"Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тәртiбiн реттейтiн заңдардың сақталуына тексерулер өткiзу жөнiндегi, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң 1999-2000 жылдарға аранлған бiрлескен жұмысы туралы"

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Бас прокурорының Әділет министрінің 1999 жылғы 15 қарашадағы N 95 1999 жылғы 15 қарашадағы N 90 Бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 15 қарашада N 976 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Бас Прокуратурасының 2001 ж. 22 қаңтардағы N 7-17-5-2001 және Әділет министрлігінің 2000 ж. 29 желтоқсандағы N 108 бірлескен бұйрығымен. ~V011419

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк реестрi және олардың мемлекеттiк тiркелуiн реттеу жөніндегi шаралар туралы" 1997 жылғы 4 наурыздағы N 3379 U973379_ Жарлығының 5-тармағын iске асыру мақсатында және "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 P990223_ қаулысының 13-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Z952709_ Заң күшi бар Жарлығының 1, 28, 29 баптарына сәйкес

                             Бұйырамыз:

      1. Қоса берiлiп отырған, Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тәртiбiн реттейтiн заңдардың сақталуы жөнiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарында тексерулер өткiзу жөнiндегi 1999-2000 жылдарға арналған бiрлескен iс-шаралар бағдарламасы бекiтiлсiн.
      2. Әдiлет министрлiгi мен Бас прокуратураның құрылымдық бөлiмшелерiнiң, аумақтық органдарының басшылары осы Бағдарламада көрсетiлген iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етсiн, сондай-ақ "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Z980231_ Қазақстан Республикасының Заңынан және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк реестрi және олардың мемлекеттiк тiркелуiн реттеу жөнiндегi шаралар туралы" Жарлығынан шығатын мәселелерге сәйкес өзара әрекеттестiктi орнықтырсын.
      3. Прокуратура органдары мен әдiлет органдарының өзара әрекеттестiгiнiң нысандары ретiнде:
      1) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының белгiленген тәртiпте әдiлет органдарында тiркелмеген және жарияланбаған нормативтiк қаулыларын қоспағанда, орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, сондай-ақ барлық деңгейдегi жергiлiктi өкiлдiктi және атқарушы органдардың ведомствоаралық сипаттағы азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты жалпы мiндеттi маңызы бар нормативтiк құқықтық актілерiнiң, олардың күштерiнiң қолданылу мерзiмдерiне қарамастан (тұрақты немесе уақытша), соның iшiнде мемлекеттiк құпия болып табылатын мәлiметтер немесе конфиденциалды сипаттағы мәлiметтер бар актiлердiң мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етуде әдiлет органдарына прокуратура органдарының көмектесуi;
      2) нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тәртiбiн реттейтiн заңдардың сақталуын, соның iшiнде мемлекеттiк тiркеуден өтпеген заңсыз қолданылып жүрген актiлер белгiлi болуына байланысты бiрлескен тексерулер өткiзiп, өз кезегiнде заң бұзушылықтарды жою жөнiнде бiрлесiп тиiстi шаралар қабылдау;
      3) прокурорлық араласу шараларына сәйкес наразылық бiлдiрiлген, жойылған, өзгертiлген және күшi тоқтатылған және әдiлет органдары тiркеуге алған нормативтiк құқықтық актiлер туралы ақпарат алмасу;
      4) өзара әрекеттестiктiң басқа да нысандары саналады.
      4. Әдiлет министрлiгiнiң Нормативтiк құқықтық актiлердi тiркеу департаментi, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әдiлет басқармалары бастықтары:
      1) жарыққа шығарылған және қолданылып жүрген, бiрақ тiркелмеген және жарияланбаған Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерi мен жергiлiктi өкiлдiктi және атқарушы органдарының актiлерi белгiлi болған кезде кiдiртпей тиiстi шаралар қолдану үшiн прокуратура органдарын хабардар етсiн;
      2) тоқсан сайын, есеп беру тоқсанынан кейiнгi айдың 10-ына дейiнгi мерзiмде, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен оның аумақтық органдарына Әдiлет министрлiгi мен оның аумақтық органдарында тiркелген нормативтiк құқықтық актiлер туралы, сондай-ақ өткен тоқсан iшiнде жойылған, күшi тоқтатылған және күшi жойылған актiлер туралы ақпарат жiберiп отырсын;
      5. Бас прокуратураның Әлеуметтiк-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау жөнiндегi департаментi мен прокуратураның аумақтық органдары:
      1) тоқсан сайын, есеп беру тоқсанынан кейiнгi айдың 10-ына дейiнгi мерзiмде, Әдiлет министрлiгi мен оның аумақтық органдарына өткен тоқсан iшiнде прокуратура органдары наразылық бiлдiрген, жойған, өзгерткен және күшiн тоқтатқан нормативтiк құқықтық актiлер туралы ақпарат жiберiп отырсын;
      2) осы бұйрықтың 3-тармағының 1, 2-тармақшаларында көрсетiлген нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк органдардың қолдану фактiлерi белгiлi болған кезде, ондай нормативтiк құқықтық актiнi оның мемлекеттiк тiркелуiне және жариялануына дейiн мiндеттi түрде күшiн тоқтата отырып мұндай актінi қабылдаған (жарыққа шағарған) органға заң бұзушылықтарды жою туралы тиiстi құлақ асу актiсiн енгiзсiн, бұл жөнiнде Әдiлет министрлiгi мен оның аумақтық органдарын хабардар етсiн.
      6. Бас прокуратураның Әлеуметтiк-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау жөнiндегi департаментi мен Әдiлет министрлiгiнiң Нормативтiк құқықтық актiлердi тiркеу департаментi тоқсан сайын аталған мәселе бойынша жұмыс жағдайын қорытындылап отырсын.
      7. Жетекшiлiк етуші, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының

орынбасары мен Әдiлет вице-Министрi осы бұйрық жөнінде Бас прокуратура мен 
Әдiлет министрлiгінің барлық құрылымдық бөлiмшелерi басшыларына мәлімдесiн 
және оның сөзсiз орындалуын қамтамасыз етсін
     8. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшiлік етушi Қазақстан 
Республикасы Бас прокурорының орынбасары мен Әдiлет вице-Министрiне 
жүктелсін.
     9. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде 
мемлекеттiк тіркеуге алынған күннен бастап күшiне енеді.
             
     Қазақстан Республикасының       Қазақстан Республикасының
     Бас прокуроры,                  Әділет министрі
     2-сыныптағы Мемлекеттік
     әділет кеңесшісі
     
                
                                                  Бұйрыққа қосымша
     
             Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу 
           тәртiбiн реттейтiн заңдардың сақталуы жөнiнде Қазақстан         
          Республикасының мемлекеттiк органдарында тексерулер өткiзу       
          жөнiндегi 1999-2000 жылдарға арналған бiрлескен iс-шаралар       
                              бағдарламасы.
     
         1. Бұйрықтың 2-тармағын орындау үшiн 1, 2 кестелерге сәйкес,      
            Қазақстан Республикасының мына мемлекеттiк органдарында        
            тексеру өткiзiлсiн:
     
     1 кесте.
__________________________________________________________________________
 N   Қазақстан Республикасының орталық          Тексерулер         Ескерту
     атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік  өткізу мерзімдері 
     органдары
__________________________________________________________________________
                              1999 жыл
__________________________________________________________________________
 1   Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау       IV-тоқсан
     министрлігі     
__________________________________________________________________________
 2   Энергетика, индустрия және сауда             -//-   
     министрлігі
__________________________________________________________________________
 3   Ғылым және білім министрлігі                 -//- 
__________________________________________________________________________
 4   Қазақстан Республикасының Мемлекеттік        -//- 
     сатып алу жөніндегі агенттігі
__________________________________________________________________________
 5   Қазақстан Республикасының Табиғи моно.       -//- 
     полияларды реттеу, бәсекені қорғау және
     шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі     
__________________________________________________________________________
                              2000 жыл     
__________________________________________________________________________
 1   Сыртқы істер министрлігі                   І-тоқсан      
__________________________________________________________________________
 2   Қорғаныс министрлігі                         -//- 
__________________________________________________________________________
 3   Ішкі істер министрлігі                       -//-      
__________________________________________________________________________
 4   Ауыл шаруашылығы министрлігі                 -//-      
__________________________________________________________________________
 5   Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім      -//- 
     министрлігі     
__________________________________________________________________________
 6   Қаржы министрлігі                          ІІ-тоқсан      
__________________________________________________________________________
 7   Мемлекеттік кіріс министрлігі                -//-      
__________________________________________________________________________
 8   Көлік және коммуникациялар министрлігі       -//-      
__________________________________________________________________________
 9   Экономика министрлігі                        -//-       
__________________________________________________________________________
 10  Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны       -//- 
     қорғау министрлігі     
__________________________________________________________________________
 11  Қазақстан Республикасының Денсаулық          -//- 
     сақтау істері жөніндегі агенттігі      
__________________________________________________________________________
 12  Қазақстан Республикасының Туризм және        -//- 
     спорт жөніндегі агенттігі
__________________________________________________________________________
 13  Қазақстан Республикасының Төтенше          ІІІ-тоқсан
     жағдайлар жөніндегі агенттігі     
__________________________________________________________________________
 14  Ұлттық қауіпсіздік комитеті                  -//-       
__________________________________________________________________________
 15  Қазақстан Республикасының Инвестициялар      -//- 
     жөніндегі агенттігі     
__________________________________________________________________________
 16  Қазақстан Республикасының Статистика         -//- 
     жөніндегі агенттігі       
__________________________________________________________________________
 17  Қазақстан Республикасының Көші-қон және      -//-
     демография жөніндегі агенттігі 
_________________________________________________________________________
 18  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік        -//-
     құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі 
 __________________________________________________________________________
 19  Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын 
     басқару жөніндегі агенттігі                  IV-тоқсан           
__________________________________________________________________________
 20  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі       -//-      
__________________________________________________________________________
 21  Қазақстан Республикасының Құнды қағаздар     -//- 
     жөніндегі ұлттық комиссиясы      
__________________________________________________________________________
     
     2-кесте.
__________________________________________________________________________
 N   Қазақстан Республикасының жергілікті       Тексерулер         Ескерту
     өкілдікті және атқарушы органдары       өткізу мерзімдері 
__________________________________________________________________________
                               2000 жыл
__________________________________________________________________________
 1   Алматы қаласы                                 І-тоқсан
__________________________________________________________________________
 2   Алматы облысы                                  -//-     
__________________________________________________________________________
 3   Астана қаласы                                  -//-      
__________________________________________________________________________
 4   Ақмола облысы                                  -//-  
__________________________________________________________________________
 5   Ақтөбе облысы                                 ІІ-тоқсан     
__________________________________________________________________________
 6   Атырау облысы                                  -//-       
__________________________________________________________________________
 7   Шығыс Қазақстан облысы                         -//- 
__________________________________________________________________________
 8   Жамбыл облысы                                  -//-      
__________________________________________________________________________
 9   Батыс Қазақстан облысы                        ІІІ-тоқсан     
__________________________________________________________________________
 10  Қарағанды облысы                               -//-  
__________________________________________________________________________
 11  Қостанай облысы                                -//-           
__________________________________________________________________________
 12  Қызылорда облысы                               -//-       
__________________________________________________________________________
 13  Маңғыстау облысы                               ІV-тоқсан              
__________________________________________________________________________
 14  Павлодар облысы                                -//-     
__________________________________________________________________________
 15  Солтүстік Қазақстан облысы                     -//-     
__________________________________________________________________________
 16  Оңтүстік Қазақстан облысы                      -//-     
__________________________________________________________________________ 
  
      Оқығандар:
            Омарбекова А.Т.
            Икебаева А.Ж.    
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады