Банктiк аудит мәселесiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
1. Банктiк аудит ұйымдастыру бойынша курстар жүргiзу, сондай-ақ банк қызметiне аудит жүргiзуге арналған лицензия алуға үмiткерлердi сынақтан өткiзу тәртiбi туралы нұсқаулық бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
2. Заң департаментi (Сизова С.И.) Банктiк қадағалау департаментiмен (Жұмағұлов Б.Қ.) бiрлесiп осы қаулыны және Банктiк аудит ұйымдастыру бойынша курстар жүргiзу, сондай-ақ банк қызметiне аудит жүргiзуге арналған лицензия алуға үмiткерлердi сынақтан өткiзу тәртiбi туралы нұсқаулықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткiзсiн.
3. Банктiк қадағалау департаментi (Жұмағұлов Б.Қ.) осы қаулыны және Банктiк аудит ұйымдастыру бойынша курстар жүргiзу, сондай-ақ банк қызметiне аудит жүргiзуге арналған лицензия алуға үмiткерлердi сынақтан өткiзу тәртiбi туралы нұсқаулықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткен күннен бастап екi апта мерзiмде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бөлiмшелерiне жiберсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
1999 жылғы 25 маусымдағы
N 142 қаулысымен
бекітілген
Банктiк қызметке аудит ұйымдастыру
бойынша курстар жүргiзу, сондай-ақ банктiк қызметке
аудит жүргізуге арналған лицензия алуға үмiткерлердi
сынақтан өткiзу тәртiбi туралы
Нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасында аудиторлық қызмет мәселелерiн реттейтiн қолданылып жүрген банк заңдарына және заң актiлерiне сәйкес әзiрленген және банктiк қызметке аудит ұйымдастыру бойынша курстар жүргiзу, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрi - банктiк емес ұйымдар) банктiк қызметiне аудит жүргiзуге арналған лицензия (бұдан әрi - лицензия) алуға үмiткерлердi сынақтан өткiзу тәртiбiн белгiлейдi.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi - Ұлттық Банк) Банктердi қадағалау департаментi сынақты өткiзедi және Комиссия отырысына құжаттарды дайындайды.
2-тарау. Банктiк аудит курсының өту тәртiбi
3. Банктiк аудит Комиссиясында лицензия алуға үмiткер үшiн сынақтан және әңгiмелесуден өтудiң мiндеттi шарты банктiк қызметке аудит жүргiзудi ұйымдастыру бойынша курстарда (бұдан әрi - курс) оқу болып табылады.
4. Оқу орталықтарында жоғарыда аталған курстар болмаған жағдайда ондай курстарды Ұлттық Банк ұйымдастырады.
5. Лицензия алатын және қажеттi материалдарды әзiрлейтiн үмiткерлерден өтiнiш жинауды қоса алғанда курсты ұйымдастыруды Ұлттық Банктің қызметкерлермен жұмыс үшiн жауап беретiн бөлiмшесi Банктердi қадағалау департаментiмен бiрге жүзеге асырады.
6. Курстан өтуге жазылу үшiн лицензия алғысы келетiн үмiткер Ұлттық Банкке ерiктi
түрде жасалған тиiстi өтiнiштi тапсырады.
7. Курс кем дегенде жетi өтiнiш болғанда, төрт айда кемiнде бiр рет өткiзiледi.
8. Курстың тақырыбы мiндеттi түрде екiншi деңгейдегi банктердің (бұдан
әрi - банктер) бухгалтерлiк есебiне, банктердi қадағалауға, банктердiң iшкi бақылаудың (аудиттiң) банк операцияларын өткiзуге қатысты мәселелердi қамтуға тиiс.
9. Курс Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен ақылы негiзде жүргiзiледi.
10. Курсты аяқталғаннан кейiн тыңдаушыларға тиiстi сертификат берiледi.
3-тарау. Банктiк аудит комиссиясында сынақты және
әңгiмелесудi өткiзу
11. Сынақ тестiң сұрақтарына жазбаша түрде немесе компьютер техникасын пайдаланып жауап беру жолымен жүзеге асырылады.
12. Сынақ кезiнде ұсынылатын сұрақтардың тiзiлiмiн Комиссия қарайды және оларды Комиссия Төрағасы бекiтедi.
Комиссия мүшелерi қолданылып жүрген заңдарға сәйкес сұрақтарды басқа бiр адамға жария еткенi үшiн жауап бередi.
13. Сұрақтар курста ұсынылған тақырыпқа сәйкес келуге және жауаптың кем дегенде бiр дұрыс жауабы бар үш нұсқасын қамтуға тиiс.
14. Сынақтан өткен кезде үмiткерге кем дегенде 40 сұрақтан тұратын бiр вариант ұсынылады.
Сынақтан өтуге берiлген уақыт 1 (бiр) сағаттан аспауға тиiс.
15. Сынақтан өткен кезде үмiткерлерге анықтамалық, арнайы және өзге де әдебиеттi, сондай-ақ қандай да бiр жазбаларды пайдалануға тыйым салынады. Аталған талаптар бұзылған жағдайда үмiткер сынақтан қуылуы мүмкiн. Сынақтан қуылған үмiткер Банктiк аудиттiң комиссиясына жiберiлмейдi.
16. Дұрыс жауап ұсынылған сұрақтардың жалпы санының 60%-тен астамы болған жағдайда сынақ нәтижесi дұрыс және үмiткер Банктiк аудиттің комиссиясына әңгiмелесуге жiберiлдi деп саналады. Дұрыс жауап ұсынылған сұрақтардың жалпы санының 60% және одан төмен процентi болған жағдайда сынақ нәтижесi дұрыс емес және үмiткер Банктiк аудиттiң комиссиясына
әңгiмелесуге жiберiлмейдi деп саналады.
17. Сынақтан өткеннен кейiн лицензия беру туралы мәселе Комиссия қарауына шығарылады.
4-тарау. Қорытынды ережелер
18. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасы заңдарының нормаларына сәйкес шешiлуге тиiс.
Төраға