-------------------Бұйрықтан үзінді---------------- Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының K010209_ Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi:
38. "Жер салығын есептеу мен төлеудiң тәртiбi туралы" N 34 Нұсқаулығына өзгерiстер мен толықтырулар бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң 1999 жылғы 3 мамырдағы N 310 V990791_ бұйрығы. -----------------------------------------------------
1. Кiрiспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Нұсқау Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Салықтар және бюджетке басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуiрдегі N 2235 Z952235_ заң күшi бар Жарлығына сәйкес әзiрленген."
2. 2-тармақта "заңды" деген сөзден кейiн "тұлғалар (соның iшiнде резидент еместер), олардың филиалдары, өкiлдiктерi және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi" деген сөздермен толықтырылсын.
3. 6-тармақтың бесiншi абзацында "заңды" деген сөзден кейiн "тұлғалар (соның iшiнде резидент еместер), олардың филиалдары, өкiлдiктерi және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi" деген сөздермен толықтырылсын.
4. 10-тармақта "заңды тұлғаларға" деген сөзден кейiн "тұлғаларға
(олардың iшiнде резидент еместерге), олардың филиалдарына, өкiлдiктерiне және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерiне" деген сөздермен толықтырылсын. 5. 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "11. Азаматтарға жеке қосалқы шаруашылық, бағбаншылық, бақша және құрылысқа арналған жерлердi қоса саяжай құрылысы үшiн жерге салық ставкасы мынадай мөлшерлерде белгіленедi: 0,12 гектарға дейiн жер көлемiнде - 0,01 гектар үшiн 20 теңге; 0,12-ден 0,25 гектарды қоса жер көлемiне - 0,01 гектар үшiн 100 теңге; 0,25 гектардан асатын жер көлемiне - 0,01 гектар үшiн 400 теңге. Мысал: Жеке тұлға иелiгiнде жеке қосалқы шаруашылық, бағбаншылық, бақша жүргізу және саяжай құрылысы үшiн 0,30 гектар көлемiнде жер учаскесi бар. 1999 жыл үшiн жер салығы мөлшерi мынадай болады: 0,12 гектарға дейiнгi жер көлемiне 0,12: 0,01 = 12 12х 20 = 240 (теңге), 0,12-ден бастап 0,25 гектарды қоса жер көлемiне (25-12) х 100 = 1300 (теңге), 0,25 гектардан асатын жер көлемiне (30-25) х 400 = 2000 (теңге) Барлығы 240+1300+2000 = 3540 (теңге).". 6. 13-тармақта: бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Заңды тұлғалар (соның ішінде резидент еместер), олардың филиалдары, өкілдіктері және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi төленуге тиiстi жер салығы мөлшерiн дербес есептейдi және жыл сайын ағымдағы жылдың бiрiншi шiлдесiнен қалдырмай өздерінің орналасқан жерi бойынша аумақтық салық органдарына белгiленген нысанда әрбiр жер учаскесi бойынша тиесiлi салық декларациясын тапсырады (осы Нұсқауға 5 қосымша).".
7. 14-тармақтағы "инспекцияларға" деген сөз "комитеттерге" деген сөзбен ауыстырылсын.
8. 15-тармақтағы "салық қызметi органдарымен" деген сөздер "аумақтық салық органдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын.
9. 17-тармақтағы "заңды" деген сөзден кейiн "тұлғалар (соның iшiнде резидент еместер), олардың филиалдары, өкiлдiктерi және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi" деген сөздермен толықтырылсын.
10. 19-тармақтағы "заңды тұлғалар" деген сөздерден кейiн "(соның iшiнде резидент еместер), олардың филиалдары, өкілдiктерi және өзгеде құрылымдық бөлiмшелерi" деген сөздермен толықтырылсын.
11. 21-тармақтың бесiншi абзацындағы "колхоздар, совхоздар, шаруашылықаралық кәсiпорындар және ұйымдар, басқа ауылшаруашылық кәсiпорындары, сондай-ақ" деген сөздер "ауылшаруашылық тауар өндiрушілер" деген сөздермен ауыстырылсын.
12. 27-тармақ мынадай мазмұндағы 27-1) және 27-2) тармақшаларымен толықтырылсын:
"27-1) Астана, Алматы қалалары мен осы Нұсқаудың 6 қосымшасындағы тiзбеде облыстық маңызы бар қалалар үшiн көрсетiлген үй қорында орналасқан, оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттарды қоса үй жанындағы жер учаскелерiне салық ставкасы мынадай мөлшерлерде белгіленедi:
0,06 гектарды қоса жер көлемiнде - 0,01 гектар үшiн 20 теңге;
0,06 гектардан асатын жер көлемiне - 0,01 гектар үшiн 600 теңге.
Мысал:
Жеке тұлға иелiгiнде Алматы облысы Қапшағай қаласында жалпы көлемi
0,18 гектар жер учаскесi бар, соның iшiнде 0,06 гектары тұрғын үй қорына арналған және 0,12 гектары үй жанындағы жер учаскесiне бөлiнген. Жанындағы құрылыстар мен ғимараттарды қоса елдi мекендердiң тұрғын үй қорына арналған жерiне салықтың базалық ставкасы Қапшағай қаласы бойынша осы нұсқаудың 4 қосымшасына сәйкес 1 шаршы метр үшiн 0,2 теңге құрайды. 1999 жылға белгiленген коэффициенттi ескерiп елдi мекендердiң тұрғын үй қорына арналған жерiне салықтың базалық ставкасы 0,2 х 1,57 = 0,31 теңге құрайды. 1999 жыл үшiн жер салығы мөлшерi мынандай болады: тұрғын үйге арналған 0,06 гектар жер көлемiне: 600 х 0,31 = 186 (теңге) (0,06 гектар = 600 шаршы метр), үй жанындағы жер учаскесiне арналған 0,06 гектар жер көлемiне: 6 х 20 = 120 (теңге), үй жанындағы жер учаскесiне арналған 0,06 гектардан асатын жер көлемiне: (12 - 6) х 600 = 3600 (теңге). Барлығы: 186 + 120 + 3600 = 3906 (теңге).
Қалған елдi мекендер үшiн үй жанындағы жер учаскесiне салық ставкасы тұрғын үй қорына, олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттарды қоса арналған жерлердi қоспағанда мынадай мөлшерлерде белгiленедi:
0,12 гектарға дейiнгi жер көлемiнде - 0,01 гектар үшiн 20 теңге, 0,12-ден 0,25 гектарды қоса жер көлемiне - 0,01 гектар үшiн 100 теңге;
0,25 гектардан асатын жер көлемiне - 0,01 гектар үшiн 400 теңге.
27-2) Оларды Қазақстан Республикасы рыноктарында тауарлар сату құқығы автотұрақтар, автомайқұю станциялары үшін алым алынатын қызмет жүзеге асырылатын аумақтарға арналған елдi мекендердiң жерлерiне, тұрғын емес құрылыстарға, ғимараттарға, оларды ұстау үшiн қажеттi учаскелерге арналған, сондай-ақ объектiлердiң санитариялық-қорғаныс аймақтарына, техникалық және өзге де аймақтарға арналған жерлерге, осы нұсқаудың 4 қосымшасында көзделген, 10 есе арттырылған ставкалар бойынша салық салынады.".
13. 31-тармақ алып тасталсын.
14. 33-тармақтағы мысал мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы нұсқаудың 4-қосымшасына сәйкес Қостанай қаласындағы тұрғын үй емес құрылыстар орналасқан жерлерге базалық салық ставкасы 1 шаршы метр үшiн 3,25 теңге құрайды. Жарлықтың 107-бабының 4-тармағына сәйкес елдi мекендер жерлерiнiң базалық салық ставкасына Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен белгiленетiн коэффициент қолданылады. Елдi мекендер жерлерiне базалық салық ставкасы 1999 жылға арналып белгiленген коэффициент ескерiлiп 3,25 х 1,57 = 5,10 теңге құрайды. 113-баптың 3-тармағына сәйкес жергiлiктi өкiлдi органдардың жер салығының базалық ставкаларын жетпiс процентке дейiн азайтуға құқығы бар. Мұның өзiнде, төмендетiлген базалық ставканың шектi мөлшерi 3,57 теңге (5,10 х 70% = 3,57) болуы керек.".
15. 53-тармақтағы "инспекциялар" деген сөзден кейiн "органдары" деген сөзбен толықтырылсын.
16. 54-тармақтағы "оларды алу кезiндегi" деген сөздер алып тасталсын.
17. 62 тармақта:
2) тармақшада:
"мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын ұйымдар деген сөздер "мемлекеттiк мекемелер" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2) және 2-3) тармақшаларымен толықтырылсын:
"2-1) қызметтiң негiзгi түрi ғылым мен кiтапханалық қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды (қызмет көрсетулердi) орындау болып табылатын мемлекеттiк кәсiпорындар;
2-2) ғылыми кадрларды мемлекеттiк аттестациялау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік кәсiпорын;
2-3) қызметiнiң негiзгi түрi театр-көріністiк және (немесе) концерттiк шараларды жүзеге асыру, тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау жөнiнде, балалар, қарттар мен мүгедектердi әлеуметтiк қорғау мен әлеуметтiк қамтамасыз ету саласында, спорт саласында қызмет көрсету болып табылатын мемлекеттiк кәсiпорындар;";
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) салық төлеушiлер уәкiлеттi органмен* жасалынған келiсiм-шартқа сәйкес мына инвестициялар бойынша:
* Инвестициялар бойынша уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi агенттiгi.
келісiм-шарт жасалынған сәттен бастап 5 жылға дейiнгi мерзiмде - осы нұсқаудың 24, 27, 35-тармақтарына сәйкес негізгi ставкадан 100%-ке дейiн;
5 жылға дейiнгі кейiнгі кезеңге - осы нұсқаудың 24, 27, 35-тармақтарына сәйкес негiзгi ставкадан 50%-тен асырмай.
Жер салығы бойынша жеңiлдiктер берудiң нақты мерзiмдерi мен мөлшерлерi әрбiр салық төлеуші бойынша келiсiм-шартта және жобаның басымдығына, мерзiмi мен ақталу шарттарына қарай белгiленедi.
Келісiм-шарт бойынша инвестициялар бойынша уәкiл органмен жасалынған стандарттық жеңiлдiктердi беруде стандарттық жеңiлдiктердi анықтау базасы болып жаңа және қосымша iске қосылған жер учаскелерi болып табылады.
Жеңiлдiктер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінiң Жер ресурстарын басқару жөнiндегi Комитет берген анықтама негiзiнде беріледi.
Аталған жеңiлдiк берiлген келісiм-шарт бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Салықтар және бюджетке басқа да мiндеттi төлемдер туралы" заң күшi бар Жарлығында көзделген тиiстi айыппұл санкцияларын қолдана отырып салық төлеушi қызметiнiң бүкiл кезеңiнде жер салығы бюджетке есептелуге және енгiзiлуге жатады, яғни мерзiмi өткен әр күн үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың 1,5 есе ставкасы мөлшерiнде өсiм есептеле отырып жер салығының бүкiл сомасы өндiрiлiп алынады.".
мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
"9) жұмыспен түзету мекемелері;
10) медициналық көмек (косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) және (немесе) сондай қызметтен түсетін кіріс жылдық жиынтық кіріс көлемінің кемінде 50 процентін құрайтын жағдайда сол қызмет түрлерін жүргізу құқығына тиісті лицензиялар бойынша мектепке дейінгі балалар, орта, арнаулы орта және жоғары білім беру саласындағы білім беру қызметтерін көрсетуге байланысты қызметті жүзеге асыратын ұйымдар.".
18. 64-тармақтағы "1-5 тармақшаларындағы" деген сөздер "1)-5, 9), 10) тармақшаларындағы" деген сөздермен ауыстырылсын.
19. N 34 нұсқауға 4-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің 1995 жылғы 27 маусымдағы N 34 нұсқауына 4-қосымша
Елді мекендер жер салағының базалық ставкалары
Елді мекендер жерлеріне салықтың базалық ставкалары бір шаршы метр алаңға есептегенде мынадай мөлшерде белгіленеді __________________________________________________________________________ | Елді мекен түрі |Тұрғын емес құрылыстар, |Жанындағы құрылыстары мен | |ғимараттар, оларды ұстауға |ғиммараттарын қоса тұрғын | |арналған учаскелер, |үй қоры алып жатқан жерге | | |сондай-ақ объектілердің |теңгемен салынатын салық | |санитариялық-қорғаныш |ставкасы | |аймақтары, техникалық және | | |өзге де аймақтар алып жатқан| | |жерге теңгемен салынатын | | |салық ставкасы | |_________________|____________________________|___________________________ | 1 | 2 | 3 |_________________|____________________________|___________________________ |Қалалар | | | |_________________|____________________________|___________________________ | |Алматы |15,00 |0,5 | |_________________|____________________________|__________________________| |Астана |10,00 |0,5 | |_________________|____________________________|__________________________| |Ақтау |5,00 |0,3 | |_________________|____________________________|__________________________| |Ақтөбе |3,50 |0,3 |_________________|____________________________|__________________________| |Атырау |4,25 |0,3 | |_________________|____________________________|__________________________| |Тараз |4,75 |0,3 | |_________________|____________________________|__________________________| |Қарағанды |5,00 |0,3 | |_________________|____________________________|__________________________| |Қызылорда |4,50 |0,3 | |_________________|____________________________|__________________________| |Қостанай |3,25 |0,3 | |_________________|____________________________|__________________________| |Павлодар |3,00 |0,3 | |_________________|____________________________|__________________________| |Петропавл |3,00 |0,3 | |_________________|____________________________|__________________________| |Орал |3,00 |0,3 | |_________________|____________________________|__________________________| |Өскемен |5,00 |0,3 | |_________________|____________________________|__________________________| |Шымкент |4,75 |0,3 | |_________________|____________________________|__________________________| |Алматы облысы: | | | |_________________|____________________________|__________________________| |Облыстық маңызы |3,50 |0,2 | |бар қалалар | | | |_________________|____________________________|__________________________| |Аудандық маңызы |3,00 |0,2 | |бар қалалар | | | |_________________|____________________________|__________________________| |Ақмола облысы: | | | |_________________|____________________________|__________________________| |Облыстық маңызы |3,00 |0,2 |бар қалалар | | | |_________________|____________________________|__________________________| |Аудандық маңызы |2,60 |0,2 | |бар қалалар | | | |_________________|____________________________|__________________________| |Облыстық маңызы |Облыс орталығы үшін |0,2 | |бар қалған |белгіленген ставкадан 85 | | |қалалар |процент | | |_________________|____________________________|__________________________| |Аудандық маңызы |Облыс орталығы үшін |0,1 | |бар қалған |белгіленген ставкадан 75 | | |қалалар |процент | | |_________________|____________________________|__________________________| |Поселкелер |0,50 |0,07 | |_________________|____________________________|__________________________| |Селолар (ауылдар)|0,25 |0,05 | |_________________|____________________________|__________________________| 20. 5 қосымша мынадай редакцияда жазылсын: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бас салық инспекциясының 1995 жылғы 27 маусымдағы N 34 нұсқауына 5-қосымша Кәсіпорын ______________________ (бірлестік, ұйым) (банк) мөртабаны Жер салығы бойынша декларация ______________________ (банк шоттары) СТТН _____________________________ | | | | | | | | | | | |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__| _____________________________________бойынша (заңды тұлға атауы) _____________________________ (салық төлеушінің мекен-жайы) ______________________ жыл үшін _____________________________ (телефон) __________________________________________________________________________ |Салық салынатын |Жер учаскесінің |1 га үшін немесе|Жер салығының | |объектілердің |көлемі (га, шаршы |1 шаршы метр |сомасы, теңге | |тізбесі және |метр) |үшін ставка | | |олардың орналасқан | | | | |жерлері (мекен-жайы)| | | | |____________________|___________________|________________|_______________| | | | | | |____________________|___________________|________________|_______________| | | | | | |____________________|___________________|________________|_______________| |Барлығы | | | | |____________________|___________________|________________|_______________| Жалпы _______________________________ теңге жер салығын төлеуге жатады Мынадай мерзімдерде: __________ жылдың 20 ақпаны ________________________ теңге __________ жылдың 20 мамыры ________________________ теңге __________ жылдың 20 тамызы ________________________ теңге __________ жылдың 20 қарашасы ______________________ теңге Салық төлеушінің заң алдындағы жауапкершілігі Біз осы декларацияда көрсетілген Салық комитетінің басшысы _____ ____ мәліметтердің толықтығы мен (аты-жөні) (қолы) шындығы үшін заң алдына жауап береміз Басшы __________ ______ Бөлім бастығы __________ ______ (аты-жөні) (қолы) (аты-жөні) (қолы) Бас бухгалтер __________ ______ (аты-жөні) (қолы) МО _________________ күні Декларация жасау бойынша қызмет көрсеткен аудитор __________ ______ (аты-жөні) (қолы) МО Ескерту. Ауыл шаруашылық жерлерін пайдаланушылар мен жер иелері үшін жер салығын төлеу мерзімі ағымдағы жылдың 1 қазанынан қалдырылмауы тиіс. Жер салығы бойынша декларация ағымдағы жылдың 1 шілдесінен қалдырылмай салық салынатын объектілердің орналасқан жері бойынша салық комитетіне тапсырылады. Салық жылының ортасында қайта берілген жер учаскелері бойынша жер салығы декларациясы, олардың берілген мерзімінен бастап бір ай ішінде тапсырылады. 21. Мынадай мазмұндағы 6-қосымшамен толықтырылсын: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бас салық инспекциясының 1995 жылғы 27 маусымдағы N 34 нұсқаулығына 6-қосымша Облыстық маңызы бар қалалар тізбесі Ақмола облысы 1. Степногор қаласы Ақтөбе облысы 2. Ақтөбе қаласы Алматы облысы 3. Қапшағай қаласы 4. Талдықорған қаласы 5. Текелі қаласы Атырау облысы 6. Атырау қаласы Шығыс Қазақстан облысы 7. Өскемен қаласы 8. Зырян қаласы 9. Лениногор қаласы 10. Курчатов қаласы 11. Семей қаласы Батыс Қазақстан облысы 12. Орал қаласы Жамбыл облысы 13. Тараз қаласы Қарағанды облысы 14. Қарағанды қаласы 15. Балхаш қаласы 16. Жезқазған қаласы 17. Қаражал қаласы 18. Приозер қаласы 19. Сарань қаласы 20. Теміртау қаласы 21. Шахтинск қаласы Қостанай облысы 22. Қостанай қаласы 23. Арқалық қаласы 24. Лисаковск қаласы 25. Рудный қаласы Қызылорда облысы 26. Қызылорда қаласы Маңғыстау облысы 27. Ақтау қаласы 28. Жаңаөзен қаласы Павлодар облысы 29. Павлодар қаласы 30. Ақсу қаласы 31. Екібастұз қаласы Солтүстік Қазақстан облысы 32. Петропавл қаласы 33. Көкшетау қаласы Оңтүстік Қазақстан облысы 34. Шымкент қаласы 35. Арыс қаласы 36. Кентау қаласы 37. Түркістан қаласы Оқығандар: Умбетова А.М. Нарбаев Е.А.
"Жер салығын есептеу мен төлеудің тәртібі туралы" N 34 Нұсқауға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Күшін жойғанБұйрық Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі 1999 жылғы 3 мамыр N 310. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 04.06.1999 ж. тіркелді. Тіркеу N 791. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығымен.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз