ҚР МКМ Салық полициясы Академиясына оқуға кандидаттарды іріктеу Ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Кіріс министрлігі Салық полициясы комитеті 1999 жылғы 7 қыркүйек N 91 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 27 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 912. Күші жойылды - ҚР Қаржы полициясы Агенттігі төрағасының 2001 жылғы 6 маусымдағы N 81 бұйрығымен. ~V011681

      ҚР МКМ Салық полициясы комитетінің Салық полициясы Академиясына кандидаттарды сапалы іріктеу және уақытылы қамтамасыз ету, қабылдау емтихандарын өткізу және кандидаттарды тыңдаушы қатарына қабылдау мақсатында бұйырамын:
      1. ҚР МКМ Салық полициясы комитетінің Салық полициясы Академиясына

оқуға кандидаттарды іріктеу Ережесі бекітілсін.
     2. Осы Ереже талаптары ҚР Кеден комитеті органдарына таратылсын.
     3. Салық полициясы Академиясы бастығына және Салық полициясы 
комитетінің территориялық бөлімшелер бастықтарына:
     жеке құрамға бұйрықпен таныстыруды ұйымдастыру;
     бекітілген Ережеге сәйкес Салық полициясы Академиясына оқуға 
кандидаттарды сапалы іріктеу және уақытылы қамтамасыз ету.
     4. Бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Салық полициясы Академиясының 
бастығына (Қоғамов М.Ч.) жүктелсін.
     5. Бұйрық ҚР Әділет Министрлігінде тіркелген күннен бастап күшіне 
енеді.
     
     Мемлекеттік Кірістің
     Бірінші вице-Министрі -
     Салық полициясы комитетінің
     төрағасы, Салық полициясы
     генерал-майоры
                                                       Бекітілді
                                                     ҚР МКМ Спк-нің
                                                       бұйрығымен
                                                  N 91 7 қыркүйек 1999 ж.
     
                ҚР МКМ СПК Салық полициясының Академиясына
                     оқуға кандидаттарды iрiктеу
                               Ережесі
     
     1. Жалпы ережелер
     


      1. Бұл Ереже ҚР МКМ СПК Салық полициясы Академиясына оқуға кандидаттарды iрiктеу шартымен белгiленген, сондай-ақ Академияда және Салық полициясы Комитетiнің территориялық бөлiмшелерiнде iрiктеу жұмыстарын ұйымдастыру белгiлi тәртiппен жүргiзіледi.
      2. Академия Салық полициясының бөлiмшелерi үшiн мамандармен толықтыру мақсатында, жоғары бiлiктi мамандармен ауыстыру барысында орта - басқарушы құрам кадрларын даярлайды.
      3. Салық полициясы Академиясы және территориялық кадрлар аппараты оқуға кадрларды iрiктеу жұмыстарын сапалы жүргiзуде осы Ереженi басшылыққа алады.
      4. Салық полициясы бөлiмшелерiнен күндiзгi оқу бөлiмiне түсуге келген кандидаттар барып-қайту жол ақысын өздерi қызмет iстейтiн бөлiмшелерден қайтарып алады.
      5. Академияға оқуға түскiсi келген кандидаттар емтихан кезiнде казармалық жағдайда орналастырылады. Олар өз қаражаты есебiнен солдаттық мөлшер бойынша тамақтанады және тұрмыстық жағдаймен қамтамасыз етiледi.
      6. Академиядағы толық оқу курсы әскери қызметiн өтеумен теңестiрiледi және оқыған уақыты Салық полициясы комитетiнде қызмет өтелiне қосылады.
      7. Салық полициясы Академиясына оқуға басқа мемлекеттің азаматтары қабылдануы мүмкiн, сондай-ақ басқа министрлiктердiң жолдамалары бойынша ҚР азаматтары Қазақстан Республикасы МКМ-нің халықаралық және Үкiмет аралық келiсiм негiзiнде контракт бойынша қабылданады.

      2. Iрiктеу шарты және оқуға жiберу

      8. Салық полициясы Академиясына орта және орта арнаулы бiлiмi бар, Салық полициясы комитетi қызметкерлерiнің талап-тiлектерiне сай келетiн, әскери қызметке және оқуға денсаулығы жарамды ҚР азаматтары оқуға iрiктелiнедi.
      9. Академияда оқу үшiн Салық полициясы бөлiмшелерінің кадр аппаратымен Кеден қызметi территориялық бөлiмшелердің жетекшiлерiмен тығыз қарым-қатынаста болып,кандидаттарды iрiктеумен оқып-үйренудi жүзеге асырады. Академияны бiтiрушiлер Ережеге сай жолдамамен келген бөлiмшелерiнде ҚР МКМ СПК-нің келiсiмi мен әрi қарай қызметiн өткередi.
      10. Оқуға кандидаттарды iрiктеу Салық полициясы комитетiнің, Академияның және Салық полициясы бөлiмшелерiнiң кадрлар аппараты жетекшiлерінің төрағалығымен, Салық полициясы комитетiндегi СПК төрағасы орынбасарының төрағалығымен, жетекшi кадр аппаратының iрiктеушi комиссиялары арқылы жүргiзiледi. Академиядағы iрiктеу комиссиясының төрағасы - Академия бастығы.
      11. 0қуға кандидаттарды iрiктеудiң негiзгi принциптерi:
      бұқаралық - ақпарат құралдары бойынша жастар арасында үгiт насихат жұмыстарын жүргiзу;
      оқуға кандидаттарды iрiктеу кезiнде жоғары оқу орындары және қоғамдық ұйымдармен бiрлесе жұмыс iстеу;
      кандидаттарды iрiктеуде олардың моральдық, жеке тұлғалық, рухани және бiтiм тұлғасын толық және жан-жақты зерттеу.
      12. Салық полициясы бөлiмшелерінің қатардағы және басқарушы құрам iшiнен Академияға оқуға түскiсi келетiндер, қызмет өткеру орнына байланысты территориялық бөлiмшелердiң бастығына немесе Академия бастығына рапорт бередi. Азаматтық тұлғалар тұрғылықты жерi бойынша Салық полициясы бөлiмшелерiнің кадр аппаратына арыз бередi.
      13. Салық полициясы комитетi территориялық бөлімшелерiнің жетекшiлерi әрбiр кандидаттардың рапортын немесе арызын (өтiнiшiн) қарай, олармен сұхбат жүргiзедi және қабылдау шартымен сәйкес келген жағдайда кандидаттарды құжат дайындау үшiн кадрлар аппаратына жiберiледi. Кадрлар аппараты 1997 жылғы 4-iншi желтоқсандағы "Салық полициясы органдарында қызметiн өтеу туралы Ережеге " сәйкес оқуға түскiсi келетiн кандидаттарды дәрiгерлiк тексерiске жiбередi.
      14. Кандидаттарды iрiктеу процесi, олардың iскерлiгiне, жеке тұлғалығына, моральдық және дене бiтiмiне байланысты ерекшеленедi.
      Бұндай қасиеттер болмаған жағдайда оларды оқып-үйрену жұмысы тоқтатылады.
      15. Әрбiр кандидаттарды оқып-үйрену жұмысы аяқталған соң,олардың жеке iс-құжаттары оқуға жiберу немесе жiбермеу туралы соңғы шешiм үшiн iрiктеушi комиссияның қарауына жiберiледi. Iрiктеушi комиссия отырысының қорытындысы хаттама арқылы толтырылып, хаттама комиссия төрағасымен бекiтiледi және хатшының қолымен расталынады. Хаттаманың көшiрмесi әрбiр кандидаттың жеке iсiне хатталынады.
      16. Кандидаттардың құжат материалдары оқуға түсу үшiн Академияға жiберiледi. Академияның қабылдау комиссиясы өз отырысында әрбiр кандидаттың құжаттарын қарап, қабылдау емтиханына жiберу туралы соңғы шешiм ұсынады. Кандидаттарды емтиханға жiберу немесе жiбермеу туралы шешiм түсу емтиханына дейiн он күн бұрын құжат жiберiлген бөлiмшелерге хабарланады.
      17. Салық полициясы қызметкерлерi iшiнен оқуға түскiсi келген кандидаттарға қабылдау емтиханы толық тапсыру үшiн және барып қайту жолын ескерiп кезектi еңбек демалысы берiледi.
      18. Академияға оқуға түсуге құқы бар Салық полициясы қызметкерлерiнің кандидаттары оқуға түсу туралы соңғы шешiм шыққанға шейiн басқа бөлiмшеге ауысуға, іштей басқа қызметке орналасуға және штаттық қысқару бойынша жұмысты қысқару бойынша жұмыстан шығуға тыйым салынады.
      19. Бөлiмшелер Академияға оқуға түскiсi келетiн кандидаттарды қабылдау емтихандарын тапсыру үшiн Академия бастығының шақыруы бойынша жiбередi.
      20. Салық полициясы комитетi қызметкерлерi қатарынан күндiзгi оқу бөлiмiне оқуға түсетiн кандидаттар қабылдау емтихандарын тапсыруға кетпес бұрын, өз қызметi бойынша белгiленген тәртiппен iс құжаттарын тапсырады бiрақ оқуға түскенше өз қызметiнен босатылмайды.
      21. Салық полициясы комитетi қатардағы және басқарушы құрам тұлғалары iшiнен күндiзгi оқу бөлiмiне түсушiлер қабылдау емтихандары аяқтағанша ақша қаражатымен қамтамасыз етiледi, ал қаржылық қызмет оларға ақшалай және аттестаттарын бередi.

      3. Оқуға түсетiн кандидаттардың жеке iс-құжаттарын тiркеу

      22. Салық полиция комитетiнің белгiленген талабына сәйкес Академияның күндiзгi оқу бөлiмiне түсетiн кандидатқа жеке iс-құжаттары дайындалады. Кандидаттың жеке iс-құжаттарына мыналар тiркеледi:
      оқуға жiберу туралы рапорт немесе өтiнiш, Салық полициясы комитетi қызметкерi үшiн оқуға жiберу туралы қорытынды-аттестация, соңғы оқу немесе жұмыс орнынан мiнездеме, оқуға жiберу туралы қорытынды (қосымша N 1), Салық полициясы бөлiмшесінің кадрлар аппараты растаған бiлiмi туралы құжат көшiрмесi, әскери-дәрiгерлiк комиссия қорытындысымен берiлген медициналық карта, 3 (үш) фотосуретi (бас киiмсiз, 3х4 мөлшерлi, бұрыштамасыз).
      23. Салық полициясы комитетi қызметкерлерi iшiнен сырттай оқу бөлiмiне iрiктелген кандидаттарға оқу iс құжаттары дайындалып, оған мынадай құжаттар кiредi: рапорт, кадрлар есебi бойынша жеке iс қағазы, оқуға жiберу туралы қорытынды аттестация, оқуға жiберу туралы қорытынды

(қосымша N 2) белгiленген үлгi бойынша дәрiгерлiк анықтама, Салық 
полициясы бөлiмшелерiнiң кадрлар аппараты растаған бiлiмi туралы құжат 
көшiрмесi, үш фотосурет (бас киiмсiз, жай киiммен, 3х4 мөлшерлi, 
бұрыштамасыз).
     
     4. Оқуға iрiктеу мен жiберудің ерекше шарттары
     
     24. Жас мөлшерi 28 жастан аспаған Салық полициясы комитетiнің 
қатардағы және басқарушы құрам тұлғалары Академияның күндiзгi оқу бөлiмiне 
жiберiледi.
     25. Жас мөлшерi 16 жасқа толған және 28 жастан аспаған азаматтық 
тұлғалар Салық полициясы Академиясының күндiзгi оқу бөлiмiне iрiктелiнедi.
     26. Академияның күндiзгi оқу бөлiмiне түсуге келген әйел жынысты 
азаматшаларға Академия бастығы тарапынан тұрмыстық жағдай жасалынады.
     27. Салық полициясында ең кемiнде үш жыл қызмет iстеген және жасы 
35-тен аспаған, орта басқарушы құрам қызметiне ұсынылған Салық полициясы 
комитетiнің қызметкерлерi Академиясының сырттай оқу бөліміне қабылданады.
     28. Заңгерлiк емес жоғары бiлiмi бар Салық полициясы комитетiнiң 
қызметкерлерi сырттай оқу бөлiмiне түсу үшiн Салық полициясында ең кемiнде 
1 (бiр) жыл еңбек өтелi болуы керек және жасы 35-тен аспауы керек.
     29. Аралас мамандық немесе бiлiктiлiгiн арттыру мақсатында бiлiм алу 
қажет болған жағдайда екiншi жоғары бiлiм алу үшiн оқуға түсуге рұқсат 
етiледi.
     30. Оқуға түсетiн кандидаттардың жас мөлшерi мен олардың қызмет өтелi 
оқуға қабылданған мерзiмдегi уақытпен анықталады.
     
     
      Оқығандар:
           Омарбекова А.Т.
           Икебаева Ә.Ж.
     
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады