"Көлік құралдарына салынатын салықты есептеу мен төлеу тәртібі туралы" N 39 Нұсқауға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Бекітілді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрінің 1999 жылғы 4 тамыз N 929 бұйрығымен. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 24 тамызда тіркелді. Тіркеу N 901. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығымен.

-------------------Бұйрықтан үзінді---------------- Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы
 
      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының K010209_ Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына сәйкес
                                БҰЙЫРАМЫН:
      Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi:
      43. "Көлiк құралдарына салынатын салықты есептеу мен төлеудiң тәртiбi туралы" N 39 Нұсқаулығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң 1999 жылғы 4 тамыздағы N 929 V990901_ бұйрығы. -----------------------------------------------------
 
      1. Бүкiл мәтiндегi:
      "Салық және бюджетке басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 1995 жылғы N 2235 Заң күшi бар Жарлығы" деген сөздер "Салық және бюджетке басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы N 2235 Заңы" деген сөздермен ауыстырылсын; "Жарлық", "Жарлықтың", "Жарлықпен", "Жарлықта", "Жарлыққа" деген сөздер тиiсiнше "Заң", "Заңның", "Заңмен", "Заңда", "Заңға" деген сөздермен ауыстырылсын; 2. мынадай мазмұндағы 2-1 тармағымен толықтырылсын: "2-1. Көлiк құралдарына салық төлеушiлерге Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн транспорттық құралдарға қажеттiлiк нормативтерi шектерiнде бiртұтас жер салығын төлеушiлер жатпайды. Көлiк құралдары бойынша қажеттілік нормативтерiнен жоғары белгiленген салық осы нұсқауға сәйкес төленедi.". 3. 3 тармақта: мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын: 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап бiрiншi абзацтың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "1 Жеңiл автомобильдер: 1100*) қоса дейiн 4,0 1100-ден 1500-ге дейiн 6,0 1500-ден 2000-ға дейiн 7,0 2000-нан 4000-ға дейiн 22,0 4000-нан жоғары 117,0"; екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "7 айлық есептiк көрсеткiштер ставкасы бойынша салық салынатын 1500-ден 2000-ға дейiнгi текше сантиметрден астам двигатель көлемi және 22 айлық есептiк көрсеткiштер ставкасы бойынша салық салынатын 2000-нан 4000-ға дейiнгi текше сантиметрден астам двигатель көлемi кезiнде салық сомасы әрбiр аталған двигатель көлемiнiң асу бiрлiгi үшiн 12 теңгеге өседi. Жеңiл автомобильдің салық салынатын двигатель көлемiнен асу мөлшерiн анықтау үшiн белгiленген салық мөлшерiне байланысты 1500 текше сантиметр немесе 2000 текше сантиметр ұстап қалынады.".
      сегiзiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Көлiк құралының пайдалану - мерзiмi көлiк құралының шығарылу сәтiнен бастан есептеледi, ол техникалық төлқұжатта (әуе кемесiнің ұшуға пайдалану жөнiндегі нұсқауында) көрсетiледi.". 4. 8-тармақ мынадай мазмұндағы мысалмен толықтырылсын: Мысал. Жеке тұлғаның 1997 жылы жасап шығарылған, двигатель көлемi 1600 текше сантиметр сенiмгерлiк басқару құқығымен жеке меншiгiнде ВАЗ-2106 бар. Осы Нұсқаудың 3-тармағына сәйкес жеңiл автомобильдердiң 1500-ден 2000-ға дейiнгi двигатель көлемi кезiнде салық сомасы әрбiр двигатель көлемiнiң асу бiрлiгi үшiн 12 теңгеге өседi. Яғни, бiздiң мысалымызда ВАЗ-2106 автомобилiнiң двигатель көлемiнiң 1500 текше сантиметрде двигатель көлемiнен асуы 100 текше сантиметр (1600-1500) құрайды. Сәйкесiнше, көлiк құралдарына 1999 жылдың екiншi тоқсанына салынатын салық мынаны құрайды: (7 х 715) + (100 х 12) = 6205 теңге 6205 х 0,3 = 1862 теңге онда 7-салық ставкасы; 715-1999 жылдың 3 тоқсанына есептiк айлық көрсеткiш; 100-1500 текше сантиметр двигатель көлемiнен двигатель көлемiнiң асуы; 12-әрбiр асу бiрлiгi үшiн салық ставкасы; 0,3-олардың пайдалану мерзiмi 6 жылдан аспайтын ТМД шығарған машиналар үшiн түзету коэффициентi." 5. 10-тармақ мынадай абзацпен толықтырылсын: "Декларация мынадай тәртiпте толтырылады: 2 бағанда көлiк құралының түрi, маркасы, моделi көрсетiледi;
      3 бағанда техникалық төлқұжаттар мәлiметтерiне сәйкес жеңiл көлiк құралдары мен ұшу аппараттарының шығарылған жылы көрсетiледi;
      4 бағанда көлiк құралының осы түрiнiң, маркасының, моделiнiң саны көрсетiледi;
      5 және 6 бағандарда осы нұсқаудың 3-тармағына сәйкес салық салу объектiсi мен салық ставкасы көрсетiледi;
      7 бағанда 1500-ден 2000-ға дейiнгi текше сантиметрден астам және 2000-нан 4000-ға дейiнгi текше сантиметрден астам жеңiл автомобильдердiң двигатель көлемiнiң асуы көрсетіледi;
      8 бағанда мына формула бойынша белгiленген салық сомасы көрсетiледi: 8 баған = 6 баған + (7 баған х 12 теңге);
      9 бағанда осы нұсқаудың 3-тармағына сәйкес жеңiл автокөлiк құралдары бойынша түзету коэффициентi көрсетiледi;
      10 бағанда түзету коэффициентiн есепке ала отырып салық сомасы көрсетiледi: 8 баған х 9 баған;
      11 бағанда автокөлiк құралдарының санын есепке ала отырып жалпы салық сомасы көрсетiледi;
      "Ағымдағы төлемдер есебi бойынша есептелдi" жолы бойынша Ағымдағы төлемдер есебiне сәйкес салық төлеушiнiң жеке шотына есептелген салық сомасы көрсетiледi:
      "Қоса есептеуге (+) Азайтуға (-)" жолдары бойынша Ағымдағы декларация және есеп бойынша салық сомасы арасындағы айырма көрсетiледi;
      "Анықтама бойынша Қоса есептеуге (+) Азайтуға (-) жолы бойынша "Жалпы" көлiк құралдарының анықтамасы жолы бойынша сомасы көрсетiледi;
      "Жалпы Қоса есептеуге (+) Азайтуға (-)" жолы бойынша алдағы жолдардың екi мәлiметтер сомасы көрсетiледi;
      "Ағымдағы төлемдер төлендi" жолы бойынша Декларацияны ұсыну күнiне бюджетке төленген салық сомасы көрсетiледi;
      "Мерзiм бойынша қоса төлеуге" жолы бойынша төленбеген салық сомасының қалдығы көрсетiледi;
      "Азайтуға" жолы бойынша осы салық бойынша асыра төлеу сомасы көрсетiледi."
      6. Мынадай мазмұндағы 10-1 тармағымен толықтырылсын:
      "10-1. 2000 жылдан бастап заңды тұлғалар көлiк құралдарына салық бойынша Декларацияны тапсыру сәтiнде салық органына 5-қосымшаға сәйкес тиiстi жылға Ағымдағы төлемдер есебiн тапсырады.
      Ағымдағы төлемдер есебi бойынша ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша бар көлiк құралдары бойынша жасалады.".
      7. Мынадай мазмұндағы 10-2 тармағымен толықтырылсын:
      "10-2. Олар бойынша есептi жылда көлiк құралдарына төленген салық, есептi жылда есептен шыққан көлiк құралдары бойынша және олар бойынша алдыңғы иесiмен салық толық төленген, сатып алынған көлiк құралдары бойынша осы Нұсқауға 6-қосымшаға сәйкес Көлiк құралдары қозғалысының анықтамалығы жасалады. Көлiк құралдары қозғалысының анықтамалығы мәлiметтерi бойынша декларацияға салық сомасының түзетуi жүргiзiледi. Көлiк құралдарының қозғалыс анықтамалығы мынадай тәртiпте толтырылады: 2 бағанда есептi жылда сатып алынған немесе есептен шығарылған көлiк құралдары көрсетiледi; 3 және 4 бағандарда көлiк құралдарының есептен шығарылған немесе сатып алынған күндерi көрсетiледi; 5 бағанда төленуге тиiс салық сомасы көрсетiледi; 6 бағанда бюджетке төленген салық сомасы көрсетiледi; 7 бағанда есептен шығарылған көлiк құралдары бойынша "+" белгiсiмен қоса есептеуге төленген салық сомасы көрсетiледi, есептi жылда сатып алынған көлiк құралдары бойынша- "-" белгiсiмен бұрынғы иесi азаюға төлеген салық. Анықтама бойынша жиынтық салық сомасы Көлiк салығы бойынша декларацияға көшiрiледi.". 8. 1-қосымша мынадай редакцияда жазылсын; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бас салық инспекциясының 1995 жылғы 21 маусымдағы N 39 нұсқауына 1 қосымша Көлік құралдарына салық декларациясы Кәсіпорын _______________ (бірлестік, ұйым) банк мөртабаны _______________ (банк шоттары) СТТН __________________________________ бойынша (заңды тұлғаның атауы) _____________________________ (салық төлеушінің мекен-жайы) ____________________________ (телефон) ______________ жыл үшін __________________________________________________________________________ N Көлік құралдарының түрі, Көлік Көлік Салық маркасы, моделі құралының құралының салынатын шығарылған саны объекті* жылы _____ж. "__"_____, бірлік __________________________________________________________________________ 1 2 3 4 5 __________________________________________________________________________ Жиынтығы: __________________________________________________________________________ Ағымдағы төлемдер есебі х х х бойынша есептеледі Қосып төлеуге (+), х х х Кемітуге (-) Анықтама бойынша*** х х х Қосып төлеуге (+), Кемітуге (-) Барлығы: х х х Қосып төлеуге (+), х х х Кемітуге (-) Ағымдағы төлемдер төленді х х х Мерзім бойынша ақы төлеуге х х х Кемітуге х х х __________________________________________________________________________ Салық төлеушінің заң алдындағы жауапкершілігі таблицаның жалғасы __________________________________________________________________________ Салық Двигатель көлемінің Салық Түзету Салық Салықтың ставкасы 1500-2000 текше сомасы** коэффициенті Сомасы жалпы см.-ден жоғары және (8х9- сомасы 2000-4000 текше топтар) (10-х 4- см.-ден жоғары топтар) асқанда (теңге) (теңге) (текше см) (теңге) __________________________________________________________________________ 6 7 8 9 10 11 __________________________________________________________________________ х х х х х х х х х х х х х х х х х х х х х х х х х х х х х х х х х х х х х х х х х х Біз осы декларацияда көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен растығы үшін заң алдында жауап береміз. Басшы _________________ _______________ (аты-жөні) (қолы) Бас бухгалтер _________ _______________ (аты-жөні) (қолы) _______________ күні МО Декларация жасау бойынша қызмет көрсеткен аудитор __________________ _______________ (аты-жөні, СТТН) (қолы) МО Салық комитетінің бастығы ______________ ___________ (аты-жөні) (қолы) Бөлім бастығы ___________ ___________ (аты-жөні) (қолы) Ескерту. 3 және 9 бағаналар жеңіл көлік құралдары және ұшатын аппараттар бойынша ғана толтырылады ______________________ *) Осы нұсқаудағы 3-тармақшаға сәйкес салық салынатын объект көрсетілген **) Мынадай формула бойынша жеке әрбір автомобиль үшін салық сомасы анықталады: 8-топ=6-топ+(7-топ х12) ***) Көлік құралдарының қозғалысы туралы анықтама бойынша салық сомасы көрсетіледі (Көлік құралдарына салық бойынша декларацияға қосымша). 9. мынадай мазмұндағы 5-қосымшамен толықтырылсын;
Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігі Бас салық инспекциясының 1995 жылғы 21 маусымдағы N 39 нұсқауына 5 қосымша
 
Кәсіпорын (бірлестік, ұйым) мөртабаны
 
               Көлік құралдарына салық бойынша ағымдағы төлемдер есебі ____________________________ бойынша (төлеуші атауы) ____________ жылға СТТН _______________ (банк) _________________________ ________________ (салық төлеушінің мекен-жайы) (банк шоттары) _________________________ (телефоны) _________________________________________________________________________ N Көрсеткіш Осы төлеуші р/с бойынша _________________________________________________________________________ 1 Алдыңғы жыл үшін Декларация бойынша салық сомасы 2 Ағымдағы жылдың 1 шілдесі мерзімі бойынша төлеуге тиесілі салық сомасы Басшы ______________________ _________________ (Аты-жөні) (қолы) Бас бухгалтер________________ _________________ (Аты-жөні) (қолы) ______________ күні МО 10. мынадай мазмұндағы 6-қосымшамен толықтырылсын;
Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігі Бас салық инспекциясының 1995 жылғы 21 маусымдағы N 39 нұсқауына 6 қосымша
 
Кәсіпорын (бірлестік ұйым) мөртабаны
 
                   Көлік құралдарының қозғалысы туралы анықтама* ________________________ бойынша (төлеуші атауы) _____________ жыл үшін СТТН _______________ (банк) _____________________ _______________ (салық төлеушінің мекен-жайы) (банк шоттары) _____________________ (телефоны) _________________________________________________________________________ N Көлік құралдарының түрі, Күні Көлік р/с маркасы, моделі құралдарының саны, бірлік _________________________________________________________________________ 1 2 3 4 _________________________________________________________________________ Есепті жылды есептен шығарылған Жиынтығы: Есепті жылда түскен салығы төленген көлік құралдары: Жиынтығы: Барлығы: _________________________________________________________________________ таблицаның жалғасы _________________________________________________________________________ Салық Бюджетке төленген Қосып есептеуге (+), сомасы салық сомасы Кемітуге (-),* _________________________________________________________________________ Басшы ______________________ _________________ (Аты-жөні) (қолы) Бас бухгалтер________________ _________________ (Аты-жөні) (қолы) ______________ күні МО * - Олар бойынша көлік құралдары салығы есепті жылы төленіп, есепті жылы есептен шығарылған және бұрынғы иесі салықты толық төлеген, сатып алынған көлік құралдары бойынша анықтама жасалады. 11. 3 (жетiншi және сегiзiншi абзацтардан басқа), 5, 6, 7, 8, 9 және 10 тармақтардың ережелерiнiң осы өзгерiстерi 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi. Оқығандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады