Этил спиртін акциз төлеу арқылы сату туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Алкоголь өнімін өндіру және оның айнлымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетінің бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 29 қазанда тіркелді. Тіркеу N 957. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2005 жылғы 18 қаңтардағы N 11 (V053450) бұйрығымен.

     Отандық өндірушілер өндірген этил спиртінің көлемінің қозғалысын бақылауға және спиртті пайдалануға рұқсатты беруді жылдамдатуды қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі "Этиль спирті және алкоголь өнімдерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Заңына сәйкес бұйырамын:
     1. Комитеттің аумақтық басқармалары алкоголь өнімінің өндірісіне байланысты емес, технологиялық процестерде және басқа мақсаттарда этил спиртін пайдалануға рұқсат беруді жүзеге асырсын.
     2. Комитеттің аумақтық мекемелері тоқсан сайын берілген және қайтарып алынған рұқсаттар туралы есепті, рұқсат бойынша алынған спирттің мақсатты пайдаланылуы туралы ақпаратты берсін.
     3. Этил спиртін пайдалану туралы қоса беріліп отырған Ереже бекітілсін.
     4. Нормативтік реттеу бөлімі (А. Лепеспаев) қоса беріліп отырған Ережені Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткізсін.
     5. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау - бақылау және лицензиялау басқармасының бастығы Р. Алдашевқа жүктелсін.
     6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткен күнінен бастап іске асады.     

     Төраға

                                      Қазақстан Республикасы
                                    Мемлекеттік кіріс министрлігі
                                     Алкоголь өнімін өндіру және  
                                     оның айналымын мемлекеттік   
                                      бақылау жөніндегі комитет   
                                              Төрағасының
                                      "____"_____________1999 жылғы
                                             N_____бұйрығымен
                                                бекітілген

Этил спиртін акциз төлеу арқылы
сату Ережесі 1. Жалпы ережелер
 

     1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі "Этиль спирті және алкоголь өнімдерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Заңын орындау, этил спиртінің қозғалысын бақылауға алу және алкоголь өнімінің өндірісіне байланысты емес, технологиялық процестерде және басқа мақсаттарда этил спиртін пайдалануға рұқсат беруді жүзеге асыру үшін әзірленді.
     2. Этил спиртін өндірушілер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Алкоголь өнімін өндіру және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитет (әрі қарай - комитет) беретін рұқсат негізінде сатуға құқылы.
     Осы Ережедегі рұқсат құқық беруші акт болып танылады, этил спиртін өндірушілерге спиртті технологиялық процестерде және алкоголь өнімін өндіру мен сақтау және басқа мақсаттарға байланыссыз алуға және пайдалануға құқық береді.
     3. Рұқсат өндірушіге тек қана рұқсатта көрсетілген тұтынушыға спиртті сату үшін беріледі.
     4. Рұқсат бір жылдан артық емес мерзімге беріледі.
     5. Осы Ереже этил спиртін сақтауға және сатуға берілетін лицензияға қатысты қатынастарды реттемейді.     

2. Спиртті сатуға рұқсат
беру тәртібі

     6. Өндірушіден спирт алуға рұқсат алу үшін комитетке не оның аумақтық органдарына мынадай құжаттарды табыс етуі тиіс:
     1) N 1-қосымшада көрсетілген белгіленген үлгідегі өтініш;
     2) заңды тұлғалар үшін - өтініш иесінің бірінші басшының қолы және мөрімен расталынған заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік құжатының көшірмесі;
     3) өтініш иесін куәландыратын және (немесе) жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын тіркеу туралы куәлік құжатының көшірмесі, жеке тұлғалар үшін- нотариус растаған;
     4) өтініш иесінің белгілі бір мерзімге (бір жылдан артық емес) немесе тиісті уәкілетті орган бекіткен белгілі көлемге есептелген спиртті тұтыну нормативіне сәйкес спиртке мұқтаждығын дәлелдейтін құжат;
     5) өткен жылы тұтынылған спирт көлемі туралы есеп.
     7. Анықталған тұтынушыға спиртті сатуға өндірушіге рұқсат беру туралы шешімді Комитет комиссиясы немесе оның аумақтық органдары қабылдайды.
     8. Барлық қажетті құжаттармен қоса өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей рұқсат беріледі.
     9. Рұқсатты беру және берілген қайтарылған рұқсаттарды тізуді жүргізуді комитет және оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
     10. Белгіленген формадағы N 2-қосымшада көрсетілген рұқсатқа, Комитеттің Төрағасы уәкілеттік берген адам, яғни комиссия төрағасы қол қояды.
     11. Рұқсат өтініш берушінің қызметтік куәлігін көрсеткен бірінші басшыға немесе өтінішкердің расталынған сенім хатын көрсеткенде беріледі.     

3. Спиртті босатуға рұқсатты
беруден бас тарту

     12. Рұқсат беруден бас тартуға болады, егер:
     1) осы ереженің 6 тармағына сәйкес талап етілген барлық құжаттар өткізілмесе;
     2) спиртті тұтыну есептері дәлелденбеген болса;
     3) өтініш иесі жөнінде соттан оған спирт алуға болатын қызмет түрімен айналысуға тиым салынатын шешім болса.
     Көрсетілген кедергілерді өтінуші жойғанда өтініш жалпы негізде қарастырылады.
     13. Спирт сатуға рұқсат беруден бас тартқанда өтініш иесіне өтініш бергеннен бастап бір ай мерзім ішінде жазбаша түрде дәлелденген жауап береді.

4. Рұқсаттың әрекетін тоқтату
және қайтарып алу

    14. Спиртті сату рұқсатының күші мынадай жағдайда тоқтатылады:
    1) рұқсаттың берілген мерзімі біткенде;
    2) пайдалануға рұқсат етілген спирттің толық көлемі сатылғанда;
    3) рұқсат қайтарылып алынғанда;
    4) этил спиртін алуға рұқсаты бар жеке тұлға кәсіпкерлік қызметін тоқтатқанда, заңды тұлға жойылғанда немесе қайта ұйымдастрылғанда.
    15. Рұқсат мынадай жағдайда қайтарылып алынуы мүмкін:
    1) сатылатын спиртті мақсатсыз пайдаланғанда;
    2) спиртті алушының, спиртті сатуға болатын қызметпен айналысуға рұқсаты бар адамға сот тиым салғанда;
    3) спирт тұтынушы осы Ереже талаптарын орындамағанда.
    16. Рұқсатты қайтарып алу туралы шешімді комитет комиссиясы не оның аумақтық органдары шығарады, этил спиртін пайдаланушы, рұқсатта көрсетілген өндіруші жөнінде уәкілетті органдарға жазбаша хабарланады.
    17. Заңды тұлға қайта құрылғанда (қосылғанда, біріккенде, бөлінгенде, жеке шыққанда, өзгергенде) атауы өзгергенде не (немесе) өтінішкердің орны ауысқанда бұрын берілген рұқсат өзінің күшін жояды. Қайта құрылған немесе қайта тіркелген тұлға рұқсатты жалпы негізде алады.

5. Спиртті мақсатты тұтынуға
бақылау жасау  

    18. Комитет рұқсатын алған этил спиртін тұтынушылар, спиртті мақсатты түрде пайдаланғаны туралы есеп беруге міндетті.
    19. Этил спиртін пайдаланған көлемі туралы есеп Комитеттің аумақтық басқармаларына рұқсат етілген этил спиртінің көлемі пайдаланылғаннан кейін жіберіледі немесе он күн ішінде берілген рұқсаттың мерзімі өткеннен кейін.
    20. Ұсынылған құжаттардағы мәліметтердің дұрыстығына жауапкершілік өтінішкерге жүктеледі.
    21. Комитеттің аумақтық басқармасы белгіленген уақытта комитеттің орталық аппаратына берілген, қайтарылып алынған рұқсаттар және этил спиртін мақсатты пайдаланушылар жөнінде есеп береді.
    22. Тиісті құжатсыз этил спиртінің сатылғаны немесе осы ереженің талаптарын бұзғаны үшін белгіленген заңдарға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

                                            Этил спиртін акциз
                                             төлеу арқылы сату
                                            Ереженің 1-қосымша    

 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс  министрлігінің
  алкоголь өнімін өндіру және оның айналымын мемлекеттік
           бақылау жасау жөніндегі Комитеті

____________________________________________________________________
  (өтініш беруші заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның аты-жөні)
____________________________________________________________________

                            Өтініш

Спиртті босатуға рұқсат беруіңізді өтінемін______________________
____________________________________________________________________
                (спирт босататын өндірушінің атауы)
Мына________________________________________________________________
                   (спиртті босатудың мақсаты)
Саны________________________________________________________________
    Өтініш беруші туралы мәлімет:
1. Тіркелгені туралы куәлігі________________________________________
                               (заңды тұлғаның, жеке кәсіпкер
____________________________________________________________________
    ретіндегі жеке тұлғаның N, қашан және кім бергені)
2. Мекен-жайы_____________________________________________________
              (заңды тұлғаның мекен-жай, жеке тұлғаның тұратын
____________________________________________________________________
 жері, индексі, қала, аудан, облыс, көшесі, үйі, телефоны, факс)
____________________________________________________________________
3. Ұсынылған құжаттар_____________________________________________
____________________________________________________________________  ____________________________________________________________________

    Жетекші(жеке кәсіпкер)                      ______________қолы
    М.О.                                        _________аты-жөні

Өтініш қарауға алынды_______________________________________________
____________________________________________________________________
(қолы, лицензияланған органның жауапты қызметкерінің аты-жөні)


                                                Этил спиртін акциз
                                                төлеу арқылы сату
                                                Ереженің 2-қосымша      

 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс  министрлігінің
  алкоголь өнімін өндіру және оның айналымын мемлекеттік
           бақылау жасау жөніндегі Комитеті

                          Рұқсат беру

____________________________________________________________________
                   (спирт өндірушінің атауы)
____________________________________________________________________  ____________________________________________________________________
 Акциз төлеу арқылы спирттің сатылу мөлшері________________________
____________________________________________________________________                 (мөлшері - сусыз спирттің литрі)
кімге_______________________________________________________________
         (заңды тұлғаның атауы және жеке тұлғаның аты-жөні)
негізінде жүзеге асырушы__________________________________________
                       (заңды тұлғаның тіркелгені туралы куәлігі,
____________________________________________________________________
жеке кәсіпкер ретіндегі жеке тұлғаның тіркелгені туралы куәлігі, N,
____________________________________________________________________
                  қашан және кім бергені)
Спирт_______________________________________________________________                         (қандай мақсатта)
____________________________________________________________________
_____________________________________________________пайдаланылады
Рұқсаттың мерзімі_________________________________________________
                (белгіленген күнге дейін немесе белгілі көлемін
____________________________________________________________________             пайдаланғанға дейін)

    _______________                     _______________
       (қызметі)                           (қолы)                                             М.О.  

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады