Қызметті ықтиярсыз (соттан тыс) тоқтатылған банктерде тарату ісін аяқтау тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы 1999 жылғы 28 мамыр N 122 Қаулы. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 81 қаулысымен.

      Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 81 қаулысымен.
------------Қаулыдан үзінді------------------

      Нормативтік құқықытық актілерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің  (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қызметті ықтиярсыз (соттан тыс) тоқтатылған банктерде тарату ісін аяқтау тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 1999 жылғы 28 мамырдағы N 122 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 790 тіркелген) күші жойылды деп тагылсын.
      2. Осы қаулы қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізілді...

      Төраға
 
-----------------------------------

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің Басқармасы қаулы етеді: 
      1. Қызметi ықтиярсыз (соттан тыс) тоқтатылған банктерде тарату iсiн аяқтау тәртiбi туралы нұсқаулық бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енгiзiлсiн. 
      2. Жоғарыда аталған Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1996 жылғы 9 ақпандағы N 31 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы банктердi тарату туралы ереженің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1996 жылғы 30 шiлдедегi N 173, 1996 жылғы 19 қыркүйектегi N 220, 1996 жылғы 8 қарашадағы N 269, 1997 жылғы 20 қаңтардағы N 19, 1997 жылғы 15 қыркүйектегi N 349 және 1998 жылғы 24 қаңтардағы N 25 қаулыларымен бекiтiлген өзгерiстерi мен толықтыруларының күшi жойылды деп танылсын. 
      3. Заң департаментi (Сизова С.И.) Банктердi тарату iсiн бақылау басқармасымен (Жаманбаева Ж.Р.) бiрлесiп осы қаулыны және Қызметi ықтиярсыз (соттан тыс) тоқтатылған банктердегi таратылу процесінің аяқталу тәртібі туралы нұсқаулықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткізсін. 
      4. Банктерді тарату ісін бақылау басқармасы (Жаманбаева Ж.Р.) осы қаулыны және Қызметі ықтиярсыз (соттан тыс) тоқтатылған банктерде тарату ісін аяқтау тәртібі туралы нұсқаулықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізген күннен бастап екі апта мерзімде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық филиалдарына жіберсін. 
      5. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық филиалдары осы қаулыны және Қызметі ықтиярсыз (соттан тыс) тоқтатылған банктерде тарату ісін аяқтау тәртібі туралы нұсқаулықтық Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шешімімен ықтиярсыз таратылған банктердің тарату комиссияларына жіберсін. 
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.З.Нәлібаевқа жүктелсін. 

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
1999 жылғы 28 мамырдағы
N 122 қаулысымен бекітілген

Қызметі ықтиярсыз (соттан тыс)
тоқтатылған банктерді тарату ісін 
аяқтау тәртібі туралы нұсқаулық  

      Осы Нұсқаулық 1997 жылғы 11 шiлдеге дейiн қолданылған банк Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің шешiмi бойынша (бұдан әрi - Ұлттық Банк) қызметi ықтиярсыз тоқтатылған Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң таратылу процесiнiң аяқталу тәртiбiн белгiлейдi және Қазақстан Республикасының "Банк қызметiнiң мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 11 шiлдедегi  Z970154_  Заңы қолдануға енгiзiлгенге дейiн пайда болған құқықтық қатынастарға қатысты қолданылады. 

1-тарау. Жалпы ережелер  

      1. Нұсқаулық банктердiң тарату комиссияларының қызметiн реттейдi, олардың өкiлеттiгiн, сондай-ақ Ұлттық Банктiң солардың қызметiне бақылау жасау жөнiндегi өкiлеттiгiн белгiлейдi. 
      2. Ұлттық Банк Басқармасының банк ашу туралы қаулысы қабылданған күннен бастап рұқсатын қайтарып алу және банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензиялардың күшiн жою туралы қаулысы банктi таратуға негiздеме деп табылсын. 
      Банктегi тарату процесi Ұлттық Банк банктi басқару жөнiнде уақытша басқарушы тағайындаған жағдайда банктiң таратылу комиссиясы құрылған күннен бастап басталды деп саналады. 
      3. Ұлттық Банк Басқармасының ықтиярсыз тарату туралы қаулысы қабылданған күннен бастап және банктi тарату процесi аяқталғанға дейiн: 
      1) ықтиярсыз таратылатын банктiң акционерлерiнiң жалпы жиналысының, басқа адамдардың және лауазымды адамдардың өкiлеттiктерi, соның iшiнде мүлiктi иелену және мiндеттемелердi өтеу жөнiндегi өкiлеттiктерi, сондай-ақ олардың банктi басқару жөнiндегi құқықтары тоқтатылады; 
      2) таратылатын банктiң атынан немесе соның есебiнен жүзеге асырылатын iс-әрекет банктi тарату комиссияның бастығы арқылы немесе сол берген сенiмхат бойынша жасалса ғана заңды бола алады; 
      3) таратылатын банктiң барлық борыштық мiндеттемелерiнiң мерзiмдерi өтiп кеттi деп саналады; 
      4) таратылатын банктiң берешектерiнiң барлық түрлерi бойынша есептелген өсiмақы және сыйақы тоқтатылады; 
      5) таратылатын банктiң мүлкiн өндiрiп алу жөнiндегi барлық заңды шектеулер алынады; 
      6) таратылатын банктiң қатысуымен сотта қаралатын мүлiктiк сипаттағы даулар олар жөнiнде қабылданған шешiмдер заңды күшiне енбесе тоқтатылады; 
      7) банкке қатысты мүлiктiк және қаржылық сипаттағы барлық талаптар сол күннен бастап банкттiң тарату комиссиясының атына ғана қойылады және осы нұсқаулық белгiлеген тәртiппен қаралады; 
      8) тарату процесi басталғанға дейiн соттар қабылдаған және таратылатын банкке қойылатын мүлiктiк талаптарға қатысты атқарушы құжаттар рет-ретiмен орындалу үшiн банктiң тарату комиссиясына берiледi. 
      4. Таратылатын банктiң барлық активтерi тарату массасын қалыптастыруға арналған негiздi құрайды. 
      5. Банктiң таратылуына байланысты барлық шығын осы банктiң қаражатының есебiнен ғана шығарылады, осы Нүсқаулықтың 6-тармағында көзделген жағдайда болмаса, банктiң таратылуына байланысты шығынды Ұлттық Банктiң қаржыландыруына тыйым салынады. 
      6. Iлуде бiр жағдайда ғана тарату жүргiзу iсiн белгiленген тәртiппен аяқтау туралы хабарламаның (хабар) құнын төлеуге таратылатын банктiң ақшасы болмай қалғанда, Ұлттық Банк өз қаражаты есебiнен осыған байланысты шығынды төлеуге құқылы. 
      7. Таратылатын банктiң мiндеттемелерi бойынша есеп айырысуды жүзеге асырғанда тарату iсiне сенiмдi адамның қызметiн орындауына байланысты, сондай-ақ банктiң уақытша жұмыс iстей беруiн қамтамасыз ету қажеттiгiнен туындайтын шығындар тұрақты және бiрiншi кезекте шығарылады. 
      8. Осы Нұсқаулықтың белгiлеген ерекшелiктердi ескере отырып банктердi тарату комиссияларының қызметiне байланысты жекелеген мәселелер банк заңдарына қайшы келмейтiн басқа нормативтiк құқықтық актiлермен реттеледi. 

2-тарау. Уақытша басқарушының өкiлеттiктерi 

      9. Уақытша басқарушының өкiлеттiктерi мыналар: 
      - банктi бақылау және құжаттар мен құндылықтарды қабылдау-өткiзу туралы қажеттi актiлердi жасай отырып банк операциясын жүргiзу лицензиясын, банктi тiркеу жөнiндегi құжаттарды, банктiң мөрлерiн, мөртабандарын және бланктерiн және таратылатын банктiң барлық басқа құжаттарын талап ету; 
      - банктi тарату туралы шешiм қабылданғаны туралы клиенттерге, басқа да мүдделi занды және жеке тұлғаларға жазбаша хабарлау; 
      - кем дегенде екi республикалық газетте банктi ықтиярсыз тарату туралы шешiм қабылданғаны жөнiнде ақпарат жариялау; 
      - кассаға ревизия жүргiзе отырып, таратылатын банктiң корреспонденттiк шоттарын, кассаларын жабу, тарату шотын ашу; 
      - корреспондент банктерге және Ұлттық Банктiң тиiстi облыстық филиалдарына банктiң атынан құжаттарға қол қою қүқы бар лауазымды адамдардың қолының үлгiсi бар жаңа карточкаларды көрсету; 
      - банк мүлкiн сақтауды қамтамасыз ету; 
      - банктi басқаруды қамтамасыз ету жөнiнде басқа да қажеттi шараларды қолдану; 
      - өзiн тағайындаған органға банктi басқару жөнiндегi өзiнiң қызметiнің аяқталғандығы туралы жазбаша есеп тапсыру; 
      - банктiң активтерiн анықтау және меншiк иесiнiң және банктiң жоғарғы органдарының өкiлеттiгi шегiнде оның таратылу мақсатын ескере отырып оның барлық активтерiне ие болу; 
      - банктiң атынан (контракттар мен құжаттарға қол қоюды қосқанда) банктiң тарату мақсатына және қызметiнiң аяқталуына сәйкес келетiн оның басшылығының қызметiн атқару; 
      - банктiң атынан және соның мүддесi үшiн талаптар қою. 
      10. Уақытша басқарушының өкiлеттiгi банктi тарату комиссиясының тағайындаған күннен бастап тоқтатылады. 

3-тарау. Банктiң тарату комиссиясы 

      11. Банктiң тарату комиссиясы банктiң атынан iс-әрекет жасайды және өзiнiң құзырына кiретiн мәселелер бойынша шешiм қабылдаған кезде дербестiк танытады. 
      12. Тарату комиссиясы Ұлттық Банк Басқармасының банк ашу туралы рұқсатын қайтарып алу және банк операцияларын жүргiзу лицензиясының күшiн жою туралы қаулысы негiзiнде Ұлттық Банктiң облыстық (аумақтық) филиалы бастығының бұйрығы бойынша банктiң тұрған жерiнде тағайындалған күннен бастап құрылды деп саналады. 
      Басқа облыстарда банктiң филиалдары болған жағдайда солар бойынша құрылған тарату комиссиялары бас банктiң тарату комиссиясының атынан және соның тапсырмасы бойынша өз қызметiн жүзеге асырады. 
      Бас банктiң тұрған жерi бойынша құрылған тарату комиссиясы жедел басшылық жасайды және банк филиалдары бойынша тарату комиссияларының жұмысын бақылайды. 
      Банктiң тарату комиссиясының төрағасы комиссия жұмысына жетекшiлiк етедi және Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес оның жұмысының жүзеге асырылуына жауап бередi. 
      Банктiң тарату комиссиясының мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi және басқа да талаптар осы адамдармен жасалған шарттарда белгiленедi. 
      Тарату комиссиясының құрамына белгiленген тәртiппен кредиторлардың мүддесiн бiлдiретiн адамдар енгiзiледi. 
      13. Тарату комиссиясының төрағасы және мүшелерi Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген шекте банкке келтiрiлген зиян үшiн жауап бередi. 
      Тарату комиссиясының құрамына енгiзiлген адамдар, соның iшiнде Ұлттық Банктiң қызметкерлерi өздерiне жүктелген мiндеттердi атқарады және өздерiн тағайындаған орган осы мiндеттерден оларды босатқанда болмаса оның жұмысына банктi тарату процесi аяқталғанға дейiн қатысады. 
      14. Таратылатын банктiң акционерi болып табылатын адам банктi тарату комиссиясының бастығы (төрағасы) болып тағайындала алмайды. 
      Банктi тарату комиссиясының құрамына осы тарату комиссиясын құрған органның шешiмi бойынша өзгерту енгiзуге болады. 
      15. Банктiң тарату комиссиясын тағайындаған күннен бастап таратылатын банктiң iстерi мен мүлкiн басқару жөнiндегi барлық өкiлеттiк соған көшедi. 
      Уақытша басқарушы тағайындалмаған немесе ол өз мiндеттерiн орындамаған жағдайда тарату комиссиясы осы Нүсқаулықтың 9-тармағында көзделген барлық әрекеттi жасайды. 
      16. Банктiң тарату комиссиясының өкiлеттiгi: 
      1) банктiң активтерiн аныктау және меншiк иесiмен банктiң жоғарғы органдарының өкiлеттiгi шегiнде оны тарату мақсатын ескере отырып банктiң барлық активтерiне ие болу; 
      2) банктiң атынан оның басшылығының банктi тарату және оның қызметiн аяқтау мақсатына сәйкес келетiн қызметiн орындау; 
      3) банктiң активтерi мен мүлкiн резервтеу, сондай-ақ оның мүлкiн ашық сауда-саттықтан өту; 
      4) өзiнiң қызметi мен мiндеттерiн орындауды қамтамасыз ету үшiн контракт бойынша қажеттi қызметкерлер жалдау; 
      5) еңбек заңдарына сәйкес банк қызметкерлерiн жұмыстан босату; 
      6) таратылатын банктiң қаржылық жағдайын ескере отырып қызметкерлерiне жалақы белгiлеу; 
      7) банктiң құжаттары мен мүлкiн, сондай-ақ банкке кепiлдi қамтамасыз етуге берiлген басқа да мүлiктi сақтауды қамтамасыз ету жөнiнде шара қолдану; 
      8) таратылатын банктiң атынан талап қою, банк алдындағы барлық мiндеттемелердi ескеру және банкке тиiстi ақшаны жинау; 
      9) банк кредиторларының талаптарының заңға сәйкестiгiн анықтау және олардың банктің тарату комиссиясы таныған талаптарын қанағаттандыру; 
      10) сотта таратылатын банктiң атынан шығып сөйлеу. 
      17. Заң бұзушылық фактiлерi немесе Қазақстан Республикасының заңдарын басқа да түрде бұзу анықталған жағдайда банктiң тарату комиссиясы белгiленген тәртiппен құқық қорғау немесе сот органдарына хабарлауға тиiс. 
      18. Бас банктiң тарату комиссиясы әрбiр айдың 10-ына дейiн Ұлттық Банкке Ұлттық Банк белгiлеген үлгi бойынша орындалған жұмыс туралы есеп беруге, қажетiне қарай Ұлттық Банктiң тиiстi сұратуы негiзiнде банктiң таратылу комиссиясының қызметi туралы қосымша ақпарат беруге мiндеттi. 
      Банктiң филиалдарының тарату комиссиялары бас банктiң тарату комиссиясына әрбiр айдың 5-не дейiнгi мерзiмде белгiленген үлгi бойынша өз жұмысы туралы есеп бередi. 
      19. Банктердiң таратылатын шоттары бас банктердiң орналасқан жерi бойынша Ұлттық Банктiң филиалдарында, сондай-ақ бас банктердің филиалдарында ашылады. Таратылатын банктер мен олардың филиалдарының барлық ақшасы банктердiң тарату шоттарына жазылады. 
      Одан әрi тарату шоттарынан қаржыларды жазу және шығарып тастау осы Нұсқаулыққа және Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтың актiлерiне сәйкес жүргiзiледi. 
      Таратылатын банктiң алдында берешегi жоқ клиенттерiнiң жазбаша талабы бойынша тарату комиссиясы Ұлттық Банк Басқармасының банктi ықтиярсыз тарату туралы қаулысы қабылданғаннан кейiн таратылатын банктегi олардың банк шоттары не түсiп жатқан ақшалардың жаңа деректемелерi бойынша дереу (талапты алған күннен бастап 3 банктiк күн iшiнде) қайтарады. 
      Ұлттық Банктiң Басқармасы банктi ықтиярсыз тарату туралы қаулы қабылдағанға дейiн және одан кейiн де банктiң корреспонденттiк шотына қателесiп аударылған ақшаны тарату комиссиясы клиенттердң жазбаша талабы бойынша қате жазылғандығын растайтын барлық қажеттi құжаттар алынған күннен бастап үш банктiк күн iшiнде жiберушiлерге қайтарады. 

4-тарау. Активтерге ие болу және талаптарды қарау  

      20. Банктiң тарату комиссиясы осы Нұсқаулыққа және Ұлттық Банктiң Қазақстан Республикасының банктерiндегi бухгалтерлiк есеп пен есеп берудi реттейтiн басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес таратылатын банктiң уәкiлеттi қызметкерлерiн қатыстыра отырып банктiң активтерi мен мүлкiн кейiнге қалдырмай инвентарлауға, сондай-ақ тартылған сарапшының көмегiмен мүлiктi бағалауға мiндеттi. 
      Баланстық құны 100 айлық есептiк көрсеткiшке дейiн тұратын мүлiктi банктiң тарату комиссиясы дербес бағалай алады. 
      21. Банктiң активтерiне банктiң өз мүлкi, несиелердiң барлық түрлерi мен категориялары, алынған барлық кепiлмен қамтамасыз ету, банк алдындағы басқа да қаржылық мiндеттемелер кiредi. 
      22. Банкте және банктен тыс сақталған барлық кепiлмен қамтамасыз ету инвентарлануға тиiс. 
      23. Барлық кредиттiк шарттар, кепiлмен қамтамасыз ету жөнiндегi шарттар (мiндеттемелер), кредиттiк iстер оларға қоса тiркелген барлық құжаттардың есебi бар екендiгi және толықтығы туралы деректер нақтылана отырып сипатталуға тиiс. Қажеттi шарттар мен басқа да материалдар болмаған жағдайда олардың себебi анықталады және тиiстi акт жасалады. 
      Осымен бiр мезгiлде банктiң тарату комиссиясы кредиттi берудің және оны қайтару туралы мiндеттеменiң айғағы болып табылатын құжаттарды жинау үшiн шара қолдануға мiндеттi. 
      Кредиттiк шарттардың талаптарының Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне және есептеулердiң осы талаптарға сәйкес келуi тексерiледi. Банк берген несиелер бойынша сыйақы (мүдде) белгiленген тәртiппен есептеледi. 
      24. Активтердi инвентарлау кезiнде анықталған нақты қолма-қол ақшаның бухгалтерлiк есептiң деректерiнен айырмашылығы Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген тәртiппен реттеледi және аралық тарату балансында ескерiлуге тиiс. 
      25. Таратылатын банктiң инвентарлау жолымен анықталған барлық активтерi мен мүлкi таратылу массасына енгiзiлуге тиiс. Банктiң балансына Ұлттық Банктiң банктi ықтиярсыз тарату туралы қаулысы қабылданған күнi енгiзiлмеген және инвентарлау барысында анықталған активтер аралық тарату балансында көрсетiлуге тиiс. 
      26. Егер таратылатын банктiң қолындағы ақша кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшiн жеткiлiксiз болса, банктiң тарату комиссиясы банктiң мүлкiн Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен ашық сауда-саттықтан сатуды жүзеге асырады. 
      27. Банктiң тарату комиссиясы белгiленген тәртiпке сәйкес төмендегi талаптар мен мақсаттарға сүйене отырып таратылатын банктiң мүлкiн сатады: 
      1) банктiң мүлкiн мүмкiндiгiнше жоғары бағамен сату; 
      2) банктің мүлкiн сатудан болған шығынды азайту; 
      3) дұрыс бәсекеге қолдау көрсету. 
      28. Мүлiктiк құқы мен заңды мүдделерi бұзылған заңды тұлғалар заңда белгiпенген тәртiппен таратылатын банкке оның тарату комиссиясының атына жазбаша талап қоюға құқы бар. 
      Тиiсiнше ресiмделген және жiберiлген талапта заңды тұлғаның толық атауы, талап қоюға негiз болатын мән-жайлар, өтiнiш берушiнiң дәлелiн растайтын дәлелдемелер, талаптың сомасын және оның есебiн қосқанда оның талаптарының мәнi, талапқа қоса берiлген құжаттардың тiзбесi болуға тиiс. 
      29. Банктiң тарату комиссиясы талапты қарағанда қойылған талаптың заңдылығын және оның негiздiлiгiн (қажеттi дәлелдемелердiң болуы, өндiрiлiп алынатын соманың есептелуiнiң дұрыстығы және т.б.) тексеруге тиiс. 
      Егер талапқа оны қарауға қажеттi құжаттар қоса тiркелмесе, онда олар өтiнiш берушiден тапсыру мерзiмiн көрсете отырып сұратып алынады, ол мерзiм почтамен жiбергенде жолда болатын уақытты санамағанда 5 күннен аспауға тиiс. Талап етiлетiн құжаттар көрсетiлген мерзiмде алынбаған жағдайда талап қолда бар құжаттар бойынша қаралады. 
      Қажет болған жағдайда талапты қараған кезде тарату комиссиясы есептердi салыстырып тексеруге, сараптама жасауға және талап тәртiбiмен дауды реттеудi қамтамасыз ететiн басқа әрекеттердi жасауға тиiс. Мұндай жағдайда талапты қарау мерзiмi талап етiлген құжаттарды алуға қажеттi мерзiмге ұзартылады. 
      30. Банктің талапты алған тарату комиссиясы өтiнiш берушiнiң негiздi талаптарын тануға және оған талапты қараудың нәтижесi туралы жазбаша түрде хабар беруге мiндеттi. 
      Талапқа жауапта мыналар көрсетiлуге тиiс: 
      1) банктің тарату комиссиясының және жауап жiберiлген заңды тұлғаның атауы, жауаптың күнi және нөмiрi, талаптың күнi және нөмiрi, осыларға жауап берiледi; 
      2) талапты қанағаттандырудан толық немесе iшiнара бас тартқан жағдайда бас тарту себептерiн негiздейтiн тиiстi нормативтiк актiлер мен құжаттарға сiлтеме жасалған бас тартудың себептерi; 
      3) талапқа берiлген жауапқа қоса тiркелетiн құжаттардың тiзбесi, сондай-ақ басқа дәлелдер. 
      Талапқа берiлген жауап тапсырыс берiлген немесе бағалы хат арқылы жiберiледi немесе қол қою немесе басқа жолмен (факс, телекс, телетайп және т.б.) қолға табыс етiледi. 
      31. Талап қоюға арналған мерзiм баспасөз бетiнде банктiң ықтиярсыз таратылуы туралы және талап қоюға арналған мерзiмнiң белгiленуi туралы хабар жарияланған күннен бастап саналады. 
      Орынды себептерден аталған мерзiмдi өткiзiп алған жағдайда банктiң тарату комиссиясы қойылған талапты мойындауға құқылы. 
      32. Банктiң тарату комиссиясы талап қою және қойылған барлық талаптарды қарау мерзiмi өтiп кеткеннен кейiн активтер мен мүлiкке жүргiзiлген инвентарлаудың нәтижесiн ескере отырып, аралық тарату балансын жасайды, бұл баланста таратылатын банктiң мүлкiнiң құрамы, кредиторлар мәлiмдеген талаптардың тiзбесi, сондай-ақ оларды қараудың нәтижелерi туралы мәлiметтер болуға тиiс.
     Аралық тарату балансын банктiң тарату комиссиясы белгіленген үлгi бойынша жасайды және оны банктiң тарату комиссиясын тағайындаған орган бекiтедi. 
     Банктiң тарату комиссиясы таратылатын банктiң мiндеттемелерi бойынша кредиторлармен бекiтiлген аралық балансқа сәйкес есеп айырысады.

5-тарау. Кредиторлардың талабын қанағаттандыру
және таратудың аяқталуы

      33. Кредиторлардың тарату комиссиясы таныған талаптары мынадай кезектiлiкпен қанағаттандырылуға тиiс:
      1) ең алдымен тарату iсiмен, сенiмдi адамның қызметiн атқарумен байланысты шығындар, сондай-ақ таратылатын банктiң негiзгi қызметiн қамтамасыз ету қажеттiгiнен туған шығындар өтеледi; 
      2) екiншi кезекте таратылатын банк тиiстi уақытша төлемдердi капиталдандыру жолымен өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жауап беретiн азаматтардың талаптарын қанағаттандырады; 
      3) үшiншi кезекте еңбек шарты бойынша жұмыс iстеген адамдардың еңбекақысы және авторлық шарт бойынша сыйақы төлеу жөнiндегi төлемдер бойынша есеп айырысады; 
      4) төртiншi кезекте жеке тұлғалардың депозиттер және қаржы аударымдары бойынша талаптары қанағаттандырылады; 
      5) бесiншi кезекте тек қана қайырымдылық қызметпен айналысатын коммерциялық ұйымдармен, Ұлы Отан соғысы ардагерлерiнiң ұйымдарымен және соларға теңестiрiлген адамдардың ұйымдарымен, Қазақстан Республикасы Мүгедектерiнiң ерiктi қоғамымен, Қазақ зағиптар қоғамымен, Қазақ саңыраулар қоғамымен және осы заңды тұлғалардың меншiгi болып табылатын өндiрiстiк ұйымдармен және олардың қаражаты есебiнен мүгедектердiң басқа ұйымдарымен ағымдағы шоттардағы және депозитке салынған олардың қаражаты бойынша, сондай-ақ мемлекеттiк емес зейнетақы қорларымен олардың салымшыларының зейнетақы жарналарының сомасының шегiнде есеп айырысады; 
      6) алтыншы кезекте кредиторлардың таратылатын банктiң кепiлге салынған мүлкiмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелерi бойынша талаптар қанағаттандырылады; 
      7) жетiншi кезекте бюджетке және бюджеттiк емес қорларға төленетiн мiндеттi төлемдер жөнiндегi берешек өтеледi; 
      8) сегiзiншi кезекте занды тұлғалардың есеп айырысу және ағымдағы шоттарының қаражаттары бойынша талаптары қанағаттандырылады; 
      9) тоғызыншы кезекте банкаралық кредиттер бойынша банктермен және таратылатын банктiң кепiлге салынған мүлкiмен қамтамасыз етiлмеген депозиттiк салымдар бойынша занды тұлғалармен есеп айырысу жүзеге асырылады; 
      10) оныншы кезекте заң актiлерiне сәйкес басқа кредиторлармен есеп айырысу болады. 
      34. Осы Нұсқаулықтың 33-тармағының 1-тармақшасында көзделген, үнемi және бiрiншi кезекте өтелетiн шығындар болмаса, алдыңғы кезектің талаптары әрбiр кезектiң талабы толық қанағаттандырылғаннан кейiн қанағаттандырылады. 
      35. Таратылатын банктiң мүлкi бiр кезектiң барлық талаптарын толық қанағаттандыруға жетпеген жағдайда қолда бар барлық қаражат тиiстi кезектiң кредиторлары арасында қанағаттандырылуға тиiстi талаптардың сомаларына тең бөлiнедi. 
      Банктiң тарату комиссиясы кредитордың талаптарын қанағаттандырудан бас тартқан немесе оларды қараудан жалтарған жағдайда таратылатын банктiң тарату балансын бекiткенге дейiн кредитор банктiң тарату комиссиясының үстiнен сотқа арыз берiп шағынуға құқылы. Соттың шешiмi бойынша кредитордың талаптары таратылатын банктiң қалған мүлкiнiң есебiнен қанағаттандырылады. 
      Таратылатын банктiң жеке тұлғалардың депозиттерi бойынша талап етiлмеген берешегi депозит шартымен Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 291-бабында белгiленген (жалпы бөлiм) тәртiппен және сондағы негiз бойынша нотариустың атына енгiзiлуге тиiс. 
      Егер кредитор сотқа арыз берiп шағынбаса және сот өз шешiмiмен кредитордың талаптарын қанағаттандырудан бас тартса, кредиторлардың тарату комиссиясы танымаған талаптары да өтелген деп саналады. 
      36. Қазақстан Республикасының заңдарында немесе таратылатын банктiң қүрылтайшы құжаттарында басқа нәрсе көзделмеген болса, тарату балансы мен таратылатын банктiң есебiн жариялауға қажеттi қаражаттан басқасы болмаса, таратылатын банктiң кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн қалған мүлкi меншiк иесiне немесе осы мүлiкке мүлiктiк құқы бар немесе таратылатын банкке қатысты мiндеттi құқықтары бар қатысушыларға берiледi. 
      37. Кредиторлармен есеп айырысып болғаннан кейiн, банктiң тарату комиссиясы банктi тарату туралы есептi және тарату балансын жасайды және оларды бекiту үшiн Ұлттық Банкке жолдайды. Ұлттық Банктің Басқармасы бекiткен тарату балансы және банктi тарату туралы есеп юстицияның орталық органының ресми басылымдарында жариялануға тиiс. 
      Ұлттық Банк Басқармасы тарату туралы есептi және тарату балансын Ұлттық Банктiң Банктердi тарату процесiн бақылау басқармасының тиiстi ұсынысы негiзiнде қарайды және бекiтедi.
     38. Ұлттық Банктің Банктердi тарату процесiн бақылау басқармасы белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің органын тарату процесiнiң аяқталуы туралы хабармен қамтамасыз етуге мiндеттi.
     39. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің органы заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiзiлiмiне банктi ықтиярсыз тарату туралы  енгiзгеннен кейiн, банктi ықтиярсыз тарату аяқталды, ал банк қызметiн тоқтатты деп саналады.     

6-тарау. Қорытынды ережелер

      40. Осы Нұсқаулықта реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заң нормаларына сәйкес шешілуге тиiс.     

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық Банкінің
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады