1. Қоса берiлiп отырған кедендiк бақылау аймағын құру және белгiлеу тәртiбi туралы нұсқаулық бекiтiлсiн.
2. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (Мұхамедиева Г.) осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркеуiн қамтамасыз етсiн.
3. Кеден күзетi және режимi бас басқармасы (Сүлейменов М.А.) осы бұйрықтың iске асырылуын және кедендiк бақылау аймақтарына есеп жүргiзудi қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнің 1996 жылғы 8 сәуiрдегi N 77-П бұйрығымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзу бекеттерiндегi мемлекеттiк кедендiк бақылау тәртiбi туралы" Нұсқаулықтың "Кедендiк бақылау аймағы" бөлiмi алынып тасталсын.
5. Баспасөз қызметi (Исахан Г.) осы бұйрықтың баспасөзде ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетi Төрағасының орынбасары Б.Жұмабаевқа жүктелсiн.
7. Бұйрық мемлекеттiк тiркеу сәтiнен бастап күшiне енедi.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің 1999 ж. 3 қараша N 531-Б бұйрығымен бекітілді
Кедендік бақылау аймағын құру және
белгілеу тәртібі туралы
Нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралық" Заңының 204-бабына сәйкес тек кеден бақылауын жүзеге асыру мақсатында құрылады. Басқа мақсаттарда кедендiк бақылау аймақтарын құру және пайдалануға жол берiлмейдi.
2. Кедендiк ресiмдеу аймақтары, соның iшiнде уақытша сақтау орындары, еркiн қоймалар, еркiн кеден аймақтары және Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы кеден органдарының орналасу орындары кедендiк бақылау аймағы болып табылады.
3. Кедендiк бақылау аймағының шектерi шартты сызықтармен шектеледi.
2. Кедендiк бақылау аймағын құру және белгiлеу
4. Кедендiк бақылау аймағы Қазақстан Республикасының кеден органдары белгiлеген орындарда құрылады. Әдетте, кедендiк бақылау аймағына елдi мекендер енбейдi.
5. Орындарды кедендiк бақылау аймағы деп тану үшiн:
уақытша сақтау орындарын және уақытша сақтау қоймасын, еркiн қойманы, кеден қоймасын құруға лицензияларды тану туралы шешiм;
кеден органының орналасқан жерi туралы тiркеу құжаттары;
кедендiк ресiмдеу орындарын, соның iшiнде Заңның 154-бабына сәйкес әуежайларда, порттарда, темiр жол стансаларында белгiлеу туралы кеден органының шешiмi;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң халықаралық өткiзу пунктiн құру (ашу) туралы шешiмi негiз болып табылады.
6. Кедендiк бақылау аймағын құру туралы шешiм Қазақстан Республикасы кеден органының бұйрығы нысанында ресiмделедi.
7. Кедендiк бақылау аймағы анық көрiнетiн белгiлермен мынадай талаптарды сақтай белгiленедi:
- автомагистральдарда жол белгiлерiнiң ГОСТ 10807-78 техникалық жалпы шарттарына сәйкес ақпаратты-сiлтеуiштi белгiлермен;
- осы Нұсқаулықта аталған өзге жерлерде биiктiгi 50 см., қалыңдығы 100 см. белгiлермен (әрiптер көлемi: биiктiгi 10 см., қалыңдығы 3,7 см.) көк жерде ақ әрiптермен, үш тiлде (қазақша, ағылшынша және орысша) үш жолға: "Кедендiк бақылау аймағы" жазбасы жасалады.
- судағы кедендiк бақылау аймағы жарықты шағылыстыратын бояумен орындалған "кедендiк бақылау аймағы" деген жазуы бар қызыл түстi бояулармен белгiленуi керек.
3. Кедендiк бақылау аймағына өткiзу режимi
8. Кедендiк бақылау аймағына кiру тиiстi кедендiк бақылау аймақтарын құру туралы шешiммен айқындалған орындарда жүзеге асырылады. Мұндай орындар есебiнде бақылау-өткiзу пункттерi (БӨП) болуы мүмкiн.
9. Кедендiк бақылау аймағына тұлғалардың өтуi және тасымалдау Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатымен және оның бақылауында жүзеге асырылады, Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес өзге мемлекеттiк органдардың лауазымды тұлғаларды өткiзуден басқа. Аталған жағдайларда кедендiк бақылау аймағына өткiзу Қазақстан Республикасы кеден органының алдын-ала хабарлауымен рұқсат етiледi.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекаралық қызметiнiң әскери қызметкерлер кеден аймағына өткiзу мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу бекеттерiндегi режимнiң келiсiлген технологиялық жобасы бойынша жүзеге асырылады.
10. Кедендiк бақылау аймағының шектерiнде тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдау, сондай-ақ өндiрiстiк және өзге кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатымен жүргiзiледi, кеден режiмінiң шарттарымен тауарлармен нақты операциялар жасау қарастырылған жағдайлардан басқа.
11. Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк бақылау аймағының шеңберiнде, сондай-ақ оның мемлекеттiк шекарамен түйiспейтiн шекарасы арқылы жүргiзiлуiн (Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы жүрудi қоспағанда) кедендiк бақылау аймағында орналасқан шаруашылықты жүргiзушi субъектiлердiң және онда тұрақты тұратын жеке тұлғалардың жүргiзуi тұлғаны куәландыратын құжаттар бойынша, сондай-ақ көлiк
құралдарына беретiн өткiзу рұқсаттары бойынша жүргiзiледi. Арнайы өткiзу рұқсаттарын кеден органдары шекаралық, ветеринарлық, фитосанитарлық және бақылаудың өзге түрлерiн жүзеге асырушы мемлекеттiк органдармен келiсiмi бойынша бередi. 12. Егер олардың жүргiзiлуi тағайындауға және кедендiк бақылау аймағының жұмыс режимiне сәйкес келмесе, тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдауға, өндiрiстiк және өзге кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға жол берiлмейдi. 4. Қорытынды 13. Кедендiк бақылау аймағы режимiнiң сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асырады. 14. Кедендiк бақылау аймағы режимiн бұзғаны үшiн Заңның 260-бабына сәйкес жауапкершiлiк қарастырылған. Оқығандар: Омарбекова А.Т. Икебаева А.Ж.