Кеден делдалды ретінде қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияны беру, қолдану күшін тоқтата тұру және қайтарып алу жөнінде нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Бұйрық Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитеті 1999 жылғы 3 қараша N 529-Б Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 11 қарашада тіркелді. Тіркеу N 969. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитеті төрағасының 2001 жылғы 15 ақпандағы бұйрығымен. ~V011442

      "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шiлдедегi N 2368 Z952368_ Заңына және лицензиялау туралы U952200_ заңдарға сәйкес Бұйырамын:
      1. Кеден делдалы ретiнде қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензияны беру, қолдану күшiн тоқтата тұру және қайтарып алу туралы нұсқаулық бекiтiлсiн (1-қосымша).
      2. Кеден делдалы ретiнде қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның нысаны бекiтiлсiн (2-қосымша).
      3. "Өтiнiштердi қарау және кеден делдалы ретiнде қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензияны беру тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң 1997 жылғы 21 шiлдедегi N 187-П бұйрығының күшi жойылды деп есептелсiн.
      4. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (Мұхамедиева Г.) осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркеуiн қамтамасыз етсiн.
      5. Кеден режимдерiн және кедендiк ресiмдеудi бақылауды ұйымдастыру бас басқармасы (Байбұлов М.) осы бұйрықтың iске асырылуын қамтамасыз етсiн.
      6. Баспасөз қызметi (Исахан Г.) осы бұйрықтың жариялануын қамтамасыз етсiн.
      7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.
      8. Бұйрық мемлекеттiк тiркеу күнiнен бастап күшiне енедi.

      Төраға
                                                Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің 1999 жылғы 03.11. N 529-Б бұйрығына 1-қосымша


        Кеден делдалы ретiнде қызметтi жүзеге асыру
    құқығына лицензияны беру, қолдану күшін тоқтата тұру
         және қайтарып алу туралы нұсқаулық

                    1. Жалпы ережелер

      1. Осы нұсқаулық лицензиялар туралы заңдарға және "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Z952368_ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кеден делдалы ретiнде қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензияны беру, қолдану күшiн тоқтата тұру және қайтарып алу тәртiбiн белгiлейдi. Лицензияларды Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнің Кеден комитетi (бұдан әрi - Кеден комитетi) бередi.
      2. Кеден делдалы ретiнде қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензияларды (бұдан әрi - лицензиялар) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн тұлғаларға берiледi.

                  2. Лицензияларды беру тәртiбi

      3. Лицензияларды алу үшiн мынадай құжаттар қажет:
      1) "Қазақстан Республикасы Президентiнің 1995 ж. 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1995 ж. 29 желтоқсандағы N 1894 P951894_ қаулысымен бекiтiлген нысандағы лицензияларды беру туралы заңды тұлғаның өтiнiшi (бұдан әрi - өтiнiш берушi);
      2) Өтiнiште көрсетiлген мәлiметтердi растайтын және өтiнiш берушiнің бiлiктiлiк талаптарға сәйкес келетiнi туралы құжаттар, нақты айтқанда:
      - мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктің, құрылтайшылық құжаттарының нотариат растаған көшiрмелерi;
      - өтiнiште көрсетiлген банк шоттарының болуын растайтын құжат;
      - кедендiк ресiмдеу бойынша өтiнiш берушiнің штатында кем дегенде бiр маманның болуын растайтын құжат, сондай-ақ кедендiк ресiмдеу бойынша штаттағы мамандардың Кеден комитетi берген бiлiктiлiк аттестаттарды нотариат растаған көшiрмелерi;
      өтiнiште көрсетiлген мәлiметтердi растайтын басқа да құжаттар;
      3) лицензиялық алым төленгенi туралы түбiртек.
      4. Лицензияны беру туралы өтiнiш "Лицензиялау туралы" U952200_ Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабымен белгiленген мерзiмдерде қаралады.
      5. Лицензияны беру туралы өтiнiштi қараған кезде Кеден комитетi өтiнiш берушi көрсеткен мәлiметтер мен құжаттарды растайтын құжаттарды талап етуге құқылы.
      6. Лицензиялау туралы заңдармен белгiленген негiздемелер бойынша лицензиялар берiлмейдi.

             3. Лицензияның күшін тоқтата тұру және
                лицензияны қайтарып алу тәртiбi

      7. Кеден делдалы лицензияда көрсетiлген талаптарды орындамаған жағдайда лицензияның қолдану күшi Кеден комитетiнің шешiмiмен 6 айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұрылуы мүмкiн.
      8. Кеден комитетi кеден делдалының кеден заңдарын бұзу фактiлерi туралы кеден органдарының хабардар етуi негiзiнде лицензияның қолдану күшiн тоқтата тұру туралы шешiм қабылдайды.
      9. Лицензияның қолдану күшi тоқтатыла тұруына негiз болған себептер жойылғаннан кейiн лицензияның күшiн қалпына келтiру туралы шешiм қабылданған күннен бастап лицензияның қолдану күшi қалпына келтiрiледi.
      Лицензияның қолдану күшiн тоқтата тұру және оның күшiн қалпына келтiру туралы шешiм Кеден комитетiнің бұйрығы нысанында қабылданады.
      10. Лицензиялау туралы заңдарда белгiленген жағдайларда лицензия сот тәртiбiмен қайтарып алынады.
      11. Лицензияның қолдану күшінің тоқтата тұру "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кеден ережелерiн бұзғаны үшiн берiлетiн жаза түрiнде қолдануы мүмкiн.
      12. Лицензияны қайтарып алу немесе оның қолдану күшiн тоқтата тұрған кезде кеден делдалы лицензиясын қайтарып алу не оның қолдану күшін тоқтата тұру туралы шешiм қабылданғаны туралы хабардар еткен күннен бастап 15 күннен кешiктiрмей олардың қызмет аймағында кеден делдалы өз қызметiн жүзеге асырған кеден органына лицензияның қолдану күшi болған толық кезеңдегi кеден бақылауына жататын тауарлармен және көлiк құралдарымен жасаған операциялар туралы есеп беруге мiндеттi.
      13. Соттың лицензияны қайтарып алу туралы шешiмi немесе оның қолдану күшін тоқтата тұру туралы шешiмi күшiне енгенге дейiн қабылданған кеден декларациясын "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 200-бабына сәйкес сенiм бiлдiрушi тұлға қайтарып алуы мүмкiн.
      Тауарлар және көлiк құралдарын босату жүзеге асырылмаған кеден декларациясын қайтарып алу құқығы тоқтатылған жағдайда кеден органдары кеден декларациясының күшiн жояды. Кеден декларациясын қайтарып алуға немесе қолдану күшiн жоюға себеп болған тауарлар мен көлiк құралдары кеден заңдарына сәйкес кедендiк ресiмдеуге жатады.
      Кеден декларациясының күшi жойылған кезде кеден органдары кеден заңдарына сәйкес кедендiк ресiмдеуге жататын тауарлар мен көлiк құралдарының иелерiн осындай ресiмдеудiң қажеттiлiгi туралы хабардар етiлген күннен кейiн 30 күннен кешiктiрмей жазбаша түрде хабарлауға тиiс.
      14. Лицензияны қайтарып алған жағдайда кедендiк бақылау мақсатында тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу бойынша кеден делдалы сенiм бiлдiрушi тұлғалармен жасасқан шарттары мына жағдайлар қамтамасыз етiлгенде:
      1) жасасқан шарттар бойынша кеден делдалы өзінің мiндеттерiн толық орындағанда;
      2) тауарлар мен көлiк құралдары орналасқан кеден режимдерiнің iс-әрекетi аяқталғанда не кеден режимдерi iс-әрекетiнiң аяқталуына байланысты кеден делдалының ешқандай мiндетi болмағанда;
      3) есептiк құжаттаманы тексеру кезiнде сол мәмiленi орындау сәтiнде Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес жауапкершiлiкке тартатын бұзушылықтар табылмағанда қолданылады деп танылады.
      15. Кеден делдалы өз қызметiн жүзеге асырған қызмет аймағындағы кеден

органдары көрсетiлген мәмiлелер бойынша тауарлар мен көлiк құралдарын 
босатқаннан кейiн кедендiк бақылауын iрiктеп жүргiзудi жүзеге асырады.
     16. Осы Нұсқаулықтың 14-бабында көрсетiлген шарттармен сәйкессiздiк 
болған жағдайда тауарлар мен көлiк құралдары заңдарда белгiленген 
тәртiппен кедендiк ресiмдеуге жатады.
     17. Лицензияны қайтарып алған жағдайда кеден органдары хабардар еткен 
күннен бастап 30 күннен кешiктiрмей кеден ресiмдеудің қажеттiлiгi туралы 
кеден заңдарына сәйкес осындай ресiмдеуге жататын тауарлар мен көлiк
құралдарын жазбаша түрiнде хабардар етуге мiндеттi.
     
                 4. Лицензияның қолдану күшiн жою
     
     18. Лицензияның қолдану күшi мына жағдайларда:
     1) лицензияны қайтарып алғанда;
     2) кеден делдалын қайта ұйымдастырғанда немесе таратқанда жойылады.
     19. Кеден делдалын қайта тiркеген жағдайда лицензияның қолдану күшi 
сақталады.
     
                     5. Қосымша ережелер
     
     20. Кеден делдалы туралы лицензияға кiрмейтiн, лицензияны алу туралы 
өтiнiште көрсетiлген мәлiметтер өзгерген жағдайда кеден делдалы өзгерiстер 
болатын сәттен бастап 15 күннен кешiктiрмей бұл туралы Кеден комитетiн 
жазба түрде хабардар етуге мiндеттi.
     21. Кеден делдалы туралы мәлiметтердің ықтимал өзгерiстерi делдал 
қызметiнің жүзеге асырылуын тоқтатады деп санауға негіздер болған жағдайда 
кеден делдалы бұл туралы алдын-ала Кеден комитетін хабардар етуге міндетті.
     22. Лицензия жоғалған жағдайда кеден делдалы оның көшірме нұсқасын 
алуға құқылы. Бұл ретте қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы 
үшін алым төленеді.
         
                6. Қорытынды ережелер
     
     23. Лицензиялауға байланысты кеден органдарының шешімдеріне заңдарда 
белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
     24. Лицензияны қайтарып алуға байланысты лицензиат пен сенім 
білдіруші тұлғаларға келтірілген шығындарды кеден органдары өтемейді.
     Лицензия қайтарып алынған жағдайда кеден делдалы мен сенім білдіруші 
тұлғалардың арасындағы қарым-қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі.
     
     Оқығандар:
              Омарбекова А.Т.
              Икебаева А.Ж.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады