Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру кезінде ішкі еңбек рыногын қорғау ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1999 жылғы 2 шілдедегі N 135п бұйрығымен. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2003 жылғы 27 ақпандағы N 37ө бұйрығымен.

      Ішкі еңбек рыногын қорғау жөніндегі мемлекеттің мүдделерін басшылыққа алып және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Шетелдік жұмыс күшін тартуға және жұмыс күшін Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға лицензия беру мәселелері жөніндегі ережелерді бекіту туралы" 1999 жылғы 25 маусымдағы N 862 қаулысын орындау үшін бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған Жұмыс берушілерге шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру кезінде ішкі еңбек рыногын қорғаудың ережесі бекітілсін.
      2. Осы бұйрық облыстық және Астана мен Алматы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармаларына орындау үшін жіберілсін.
      3. Жұмыспен қамту басқармасы тоқсан сайын осы бұйрықтың орындалуына талдау жасасын және басшылыққа шолу ақпарат беріп отырсын.

      Министрдің міндетін атқарушы

Жұмыс берушіге шетел жұмыс күшін тартуға
рұқсат беру кезінде ішкі еңбек рыногын қорғау
Ережесі

      Осы Ереже жұмыс берушіге шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру кезінде ішкі еңбек рыногын қорғау тетігін белгілейді және еңбек рыногындағы жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне, халықтың жұмыспен қамтылуын жоғарылатуға мүмкіндік туғызады.
      1. Жұмыс берушіге шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат республиканың еңбек рыногындағы жағдай және жұмыс іздеп жүрген мамандардың бар екендігі ескеріле отырып беріледі.
      2. Жұмыс берушіге шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат мынадай жағдайларда беріледі:
      1) шетел азаматтарын жұмысқа орналастыратын қызеттерге жергілікті жұмыс күшін тартуға мүмкіндік болмағанда немесе олар жоқ болғанда;
      2) шетел мамандары мен жұмысшыларының біліктілігі жоғары болғанда;
      3) шетел мамандары мен жұмысшыларын кейін ауыстыру үшін жергілікті жұмыс күшін оқытқанда;
      4) шетел мамандары мен жұмысшалырынң өтеусіз (қайырымды) қызмет жасағанда.
      3. Қазақстан Республикасы аумағындағы ұйымдарда бос қызметтерге жұмысқа орналасуға біліктілігі мен мамандығы бірдей бола тұра жергілікті жұмыс күшінің шетел азаматтары алдында басымдық құқығы бар.
      4. Жұмыс берушілер жергілікті жұмыс күшін бос жұмыс орындарға қабылдау үшін шаралар қолдануға міндетті. Жұмыс берушілер шетел жұмыс күшінтартуға рұқсат алғанға дейін бұл шартты орындау үшін:
      1) бар бос орындар мен қажет мамандар туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа ақпарат беруге;
      2) шетел жұмыс күшін тарту жері бойынша жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға бос орындар туралы орнатылған нысан бойынша өтінім беруге;
      3) жұмыссыз азаматтар үшін қосымша жұмыс орындарын құруға міндетті.
      5. Ішкі еңбек рыногын қорғау үшін және халықтың еңбек рыногында бәсекеге әлсіз санаттарын жұмысқа орналастыру үшін шетел жұмысшылары мен мамандарын тарту үшін мынадай шектеулер белгіленді:
      1) рұқсат алу уақытында жұмыс берушілер тартатын шетел азаматтарының жасы 23-тен жас және Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген зейнеткер жасынан үлкен болмауға тиіс;
      2) шетел жұмыс күшін тарту Қазақстан Республикасы  Заңымен белгілеген квота шегінде рұқсат етіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады