1. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетiнiң Төрағасы - Қазақстан Республикасының Министрiнiң 1998 жылдың 15-шi тамыздағы N 03-1 ОД бұйырығымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1998 жылдың 5 қарашадағы 639 V980639_ нөмiрмен тiркелген Табиғи монополия субъектiлерiнiң тендерлiк негiзде материалдық және қаржылық ресурстарды, жабдықтарды және өндiрiстiк қажеттерi үшiн қызметтердi сатып алуы ережелерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
3-шi тармақтың 4-шi азат жолы "қызметтер" деген сөзден кейiн "және сақтандыру компанияларының қызметтерi" сөздерiмен толықтырылсын;
25 тармақ мынадай редакцияда берiлсiн:
"25. Отандық әлуеттi жеткiзушiлер (мердiгерлер) және тауар өндiрушiлер, оның iшiнде кiшi кәсiпкерлiктiң субъектiлерi де бар, конкурстық өтiнiштер бергенде басқалай бiрдей жағдайларда өтiнiште аталғаннан тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) аз көлемiн жеткiзу туралы ұсыныстарын енгiзуiне құқылы.".
2. Табиғи монополияларды реттеу департаментi (Попандопуло Е.Н.) осы
бұйрықтың белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуін қамтамасыз етсін. 3. Ұйымдық-кадрлар бөлімі (Герасимова Е.Н.) осы бұйрықты аумақтық комитеттерге және Мемлекеттік тізімнің республикалық тарауына енгізілген табиғи монополия субъектілеріне жеткізсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Төрағаның орынбасары Е.А. Пушкареваға жүктелсін. Төраға Оқығандар: Умбетова А.М. Нарбаев Е.А.