Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 25 қарашадағы N 17 қаулысымен бекiтiлген Бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға арналған қаржы тұрақтылығының өлшемдерiн (нормативтерiн) есептеудiң және қолданудың тәртiбi туралы нұсқаулыққа толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы 1999 жылғы 9 көкек N 27. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 маусымдағы № 75 қаулысымен

      Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.06.01 № 75 қаулысымен.

      Бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының рөлін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 25 қарашадағы N 17 қаулысымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1999 жылғы 12 қаңтарда 663 V980663_ нөмiрмен тiркелген Бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеғе асыратын ұйымдарға арналған қаржы тұрақтылығының өлшемдерiн (нормативтерiн) есептеудiң және қолданудың тәртiбi туралы нұсқаулыққа мынадай толықтырулар енгізiлсiн:
      12-тармағы мынадай мазмұнды екiншi және үшiншi бөлiктермен толықтырылсын: "осы Брокер-дилер мүшесi болып табылатын бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымының өтiнiшi болған кезде Ұлттық комиссияның Директораты бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензияны қолдануды тоқтата тұрмауға және осындай лицензияны қайтарып алмауға құқылы. Осы өтiнiштi берудiң тәртiбi бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымының оның басқару органының (Биржалық кеңесiнiң, қауымдастық кеңесiнің/Президиумының) Ұлттық комиссия Директоратымен келiсу бойынша бекiткен нормативтiк актiсiмен айқындалу керек (осы бөлiк Ұлттық комиссия Директоратының 1999 жылғы 09 көкектегі N 27 қаулысымен енгiзiлген).
      Бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензияны тоқтата тұрмау және осы Брокер-дилерге қаржы тұрақтылығының өлшемдерiн (нормативтерiн) осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келтiру жөнiнде қосымша мерзiм беру туралы өтiнiшiн Ұлттық комиссияның Директораты қанағаттандырған жағдайда, осы Брокер-дилер аталған мерзiм аяқталғанға дейiн осы Нұсқаулықтың 10-тармағымен белгiленген мiндеттердi орындаудан босатылады (осы бөлiк Ұлттық комиссия Директоратының 1999 жылғы 09 көкектегi N 27 қаулысымен енгізілген)."
      2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген сәттен бастап күшiне енгiзiлетiндiгі белгiленсiн.
      3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасы:
      1) осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) "Қазақстан қор биржасы" жабық акционерлік қоғамының, бағалы қағаздар рыногының кәсіпқой қатысушылары қауымдастықтарының (оларға осы Қаулыны олардың мүшелерінің назарына жеткізу жөніндегі міндетті жүктей отырып) және бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын және "Қазақстан қор биржасы" жабық акционерлік қоғамының, бағалы қағаздар рыногының кәсіпқой қатысушылары қауымдастықтарының мүшелері болып табылмайтын ұйымдардың назарына жеткізсін;
      2) осы Қаулыны (ол күшіне енгізгеннен кейін) бағалы қағаздар рыногында

 

брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға ниет

білдірген ұйымдардың назарына жеткізсін;

     3) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.


     Ұлттық комиссияның Төрағасы

     Комиссияның мүшелері

Оқығандар:    

          Умбетова А.М.

          Нарбаев Е.А.         





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады