-------------------Бұйрықтан үзінді---------------- Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының K010209_ Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi: 43. "Заңды тұлғалардан табыс салығын бюджетке есептеу мен төлеу тәртiбi туралы" N 33 Нұсқаулығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң 1999 жылғы 4 тамыздағы N 929 V990887_ бұйрығы. ----------------------------------------------------- Бүкiл мәтiндегi "Жарлық", "Жарлықтың", "Жарлықпен", Жарлықта", "Жарлыққа" деген сөздер тиiсiнше "Заң", "Заңның", Заңмен", "Заңға", Заңда", "Заңға" деген сөздермен ауыстырылсын; I бөлiмде: 1-тармақта: мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын: "Өзi өндiрген тауарларды сатудан алынған кiрiстер бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлер табыс салығын төлеушiлерге жатпайды."; бесiншi абзац алып тасталсын; 3-4-абзацтар тиiсiнше 4-5-абзацтар болып есептелсiн. мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi заңды тұлғаның өтiнiшi бойынша оның бөлiмшелерiн дербес салық төлеушi ретiнде қарауы мүмкiн."; 2-тармақта: бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "2. Заңды тұлғаға өзiнің қатысушыларынан құрылтайшыларынан бөлек салық салынуы тиiс. Соның iшiнде консорциумда да, жай серiктестiктің шарты бойынша алынған кiрiс оған қатысушылар арасында бөлiнiп, олардың әрқайсысының табысы құрамында салық салынады."; 1-2-абзацтар тиiсiнше 2-3-абзацтар болып есептелсiн. II бөлiмде: 6-тармақ мынадай мазмұндағы төртiншi абзацпен толықтырылсын: "- күдiктi мiндеттемелер бойынша кiрiстер"; 4-13-абзацтар тиiсiнше 5-14-абзацтар болып есептелсiн; он үшiншi абзацта "талаптар" деген сөз "мiндеттемелер' деген сөзбен ауыстырылсын; 8-тармақтың төртiншi абзацында "бағалы қағаздар" деген сөздер "акциялар" деген сөзбен ауыстырылсын;
"10. Заңды тұлғалардың жиынтық жылдық табысынан осы Нұсқауға сәйкес шегерiлуге жатпайтын шығыстардан басқа оны алумен байланысты барлық шығыстар шегерiледi.
Осы Нұсқауда нормалар шегiндегi шығыстарды шегерiмдергi жатқызу жағдайлары анықталуы мүмкiн.";
Мынадай мазмұндағы төртiншi абзацпен толықтырылсын:
"Егер бiр ғана шығыс бiрнеше шығыс бабында көзделсе, онда салық салынатын кiрiстi есептеу кезiнде аталған шығыстар бiр-ақ рет шегерiледi.";
төртiншi, бесiншi абзацтар тиiсiнше бесiншi, алтыншы абзацтар болып есептелсiн.
16-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Бағалау, жайғастыру, жалпы әкiмшiлiк шығыстар және қол қою бонусы мен коммерциялық табу бонусын төлеумен байланысты шығыстарды қоса алғанда жер қойнауын пайдаланушы геологиялық зерттеу, барлау және пайдалы қазбаларды өндiруге дайындық жұмыстарына жұмсаған шығыстары жеке топ құрап, жер қойнауын пайдаланушының ұйғарымы бойынша айқындалған нормалар бойынша пайдалы қазбаларды өндiру басталған сәттен бастап амортизациялық аударымдар түрiнде жылдық жиынтық табыстан шегерiледi, бiрақ осы Нұсқауға 2 қосымшада белгiленген 2 топтың негiзгi құралдарын амортизациялаудың шектi нормаларынан асырылмайды.
Осы шығыстар жер қойнауын пайдаланушы геологиялық зерттеу жүргiзу және табиғи ресурстарды өндiруге дайындық жұмыстары кезеңiнде жасалған шарт шеңберiнде жүзеге асырылған кiрiстер сомасына оларды азайту арқылы түзетiлуi тиiс, пайдалы қазбаларды (тәжiрибелi-өнеркәсiптiк мақсаттардан басқа) сатудан алынған кiрiстерден, осы Нұсқаудың 8-тармағына сәйкес
жылдық жиынтық табыстан шегерiлуге жататын кiрiстерден және осы Нұсқаудың 50-тармағына сәйкес салық салудан босатылған кiрiстерден басқа. Бюджетке жер қойнауын пайдаланушы нақты төлеген мемлекет келiсiм-шарт аумақтарында жұмсаған тарихи шығыстарды өтеу сомалары шегерiлуге жатады."; 2-3-абзацтар тиiсiнше 4-5-абзацтар болып есептелсiн; 20-тармақтың үшiншi абзацында "бағалы қағаздар" деген сөздерден кейiн "мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық идентификациялау нөмiрiн беру" деген сөздермен толықтырылсын; 22-тармақтың бiрiншi абзацында "бес "деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын; III бөлiмде: 39-тармақта: мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын: "Салықтың есептелген сомасы жылдық жиынтық табыс декларациясында және жұмсалған шығыстарда көрсетiледi."; үшiншi-бесiншi абзацтар тиiсiнше төртiншi-алтыншы абзацтар болып есептелсiн; Ү бөлiмде: 50-тармақта:
екiншi абзацта "Қазақстан Республикасы Қызыл Кресi" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасы "Чернобыль" Одағы" деген сөздермен толықтырылсын;
52-тармақта:
",сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың бағалы қағаздары бойынша" деген сөздер алып тасталсын;
"зейнетақы қаражаттарын мемлекеттiк бағалы қағаздарда орналастырудан алынған инвестициялық кiрiстер есебiнен құралған зейнетақы жинақтаушы қорлардың зейнетақы төлемдерi" деген сөздермен толықтырылсын;
ҮI бөлiмде:
58-тармақта:
үшiншi абзацта "Шаруа (қожалық) шаруашылықтары мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер" деген сөздер "Заңды тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Шаруа (қожалық) шаруашылықтары мен жердi пайдаланып ауыл шаруашылығы өнiмдерi өндiрiсiмен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер" деген сөздер "олар үшiн жер негiзгi өндiрiс құралы болып табылатын немесе қызметi ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру үшiн жердi пайдаланумен байланысты заңды тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
67-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"Резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесi осы тұрақты мекеменiң таза табысына салықты есептi жылы жүргiзiлген шегерiмдер мен жылдық жиынтық табыс декларациясы тапсырылған күннен бастап 10 күн iшiнде төлейдi, бiрақ есептi жылдан кейiнгi жылдың 10 сәуiрiнен кешiктiрмей.";
72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"72. Салық төлеушіден негiзделген жазбаша өтiнiш алынса, аумақтық салық органының басшысы тиiстi салық органының басшысымен келiсiп осы Нұсқауда белгiленген жергiлiктi бюджетке толық көлемде төленуi тиiс салықтар және (немесе) айыппұлдарды төлеу мерзiмiн ұзартуға құқылы, бiрақ бiр салық жылынан асырмайды.
Салық төлеушiнiң тiркелген жерi бойынша жергiлiктi атқарушы органның өтiнiшi алынғаннан кейiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiп осы Нұсқауда белгiленген осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде аталмаған салықтар және (немесе) айыппұлдарды төлеу мерзiмiн ұзартуға құқылы, бiрақ бiр салық жылынан асырмайды.
Салықтар және (немесе) айыппұлдарды төлеу мерзiмiн ұзарту тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
Салықтар төлеу мерзiмiн ұзарту осы Нұсқаудың 72-1-тармағында көзделген жағдайлардан басқа жағдайларда бюджетке салықтар жарнасын уақтылы енгiзбегенi үшiн өсiмнен босатпайды.
Салық төлеушiлерге төлем көзiнде ұсталған заңды тұлғалардан табыс салығын төлеуге пұрсат берiлмейдi.
Салықтар және (немесе) айыппұлдарды төлеу мерзiмiн ұзарту құқығы құқықты басқа тұлғаға беру кезiнде берiлмейдi.
Салықтар және (немесе) айыппұлдарды төлеу мерзiмiн ұзартуға оларды төлеу бойынша өз мiндеттемелерiн қамтамасыз етуге кепiл берiлгеннен кейiн рұқсат берiледi.
Салық органдары мен салық төлеушiлер арасындағы кепiл қатынастарына Заңда реттелмеген бөлiгiндегi кепiл туралы жалпы ережелер қолданылады."
Мынадай мазмұндағы 72-1 тармақпен толықтырылсын:
"72-1. Олардың бiрден бiр қызметi - жылу өндiру, бөлу және тасымалдау салаларында қызмет көрсету болып табылатын заңды тұлғаларға салықтар және (немесе) айыппұлдарды төлеу мерзiмiн ұзарту кезiнде пұрсат берiлген кезеңге өсiм есептелмейдi."
79а-тармағында "100" цифры "50" цифрымен ауыстырылсын.
1 қосымшада:
"Жылдық жиынтық табыс пен жүргiзiлген шегерiстер туралы декларация" 100 нысанында:
мынадай редакцияда қосымша жолдар енгiзiлсiн:
"3-1 Күдiктi мiндеттемелер бойынша кiрiстер";
"14-1. 138-1 бапқа сәйкес бағаны түзету кiрiстерi";
34-жолдың 3) тармақшасында "және жергiлiктi атқарушы органдардың бағалы қағаздарына" деген сөздер алып тасталсын;
Заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы мен жүргізілген шегерiстерi туралы декларацияны толтыру жөнiндегi нұсқаулықта:
"Салықтар және айыппұлдарды төлеу мерзiмiн ұзарту" бөлiмiнiң мазмұны мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Салық төлеушіден негiзделген жазбаша өтiнiш алынса, аумақтық салық органының басшысы тиiстi салық органының басшысымен келiсiп осы Нұсқауда белгiленген жергiлiктi бюджетке толық көлемде төленуi тиiс салықтар және (немесе) айыппұлдарды төлеу мерзiмiн ұзартуға құқылы, бiрақ бiр салық жылынан асырмайды.
Салық төлеушiнің тiркелген жерi бойынша жергiлiктi атқарушы органның өтiнiшi алынғаннан кейiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiп осы Нұсқауда белгiленген осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде аталмаған салықтар және (немесе) айыппұлдарды төлеу мерзiмiн ұзартуға құқылы, бiрақ бiр салық жылынан асырмайды.
Салықтар және (немесе) айыппұлдарды төлеу мерзiмiн ұзарту тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
Салықтар төлеу мерзiмiн ұзарту осы Нұсқаудың 2-тармағында көзделген жағдайлардан басқа жағдайларда бюджетке салықтар жарнасын уақтылы енгiзбегенi үшiн өсiмнен босатпайды.
Салық төлеушiлерге төлем көзiнде ұсталған заңды тұлғалардан табыс салығын төлеуге пұрсат берiлмейдi.
Салықтар және (немесе) айыппұлдарды төлеу мерзiмiн ұзарту құқығы құқықты басқа тұлғаға беру кезiнде берiлмейдi.
Салықтар және (немесе) айыппұлдарды төлеу мерзiмiн ұзартуға оларды төлеу бойынша өз мiндеттемелерiн қамтамасыз етуге кепiл берiлгеннен кейiн рұқсат берiледi.
Салық органдары мен салық төлеушiлер арасындағы кепiл қатынастарына Заңда реттелмеген бөлiгiндегi кепiл туралы жалпы ережелер қолданылады.
2. Олардың бiрден бiр қызметi - жылу өндiру, бөлу және тасымалдау салаларында қызмет көрсету болып табылатын заңды тұлғаларға салықтар және (немесе) айыппұлдарды төлеу мерзiмiн ұзарту кезiнде пұрсат берiлген кезеңге өсiм есептелмейдi."
"160-163-баптар. Өсiмдер мен айыппұлдар"
бiрiншi абзацта "100" цифры "50" цифрымен ауыстырылсын.
"Жылдық жиынтық табыс" бөлiмiнде:
5-тармақ мынадай мазмұндағы тармақшалармен толықтырылсын:
"3-1) Күдiктi мiндеттемелер бойынша кiрiстер";
"14-1) 138-1 бапқа сәйкес бағаны түзету кiрiстерi";
"2 қосымша. Сыйақы (мүдде) нысанындағы кiрiс" бөлiмiнен кейiн мынадай мазмұндағы бөлiммен толықтырылсын:
"3-1 жол. Күдiктi мiндеттемелер бойынша кiрiстер.
Сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетiлген қызметтер) бойынша туындаған және туындаған сәттен бастап екi жыл iшiнде қанағаттандырылмаған мiндеттемелер күдiктi деп танылып, салық төлеушiнiң жылдық жиынтық табысына енгiзiлуi тиiс.
Мұның өзiнде салық төлеушi мiндеттеме сомасын, кредитордың атауын және мiндеттеме құралған жылы мен айы, мiндеттеме сомасын растайтын құжаттың нөмiрi мен күнi еркiн нысанда көрсетiп қосымшаны жасайды."
"12-жол. Мiндеттемелердi есептен шығару кiрiстерi" бөлiмiнде екiншi және үшiншi абзацтары алып тасталсын.
"13-жол. 20-баптың 7-тармағына және 42-баптың 3-тармағына сәйкес кiрiстер" бөлiмiнде:
екiншi абзацта "инфляция деңгейi" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының үкiметтiк кепiлiмен қамтамасыз етiлген заем қаражатына құрылысы жүзеге асырылған үйлердің құнын қайта бағалау сомасынан басқа осы заем қаражатын қайтару сәтiнде туындаған терiс бағам айырмасының сомасына," деген сөздермен толықтырылсын;
"14-жол. 44-бапқа сәйкес өтелетiн шегерiмдер" бөлiмiнен кейiн мынадай мазмұндағы бөлiммен толықтырылсын:
"14-1) 138-1 бапқа сәйкес бағаны түзету кiрiстерi";
Бұл жолды салық төлеуші осы Нұсқаудың ІІ-І бөлімі негізінде толтырады."
"17-жол. 13-бапқа сәйкес жиынтық табысты түзету":
төртінші абзацта "бағалы қағаздар" деген сөздер "акциялар" деген сөздермен ауыстырылсын;
"8 қосымша. Күдікті талаптар" бөлімінде соңғы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қайтымсыз дебиторлық берешектер мен өндіріп алынуы мүмкін емес басқа
да қарыздарды және (немесе) бухгалтерлік есептегі шығыстарға жатқызылған күдікті қарыздар бойынша резерв жасалуы салық есебінде ескерілмейді.". "33-жол. 27-бапқа сәйкес көшірілген кәсіпкерлік қызмет шығыстары" бөлімінде: бірінші абзацта "бес" деген сөз үш" деген сөзбен ауыстырылсын; "34-жол. 34-бапқа сәйкес салық салудан босатылған кірістер" бөлімінде: үшінші тармақшада: ", сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың бағалы қағаздары бойынша" деген сөздер алып тасталсын; "Негізгі құралдарды есепке алу мен салық мақсатында амортизацияны есептеу тәртібі" 2 қосымшада: 2-тармақта: "8. Коммуникация жабдықтары: коммутация мен мәліметтер берудің цифрлы электронды жабығы, хабар беру цифрлы жүйелерінің жабдығы, байланыс цифрлы өлшеу техникасы; 25 спутник, ұялы байланыс, радиотелефон, пейджинг және транкинг байланыс жабдықтары; 15 байланыс желілері, аналог жабдығы, коммутациялар мен хабар беру жүйелері. 10"; 4-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының үкіметтік кепілімен қамтамасыз етілген заем қаражатына құрылысы жүзеге асырылған үйлердің құнын қайта бағалау сомасынан басқа осы заем қаражатын қайтару сәтінде туындаған теріс бағам айырмасының сомасына,"
"Салық есептеулерi кезiнде залалдарды көшiру тәртiбi" 3 қосымшасында:
Кәсiпкерлiк қызмет залалдары (жылдық жиынтық табыстан асқан шегерiмдерден асырылуы) келешектегi кезеңдердiң салық салынатын кiрiсiн өтеу үшiн бес жыл мерзiмге дейiн көшiрiледi.
Осы ереже 1999 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданылады."
Мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
"2. 1999 жылғы 1 қаңтардан залалдарды көшiру келешектегi кезеңдердiң салық салынатын кiрiс есебiнен өтеу үшiн үш жыл мерзiмде жүргiзiледi.
Көшiру тәртiбi осы қосымшаның 1-тармағына сәйкес жүргiзiледi.
Мұның өзiнде салық төлеушi 1999 жылғы 1 қаңтарға дейiн және аталған күннен кейiн тартқан залалын жеке ескерiп, жылдық жиынтық табыс пен олар бойынша жүргiзiлген шегерiмдер туралы еркiн нысанда жасалған декларацияны аумақтық салық органына бiр мезгiлде тапсырады."
5-Қосымшада:
Жетiншi абзац алып тасталсын.
Бiрiншi мысалдағы "1997 жылдың 20 мамырына дейiн 9 млн теңге
төленбеген жағдайда, кәсiпорынға төлем күнi бойынша өсiмдер есептеледi" сөйлемi алып тасталсын. Екiншi мысалдағы үшiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын: "Өйткенi, аванстық төлемдер сомасынан табыс салығы асуы 25 проценттен (156: 120 х100-100) астамды құрады, кәсiпорын салық салынатын кiрiстің 5 % мөлшерiнде айыппұл төлейдi. "N1 нысаны" 7А қосымшасының 6-тармағында және 7Б қосымшаның 7-тармағында "аты-жөнi, лауазымы көрсетiледi" деген сөздерден кейiнгi "(amount in figures and words)" деген сөздер "(name and title)" деген сөздермен ауыстырылсын. Оқығандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.
"Заңды тұлғаларға табыс салығын бюджетке төлеу мен есептеу тәртібі туралы" N 33 Нұсқауға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Күшін жойғанБекітілді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің 1999 жылғы 4 тамыз N 929 бұйрығымен. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 10 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 887. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығымен.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз