндiктердiң дамуы мерзiмiн және олардың биологиялық ерекшелiктерiн, жұқпалы аурудың әсерiн, ошағының фазасын ескере отырып жүргiзу керек.
Емен ормандарында, басқада жапырақты екпелерде опенка ошағындағы iрiктеу санитарлық кесу жоғарыда көрсетiлген әдiспен жүргiзiледi.
Тамыр зақымдаушы ошақтардағы iрiктеп санитарлық кесудi басқада қоғаныштық және орман шаруашылығы шаралармен ұштастыру, сол сияқты кесудiң жиiлiгi әрбiр нақтылы жағдайға қарай анықталады.
6. Смола рагы-серянкамен зақымданған қарағайлы екпелерде бiрiншi кезекте өте-мөте зақымданған (жарақат желектiң төменгi тұсында дiң айналасының 2/3 бөлiгiн қамтыған жағдайда), қылқаны сарғая бастаған, дiңдiк зиянкестер ұялаған, сол сияқты Крафт бойынша 4-5 сыныпта өсу күйiндегi әлсiреген ағаштар iрiктеп алынады.
Екiншi кезекте жоғарғы жағы қураған ағаштар iрiктеледi. Зақымданудың алғашқы сатысындағы ағаштар, желегi сиреген, қылқаны қалыпты күйдегi ағаштар қарағай ауруына одан әрi шалдығуының деңгейiне қарай кесiледi.
7. Тамыр микрозымен зақымданған емен ормандарында, ең ынғайлысы, күзгi-қысқы кезеңде жинап алуға 4-5 категория жай-күйіндегi, сол сияқты 3-4 категориядағы қарағаштың голландық ауруы ошақтарындағы ағаштар жатқызылады, алайда, осы ағаштарды iрiктеп алу мен таңбалу iсi осы ережелердiң 8-қосымшасында көрсетiлген ағаштарды зиянкестер ұялай бастаған мерзiмге орайластырып, қауiптi жәндiктер биологиясын ескерiп жүргiзедi.
8. Майқарағай, самырсын және жалпақ жапырақты тұқымдықтардың шiру-раг аурулары ошақтарында ауру ағаштарды iрiктеп алу дiң айналасының 1/2 бөлiгiнен астамының жарақаты бар ағаштар, сол сияқты қурай бастаған, қурап тұрған немесе дiндiк зиянкестер әлсiреткен жағдайында жүргiзiледi.
9. Қылқанды, шаруашылық жағынан кұнды жалпақ жапырақты тұқымдықтардың дiңі аурынан зақымдаған жағдайда iрiктеуге жемiс салатын ағаштар белгiленедi.
Өсу қабiлетi бар, ойықты ағаштар (гектарына 3-5 данаға дейiн) пайдалы құстар мен аңдардың қоныстауына жәрдемдесу үшiн қалдырылады. Сондай-ақ қауiптi зиянкестер, егер орман учаскесiнде анықталған болса, энтомофаг-жәндiгiне мекен болуы үшiн ойықты ағаштар қалдырылады.
Дiңдiк шiруге зақымданған терек, қайың және тал екпе ағаштарында iрiктеп санитарлық кесу 1 топ ормандарының құнды ағашты учаскелерiнде (орман-парк шаруашылықтары мен санитарлық-гигиеналық ормандарда) жалпы зақымдану ағаштардың 20 процентiнен аспаған жағдайда атқарылады.
Дiңдiк шiруге барынша зақымданған жағдайда ормандардың барлық топтарындағы осындай екпеағаштар құнды тұқымдық ағаштармен алмастырылып қайта құрылады.
10. Паразиттi өсiмдiктерi бар ағаштар - улы ақжиекбұта, ремноцветник, ломонос, арша және басқа түрлерi өте әлсiреген жағдайда кесiледi, ал сәл-пәл әлсiреген ағаштардың паразит зақымдаған бұтақтары кесiп тасталады. Бұл жұмысты топтағы орманның құнды учаскелерiнде көбiнесе қысқы уақытта орындайды.
11. Атмосфераны өнеркәсiп ластаған аймақта (газды, шаң-тозаңды, түтiндi) зиянды жәндiктердiң жетiлуi мерзiмiн ескере отырып, дiңдiк зиянкестер ұялаған ағаштарды, сол тәрiздi жай-күйi 4-6 категориядағы ағаштарды ұдайы iрiктеудi жүргiзу қажет.
12. Ағаштары механикалық жағынан және ағаштарын тұяқты жануарлар бүлдiрген екпеағаштарда кесуге дiңi мен түбiр табаны-алқымы айналасының тең жартысы зақымданған ағаштар (түбiр табанының бүлiну - жер үстiндегi ауқымының жартысынан астамы бүлiнген жағдайда), сүректi шiрiтушi, ағашты бұзушы мүйiз құйрықты және басқа жәндiктер, зақымдаған белгiсi бар, сондай ақ омырылған, құлаған, қурай бастаған, қурап тұрған ағаштар белгiленедi.
13. Шөлейт аймақтағы таулы ормандарда iрiктеп санитарлық кесу екпеағаштың толымы 0,6-0,9 болып, ағаштардың санының 30 процентке дейін қуарған жағдайда жүргiзiледi. Кесудi жүргiзу кезiнде екпеағаштың өте-мәте сиреуiне жол берiлмейдi. Толымдылық 0,5 кем, ал өзендер жағасы бойынша өзендер, көлдер, су қоймалары және басқа су объектiлерiнiң жағалары бойынша нормативтерге сәйкес белгiленетiн тыйым салынған жолақтарда толымдылық 0,7 кем болмауға тиiс. Тоғай ормандарын сауықтыруға бағытталған, зиянкестердi жоюды өзiне тiкелей ұштастырған анағұрлым тиiмдi шаралар зиянкестер ұялай бастаған ағаштарды iрiктеп алу болып табылады.
Тоғайлардағы ағаштарға ұялаған зиянкестердiң негiзгi белгiлерi: өсудi кемiту, өскiндердi қысқарту жапырақтардың мөлшерiн кiшiрейту, желектердi сирету болып табылады. Қосымша белгiлер: қабық астына жыра жасаған, онан қоқырұнтақ төгiледi, сүрекке қайыздың ұсақ құртының жабысуы, қабық астына жасырынған басқада зиянкестер мен жез қоңыз, наманған және басқа зиянды құрттар кемiрген, жiңiшке тұрпатты жез қоңыз жұмыртқасы (бүргесi, жез қоңыз ұялаған қабық астының жарықтан, қарайған ойықтан шырын ағызу, торанғұл және өзбек көктерегiнiң ұсақ құрты), наманған қаяз құрты т.б.
Ағаштарды таңбалауды оған ағаш жәндiктерi ұялағаннан кейiн бастау керек. Күнтiзбелiк мерзiм-зиянкестердiң биологиясын ескерiп белгiленедi. Ағаштарды кесу таңбалаудан кейiн 1-2 аптадан соң жүргiзiледi.
14. Сексеуiл ормандарында зиянкестер зақымдаған ағаштарды iрiктеп омыру қабықтың iшкi зиянкестерiмен күрес жөнiнде анағұрлым ықпалды шара болып табылады. Сексеуiл омыруды күзгi-қысқы кезеңде жүргiзген тиiмдi болмақ. Сүректi тасып әкетудi аяқтау мерзiмi - мамыр айының соңы.
15. Тау аймағандағы Шренк шыршасы екпеағаштарында қабық құрты жеген, ақшыл-жасыл, қылқаны мен қылқаны жойылған ағаштарды жинап алады.Бұл жұмыс күзде, қыста немесе ерте көктемде (наурыз, сәуiр) - зиянкестер ұшудан бұрын жүргізіледі. Оларды жүргізудің мерзімі ауа-райы, тіке аймақтық, және т.б. жағдайларда ескерумен нақтыланады.
16. Арша екпеағаштарында өте әлсіреген, зиянкестер ұялаған, желегінің 75 проценті сиреген, сол тәрізді сарғайған ағаштар жинап алынады.
6-қосымша
Сынақ алқабындағы ағаштарды санаудың нысаны
Тіркелген
Сынақ алаңы
Сынақ алаңының N _________________________, сүрекдіңде________
Сынақ____________, облысы_________ кәсіпорны_________________,
Орманшылық шаршы телім
Сынақ алаңының түрі мен мөлшері
Кеспеағаштың таксациялық сипаттамасы
Құрамы_______ жасы____________ бонитет________________________
биіктігі________ га-ға қор_______ орман тұрпаты_______________
жерінің бедері_________ экспозициясы ________________ топырағы
____________өскіндер______________ орман қолтығы______________
шөп жапқан ________________толықтығы__________________________
сынақ бойынша қорытынды:
Орман патологиялық сипаттамасы
Әлсіреудің немесе қураудың себептері__________________________
Бүлінген, зақымданған саты: жалғыз-жарым, әлсіз, орташа,
күшті (қажеттісінің асты сызылады)
Бүлінген ағаштарды бөлу түрі: жалғыз-жарым, топтық бөлігі,
жаппай (қажеті асты сызылады)
Зиянкестер мен ауру ошағының типі (қажет асты сызылады)-
ауық-ауық, созылмалы
Ошақтың даму фазасы (қажеті асты сызылады) - пайда болушы,
әрекет етуші, сөнген, сөне бастаған
ағаштарды жай-күйінің орташа категориясы______________________
қоқыстар, қоқыстардың түрі, м. текше/га, оның ішінде өтімсіз
______________________________________________________________
"___"_________________199___ж.
Сыртқы беті
________________________________________________________________________
|Ағаш.|тұқым |толым |жай- | діңдік | діңдік |зиянкес. |аурулар|басқа |
|тың |дылық |дылық,|күйі |зиянкес. |зиянкестер|тердің |зақым. |дай |
|нөме.| |см. |кате. |термен |әлсіреткен|энтомофа.|даған |зақым.|
|рі | | |гория.|зақымдан.| |гімен ау.|(ауру. |дану |
| | | |сы |ған (зиян| |рулар за.|дың | |
| | | | |кестің | |қымдаған |атауы) | |
| | | | |атауы) | | | | |
|_____|______|______|______|_________|__________|_________|_______|______|
7-қосымша
Жаппай санитарлық кесуді талап ететін
екпеағаштардың жиынтық тізімі
____________ Ормшар бойынша_____________ облысы
_______________________________________________________________________
|орман|шаршы|телім|алаңы,| Қысқаша таксациялық сипаттама |
|шылық|ның | |га | |
|тың | | | | |
|атауы| | | | |
| | | | |_______________________________________________|
| | | | |құрамы|жасы|толымы|бонитет|орташа |орташа диа. |
| | | | | | | | |биікті.|метрі, см. |
| | | | | | | | |гі, м. | |
|_____|_____|_____|______|______|____|______|_______|_______|____________|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
|_____|_____|_____|______|______|____|______|_______|_______|____________|
жалғасы
________________________________________________________________________
|сүректің қоры | орман | түлеп өсудің| сүрекдіңнің |
|__________________________________| типі | қамтамасыз | әлсіреуінің |
|бір га |барлығы | оның ішінде | | етілуі | себебі |
|шаққанда| | өтімдісі | | | |
|________|________|________________|_______|_____________|_______________|
| 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
|________|________|________________|_______|_____________|_______________|
Ормшар директоры:
Инженер-орманпатолог
(орман қорғау жөніндегі
маман)
8 қосымша
Биологиялық тұрақтылығын жойған екпеағаштарда
орналастырылған сынау алаңдарының жиынтық ведомосты
______________ормшар бойынша ______________облысы
________________________________________________________________________
|орманшылық|сынақ |шаршы. | телім | сынаудағы | сүрекдіңнің |
| |алқабының N|ның N | |ағаштардың |әлсіреуінің себебі |
| | | | |саны, дана | |
|__________|___________|_______|_______|___________|_____________________|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
|__________|___________|_______|_______|___________|_____________________|
жалғасы
____________________________________________________________________
| жай-күйі категориясындағы ағаштарды бөлудің |кесуге | басым |
| сынақтағы жалпы санының проценті |жатады %| зиянкестер. |
| | |мен аурулар |
| | |дың атауы |
|_____________________________________________|________|_____________|
|тұқым.| І | ІІ | ІІІ | IV | V | VI | | |
|дық | | | | | | | | |
|______|____|_______|_____|______|____|_______|________|_____________|
| 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
|______|____|_______|_____|______|____|_______|________|_____________|
9 қосымша
Зиянкестер ұялай бастаған ағаштарды iрiктеудiң шарты мен
мерзiмi
Дiңдiк зиянкестермен зақымданған ағаштар
Қарағай. Мамырдың аяғынан маусымның аяғына дейiн және жаздың екiншi жартысындағы көктемгi зиянкестер кешенiне қарсы қарағайдың зиянкестерi үшiн (қарағай қабығын жеушi, қабық жегiш, ағаш төбесiн, алтытiстi-стенографа).
Күзде және қыста - жазғы кешеннiң зиянкестерiне қарсы (қарағайдың көкшiл жез қоңызы, қаяздың бiрнеше түрi т.б.)
Өртенген қабықты жеушi қабық құртқа қарсы ағаштарды iрiктеп алу мамырдың басынан намесе күзде-қыста; майқарағайДың үлкен қарақұртына қарсы -маусымнан қалдырмай әрекет ету.
Шренк шыршасы. Гаузер қабық жегiшi, шырша граверi, Шренк микрофаги зақымдаған Шренк шыршасы екпе ағаштарында ағаштарды iрiктеу күзде-қыста немесе ерте көктемде (наурыз-сәуiр) - зиянкестердiң құрты ұшуына дейiн жаз басына дейiн. Теңiз бетiнен 1200-ден 1600 метрге дейiнгi биiктiктегi қос генерация жайында iрiктеу күзде немесе қыстан шыққан қабық құртының ерте көктемде ұшуына дейiн; жаздың алғашқы жартысында (маусым-шiлде) қоңыздардың екiншi түлеп үшуының басталуына дейiн жүргiзiледi.
Мүйiзқұйрыққа қарсы ағаштарды iрiктеу жаздың алғашқы жартысында жүргiзiледi, сүректер қысқа мерзiмде тасып алынып отынға пайдаланылуы керек.
Самырсын. Самырсын екпеағаштарында шiлде-тамызда ұзын қабық жегiшке қарсы iрiктеу атқарылады.
Майқарағайдың ұзын құртына қарсы зиянкестер ұялай бастаған ағаштарды iрiктеу қарағай мен майқарағай екпеағаштарындағыдай әдiспен жүргiзiледi.
Қарағаш. Қарағаш екпелерiнде қабық жегiштiң бiр түлегiне қарсы мамыр, маусымда, екiншi түлегiнде зиянкестердiң биологиясына қарай iрiктеу атқарылады.
Емен. Батыс Казақстанда емен екпеағаштарында ойпаттарда зиянкестердiң ағашқа ұялай бастаған кезiнде еменнiң қабық жегiшiне қарсы сәуiр-мамырда немесе күзгi-қысқы кезеңде, жiңiшке, қос жолақты жезқоңызға, еменнiң жiңiшке құртына қарсы, мамыр немесе қыстан қалдырмай iрiктеу жүргiзiледi.
Терек, көктерек. Терек, көктерек екпеағаштарында көктеректiң үлкен және кiшi ысқырғыш құртына қарсы ағаштарды iрiктеудi маусымның бiрiншi жартысынан қалдырмай жүргiзу керек.
Сексеуiл. Сексеуiл ормандарында дiңдiк зиянкестерге қарсы iрiктеудi (жезқоқыс тұқымдасына Srhеnарtеrа, сексеуiлдiң тұқымдасына Тurсvмеnidеnа, сексеуiл кемiргiшiне Prionus anqustatus В. Iас), күзгi-қысқы кезеңде жүргiзедi. Омырылған сүректер текшелей үйiлмей, жерүстiнде шашыранды күйде қызуынан жойылуын қамтамасыз етедi.
Тоғай ормандары. Шөлейт алқаптағы өзендердiң тоғай ормандарында тораңғы ағашын ұялай бастаған зиянкестерге қарсы мына мерзiмде iрiктеу жүргiзiледi: наманған мұртты қоңызы, теректiң кiшкене жезқоңызы немесе олардың бiрлесе ұялаған шағында әлсiреген ағаштарды iрiктеу мамырдың екiншi жартысында, жезқоңыздың басқа бiр түрi ұялаған кезде мамырдан қалдырмай жүргiзiледi. Талдың ағашын ұялай бастаған ағаштескiш көбелектерге қарсы iрiктеу мамырдан қалдырылмай орындалады. Жиде ағашы мамырдың-маусымның екiншi жартысында толық iрiктеледi, ал ағаштарды жиденiң мұртты қоңызы жаппай ұялаған жекелеген жағдайда шелқабықта Scalufus japosenevskyw Shev және фальдерманньiң жиденiң мұртты қоңызы iлеседi.
Тоғай жағдайында кесiлген сүректе зиянкестер бiрнеше жолымен жойылады: 1-дiңдi қабықтау, 2-сүрек жердi күн сәулесiне қақтау және улы химикаттармен өңдеу.
Аурулар зақымдаған екпеағаштар
Түбiр губкасы зақымдаған қарағай және майқарағай екпеағаштарында зақымданған ағаштарды iрiктеу күзгі-қысқы кезеңде немесе жылдың құрғақ және ыссы уақытында, түбiрдегi құрттар өрши алмайтын жағдайда жүргiзiледi.
Басқа мерзiмде iрiктеу кезiнде түбiрде құрттар өсiп-көбеймес үшiн антисептикалық заттармен өңдеу керек.
Емен екпелерінде ағаштарды іріктеу жылына үш, төрт мәрте, қарағаш көбелектері ұрпағының үш немесе төрт немесе төрт мәрте дамуына сәйкес жүргізіледі.
10 қосымша
Екпеағаштарда діңдік зиянкестер санына қатысты
орналастыруға арналған тосқауыл ағаштардың
шамамен санын анықтау үшін кесте
________________________________________________________________________
|Діңдік зиянкестердің |Орташа есеппен 1-шарш. дм. жердегі зиянкес. |
|атауы |тердің жас ұрпағының саны. |
|_________________________|______________________________________________|
| |Барынша | орташа | төмені |
|_________________________|_______________|____________|_________________|
|Қарағайдың кішкене шел. | 10 астам | 6-10 | 6 кемірек |
|қабақ жегіш қоңызы | | | |
| | | | |
|Қарағайдың үлкен шелқабақ| 5 астам | 3-5 | 3 кемірек |
|жегіш қоңызы | | | |
| | | | |
|Желек қабығын жегіштер | 5 астам | 2-3 | 3 кемірек |
| | | | |
|Заболонниктер: ағашты | 6 астам | 4-6 | 4 кемірек |
|бұзушы | | | |
| | | | |
|Қарағайдың смола қоңызы | 1 астам | 0,6-1 | 0,6 кемірек |
| | | | |
|Майқарағайдың үлкен | --- | --- | --- |
|мұртты қоңызы және көкжез| | | |
|қоңызы | | | |
| | | | |
|Стенграф | 3 астам | 2-3 | 2 кемірек |
| | | | |
|Шағанның шелқабақ жегіш | --- | --- | --- |
|қоңыз | | | |
| | | | |
|Гаузер қабық жегіш | 10 астам | 6-10 | 5 кемірек |
|қоңыз | | | |
|_________________________|_______________|____________|_________________|
Ошақта зиянкестер саны жағынан көп болған жағдайда олар ұялаған ағаштардың тең жарымына саны орташа болса, 1/2, 1/4, төмен болса 1/4 аспайтын мөлшерде тосқауыл ағаш орналастыру керек.
Саны кестеде көрсетілгеннен төмен болғанда да тосқауыл ағаштар қойылады.
11 қосымша
Тосқауыл ағаштар мен тұтқыр үймелер орналастырудың
мерзiмдерi
Қарағай. Карағайдың екпеағаштарында алтытiстi қабық жегiштерге қарсы зиянкестердiң көктемгi кiшi топтары үшiн ақпан-наурызда, жаздағыларына - маусымда тосқауылағаштар қойылады, тосқауыл ағаштар бұтақтары жарық түсетiн жерлерге орналастырылады.
Қарағайдың үлкен шелқабық жегiшiне қарсы тосқауыл ағаштар ақпан-наурызда орналастырылады. Бұл шара жоғарыда айтылған әдiсте орындалады.
Қарағайдың кiшi шелқабық жегiшiне қарсы тосқауыл ағаштар сүрекдiң қолтығы астына Қыста Жапырақтарымен, мойны мен дiңi астына төсенiш қойылады. Ағаштардың 5 проценттейi зақымданған сүрекдiңге тосқауыл ағаштар қою ұтымдырақ. Желек төбесiнiң қабық жегiшiне қарсы тосқауыл ағаштар мен тұтқыр жапырақты үймелер ерте көктемде жарық мол жерлерге қойылады. Кеспе ағаштарда алдауыш жем ретiнде кесiндi қалдықтарын, кемiстi ағаш өнiмiн қалдыруға болады.
Қарағайдың көк жезқоңызына қарсы жас және орташа жастағы қарағайлардан маусымда тосқауыл ағаштар жасалады, ағашты қабықтау личинкалар сүрекке енiп кетпес бұрын жүргiзiледi.
Қарағайдың үлкен бiзтұмсық қоңызына қарсы алдауыш жем ретiнде ГХЦГ бүркiлген тосқауыл түрiнде түбiрлер пайдаланылады.
Майқарағай. Майқарағайдың екпеағаштарында осы ағаштың және шыршаның мұртты қоңызына қарсы күшi зақымданған сүрекдiңде тосқауыл ағаштар жаз ортасында (мерзiм жергiлiктi жерде орман патологиялық зерттеулердi жүргiзгеннен кейiн) қойылады. Кесiлген ағаштарға екi аптадан кейiн зиянкестер ұялайды. Тосқауыл ағаштар төсенiш астына не түбiрге ашық жерге қойылады. Тосқауыл ретiнде кесуден қалған ағаштардың төбесi пайдаланылуы мүмкiн. Зиянкестер сүрек бойына орналасқанға дейiн тосқауыл ағаштарды қабықтау керек (Шығыс Казақстан облысының кендi Алтай ормандарында майқарағай екпеағаштары үшiн межелi мерзiм шiлденiң аяғы).
Өртке күйген қабықтарды жегiштерге қарсы тосқауыл ағаштар ақпан-наурызда қойылады.
Самырсын. Самырсын екпеағаштарында шұбатылма қабық жегiшке қарсы тосқауыл ағаштар қою сәуiр-мамыр айларында жүргiзiледi. Майқарағайдың үлкен мұртты қоңызына қарсы тосқауыл ағаштар қою майқарағай екпелерiне қойылатын мерзiмде орындалады.
Шренк шыршасы. Шренк шыршасының екпеағаштарында Гаузе, қабық құртына қарсы, шырша граверiне қарсы зиянкестер үяламаған кесiндi қалдықтарынан тосқауыл ағаштар мен тосқауыл тұтқыр үйме қою iрiктеп санитарлық кесумен бiр мезiлде жүргiзiледi. Тосқауыл ағаштар мiндеттi түрде желегiмен қыста немесе ерте көктемде, бiрақ негiзгi зиянкестердiң ұшуы басталардан екi апта бұрын, сәуiрде, қайталануы-маусымда, биiк тауда мамыр-маусымда қойылады. Тосқауыл ағаштар мен тосқауыл үйменiң қажеттi саны екпеағаштарды зерттеу дәрежесiнде анықталады. Ауыспалы ошақтарда тосқауыл ағаштарды 2-3 ағаштан топтастыра, ал созылмалы жағдайда 100-200 м. қашықтықта бiр-бiрден қойылады.
Арша. Аршаның екпеағаштарында аршаның шелқабық құртына қарсы тосқауыл ағаштар наурыз аяғынан бастап екi мәрте қойылады. Тосқауыл үйменi солтүстiк экспозицияның беткейiне қою тиiмдi.
Аршаның жез қоңызына қарсы тосқауыл үйме мамыр-маусымда қойылады. Күн нұры жақсы қыздыратын жерлерде жарты метр етiлiп ұсақталып кесiлген ағаштар тастау өте тиiмдi.
Қарағаш. Қарағаштың екпеағаштарында тосқауыл ағаштар қою iсi қабық құртының түрлерiне қатысты жүргiзiледi. Бұл шара сәуiрдiң басында (шелқабық құрты болса), мамырдың ортасында, маусымның аяғында,тамыздың ортасында жүргiзiледi. Заболонник пен өзге де зиянкестерге тосқауыл ағаштар мамыр-маусымда қойылады.
Емен. Еменнiң екпеағаштарында жез қоңызға, басқада зиянкестерге қарсы тосқауыл ағаштар мамыр-маусымда орналастырылады.
Терек, көктерек. Көктерек пен теректiң екпеағаштарында жез қоңызға қарсы, кейбiр зиянкестер түрiне қарсы тосқауыл ағаштар қою мамыр-маусымдағы биологиялық жағдайға қатысты болады.
Тоғай ормандары. Шөлейт аймақтағы тоғай ормандары жағдайында тосқауыл ағаштардан басқа кеспе қалдықтарын тосқауыл үйме түрінде қоюға болады, олар сауықтыру мақсатында химикаттармен өңделеді.
12 қосымша
Дiңдiк зиянкестерден химиялық қорғалу
1. Дiңдiк зиянкестердiң бүлдiруiнен қорғау мақсатында, егер шаралармен құралдар мүмкiн болмаған және тиiмсiз жағдайда қыстың жылы кезеңiнде ормандағы қоймалар мен тиеу пункттерiнде сақталған кезде қабықталмаған ағаш материалдары мен шыбықтарды, химиялық жолмен бүрку әдiсi қолданылады.
2. Бүрку тәсiлiмен химиялық бүркуге қылқан және жапырақты тұқымдақтардың қабықталмаған жұмыр ағаш материалдары мен жас шыбықтар-қарағай, шырша, майқарағай, самырсын, балқарағай, емен, қарағаш, шаған және басқа орман құраушы қасиетi жағынан жәндiктердiң бүлдiруiне төзбейтiн құнды ағаштар тұқымдықтары өңделедi, (төзiмдiлiгi II сынып, ГОСТ 9014.0-75 бойынша жұмыр ағаш материалдары. Сақтау жалпы талаптары) өйткенi бұл ағаштарды құрттың жеуiн шектеу керек.
3. Химиялық қорғау тәсiлiмен бүрку iсi барлық типтегi Қоймаларда, жағадағыдан басқа, барлық климаттық аймақтарда қолданылады. Қоймаларды жоспарлау және текшелей үю ГОСТ 9014.0-75 талаптарына сәйкес жүргiзіледi.
4. Су қоймалары, ауызсу, балық шаруашылық және ауылшаруашылық маңызы бар су көздерiне жақын жердегi сүректерді химиялық қорғауды жүргiзу тасқын сулар көп жиналатын жерлер шекарасынан кемiнде 500 метр, бiрақ жағадан 2 шақырым мөлшерiнде жақын болмауы керек.
5. Күз-қыс кезеңiнде дайындалған жұмыр ағаш материалдары мен жас шыбықтарды химиялық қорғау iсi қысқа мерзiмде, жылы кезең басталар алдында, жылылық цельсия бойынша плюс 5 градус болатын тәулiктiк орташа температура тұрақтылығы жағдайында жүргізiледі, өйткені фенологиялық топтағы дiңдiк зиянкестер осы кезде ұша бастайды.
Бағдар алу үшiн мына жайға назар аудару керек: күзде-қыста дайындалған қарағай сүректерiн кеспеген аудандар сәуiрдiң бiрiншi жартысынан кешiктiрмей бүркуi қажет, ал тек көктем ұзаққа созылғанда солтүстiк аудандарда сәуiрдiң соңғы онкүндiгiнде жүргiзiледi.
Шырша сүректерiн тиiсiнше екi апта кейiнiрек, яғни сәуiрдiң екiншi - мамырдың бiрiншi жартысында, самырсын, 15-25 мамырдан кешiктiрмей;
балқарағай сүректерiн - мамырдың бiрiншi жартысында;
еменнiң сүректерiн - мамырдың бiрiншi жартысында, ал еменнiң қызыл мұртты қоңызы болған жағдайда 15-20 сәуiрден кешiктiрмей;
қарағаш тұқымдары сүректерін сәуірдің соңынан қалдырмай, ал шелқабық құрты көп болған кезде 10-15 сәуiрден кешiктiрмей;
шағанның сүректерiн - 15-20 сәуiрден кешiктiрмей бүркiп өңдеу керек.
Аймақтардың ауа-райы мен климат жағдайларына қарай сүректердi химиялық қорғаудың басталу мерзiмдерi өзгеруi мүмкiн, ол жергiлiктi жерлерде белгiленедi; орман қорғау шараларын жедел жүргiзудiң көрсеткiштерi-діңдiк зиянкестердiң көрiне бастауы, ағаш материалдары қабығы үстінен, ең алдымен ағаш текшелеп үйiлген күн қызуы жақсы қыздыратын жерлерде зиянкестердiң тiрiле бастағаны, әсiресе ағаштан қоңыр ұнның көптерiнде басты белгi болып табылады.
6. Көктемгi-жазғы кезiнде дайындалған жұмыр ағаш материалдары мен жас шыбықтарды, оларды қабықталмаған және нендейде тәсiлмен қорғалмаған жағдайда орманда сақтауға тыйым салынады, тиеу пункттерiнде олар екi тәулiктен кешiктермей өңделедi, ал төменгi қоймаларда - олар дайындалып, iле текшелеп үйiлген кезде 3 тәулiк iшiнде өнделедi (осы қосымшаның 13 тармағында көзделген жағдайдан басқа кезде).
7. Сүректердi химиялық тәсiлмен қорғау үшiн "Орман және ауыл шаруашылықтарында зиянкестер мен аурулармен күресте қолдануға рұқсат етілген химиялық және биологиялық құралдардың тiзiмi бойынша көзделген инсектицидтердi бүркуге болады. Инсектицидтермен жұмыста ертiндiнiң қоюлығын, оларды жұмсауды және өңдеу кезiндегi қорғаныштық технологиясын анықтау кезiнде нұсқаулық материалдар басшылыққа алынады.
8. Тұтынушылардың талабы бойынша тамақ ыдыстарын, биохимиялық және гидролиздiк өнiмдi шығаруға арналған жұмыр материалдарды, химиялық қорғау материалдарын өндiрiс арқылы шығаруға болады. Мұндай жағдайда сүректерді қорғаудың химиялық емес шараларымен шектеледi (осы ережелердiң 13 қосымшасы).
9. Халыққа сатуға арналған отындық сүрiктердi қорғау қажет болған жағдайда адамдарға және жылы қанды жануарларға уландыру әсерi аз инсектицидтер пайдаланылады. Сүрек отындағы (шөркелер) текшелерге тығыздала үйiлгеннен кейiн бүркiледi.
10. Жұмыр материалдарға ұялаған зиянкестердi химиялық тәсiлмен құрту үшiн өңдеу, жәндiктердi жою мақсатымен ағаштарды қабықтау орнына бүрку тәсiлi қолданылады.
Зиянкестердің ағаштарды ұялай бастаған кезінде олар ұялаған ағаштарды санитарлық кесу кезiнде, дайындалған жұмыр ағаш материалдары, сол тәрiздi өзге ағаш материалдары инсектицидтердi бүркіп өңдеуге жатқызылады. Зиянкестер ұялаған сүректер мұқият сұрыпталуға тиiс, олар зиянкестер ұялаған ағаштардан бөлек өңделедi.
11. Зиянкестер ұялаған сүректердi химиялық қорғау зиянды жәндiктердiң жас ұрпағы ағаштың қабығы астынан ұшып кеткеннен кейiн жүргiзiледi. Өңдеу мерзiмi зиянкестердiң өсiп-жетiлуiн жүйелi түрде байқауды iске асыру жолымен белгiнеледi. Қабық құрты ұялаған ағаш материалдары қоңыздардың жаппай қуыршақтану және алғашқы әлсiз бояулы, қоңыздардың байқала бастаған кезiнде өнделуге тиiс. Мұртты және жезқоңыздар ұялаған жағдайда - ағаштарды өңдеу қоңыздардың жас ұрпағының ұшуы басталар алдында, олардың негiзгi тобының үрдiс түрде бояулана бастаған, бiрақ ұшуы әлi бастала қоймаған кезде жүргiзiледi.
12. Зиянкестер ұялаған сүректердi өңдеу кезiнде ағаш материалдарын қорғаныштық өңдеу кезiнде препараттар қолданылады (осы қосымшаның 7 тармағы).
13. "Қурап тұрған" категорияға қатысты ағаштардан дайындалған ағаш материалдары дiңдiк қауiптi зиянкестер толық әлсiреткен ағаштар химиялық өңдеуге жатқызылмайды.
14. Химиялық бүркуден өткен тосқауыл ағаштарды, оның iшiнде феромондармен бiр тұтастықта пайдаланылғанда, оларды ұялаған жәндiктердiң жекелеген топтарының тұрақтылығын ескерiп қолданылатын инсектицидтер және олардың ертiндiсi ағаш материалдарын қорғау жағдайындағыдай болады (осы Қосымшаның 7 тармағы).
15. Тамыр тұрпаты бойынша әлсіреген, ерекше құнды ағаштарды химиялық қорғау діңнің биіктігі 3-4 метр бөлігіне бүрку жолымен жүргізіледі, ал ағаштың төбесі тұрпатында ағаштардың тамыры өңделеді. Қорғаныштық өңдеу мерзімі - көктем, зиянды жәндіктердің ұшуына дейін. Әлсіреген ағаштарды қоғау үшін осы қосымшасының 7 тармағында ұсынылған препараттар пайдаланылады.
16. Теректерді мөлдір қанатты көбелектен, мұртты қоңыздан, жасырын тұмсық құрттан химиялық қорғау ағаштар мен түбірлерді өсімдіктердің ішіне әсер ететін препарат-фосфамид, РОГАР, БИ-58 немесе 0,5-1% анито әдісімен құрттардың туған шағында және олар сүректің қабығының үстіңгі бетімен тамақтанатын кезінде жүргізіледі.
Мұртты құрт зақымдаған талды да қорғау осындай әдіспен жүзеге асырылады.
17. Сүрек сорғыш және ағаш тескіш құрттармен кұресте инсектицид жүйесіне енетін (антио, БИ-58) 0,2-05% ертіндісімен бүрку ұсынылады. Бүркудің қолайлы мерзімі -
шілде-тамыз.
18. Су арқылы ағызылатын сүректерді химиялық қорғауғ тыйым салынады.
13 қосымша
Әкімшілік облыстарды орманда қабықтанбаған немесе басқа
тәсілдермен қорғалмаған сүректерді қалдыруға тыйым салынған
мерзімдер көрсетіліп аймақтарға бөлу
___________________________________________________________
|Аймақтар және белгіленген | Әкімшілік облыстар |
|тыйым салынған мерзімдер | |
|____________________________|______________________________|
|Мамырдың 1-нен қыркүйектің | Шығыс Қазақстан облысы |
|1-дейін |(шұбыртпалы қарағай |
| |ормандарынсыз) |
|Сәуірдің 1-нен қыркүйектің | Қазақстан Республикасының |
| 1-дейін | қалған аумақтарында |
|____________________________|______________________________|
Ескерту: Орман шаруашылығын басқару жергілікті органдары жекелеген аудандардың климат ерекшеліктерін және жекелеген ағаш тұқымдықтары бойынша діңдік зиянкестердің топтарының фенологиясын ескеріп жоғарыда көрсетілген мерзімдерді 15 күнге дейін кейін не ілгері өзгерту мүмкін.
14 қосымша
Орманда, қоймаларда және тиеу пункттерiнде сүректi
сақтаудың тәсiлдерi,
Жалпы ережелер.
1. Орманнан кемiнде 2 шақырым қашықтықта қоймаларда және тиеу пункттерiнде көктем-жазғы кезеңге қалдырылған кабықталмаған жұмыр ағаш материалдары мен жас шыбықтарды жарылудан, дiңдiк зиянкестер мен саңырауқұлақтардан қорғау мақсатында дымқыл тәсiлмен сақтауды (ГОСТ 9014,0-75 Жұмыр ағаш материалдары. Сақтау. Жалпы талаптар) қолдану ұсынылады.
2. Кәсiпорындардың төменгi және жоғарғы қоймаларын жоспарлау, жұмыр ағаш материалдарын текшелеп үю ГОСТ 9014.0-75. Бойынша, өзгерiстерi: N 1-11.12.87 N 3978 және N 2-20.01.78. N 79 талабында жүргiзiледi.
3. Әрбiр текшелер үшiн бөрене төсеп тұғыр жасалуы керек. Дымқыл жағдайда сақтау кезiнде текше тұғырының жер бетiнен биiктiгi кемiнде 15 см, құрғақтай сақтауда кемiнде 25 см. болуға тиiс. Топырағы әлсiз жерде бөрене астына төмен сортты бөренелерден жалпақ төсенiш жасалуы керек. Төсенiш бөренелер мен төсенiш үшiн жәндiктер мен саңырауқұлақпен зақымданбаған жұмыр ағаш материалдары iрiктеп алынады.
4. Текшелердiң мөлшерi тиеу-түсiруге пайдаланылатын құралдардың техникалық мүмкiндiктерiне және дайындалған сүректiң көлемiне қарай анықталады, ал текшелердiң биiктiгi жоғарғы қоймаларда және тиеу пункттерiнде кемiнде 1,5 ал төменгi қоймаларда және кәсiпорындар қоймаларында кемiнде 3 метр болуға тиiс.
Сақтаудың дымқыл тәсiлi
5. Сақтаудың дымқыл тәсiлi тақтай тiлуге, аршуға, сүргiлеуге, сол сияқты ұзындарын кеніш тіреулерімен баланстар жасауға арналған жұмыр ағаш материалдары үшiн қолданылады.
6. Дымқыл тәсiл жұмыр ағаш материалдарының, ұзындары мен жас шыбықтарының қабығын сақтау және қосымша қорғау шараларын қолдану, химиялық өңдеу, көлеңкелеу, жаңбырлату, тоғыту, ағаш материалдарының кесiндiлерiн дымқылдықтан қорғайтын және дымқылдықтан қорғайтын-антисептикалық заттармен майлау жолымен күзде-қыста және көктемде-жазда дайындалған сүректердi сақтауды көздейдi.
7. Қоймаларда жұмыр ағаш материалдарын, ұзындарын және шыбықтарын тығыздап (астына төсенiш қоймай), немесе тығыздай-қатарластыра (көпқатарлы ағаш материалдары аралығына көлденең орналастырады) немесе топты текшелей (тығыз-қатар етiп ағаш материалдарының әрбiр жекелеген қатар аралығына көлбете төсеу) орналастыру әдiсi қолданылады.
8. Күзгi-қысқы дайындау жағдайында жұмыр ағаш материалдарын, ұзындарын, шыбықтарын текшеге төсеу және жарылудан, жәндiктер қосымша шараларын қолдану жылылық маусымы басталғанға дейiн, цельсия бойынша тәулiктiк орташа температура плюс 5 градустық тұрақтылық болғанда жүзеге асырылады.
9. Көктемгi-жазғы дайындау жағдайында жұмыр ағаш материалдарын, ұзындарын, шыбықтарын текшелей жинау және қорғаныштық шаралар қолдану жоғарғы қоймаларда ағаш құлатылғаннан кейiн 2 тәулiктен кешiктiрiлмей жүзеге асырылады.
10. Тайга аймағында жапырақты, аралас және қылқанды екпеағаштарда (таза қарағайдан басқа) ағаш кесу жұмыстарында көктемгi-күзгi кезеңде ағашты құлату-текшелеушi мәшинелердi қолданған жағдайда кеспе ағаштарда сүректердi дайындау мен сақтауда ағаштарды жекелей құлату, сүйреп шығару, оларды 6 апталық мерзiмге дейiн қалың жаппа астында сақталатын күйде текшелеу әдiсiн қолдануға, кейiн (сүйреп шығарудан кейiн) шыбықтармен ағаштарды кiшi-гiрiм текшелерде ағаш тасылатын жолдар жиегiнде төменгi қоймаға немесе кәсiпорынның өзен жағасындағы қоймасына тасып әкеткенге дейiн сақтауға мүмкiндiк жасайтын тәсiлдi қолдануға жол берiледi.
Осындай жағдайда ағаштарды құлату мен сүйреп шығару арасында үзiлiс жоқ жағдайда сүректердi қорғаудың қосымша шараларын қолданбай-ақ кеспеағаштарда сүректердi төменгi қоймаға тасып әкету сәтiне дейiн, ағаш тасу жолдары бойында ағаштарды тығыз жабатын текшелерде сақтауға жол берiледi.
11. Жұмыр ағаш материалдарын ұзындары мен шыбықтарын, дiңдiк зиянкестердiң зақымдауына шыдай алмайтын ағаш тұқымдықтарын химиялық қорғау осы ережелердiң 2-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады (ГОСТ 9014,0-75 бойынша).
12. Жұмыр ағаш материалдарын ұзындары мен шыбықтарын көлеңкелеу оларды кесiндi қалдақтарымен (жапырақты бұталар т.б.) немесе қалқан жабу жолымен жүзеге асырылады. Көлеңкелеу: жапырақты тұқымдықтың ағаш материалдарын жарылудан, жәндiктер мен саңырауқұлақтардың зақымдауына қарсы қорғаныш шара ретiнде;
сүректi қорғаныштық өңдеу үшiн инсектицидтердi қолдануға тыйым салу жағдайында қолданылады.
13. Дымқыл тәсiлмен сақтау жағдайында жұмыр ағаш материалдары кесiндiлерiн жабуға (Ағаш материалдары. Ылғалдан қорғау және ылғалдан қорғау-антисептикалық жамылғымен қорғау. ГОСТ 9014.0-75 бойынша) барлық климаттық аймақтарда тек қана жапырақты тұқымдықтар сүрегiне қатысты жүзеге асырылады.
Қайыңның, еменнiң, қарағаштың, үйеңкiнiң, қанды ағаштың, көктеректiң, теректiң және шағанның, жарылуға немесе саңырауқұлақтың зақымдауына төзе алмайтын жұмыр ағаш материалдарын 3 айға дейiн сақтау кезiнде кесiндiлердi ылғалдан қорғайтын жамылғымен жабады.
Еменнiң, қарағаштың, үйеңкiнiң және шағанның жарылуға төзiмсiз жұмыр ағаш материалдарын жылы кезеңнiң бүкiл бойында сақтаған жағдайда ылғалдан қорғайтын жамылғы, ал зиянкестердiң зақымдауына төзгiсiз (қайың, жөкенiң, қандыағаш, терек, көктерек) ылғалдан қорғайтын-антисептикалық жамылғы қолданылады.
Текшеге үйiлген жұмыр ағаш материалдарының кесiндiлерiн өңдеу үшiн барлық тұсына жамылғы пайдалану жөн ал жекелей жатқан шыбықтарды өңдеуде, қабықты сыдыру және iрi бұтақтарды кесетiн жерлерде қолданылады.
Ылғалдан қорғау ретiндегi зат карбафен-II, бакелиты лагы, ПК-15, ПМК-15, мұнай битум маркалы-3, шайыр көбiгi, қарағайдың немесе газдандырылған шайыр, құрғақтай қыздырылған шайыр, ал ылғалдан қорғау антисептикалық заттар ретiнде-карбофен-16, ПКФ-V-12, карбофен-II, бекелит лагы қолданылады.
Ағаш материалдары кесiндiлерiн жамылғылау тәсiлi майлау, сонда қауiпсiздiк талаптарын берiк сақтау керек, ГОСТ-9014.0-75 бойынша.
14. Сүректi жаңбырлау ГОСТ-90 14.0-75 бойынша "Жұмыр орман материалдары. Сақтау. Жаңбырлатып қорғаумен, жүзеге асырылады".
Жаңбырлату жылдың жылы кезеңiнде (цельсия бойынша тәулiктiк орташа температура плюс 5 градус болғанда) жүргiзiледi. Суару тәртiбi ГОСТ 9014.I-79 бойынша.
15. Жұмыр ағаш материалдарын суға батыру 9014.0-75 ГОСТ бойынша арнайы суаттарда, бассейндерде жүргiзiледi. Ол ағаштарды ұзақ мерзiм бойы сақтау; (жылы кезеңде), төменгi қоймаларда және кәсiпорынның қоймаларында қылқанды, жапырақты тұқымдықтардың жұмыр ағаш материалдары жәндiктер мен саңырауқұлақтардың зақымдауына төзбейтiндер үшiн жүзеге асырылады.
Сақтаудың кұрғақ тәсiлi
16. Сақтаудың құрғақ тәсiлi ағаш материалдарын жұмыр түрiнде (құрылыс, мачта, гидроқұрылыс, бөрене, кенiш тiреу, баланстар) пайдалану үшiн қолданылады.
17. Сақтаудың құрғақ тәсiлi қабықтау, қатарлап үю, ағаш материалдарын жарылудан (ыстау, суға батыру, кесiндiлердi ылғалдан қорғау үшiн майлау) сақтау және қорғаудың қосымша шараларын қолдануды көздейдi.
18. Қылқанды тұқымдықтардың жұмыр ағаш материалдары бақылау мерзiмiнде (осы ережелердiң 12 қосымша шелқабықты сыдыруда қажет).
Жапырақты тұқымдықтардың жұмыр ағаш материалдары үшiн (емен, қарағаш, шаған) шелқабықты немесе қатты қабыққа дақ сала, яғни үздiксiз айғыздау (басқа жапырақты тұқымдықтар үшiн).
19. Қылқанды, жапырақты тұқымдықтардың жұмыр ағаш материалдарын қатарланған текшелерде сақтайды, онда ағаш материалдарының арасы бiр-бiрiнен көлденең төсенiштермен бөлiнген.
Қысқа мөлшері ағаш материалдары (баланстар), кеніш тіреулері клеткалы текшеге қатарлана жиналады немесе сиретілген текше топтарына, цилиндрлі пакеттерден құрылған, байлау арқылы қалыптасқан (трос, сым). Қысқа мөлшерлі ағаш материалдарын тығыздатылған шөркелерге жинауға болады.
20. Жарылуға төзімсіз самырсынның жұмыр ағаш материалдарының кесінділері ылғалдан қорғайтын заттармен майланады (9014.2-79 ГОСТ бойынша).
21. Сумен ағызуға арналған жапырақты тұқымдықтардың жұмыр ағаш материалдары жоғарғы және төменгі қоймаларда сақталған кезде алдын-ала ысталады, яғни желегі арқылы жастай кесілген діңді құрғату, ағаштарды құлату мен бұтақтарды отау арасында 10-15 тәулікте жылдың жылы кезеңінде жүргізіледі. Бұл кезде материалдарға діңдік зиянкестер ұялауы мүмкін, сондықтан оларды сүректі қабықтау мен текшелеп жинау алдында құрту керек.
22. Қайыңның, көктеректің, қандыағаштың, үйеңкінің, теректің жарылуға
берік жұмыр материалдарын қоймалардың барлық тұрпатында кесінді
қалдықтарымен немесе қалқандармен көлеңкелейді. Еменнің, үйеңкінің,
шағанның жарылуға төзбейтін жұмыр ағаш материалдарының кесінділері
(9014.2-79 ГОСТ бойынша) ылғалдан қорғау заттарымен майлау қоймалардың
барлық түрінде жүргізіледі.
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.