Қаржы органдарында жергілікті бюджеттерді атқарудың бухгалтерлік есебі жөніндегі нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 1999 жылғы 25 маусым N 323 Бұйрық. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы N 445 (V043338) бұйрығымен.

      Бұйырамын: 
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1998 жылғы 24 маусымдағы N 288 бұйрығымен бекітілген Қаржы органдарында жергілікті бюджеттерді атқарудың бухгалтерлік есебі жөніндегі нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді. 

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      орынбасары - Қаржы министрі

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің 
1999 жылғы 25.06. 
 N 323 бұйырығымен  
бекітілген     

Қаржы органдарында жергілікті бюджеттерді
атқарудың бухгалтерлік есебі жөніндегі нұсқаулыққа
өзгерістер мен толықтырулар  

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1998 жылғы 24 маусымдағы N 288 бұйрығымен бекiтілген Қаржы органдарында жергiлiктi бюджеттердi атқарудың бухгалтерлiк есебi жөнiндегi нұсқаулыққа мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      Нұсқаулықтың барлық мәтiнi бойынша көпше түрде, сол сияқты жекеше түрде де барлық септеулерде қолданылатын "бюджеттiк ұйымдар", "ұйымдар" деген сөздер ауыстырылатын сөзiнiң септеуiне және жекеше, көпше түрiне тиiсiнше "мемлекеттiк мекемелер" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      Нұсқаулықтың барлық мәтiнi бойынша барлық септеулерде қолданылатын "Қазынашылықтың облыстық (Алматы қаласы) басқармасы", "жеке шоты" деген сөздер ауыстырылатын сөзiнiң септеуiне тиiсiнше "Қазынашылықтың облыстық, Астана және Алматы қалалық басқармасы", "бюджеттiк шоты" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      Нұсқаулықтың барлық мәтiнi бойынша "Қазынашылық органдары" деген сөздер "Қазынашылықтың аумақтық органдары" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      Нұсқаулықтың барлық мәтiнi бойынша "жалпымемлекеттiк салықтар мен кiрiстерден және басқа да төлемдерден", "жалпымемлекеттiк салықтар мен кiрiстерден және басқа да төлемдерден", "жалпымемлекеттiк кiрiстер мен салықтарды", деген сөздер ауыстырылатын сөзiнiң септеуiне тиiсiнше "салықтар, алымдар мен бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдер" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      3-тармақта: 
      "(республикалық маңызы бар қалалар" деген сөздердеи кейiн "(және республиканың астанасы)" деген сөздермен толықтырылсын; 
      екiншi абзацтағы "селолық, ауылдық, поселкелiк және қалалық (аудандық маңызы бар қалалар) әкiмшiлiктерде" деген сөздер ауыстырылатын сөзiнiң септеуiне тиiсiнше "төмен тұрған жергiлiктi атқарушы органдарда" деген сөздермен толықтырылсын;
      6-тармақта:
      бiрiншi абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Материалдық жауапты тұлғаларды қызметке тағайындау, қызметтен босату және ауыстыру бас бухгалтердiң келiсiмiмен жүргiзiледi.";
      8-тармақта:
      он екiншi абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "алынған мiндеттемелердi ескере отырып, бөлiнген лимиттер мен кассалық шығыстар қозғалысының ведомосы (N 132-Б - н.)";
      13-тармақта:
      бесiншi абзац алынып тасталсын;
      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "25. N 011 "Жергiлiктi бюджеттiң бюджеттiк шоты" шотына мыналар:
      мыналардан:
      салықтардан, алымдар мен бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдерден түсетiн түсiмдер;
      салықтық емес түсiмдерден;
      капиталмен жасалатын операциялардан түсетiн кiрiстерден:
      коммуналдық меншiк объектiлерiн жекешелендiруден түсетiн түсiмдерден; 
      аймақтарды өзiн-өзi қамтамасыз ету үшiн сатып алынатын астықты сатудан түсетiн түсiмдерден тұратын жергiлiктi бюджеттердiң кiрiстерi (арнайы экономикалық аймақтардың қаржылық қорларына (бюджеттерiне) есептелетiн сомаларды қоспағанда);
      мыналардан:
      жеке және заңды тұлғалардан немесе шет мемлекеттерден; 
      жоғары тұрған бюджеттерден;
      төмен тұрған бюджеттерден тұратын алынған ресми трансферттер (гранттар);
      жергiлiктi бюджеттерден бұрын берiлген несиелер бойынша негiзгi борышты өтеу";
      жергiлiктi атқарушы органдардың бағалы қағаздарын шығарудан түсетiн түсiмдер;
      аймақтық инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыру үшiн жеке және заңды тұлғалардан, шет мемлекеттерден, сондай-ақ жоғары тұрған бюджеттерден алынған несиелер есептеледi;
      N 011 "Жергiлiктi бюiджеттiң бюджеттiк шоты" шотынан мыналар:
      мыналарды:
      мектепке дейiнгi, жалпы бастауыш, жалпы негiзгi, жалпы орта, жалпы қосымша және орта кәсiби бiлiм берудi;
      әскери қызметке тiркеу және шақыру жөнiндегi шараларды;
      жергiлiктi деңгейде төтенше жағдайлар жөнiндегi жұмыстарды;
      жергiлiктi деңгейде құқық қорғау қызметiн;
      халыққа ақысыз медициналық қызмет көрсетудiң кепiлдiк берiлген көлемiн;
      жергiлiктi деңгейде арнайы медициналық бағдарламаларды;
      маслихаттардың шешiмiне сәйкес әлеуметтiк қамсыздандыру салаларында адрестiк әлеуметтiк көмектi;
      жұмыспен қамтылу бағдарламасын;
      тұрғын-үй бағдарламасын;
      жергiлiктi деңгейде мәдени-ойын сауық бағдарламаларды;
      жергiлiктi деңгейде өнеркәсiп және құрылыс объектiлерiн;
      жергiлiктi деңгейде қоршаған ортаны қорғауды;
      жергiлiктi деңгейде жобалау-iздестiру жұмыстарын жүргiзудi;
      елдi-мекендердi көркейтудi, қалалық жолдары мен көшелердi салуды;
      жергiлiктi маңызы бар жолдарды пайдалану мен қайта құруды;
      жергiлiктi бюджеттерден берiлетiн ресми трансферттердi;
      жергiлiктi атқарушы органдардың борышына қызмет көрсетудi;
      арнайы экономикалық аймақтарды дамыту жөнiндегi бағдарламаларды қаржыландыруға жергiлiктi бюджеттер қаражатын жұмсау; 
      қайтарымды негiзде ақша бөлу жүргiзiледi. 
      Жергiлiктi бюджеттерге артық енгiзiлген салықтарды, алымдарды және мiндеттi төлемдердi жеке тұлғаларға қайтару жағдайларын қоспағанда, жергiлiктi бюджеттiң бюджеттiк шотынан (негiзгi) қолма-қол ақша беруге рұқсат етiлмейдi. 
      Бөлуге рұқсат етiлген қаражаттардың бос қалдығы туралы ақпарат алу үшiн Қазынашылықтың аумақтық органдарынан алатын тиiстi қаржы органдарының күн сайынғы 115 "Бос қалдықтар қозғалысы жөнiндегi ведомость нысанын және облыстық, Астана және Алматы қалалық қаржы басқармаларының 116 "Қаржы органдарының шоттарындағы бос қалдықтардың жиынтық ведомосы" нысанын пайдалану қажет. 
      27-тармақта: 
      алтыншы және жетiншi абзацтар алынып тасталсын; 
      тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: 
      "есепті айдан кейiнгi айдың әрбiр 1-күнiне Қазынашылықтың аумақтық органдары қаржы органдарына: 
      "Алынған мiндеттемелердi ескере отырып, бөлiнген лимиттер мен кассалық шығыстар қозғалысының ведомосы" N 132-Б нысанын; 
      "Жергiлiктi бюджеттiң кассалық шығыстары бойынша ай сайынғы ведомосы" N 152 - нысанын; 
      "Жергiлiктi бюджеттердiң шығыстары бойынша ай сайынғы жиынтық ведомость" N 152-С - нысанын; 
      "Мемлекеттiк мекемелер бойынша жергiлiктi бюджеттердiң шотындағы қаражаттар қалдығының ведомосы" N 074 - нысанын; 
      "Екiншi тәртiптегi бюджеттiк шоттардағы шығыс қалдықтардың ведомосы" N 096 - нысанын бередi."; 
      оныншы абзацтағы екiншi сөйлем алынып тасталсын; 
      28-тармақта: 
      үшiншi абзацтағы "Қазақстан Республикасының тиiстi жылға арналған республикалық бюджетiнде" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Бюджет жүйесi туралы және тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      төртiншi абзацтағы "мөлшерлерi" деген сөз "нормативтерi" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      бесiншi абзацтағы "мөлшерлерiн" деген сөз және "салық органдарымен бiрлесiп" деген сөздер алынып тасталсын және "салықтарды" деген сөзден кейiн ", алымдарды және мiндеттi төлемдердi" деген сөздермен толықтырылсын; 
      алтыншы абзацтағы "мөлшерлерi" деген сөз және "және салық органдарының" деген сөздер алынып тасталсын, "облыстық" деген сөзден кейiн "(қалалық)" деген сөзбен толықтырылсын; 
      сегiзiншi абзацтағы "(республикалық бағыныстағы қалалар)" деген сөздерден кейiн "( және республиканың астанасы)" деген сөздермен толықтырылсын, "тиiстi облыстардың аумағында және республикалық маңызы бар қалалардың шегiнде орналасқан" деген сөздер алынып тасталсын; 
      тоғызыншы абзацтағы "жергiлiктi" деген сөз "жоғары тұрған" деген сөздермен, "түсетiн кiрiстердiң" деген сөздер "түсетiн түсiмдердiң" деген сөздермен ауыстырылсын, екiншi сөйлем алынып тасталсын; 
      оныншы абзацтағы "Салықтар" деген сөзден кейiн ", алымдар және мiндеттi төлемдер" деген сөздермен толықтырылсын, "облыстық (Астана қаласы, Алматы қаласы) салық органдарымен келiсiлген" деген сөздер алынып тасталсын; 
      33-тармақта: 
      екiншi абзацтағы бiрiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Жергiлiктi атқарушы органдар жергiлiктi бюджетте көзделген сомалар шегiнде, оның iшiнде және шағын кәсiпкерлiктi қолдау жөнiндегi несие бередi." 
      34-тармақта: 
      бiрiншi абзацтағы "Қазақстан Республикасының бюджет жүйесi туралы" заңның 26" деген сөздер "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Республикалық бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердi жергiлiктi бюджеттерден ұстауға жол берiлмейдi (Республикалық бюджет туралы заңда көзделген жағдайларды қоспағанда).";
      44-тармақтағы "салық" деген сөз "қаржы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      52-тармақта:
      бiрiншi абзацтағы "1996 жылғы 24 желтоқсандағы N 52-1 "Қазақстан Республикасының бюджет жүйесi туралы" заңына сәйкес" деген сөздер алынып тасталсын;
      54-тармақта:
      екiншi абзацтағы "Бекiтiлген бюджетте көзделген қолма-қол ақшаның айналыстық резервi мен" деген сөздер алынып тасталсын;
      66-тармақ тақырыбымен бiрге алынып тасталсын;
      Нұсқаулыққа қосымша "Бюджеттен қаржы бөлу (белгiленген лимиттер) және кассалық шығыстар лимитiнiң есеп карточкасы" N 8 ЖБ - нысаны алынып тасталсын;
      Нұсқаулыққа N 2 қосымшадағы 2-тармақтың I бөлiмiндегi екiншi абзац алынып тасталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады