Бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтілетін табиғи газды кедендік ресімдеу табиғи газды өткізетін тұлғаны қай жерде тіркелгеніне қарамастан, табиғи газды тұтынуға (жөнелтуге) шығаратын қызмет аймағындағы кеден органдары жүргізсін.
2. Жер астындағы газ қоймаларына құйылатын табиғи газдарды кедендік ресімдеу:
"Базой" - Ақтөбе облысы бойынша Кеден басқармасында жүргізілсін.
"Полторацкое" - Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Кеден басқармасында жүргізілсін.
"Ақыр-төбе" - Жамбыл облысы бойынша Кеден басқармасында жүргізілсін.
3. "Интергаз Орталық Азия" ЖАҚ-ның транзитпен және жеке мұқтаждық пен шығынға (ЖМПШ) тасымалданып өткізілетін табиғи газды кедендік ресімдеу:
батыс жүйесі бойынша ("Бұхара-Орал", "Орта-Азия-Орталық", "Одақ", "Мақат-Солтүстік Кавказ", "Орынбор - Новопсковск" газ құбырлары) - Батыс Қазақстан облысы бойынша Кеден басқармасында жүргізілсін;
оңтүстік жүйесі бойынша ("Бұхардың газ айдау аудандары -
Ташкент-Бішкек-Алматы", "Газли-Шымкент" газ құбырлары) - Алматы қаласы бойынша Кеден басқармасында жүргізілсін. 4. Осы бұйрықтың мәтіндік мәліметі кеден басқармаларына, кедендерге жеткізілсін. 5. Бұйрықтың орындалуын қадағалау Энергиялық қорларға кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасына (А. Садықов) жүктелсін. Төраға міндетін атқарушы Оқығандар: Умбетова А.М. Нарбаев Е.А.