1999 жылғы Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттарының сайлауындағы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер байқаушылары, депутаттыққа кандидаттардың сенім білдірген адамдары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 19 шілдедегі N 17/218 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 26 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 854. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 27 маусымдағы N 91/183 қаулысымен.

  ------------Қаулыдан үзінді------------------

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңның 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сай Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. ....
      3. ....
      
      Төраға
      
      Хатшы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының күші жойылған қаулыларының тізбесі

      1. "1999 жылғы Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттарының сайлауындағы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер байқаушылары, депутаттыққа кандидаттардың сенім білдірген адамдары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 19 шілдедегі N 17/218 қаулысы (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізіліміне 1999 жылғы 26 шілдеде тіркелген, тіркеу N 854).
      2. ....
      3. ....
      4. ....
      5. ....
      6. ....

----------------------------------------------

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы"  Z952464_  Конституциялық заңның 40, 42 және 43-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы  қаулы етеді :
      1. Қоса тiркелiп отырған Қазақстан Республикасындағы сайлауда шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары туралы Ереже бекiтiлсiн.
      2. Қоса тiркелiп отырған Қазақстан Республикасындағы сайлауда қоғамдық бiрлестiктер өкiлдерi, депутаттыққа кандидаттардың сенiм бiлдiрген адамдары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерi туралы Ереже бекiтiлсiн.
     3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi тiркеген сәттен бастап күшiне енедi.     

     

      Қазақстан Республикасы
     Орталық сайлау комиссиясының
     төрайымы     

     Қазақстан Республикасы
     Орталық сайлау комиссиясының
     хатшысы

                                          Қазақстан Республикасы
                                       Орталық сайлау комиссиясының
                                          1999 жылғы 19 шілдедегі
                                            N 17/218 қаулысымен
                                                 бекітілген

 
1999 жылғы Қазақстан Республикасы Парламентiнің және     мәслихаттарының сайлауындағы шет мемлекеттер мен халықаралық 
ұйымдардың байқаушылары туралы 
Ереже  

 
      Осы Ереже Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық жөнiндегi ұйымның Демократиялық институттар және адам құқығы жөнiндегi бюросының (ОБСЕ/БДИПЧ) сайлауды бақылауға Басшылығына сәйкес дайындалды. 
      Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары сайлау процестерiнің барысы туралы қорытындылар жасау үшiн жiберiледi. 
      Бақылау сайлауға байланысты адам құқығын қорғауға, оны бұзушылыққа жол бермеуге көмектесiп, сайлауды адал және әдiлеттi өткiзуге мүмкiндiк туғызады. 
      Байқаушылардың санын оларды жiберген тараптар анықтайды және ол Қазақстан Республикасының Yкiметiмен келiсiлмейдi. 

 
1. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 
байқаушыларын тiркеудiң тәртiбi туралы  

 
      1. Байқаушылар Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанында тiркеледi. 
      Тiркеу үшiн шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларының тегi, аты, жұмыс орны және байқаушыларға куәлiк беруге ыңғайлы болуы үшiн Қазақстан Республикасының қай қаласында болатындығы туралы болжамын көрсетiп Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер министрлiгiне байқаушылар тiзiмiн жiбередi. 

      2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы өз мәжiлiсiнде Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнің ұсынысы бойынша тиiстi шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын тiркеу жөнiнде шешiм қабылдайды. 

      3. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары болып табылмайтын адамдар-олардың үкiметтiк органдары, парламенттерi, үкiметтiк емес ұйымдары Орталық сайлау комиссиясында тiркелмейдi. 

      4. Байқаушылардың өкiлеттiк мерзiмiн Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi. 

      5. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы байқаушыларға олардың сайлау науқанын өткiзу кезiндегi қызметiне негiз болып табылатын белгiленген улгiдегi куәлiктер бередi. 

 

  2. Шет мемлекеттер мен халықаралық 
ұйымдар байқаушыларының өкiлеттiктерi  

 
      6. Байқаушылар тиiстi сайлау учаскесi мен пунктiне келгенде сайлау комиссиясының төрағасына Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы берген өзiнің куәлiгiн көрсетуi қажет.

      7. Байқаушылар:
      1) әрбiр учаскеде, пунктте дауыс беруге арналған учаскелер мен пункттердiң ашылуына қатысуға;
      2) сайлау күнi сайлау учаскелерiнде дауыс беруге арналған пункттерiнде болуға;
      3) сайлау учаскелерiнде, дауыс беруге арналған пункттерде дауыстарды санау барысын бақылауға;
      4) алып жүретiн сайлау жәшiктерiне iлесiп жүруге;
      5) сайлау процессi туралы ақпарат алуға;
      6) алдын-ала ескерте отырып елдің аумақтарында болуға;
      7) көпшiлiкке өз пiкiрiн ашық жария ету;
      8) өз қалауы бойынша адамдармен, саяси партиялар өкiлдерiмен кездесуге құқылы.
      8. Байқаушылар:
      1) өз статусын сайлауды бақылаудан басқа жағдайға пайдаланбауға;
      2) билiк, партиялар, кандидаттар жөнiнде немесе сайлау процедуралары туралы артықшылық көзқарас бiлдiруге немесе басқаша иландыруға;
      3) сайлау процестерiне және дауыс санауға араласпауға;
      4) қандай бiр партияларға немесе кандидаттарға қатысы бар белгiлердi, киiмдер немесе таңбаларды алып жүрмеуге мiндеттi.
      9. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк заңдарын, сайлау комиссиялары белгiлеген Ережелердi орындауға мiндеттi.
      10. Байқаушылар өздерiнiң барлық тұжырымдарын жақсы құжатталған, нақты және тексеруге келетiн фактiлермен негiздеуi тиiс.
      11. Байқаушылар өздерiнiң бақылаулары жөнiнде баспасөз өкiлдерiне немесе басқа ынта білдiрушiлерге күнi бұрын пiкiр бiлдiрудiң алдын алуы керек.        

  3. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар
байқаушыларының қызметiн қамтамасыз ету

      12. Байқаушылар Қазақстан Республикасының аумағында болған уақытта Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қорғауында болады.
      13. Байқаушылардың қызметiн ұйымдастыру және қаржылық қамтамасыз ету оларды жiберген тараптар есебiнен болады.
      14. Байқаушылардың өз функцияларын орындау барысында оларға тиiстi сайлау комиссиялары және Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi қажеттi көмек көрсетедi.

  4. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар
байқаушыларының жауапкершiлiгi

      15. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы"   Z952464_   Конституциялық заңның 40, 42 және 43-баптарына сәйкес байқаушылардың сайлау комиссияларының жұмысына араласуына жол берiлмейдi.
      16. Байқаушылар Қазақстан Ресубликасының заңдарын немесе халықаралық құықтық нормаларын бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы олардың тiркеуiн керi қайтарып алу құқығына ие.

 

                                          Қазақстан Республикасы
                                       Орталық сайлау комиссиясының
                                          1999 жылғы 19 шілдедегі
                                            N 17/218 қаулысымен
                                                бекітілген

 
1999 жылғы Қазақстан Республикасы Парламентiнің және
мәслихаттарының сайлауындағы қоғамдық бiрлестiктер байқаушылары, депутаттыққа кандидаттардың сенiм бiлдiрген адамдары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi туралы
Ереже  

 
1. Қоғамдық бiрлестiктердің байқаушыларын тiркеу тәртiбi

 
      1. Қоғамдық бiрлестiктердiң байқаушылары қоғамдық бiрлестiктердiң республикалық және аумақтық органдарының ұсынуы бойынша аумақтық және округтiк сайлау комиссияларының жанында тiркеледi. 
      2. Қоғамдық бiрлестiктердiң байқаушыларын тiркеу жөнiндегi шешiмдер тиiстi аумақтық және округтiк сайлау комиссияларының мәжiлiстерiнде қабылданады. 
      3. Байқаушылардың өкiлеттiк мерзiмiн тиiстi аумақтық және округтiк сайлау комиссиялары белгiлейдi. 
      4. Тиiстi аумақтық және округтiк сайлау комиссиялары тiркеген кезде қоғамдық бiрлестiктердің өкiлдерiне белгіленген үлгiдегi куәлiктер бередi. 

 
2. Сенiм бiлдiрген адамдардың және қоғамдық
бiрлестiктер байқаушыларының өкiлеттiктерi  

 
      5. Әрбiр сайлау учаскесiнде, дауыс беруге арналған пунктте қоғамдық бiрлестiктердің әрқайсысынан тек бiр байқаушыдан және депутаттыққа түсiп отырған әр кандидаттың бiр ғана сенiм бiлдiрген адамы қатыса алады. 
      6. Байқаушылар және сенiм бiлдiрген адамдар тиiстi сайлау учаскесiне, дауыс беруге арналған пунктке келген кезде өз куәлiгiн учаскелiк сайлау комиссиясының төрағасына көрсетуi тиiс. 
      7. Байқаушылар мен сенiм білдiрген адамдар: 
      1) учаскелердің, дауыс беруге арналған пункттердiң ашылуына қатысуға; 
      2) сайлау күнi сайлау учаскесiнде, дауыс беруге арналған пункттерде болуға; 
      3) дауыстарды санаудың барысын, сондай-ақ сайлау учаскелерiнде, дауыс беруге арналған пункттерде дауыс берудің нәтижелерiн анықтауды бақылауға; 
      4) алып жүретiн сайлау жәшiктерiне iлесiп баруға; 
      5) өздерi бақылауға алған сайлау процестерiндегi бұрмалану фактiлерi туралы учаскедегi учаскелiк сайлау комиссиясының төрағасына хабарлап отыруға; 
      6) егер анықталған бұрмалаушылықтарды түзетуге учаскелiк сайлау комиссиясының төрағасы шара қолданбаған жағдайда, жоғары тұрған сайлау комиссиясына, сотқа, прокуратура органдарына шағымдануға хақылы. 
      8. Байқаушылар және сенiм бiлдiрген адамдар: 
      1) өзiмен бiрге тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары берген куәлiктiң болуына;
      2) өзiнің мiндеттерiн өзгеге қиындық түсiрмейтiндей етіп орындауға, сайлау күнi дауыстарды санауға, басқа сайлау процестерiне араласпауға;
      3) өздерiнің барлық тұжырымдарын жақсы құжатталған, нақты және тексеруге болатын фактiлермен негiздеуге;
      4) учаскелiк сайлау комиссиялары белгiлеген ережелердi орындауға мiндеттi.                

  3. Қоғамдық бiрлестiктердің байқаушылары мен
сенiм бiлдiрген адамдардың жауапкершілiгi

      9. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы"   Z952464_  Конституциялық заңның 40, 42 және 43-баптарына сәйкес қоғамдық бiрлестiктер байқаушыларының және сенiм білдiрген адамдардың сайлау комиссияларының жұмысына араласуына жол берiлмейдi.
      10. Тиiстi сайлау комиссиялары қоғамдық бiрлестiктер байқаушыларының Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған жағдайда оларды тiркеудi қайта шақырып алуға хақылы.

  4. Сайлауға дайындық барысы мен оның қорытындыларын жазып, көрсететiн бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi туралы

      11. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерi жеке куәлiгi мен  редакцияның тапсырмасы болған жағдайда сайлауды өткiзуге байланысты  шараларға қатыса алады.
      12. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi-журналистер,  редакциялардың басшы қызметкерлерi депутаттыққа кандидат болып тiркелсе немесе олардың сенiм бiлдiрген адамдары болса, онда олардың сайлауды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жазып, көрсетуiне тыйым салынады.   

   

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады