"Алғашқы көмек дәрі қобдишасының (көліктік)" құралын бекіту туралы

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі 1999 жыл 2 сәуір N 172 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 26 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 739. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігінің 18.04.2000 жылғы бұйрығымен. ~V001138

      Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шілдедегі N 29-1 Z960029_ "Жол жүру қауіпсіздігі туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы N 1650 P971650_ "Қазақстан Республикасында жол жүру Ережесін, көлік құралдарын эксплуатациялаудың Негізгі ережелерін және лауазымды қызметкерлер мен жол жүрушілердің қауіпсіздік міндеттерін бекіту туралы және көліктері арнайы сәуле мен дыбыс сигналдары және арнайы бояулар мен түсті графикалық схемалар бойынша жабдықталушы оперативтік және арнайы қызметтердің Тізімі" қаулысын іске асыру мақсатында және жол-көлік апаты оқиғасына ұшыраған жерде дер кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсету мақсатында Бұйырамын:
      1. Бекітілсін:
      "Алғашқы көмек дәрі қобдишасы (көліктік)" құрамындағы дәрілік құрал мен дәрігерлік маңызы бар бұйымдардың минималды мөлшері (қоса беріліп отыр).
      2. Облыстық, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерінің) бастықтарына:
      1) осы бұйрықтың 1-ші пунктін басшылыққа алып, орындалсын.
      Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 23 қарашадағы N 2655 U952655_ "Дәрілік құралдар туралы" заңдық күші бар Жарлығына сәйкес және Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 18 сәуірдегі N 398 P940398_ "Фармацевтік өнімдердің, дәрілік маңызы бар бұйымдардың және емдік-профилактикалық тамақ өнімдерінің сапасына, сертификациясына және стандартизациясына мемлекеттік жүйеден бірыңғай бақылау жүргізу туралы" Қаулысына сәйкес "Алғашқы көмек дәрі қобдишасы (көліктік)" дәрігерлік маңызы бар бұйымдардың құрамына жататыны және оның Қазақстан Республикасы территориясында қолданылу Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің Денсаулық сақтау комитетінің тіркеуінсіз жүргізілмейтіні ескерілуі қажет;
      2) жол-көлік апатына ұшыраған және қаза табушылардың санын азайту мақсатында жергілікті ішкі істер ұйымдарымен біріге отырып, халықпен дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетуді түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылсын.
      3. Республикалық мемлекеттік қазыналық "Дәрі-Дәрмек" Дәрілік құралдар орталығы" мекемесінің Генералды директоры С.Е. Сұлтанов "Алғашқы көмек дәрі қобдишасының (көліктік)" дәрігерлік маңызы бар бұйымдары мен оның құрамына кіретін дәрілік құралдардың өткізуіне бақылау жүргізсін және белгіленген тәртіпті бұзушылық анықталған жағдайларда кінәлі адамдарды күші бар заң тәртібімен жауапқа тартсын.
      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт

министрлігінің Денсаулық сақтау комитеті ішкі істер органдарына тіркелген 
және Қазақстан Республикасы территориясында пайдалануға рұқсат етілген 
"Алғашқы көмек дәрі қобдишасы (көліктік)" дәрігерлік маңызы бар бұйымдар 
туралы уақытында хабарласын.
     5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының 
Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің Денсаулық сақтау 
комитетіне тапсырылсын.
     
     Министр
                                             Қазақстан Республикасы
                                             Денсаулық сақтау, білім
                                             және спорт Министрлігінің
                                             1999 жылғы 2 сәуірдегі 
                                             N 172 бұйрығына
                                             Қосымша
     
             Алғашқы көмек дәрі қобдишасы (көліктік) 
      дәрілік құралдар мен дәрігерлік маңызы бар бұйымдардың
                       минималды құрамы 
     
     Валидол таблеткалары немесе капсулалары N 10 1 байлам
     Жүректің аймағы қатты ауырғанда қолданылады. Таблетканы немесе 
капсуланы тілдің астына салады.
     
     Спазмовералгин N 10 1 байлам
     Спазма кезінде, бүйрек шаншығанда сумен ішеді.
     
     Олеогель липофит 15 грамм 1 құты
     Тері жарақаттарына және күйіп қалған кезде қабынуға қарсы және жара 
жазушы құрал ретінде пайдаланылады.
     
     Калий перманганаты 3 грамм 1 байлам
     Сулы ерітінді түрінде жараны жуғанда, ауыз бен тамақты шайғанда 
қолданады (ашық қызыл түсті ерітінді).
     
     Аммиак ерітіндісі 10 %
     Естен танған кезде, түтінмен (Со газымен) уланғанда ауа жұту үшін, 
алаңдату құралы ретінде қолданады.
     
     Йод ерітіндісі, 5 % спиртті немесе бриллиант жасылының 1 % спиртті    
 
     ерітіндісі 1 құты
     Антисептикалық сұйық дәрі-дәрмек ретінде болмашы жарақат немесе 
жырылған жерді емдеуге қолданады.
     
     Стерилденбеген дәке бинті 5х10 1 дана
     Дененің ашық жара жоқ жеріне немесе стерильді бинттің үстінен 
таңылатын байлама ретінде қолданылады.
     
     Стерилденген дәке бинті 5х10 1 дана
     Дененің ашық жарасы бар жеріне немесе стерильді бинттің үстінен 
таңылатын байлама ретінде қолданылады.
     
     Стерилденбеген гигроскопиялық медициналық мақта 50 грамм 1 байлам
     Аққан қанды уақытша тоқтату үшін, жараны йодпен, бриллиант жасылымен 
тазалау үшін және аммиак ерітіндісімен сулау үшін қолданылады.
     
     Эсмархтың қан тоқтататын жгуты
     Артериядан аққан қанды уақытша тоқтату үшін қолданады. Жарақаттан сәл 
жоғары таңылады, бірнеше рет оралытып, шынжырдың немесе ілгек көмегімен 
бекітіледі. Бір жарым сағаттан артық таңуға болмайды.
     
     Бактерицидтік лейкопластырі 6х10 1 дана
     Қолдану тәсілі: қорғану пленкасын алып, жараға дәкелі тампонды жауып, 
бекіту керек.
     
     Трубкалы эластикалық дәрігерлік стерилденбеген бинті, N 1, 2, 3       
 
     әрқайсысы 1 данадан
     Танғышты ұстату үшін қолданады.
     
     Дәрі қобдишасының корпусы 21020/30, 21030/30, 21060/30 маркалы 
полипропиленнен жасалған.
     
Оқығандар: Умбетова А.
           Нарбаев Е.
     
                                                
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады