Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасының құрамына мәлімделетін инвестициялық жобаларға экономикалық сараптама жүргізу ережелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттігі 1999 жылғы 21 маусымдағы N 22 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 21 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 845. Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2004 жылғы 7 қыркүйектегі N 135 бұйрығымен.

-------------  Бұйрықтан үзінді  -------------------

       "Заңға тәуелді кесімдерді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 наурыздаағы N 77-р өкімін орындау мақсатында Бұйырамын:
      1. "Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасының құрамына мәлімделетін инвестициялық жобаларға экономикалық сараптама жүргізу ережелері туралы" Қазақстан Республикасының Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттігінің 1999 жылғы 21 маусымдағы N 22, Әділет министрлігінде N 845 1999 жылғы 21 шілдеде тіркелген бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      Министрдің 
      міндетін атқарушы

_____________________________        

      Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасының құрамына мәлімделетін инвестициялық жобаларға экономикалық сараптама жүргізу жөніндегі жұмысты реттеу мақсатында бұйырамын:
      Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасының құрамына мәлімделетін инвестициялық жобаларға экономикалық сараптама жүргізудің қоса беріліп отырған Ережелері бекітілсін.     

      Төраға

                                       Қазақстан Республикасы
                                   Экономикалық жоспарлау жөніндегі
                                        агенттігі Төрағасының 
                                        1999 жылғы 21 маусым N 22
                                        бұйрығымен бекітілген     

Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасының құрамына
мәлімделетін инвестициялық жобаларға экономикалық
сараптама жүргізу
Ережелері

1-Тарау. Жалпы ережелер

     1. Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасының құрамына мәлімделетін инвестциялық жобаларға экономикалық сараптама жүргізудің осы Ережелері (бұдан әрі - Ережелер) Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасының (бұдан әрі - МИБ) құрамына мәлімделетін инвестициялық жобаларға құжаттаманың экономикалық сараптамасын жүргізудің тәртібі мен мерзімдерін, жоба бойынша құжаттаманың техникалық-экономикалық негіздемесіне (бұдан әрі - ТЭН) және құрамына талаптарды белгілейді. 
      2. Ережелер МИБ-ның құрамына енгізу үшін ұсынылатын жобаларды дайындау, іріктеу және сараптаумен байланысты іс-шараларды жүзеге асыратын мемлекеттік басқарудың орталық және жергілікті органдарының қолдануы үшін және үкіметтік емес сыртқы заем бойынша мемлекеттік (үкіметтік) кепілдіктерге өтініш берушілер үшін міндетті. 
      3. МИБ-ның құрамына мәлімделетін инвестициялық жобаларды экономикалық сараптау қажеттігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 маусымдағы N 673 қаулысымен бекітілген МИБ-н әзірлеу және іске асыру Ережелерімен, ал Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктері арқылы алынатын заемдық қаражаттарды тарту есебінен қаржыландыруға үміткер жобалар бөлігінде - "Сырттан қарыз алу және сыртқы қарызды басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабымен анықталған. 

2-Тарау. Сараптама жүргізу тәртібі  

      4. "Қазақстан Республикасы Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 наурыздағы N 297 қаулысына және МИБ-н әзірлеу мен іске асырудың Ережелеріне сәйкес МИБ-ның құрамына мәлімделетін жобалардың экономикалық сараптамасын Қазақстан Республикасының Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) жүзеге асырады. 
      5. Агенттік экономикалық сараптама жүргізуге және Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасының жобасына енгізуге қарап талқылауға мемлекеттік басқарудың орталық және жергілікті органдары, сондай-ақ мемлекеттік ұйымдар және олардың жарғылық капиталында мемлекеттік меншіктің жиынтық үлесі 35 %-тен кем болмайтын ұйымдар іске асыратын жобаларды қабылдайды. 
      6. Осы Ережелердің 3-Тарауында белгіленген талаптарға сәйкес экономикалық сараптаманы орындау мерзімі - жоба жөніндегі құжаттаманың толық пакеті түскен күннен бір ай. 

3-Тарау. Жоба бойынша құжаттаманың құрамы  

      7. МИБ-ның құрамына мәлімделетін инвестициялық жобалар бойынша құжаттамының құрамы мынадай тізбеге сәйкес болуы тиіс: 
      1) инвестициялық жобаның аты, сметалық құны, іске асырылу кезеңі, алдын ала ұйғарылған нысаны және қаржыландыру көзі, жоба үшін жауапты адам туралы мәлімет, қоса берілетін құжаттардың тізбесі; 
      2) осы Ережелердің 4-Тарауының талаптарын қанағаттандыратын техникалық-экономикалық негіздеме; 
      3) Қазақстан Республикасы Табиғат ресурстары және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің экологиялық сараптамасының қорытындысы; 
      4) жобаның техникалық сараптамасы жөніндегі құжаттар: 
      осы Ереженің 4-Тарауының талаптарын қанағаттандыратын тиісті орталық атқарушы органның салалық қорытындысы; 
      Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитетінің Мемлекеттік ведомстводан тыс жобалар сараптамасының (Мемсараптама) қорытындысы. 
      8. Заңды тұлғалар мәлімдейтін инвестициялық жобалар үшін қайтарымды негізде қаржыландыруға (мемлекеттік кепілдік арқылы алынатын сыртқы заемдар және республикалық бюджет несиелері есебінен) мынадай қосымша құжаттар тапсыру қажет: 
      1) заемдық қаражаттарды қайтару жөніндегі міндеттемелердің қамтамасыз етілу мүмкіндігін куәландыратын құжаттар; 
      2) негізгі құралдардың жобаланған құрылысын (сатып алу), сондай-ақ жобаны қаржыландыруды растайтын келісім-шарттардың жобалары және басқа құжаттар; 
      3) мәлімдеушінің құқықтық субъектілігін растайтын шаруашылық жүргізуші субъектінің жарғысы және басқа құжаттар; 
      4) аудит куәландырған, соңғы 3 жылғы және соңғы есептік мерзімге бухгалтерлік баланстар. 
      9. Мәлімдеушінің инвестициялық жобалар бойынша тапсыратын барлық құжаттарын тиісті ұйымдардың басшылары немесе оларды алмастыратын адамдар мөр басып куәландырулары тиіс. 
      10. Қажет болған жағдайда Агенттіктің мәлімдеушіден қаралатын құжаттама бойынша қосымша ақпарат сұратуға құқығы бар. 
      Тапсырылған материалдардың жинақтылығын, олардың жобалық құжаттаманың құрамы бойынша осы Ережелердің және қолданылып жүрген нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін Агенттік оларды алған күннен баста 5 жұмыс күнінің ішінде тексереді.
      Мәлімделетін жобаға құжаттамының толық еместігі анықталғанда Агенттік жетіспейтін материалдарды беру қажеттігі туралы мәлімдеушіге хабарлайды. Бұл жағдайда жобаны қарау құжаттардың толық пакетін алғанға дейін кейінге қалдырылады.     

4-Тарау. Тиісті орталық атқарушы органның
техникалық-экономикалық негіздемесіне және
салалық қорытындысына талаптар

     11. ТЭН-нің құрамы мен мазмұны мына талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
     1) Мыналарды қоса алғанда жоба бойынша жалпы негізгі деректер:
     жобаның аты;
     жобаны іске асырушы ұйым;
     жобаның орналасқан жері;
     жобаның мақсаты мен мәні;
     жобаның экономикалық негіздемесі: мемлекеттік және салалық бағдарламаларға, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына, жобаны қолдайтын өзге нормативтік актілерге сәйкестігі; 
     жобаның сметалық құны; 
     іске асыру мерзімдері; 
     сызбасы және қаржыландыру көзі. 
     2) Сұранысқа және/немесе тауарларға және қызмет көрсетулерге сұраныс пен бағаның сандық параметрлерінің бағасы мен негіздемесі болып табылатын жобаның әлеуметтік-экономикалық қажеттігін талдау немесе әлеуметтік қызмет көрсетулер қажеттігін бағалау: 
     рынокты/әлеуметтік-экономикалық ахуалды зерттеу және талдау;
     сауда-саттық болжамы және дайын өнімді сатып өткізу/жобаның әлеуметтік-экономикалық тиімділігін талдау;
     осы салада жұмыс істеп тұрған объектілердің жұмысын талдау;
     шикізат, материалдар және өндірістің өзге факторларының рыногын зерттеу және талдау.
     3) Жобаның параметрлері мен құраластары және оған жұмсалатын шығындар талдап анықталатын техникалық бөлім:
     жобаны орналастыратын жерді таңдаудың негіздемесі;
     жобаның масштабы;
     таңдалған технологиялар мен жабдықтардың негіздемесі;
     жұмыстардың сметалық құны және кестесі;
     4) Қаржыландырудың балама әдістерін бағалаумен қатар қаржы шығындары мен кірістерге бағалау жүргізілетін қаржы бөлімі:
     жалпы инвестициялық шығындардың есебі;
     жобаның шамамен қаржыландырылуы;
     өндірістік шығындардың есебі;
     баланстық есептің жобаларын, кіріс және шығыс шоттарын, жобаны іске асыру кезеңіне қолда бар ақша тасқынының есебін қамтитын жобаны қаржылық талдау;
     заемшы-ұйымның қазіргі қаржылық жағдайы;
     жобаның төлемдерді аяқтағаннан кейін жалғасуымен байланысты шығындарды талдау;
     5) Қаржылық деректерді үйлестіру жүргізілген, ал жобаға байланысты шығыстар мен кірістер тұтас экономикаға көзқарас тұрғысынан бағаланатын экономикалық бөлім:
     жобамен және онсыз экономикалық ахуалды талдау;
     ақшамен есептегенде экономикалық тиімділіктер мен шығындарды бағалау;
     ең аз шығындарды талдау (балама нұсқаулар);
     сезімталдық пен қатерлерді талдау;
     жобаны жүзеге асыру нәтижелерін талдау;
      6) Жоба пайда табатын адамдардың және жобаға жұмсалатын шығындарды төлейтін адамдардың көзқарастары тұрғысына бағаланатын әлеуметтік бөлім. Мүмкіндігінше әрбір топтың табатын пайдаларына немесе төлейтін шығындарына сандық сипаттама жүргізу қажет. Бөлімге мыналар кіреді: 
      жобаның халықтың әлеуметтік-мәдени және демографиялық сипаттамасы тұрғысынан негізделуі; 
      жобаның еңбек ресурстарына мұқтаждығы және оның халықтың жұмыспен қамтылуына әсері; 
      7) Жобаның экологиялық аспектілерін қарастыратын экологиялық бөлім: 
      жобаның қоршаған ортаның жағдайына әсері және оның зиянды ықпалын азайту жөніндегі іс-шаралардың жоспары; 
      жоба технологиясының қазақстандық және халықаралық стандарттарға және қоршаған ортаға әсер ету нормативтеріне сәйкестігі. 
      12. ТЭН-нің есептерінде пайдаланылатын негізгі деректер нақты құжаттармен расталуы тиіс (министрліктер мен ведомстволардың анықтамалары, ақпараттық бюллетеньдер, бағалы қағаздар мен тауарлардың бағамы, валюта саудасы туралы деректер, ғылыми-зерттеу институттарының сараптамалық қорытындылары және т.б.). Барлық баға көлемдері үшін онда есеп айырысу жүргізілетін нақты күн көрсетілуі тиіс. 
      13. Тиісті орталық атқарушы органның салалық қорытындысы мынадай негізгі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
     1) осы жобаға инвестициялардың қисындылығын растау;
     2) салалық көзқарас тұрғысынан жобаны талдаудың болуы, онда мынадай аспектілер көрсетіледі:
     жобаның сала экономикасының құрылымындағы ролі мен орны, мемлекеттік және салалық даму бағдарламаларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне сәйкестігі;
     жобаның орналасқан жерін және масштабын (өнеркәсіптік қуаттылығын) таңдаудың дәлелділігі;
     шикізат және құрастырушы бұйымдардың рыноктарын талдау;
     өнім сатып өткізу рыноктарын талдау;
     жоба жөніндегі техникалық шешімдердің жеткіліктілігі және тиімділігі;
     сызбасының және қаржыландыру көзінің дәлелділігі;
     3) жобаны МИБ-на енгізудің мақсатқа сәйкестілігі туралы қорытынды.     

5-Тарау. Экономикалық сараптау барысында тексеруге
жататын негізгі мәселелер және қорытындының құрамы

     14. Экономикалық сараптау барысында жоба бойынша берілген құжаттардың мазмұнына талдау жасалады және бағалаулардың мынадай түрлерін орындау негізінде жобаны МИБ-на енгізудің принципті түрде мақсатқа сәйкестілігі тексеріледі:
     1) жобаның инвестициялық басымдықтарға сәйкестігін бағалау;
     2) жобаны институциональдық (ұйымдастырушылық) бағалау;
     3) Жобаның тиісті сараптау органдары орындаған техникалық және экологиялық сараптамаларының жоба бойынша берілген материалдарға сәйкестігі;
     4) жобаны әлеуметтік бағалау;
     5) жобаны қаржылық бағалау;
     6) жобаны экономикалық бағалау (іске асырудың экономикалық мақсаттылығы);
      7) жобаны жоспарланған мерзімдерде аяқтамау, жобаның мақсаттарын орындамау, заемдық қаражаттарды қайтармау қаупін бағалау. 
      15. Жүргізілген талдау мен бағалаулардың негізінде мынадай тұжырымдардың біріне ие болатын қорытынды дайындалады: 
      1) Жоба оң баға алады. Қарау нәтижесінде жобаның қисындылығы және оның қажетті талаптарға сәйкестігі дәлелденді. Инвестициялық жоба МИБ тізбелерінің жобасына енгізіледі және МИБ қалыптастыру жөніндегі Комиссияның қарауына ұсынылады; 
      2) Жоба теріс баға алады. Қарау нәтижесінде елеулі кемшіліктер, қойылатын талаптарға көптеген сәйкессіздіктер анықталды. Жоба қабылданбайды және бұдан әрі белгіленген тәртіппен 1 жыл өткенде қаралуы мүмкін. Сараптау қорытындысының көшірмесі мәлімдеушіге беріледі; 
      3) Жоба одан әрі істеп бітіруді талап етеді. Жоба онда істеп бітіруді талап ететін мәселелердің тізбесі көрсетілген қорытындымен бірге мәлімдеушіге жіберіледі. Жобаны бұдан әрі қарау көрсетілген мәселелерді шешу туралы расталғаннан кейін жүргізіледі; 
      4) Тәуелсіз сараптама жүргізу қажеттігі. Ірі және күрделі жобаларды жан-жақты бағалау үшін олардың орындалу сипаты, көлемі және мерзімдері Агенттіктің құзыреті мен мүмкіндіктерінің шеңберінен асып кететін қосымша зерттеулер талап етіледі. Жоба бойынша материалдар тәуелсіз (оның ішінде халықаралық) сараптама жүргізу мүмкіндігі туралы қарау үшін МИБ қалыптастыру жөніндегі қорытындыда сараптауға шығарылатын негізгі мәселелер көрсетіледі. Жобаны бұдан әрі қарау тәуелсіз сараптамадан кейін қайта басталады.
     16. Агенттіктің жобаның экономикалық сараптамасы жөніндегі 
қорытындысы мынадай бөлімдерді қамтиды:
     1) жобаның қысқаша сипаттамасы (жобаның аты, мәлімдеуші, сметалық құны, іске асыру мерзімі, қуаттылығы, қаржыландыру көзі мен нысаны, мемлекеттік (үкіметтік) кепілдіктің мөлшері, басқа мәліметтер);
     2) тапсырылған және жоқ құжаттардың құрамы туралы қорытынды;
     3) осы Ережелердің 14-тармағында аталған бағалаулардың нәтижелері;
     4) қорытындылар мен ұсыныстар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады