Алматы қаласының суаттарында азаматтардың өзін-өзі ұстауының және қауіпсіздігінің Тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы қалалық Мәслихатының І сайланған ХХІV сессиясының 1999 жылғы 12 наурыздағы шешімі. Алматы қалалық Әділет басқармасымен 1999 жылғы 5 сәуірде N 38 тіркелді. Күші жойылды - ІІІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХІV сессиясының 2006 жылғы 26 шілдедегі N 264 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - ІІІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХІV сессиясының 2006 жылғы 26 шілдедегі N 264 шешімімен.

      1993 жылғы 10 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40,41 баптарына, "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес І сайланған Алматы қалалық Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
     1. "Алматы қаласының суаттарында азаматтардың өзін-өзі ұстауының қауіпсіздігінің Тәртібі" бекітілсін, беріліп отыр.
     2. Осы шешімнің орындалуын бақылау экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты депутаттық комиссияға жүктелсін (Клец А.Н.).

     І сайланған Алматы
     қалалық Мәслихаты
     ХХІV сессиясының төрағасы                    

     І сайланған Алматы қалалық
     Мәслихатының хатшысы                  

                                   I сайланған Алматы қалалық
                                   Мәслихатының 1999 жылғы
                                   12 наурыздағы ХХIV сессиясының 
                                   шешiмiне қосымша

            Алматы қаласының Су қоймаларында азаматтардың 
                       қауiпсiздiгiн сақтау 
                             ТӘРТIБI 

                     1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 

      1.1. Осы Тәртiп Қазақстан Республикасының Су қоймалары көпшiлiк демалысы, туризм және спорт мақсатында пайдалану ретiн белгiлейдi. 
      1.2. Тәртiп меншiктiң барлық түрiндегi су қоймаларын пайдаланушы және иелiк етушiлердiң суда азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн айқындайды. 
      1.3. Жергiлiктi атқарушы органдар азаматтардың өмiрi мен денсаулығын қорғау, экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында суға шомылуға, қайықпен серуендеуге және көпшiлiк демалысының өзге түрлерiн ұйымдастыруға тыйым салынатын орындарды айқындайды, сондай-ақ өздерiнiң аумақтық шекарасының шегiнде орналасқан су қоймаларын жалпы пайдаланудың өзге де шарттарын белгiлейдi. 
      1.4. Құтқару күзеттерiнсiз, даярлықтан өткен құтқарушы кадрларсыз және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiнiң Суда құтқару қызметi республикалық орталығының аумақтық органдарының және Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының тиiстi рұқсатынсыз су қоймалары жағасында жағажай, еңбек және демалыс лагерьлерiн, базаларын, су стансаларын және көпшiлiк демалатын өзге нысандар ашуға тыйым салынады. 
      1.5. Меншiктiң барлық түрiндегi ұйымдар өздерiне бекiтiлген су қоймаларында адам өмiрiн қорғауды қамтамасыз ету, құтқару күзеттерiн жабдықтап, күтiмде ұстау iсiне жауап бередi. Құтқарушыларды оқытуды олардың қаражаты есебiнен Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң Суда құтқару қызметi республикалық орталығының қызметкерлерi жүргiзедi. 
      1.6. Суда экскурсия, спорт жарыстарын және мейрам өткiзген кезде кәсiпорындар мен ұйымдардың басшылары суда азаматтар қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн жауапты адамдар бөлуге және құтқару күзеттерiн қоюға мiндеттi. 
      1.7. Ведомстволық және қоғамдық құтқару күзеттерiнiң жұмысына бақылау жасау осы күзеттер бағынатын ұйымдардың әкiмшiлiгiне, сондай-ақ құтқару қызметi республикалық орталығының аумақтық бөлiмшелерiне жүктеледi. 
      1.8. Жағажайларда, су маңындағы көпшiлiк демалатын орындарда, жалға қайық беретiн стансаларда және шағын кемелердiң тұрақ базаларында, өткелдер мен айлақтарда аталған құралдар мен жүзу жабдықтарын пайдаланған кезде қауiпсiздiк сақтаудың тәртiбi iлiнуi тиiс. 
      1.9. Меншiктiң барлық түрiндегi ұйымдардың басшылары халық демалатын орындарда топырақ алу, мұз ою, су қоймаларының түбiн тереңдету жұмыстарын жүргiзген кезде учаскелердi қоршап қоюға, ал жұмыс аяқталғаннан кейiн су табанын тегiстеуге мiндеттi. 
      1.10. Суға түсу маусымның ұзақтығы, су спорты және құтқару стансаларының, жағажайлардың, жүзу әуiттерiнiң жұмыс сағаты жергiлiктi атқару органымен және осы нысандар бағынатын ұйымдар басшыларымен келiсе отырып белгiленедi. 

      2. Жағажайларды, жүзу әуiттерiн және су жағасында 
      көпшiлiк демалатын орындарды пайдаланған кездегi 
                  қауiпсiздiк шаралары 

      2.1. Жағажайларға және су жағасында көпшiлiктiң демалуы үшiн бөлiнген орындарға қойылатын талап: 
      * суға шомылатын орынның және оған тақау төңiректiң жағалау аумағы "Елдi мекендер аумағын күтiп ұстаудың санитарлық ережесiне" және "Дене тәрбиесi мен спорт сабақтарын өткiзетiн орындарды құрып, күтiп ұстаудың санитарлық ережесiне" сәйкес келуi керек; 
      * су қоймасының түбi тығыз, жағадан бастап бiрте-бiрте еңiс тарта беретiн болуы, 1,75 м тереңдiкке дейiн және жағадан бастап есептегенде ең кемi 15 м белдеуде құламасыз, жарғабақсыз болып келуi, шырмауықты су өсiмдiктерiнен, ағаш түбiртегi, таскесек, шыны, шыны құты және өзге заттардан таза болуы тиiс (теңiз бен өзеннiң суға шомылатын айдын бетi бiр ересек адамға 5 шаршы м, балаға 4 м, ал тұйық суда 10-нан 15 шаршы метрге дейiн келуi керек); 
      * жағажайлар мен көпшiлiк демалатын орындар жергiлiктi атқару органдары белгiлеген қашықтықта, бiрақ ақаба сулар құйылатын тұстан кемi 500 м жоғары және порт ғимараттарынан, пирстерден, кеме тоқтайтын жерлерден, паром өткелдерiнен және мұнай өнiмдерi сақталатын орындардың кемi 1000 м төмен орналасуы керек. Жағажайға құлдилайтын жер жайпақ болуы тиiс; 
      * су нысанының шомылуға бөлiнген бөлiгiнде төмен температуралы жер асты су көздерi, су үйiрiмдерi мен шұңқырлар болмауы керек, бұл тұстардағы ағынның жылдамдығы секундына 0,5 м-ден аспауы тиiс, ағын жылдамдығы жоғары жерлерге оны бәсеңсiтетiн қосымша құралдар қондырылуы керек; 
      * су қоймасындағы судың сапасы мәдени-тұрмыстық су пайдалану пункттерiнiң су нысандарындағы судың құрамы мен айырым қасиетiне қойылатын гигиеналық талаптарға сай болуы керек. 
      2.2. Суға шомылатын орынның 1,2 - 1,3 м тереңдiгiне су өлшейтiн шыбық шаншылады. 
      Суға шомылатын орынның жүзу шекаралары бiр-бiрiнен 25-30 м қашықтықта және тереңдiгi 1,3 м болатын тұстан әрi 25 метрге дейiнгi жерде орналасатын сарғылтым түстi белгiлермен белгiленедi. Жүзу шекарасы кеме жолына енбеуi тиiс. 
      2.3. Әр жағажайдағы суға шомылатын орында жүзе алмайтындар шомылуға арналған балаларды жүзуге үйрету үшiн тереңдiгi 1,2 м аспайтын айдын бет учаскелерi жасалады. Аталған учаскелер темiр арқанға бекiтiлген желiсiмен бөлiнедi немесе арнаулы қашамен қоршалады. 
      2.4. Суға түсу тыйым салынған, соның iшiнде бактериялық немесе химиялық залалдануға ұшыраған жерлерге "Суға түсуге тыйым салынады" деп жазылған белгiлер орнатылады. 
      2.5. Жағажайлар мен су маңындағы демалыс орындарына радио жүргiзiлуi және оларда мүмкiндiкке қарай телефон, радио байланысы болуы керек. 
      2.6. Су маңындағы көпшiлiк демалатын орындарда спирттi iшiмдiктер сатуға тыйым салынады. 
      2.7. Жағада, ұйымдасқан шомылу орындарында, әр 50 м сайын судан 5 м аспайтын жерлерде құтқарғыш шеңберлер мен өзге құтқару құралдары iлiнген қақпандар қойылады. Шеңберлерде "Суға кеткенге лақтыр" деген жазу (шеңбердiң бiр бетiнде) және жағажайдың аты (шеңбердiң екiншi бетiнде) жазылуы керек. 
      2.8. Жағажайларда және су маңындағы көпшiлiк демалатын орындарда мiндеттi түрде алғашқы жедел дәрiгерлiк жәрдем көрсету үшiн кезекшi қызметкерлерi бар үй-жай жабдықталады. Алғашқы дәрiгерлiк жәрдем пунктi суда апатқа ұшырап, жарақат алғандарға жәрдем көрсетуге қажет құралдармен, дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етiлуi тиiс. 
      2.9. Көпшiлiк суға түсетiн орындарда, жағажайларда, демалыс базалары мен жүзу әуiттерiнде судағы қайғылы оқиғалардың алдын алуға бағытталған материалдары бар стендiлер көрнекi жерлерге жабдықталып қойылады. 
      Қалқыма дабыл (буй), стендi және белгiлердi уақтылы орнату жауапкершiлiгi су қоймаларының иелерiне жүктеледi және солардың қаржысына орнатылады. 
      2.10. Әр жағажайда ол жұмыс iстеп тұрған уақытта тәртiп қадағалайтын жағажай әкiмшiлiгiнiң өкiлi болу керек. 12 жасқа дейінгi балалар жағажайға тек ересектермен бiрге және олардың қадағалауымен жiберiледi. 
      2.11. Суға түсетiн орындарда және ағыстан 500 м жоғары тұстарда кiр жууға, аң-құс шомылдыруға тыйым салынады.
      2.12. Суға түсушiлерге:
      * белгiнiң және қоршаудың сыртына жүзiп шығып кетуге; 
      * моторлы, желкендi және өздiгiнен жүрмейтiн кемелерге, ескектi қайықтарға жақындап жүзуге;
      * қайықтан, катерден, су белесебетiнен, тұрақ және арнайы жабдықталмаған жерлерден суға секiруге;
      * мас күйде суға түсiп, шомылуға;
      * тақтаймен, бөренемен, жатпамен, автомашина доңғалағының резеңкесiмен, допоен және т.б. жүзуге;
      * суда сүңгiп, шомылушыларды тартып әкететiн ойын ойнауға;
      * жағажайға ит және басқа да жануарларды әкелуге;
      * су қоймаларын ластауға, қоқытпауға;
      * жағада қағаз, банкi, шыны және өзге қоқыстарды қалдыруға қатаң тыйым салынады. 
      2.13. Жүзу сабақтары арнайы бөлiнген орындарда ғана өткiзiлуi тиiс. Суда адам қауiпсiздiгiн ұйымдастыруға сабақ не жаттығу өткiзушi оқытушы (нұсқаушы, бапкер, тәрбиешi) жауап бередi. 
      2.14. Топтап жүзуде үйретуде бiр уақытта үйренушiлердiң саны 10 адамнан аспауы керек. Үйренушiлер тобына, оқытушыдан басқа, кезекшi құтқарушы мен медицина қызметкерi үнемi бақылау жасауы тиiс. 
      2.15. Судағы спорт түрлерiмен шұғылданушылардың баршасы құтқару әдiстерiне және зардап шегушiлерге дәрiгерге дейiнгi алғашқы жәрдем көрсетуге үйретiлген болуы жөн. 
      2.16. Биiктiгi 3 м және одан да жоғары суға секiретiн мұнаралар алаңшасына шығу нұсқаушы (бапкер) рұқсатымен және олардың көзiнше жүргiзiледi. 
      2.17. Жыл сайын суға түсу маусымы алдында, сонан соң айына кемi бiр рет шомылуға арналған су айдынының табанын сүңгуiршiлер тексерiп шығып, болса көлденең заттардан тазартылуы керек. Су табанын тексеру және тазарту жұмыстарын ұйымдастыру жағажай иегерi немесе су қоймасы бекiтiлген кәсiпорындар мен ұйымдардың мiндетiне кiредi. 
      Су айдынын тексеру және тазарту жұмысын сүңгуiршiлер Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң Суда құтқару орталығы суда құтқару қызметiнiң облыстық (қалалық) бөлiмшелермен жасасқан келiсiм-шарттарға сәйкес жүргiзедi. 
      Жұмыс аяқталғаннан кейiн тапсырыс берушiге жағажай төлқұжаты табыс етiледi. 
      Тиiстi дәрежеде ресiмделген құжаттары жоқ жағажай тексерiлмеген, адам өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiптi деп есептеледi, ал оларды пайдалануға жол берiлмейдi. 

            3. Суда балалар қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шаралары 

      3.1. Суда балалар қауiпсiздiгiн сақтауды жергiлiктi атқарушы органдар қамтамасыз етедi және оған мынадай алдын алу-түсiнiк шаралар кешенiн өткiзу арқылы қол жеткiзедi: 
      * суға түсетiн жерлердi дұрыс таңдау; 
      * балаларды жүзуге үйрететiн су айдыны учаскелерi мен жағажайларды жабдықтау; 
      * ведомстволық күзет орындары мен медициналық пункттер ашу; 
      * балаларды жүзуге үйрететiн сабақтар ұйымдастыру; суда өзiн-өзi ұстау және су нысандарын пайдалану барысында сақтық шараларын сақтау тәртiбi туралы жүйелi түсiнiк жұмысын жүргiзу. 
      3.2. Мектеп лагерi, балалар мекемесi жағажайларында суға түсетiн жерлерде 9-жасқа дейiнгi балаларды суға түсiрiп, жүзуге үйрету үшiн тереңдiгi 0,7 м аспайтын, сондай-ақ 9-11 жастағы және жүзе бiлмейтiн ересек балаларға арнап 1,2 м-ден терең емес су учаскелерi жасалуы керек. 
      9 жасқа дейiнгi балалардың шомылуына арналған учаскелер су бетiне шығып тұратын биiктiгi кемi 80 см келетiн қоршаумен қоршалады, ал ересек балалар үшiн темiр арқанға бекiтiлген қалтқы желiмен тартылып тасталады. 
      Тереңдiгi 2 м дейiн баратын жерлерде жасы 12-ден асқан, жақсы жүзе бiлетiн балаларға рұқсат етiледi. Бұл тереңдiктер бiр-бiрiнен 20-30 м қашықтықта орналасқан белгiлермен қоршалады. 
      3.3. Мектеп лагерiнiң, балалар мекемесiнiң жағажайы белгiленген санитарлық талаптарға жауап берiп, абаттандырылып, жаға жағынан шарбақ қашамен қоршалып, көлеңкелi қалқалармен жабдықталуы керек. 
      3.4. Балалар жағажайын ашуға оны жергiлiктi әкiмшiлiк Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Суда құтқару орталығының суда құтқару қызметi өкiлдерiнiң қатысуымен құратын арнаулы комиссияның тексеруiнен соң ғана рұқсат берiледi. Тексеру жөнiнде арнаулы акт жасалады. 
      3.5. Суға шомылу кезiндегi балалар қауiпсiздiгiнiң жауапкершiлiгi жүзу жөнiндегi нұсқаушыға жүктеледi. 
      3.6. Балаларға шомылуға 10 адамнан аспайтын топпен бiрге, жүзе алатын ересектердің қадағалауымен 10 минөтке рұқсат берiледi. 
      3.7. Жүзе бiлмейтiн балалар суға жүзе бiлетiн балалардан бөлек түсуi керек. Мұндай балалардың шомылуын балалар лагерiнiң не мекемесiнiң жетекшiсi ұйымдастырып, бақылау жасайды. 
      3.8. Шомылу медицина қызметкерiнiң және жүзе бiлетiн, суда апатқа ұшырағандарға жәрдем көрсете алатын адамдардың бақылауымен ұйымдастырылады. Шомылуға әдiстемелiк басшылықты жүзу нұсқаушысы жасайды. 
      3.9. Сабақ жүргiзу ыңғайлы болуы үшiн жағалаудың суға енiп жатқан тұсынан қоршалып алаң жасалады. 
      3.10. Балалар суға түсiп жатқанда бүкiл жағажай аумағында бөгде адамдардың жүруiне, шомылуына және қайықпен, катермен серуендеуге, ойын, спорт шараларын өткiзуге тыйым салынады. 
      3.11. Жорық, серуен және экскурсия кездерiнде балалардың шомылуы үшiн түбi жайпақ дiңгек, түбiртек, қырлы тас, балдыр мен тұнбадан таза тайыз тұстар таңдап алынады. Ондай жерлердi сүңги бiлетiн, құтқару және алғашқы жәрдем көрсету әдiстерiне ие ересектер тауып, тексеруден өткiзедi. 
      Шомылу аймағының шекарасы белгi, сайғақ, сырықпен және өзге де бейiмделген нәрселермен белгiленiп қойылады. 
      Шомылу ересектердiң бақылауымен барша сақтық шараларын сақтай отырып жүргiзiледi. 
      3.12. Қайықпен, катермен серуендеу ересектердiң басшылығымен өтедi. Катер және моторлы қайықтарды жүргiзуге жүзбелi құралдарды дербес басқаруға берiлген арнайы құқы бар адамдар ғана жiберiледi. 
      3.13. - катерге, қайыққа белгiленген нормадан артық жүк алуға; 
      * ересектердiң ерiп жүруiнсiз 16-жасқа дейiнгi балаларды серуендетуге; 
      * 7 жасқа толмаған балаларды серуендетуге; 
      * қайықпен суға секiруге, онда тұрып шомылуға; 
      * катер, қайық жүрiп келе жатқанда оның жиегiне отыруға, орын ауыстыруға, өзге катер, қайыққа ауысып отыруға болмайды. 
      Катерлер мен қайықтар ақаусыз болуы керек, құтқару құралдарының толық жабдығы, өзге жабдықтар мен мүкәммалдар болуы тиiс.
      3.14. Қараңғы түсiсiмен жағажай әкiмшiлiгi жағалауды сүзiп шығу үшiн патруль (кезекшi, жауапты адам) бөлуге мiндеттi.     

             4. Сырғанақ және ойын алаңдарын жасау     

     4.1. Мұз үстiнде сырғанақ және ойын алаңдарын жасаған кезде тереңдiгi 100-120 см-ден аспайтын тұстар таңдап алынады. Сырғанақ (ойын алаңы) ауданындағы мұздың қалыңдығы 25 см-ден кем болмауы керек.
     4.2. Сырғанақ аумағы сайғақпен қоршалады. Сырғанақ маңына құтқару құралдары (арқан, тақтай, саты, т.б.) iлiнген қалқан орнатылады.
     4.3. Сырғанақ тұрақ кезекшiлiк ұйымдастырылады.
     4.4. Сырғанақ және ойын алаңдарын:
     * өнеркәсiптiк кәсiпорындарының ақаба суы құйылатын тұс маңында;
     * ағысы қатты жерлерде;
     * суға қатып қалған заттары бар қамыс, құрақ, т.б. өскен учаскелерде;
     * мұз астынан балық аулайтын, мұзы ойылатын учаскелерде;
     * жылым, бұлақ, бастау маңында;
     * көпiр астында, бұрылыстарда және қылта жерлерде жасауға тыйым салынады.

         5. Мұзда қауiпсiздiк сақтаудың жалпы шаралары     

      5.1. Қатқан сулары арнаулы мұз өткелдерi (жаяуларға және авто, арба көлiкке арналған) жасалған тұстарда ғана қиып өтуге рұқсат етiледi. Мұндай өткел жоқ жерден өткенде алдымен ол жердегi мұздың берiктiгiне көз жеткiзiп алу керек. 
      Мұндай өткел жоқ жерден өткенде алдымен ол жердегi мұздың сүйменмен ұрып байқау ұсынылады: қатты ұстасқан мұз 2-3 соққыдан соң ғана ойыла бастайды. 
      Мұз берiктiгiн аяқпен ұрып байқауға қатаң тыйым салынады. 
      5.2. Әлсіз мұз үстiмен жүруге, мұзы шатынаған тұстарға жақындауға, жағадан жұқа мұз үстiне шаңғымен, шанамен, конькимен сырғанап түсуге болмайды. Мұз жүрiп жатқан кезде мұз сынықтарында сырғанауға немесе олар арқылы арғы бетке өтуге, сондай-ақ мұз бетiне ой-шұқыры беймәлiм тұстардан, әсiресе жарғабақтан түсуге болмайды. 
      5.3. Өзендi (су қоймасын) мұз үстiмен тыйым салынған және қауiптi тұстардан кесiп өтуге рұқсат етiлмейдi, ескертпе қалқандарды мұқият қарап отыру керек. 
      Қызыл су жүре мұз үстiне шығуға қатаң тыйым салынады. 

      6. Жүзбе құралдарын жалға беретiн стансаларын (пункттерiн) 
                    құру, күту және пайдалану 

      6.1. Жүзбе құралдарын жалға беретiн стансаларды (пункттердi) құруға және пайдалануға бередi төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң Суда құтқару орталығымен, мемлекеттiк санитарлық қадағалау органдарымен алдын ала келiсе отырып жергiлiктi әкiмшiлiк рұқсат етедi. 
      6.2. Қайық тұрағы құтқару шеңберлерiмен (тұрақ желiсiнiң әр 10 м-не бiр шеңберден), өзге құтқару құралдарымен және өрт сөндiретiн мүкәммалмен жабдықталуы керек. 
      6.3. Жалға беретiн пункт тұрған судың айдың бетi шегiнен жалдық жүзбе құралдары шығаруға болмайтын қалқыма белгiлермен белгiленедi. 
      6.4. Әрбiр жалға беру стансасының жанынан құтқаруға арналған керек-жарағы, жасақшы-құтқарушылары бар, сондай-ақ радиохабар қондырғысы орнатылған кезекшi қайыққа ие құтқару күзетi құрылады. 
      6.5. Жалға берiлетiн жүзу құралы мiндеттi түрде ақаусыз болып, ескек iлмегi, құрал қоятын жiп, су қотаратын ожау және құтқару керек-жарағы комплектiлерiмен жабдықталуы керек. 
      6.6. Жалға беру стансасының кассалары мен демалушылар жайғасатын орындықтар жағада орналасады. Қайыққа мiнгiзiп-түсiретiн орын оларды күтiп тұратын жерлерден бөлек болады. Мiнгiзiп-түсiру жалға беру стансасының кезекшi-құтқарушысының бақылауымен жүргiзiледi. 

            7. Топырақ алу жұмыстары кезiнде адамдардың 
                   қауiпсiздiгiн сақтау шаралары 

      7.1. Өзен, көл және өзге су нысандары жағалауына тақау тұста, әсiресе көпшiлiк суға түсетiн орындарда топырақ алу жұмыстары жергiлiктi әкiмшiлiкпен, өзен флотының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Суда құтқару орталығының тиiстi бөлiмшелерiмен және өзге де ынталы ұйымдармен келiсе отырып жүргiзiлуi тиiс. 
      7.2. Су толған қазаншұңқырлар маңындағы адам қауiпсiздiгiн сақтауды қамтамасыз ету жұмыс аяқталғанша топырақ алуды жүргiзушi ұйымның басшысына жүктеледi. 
      7.3. Су толған қазаншұңқырлардан топырақ алу аяқталғанша кейiн жағалаудан 1,7 м тереңдiкке дейiнгi су табанын тегiстеу жүргiзiледi. 
      Көпшiлiк демалатын орындардағы шағын қазаншұңқырлар топырақ алуды жүргiзген кәсiпорын, ұйым тарапынан бiтелуi (тегiстелуi) керек. 

             8. Судағы қауiпсiздiк белгiлерiнiң сипаты 

      8.1. Судағы қауiпсiздiк белгiлерi су нысандары жағалауына су жиегiнде және суда жүрген қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында орнатылады.
      8.2. Белгiлер әр бетi кемi 50 х 60 см келетiн тiкбұрыш пiшiндi болып келедi және ағаш тақтайдан, қалың фанерден, металл тiлсемнен немесе басқа да берiк нәрседен жасалады.
      Белгiлер көрнекi жерлерге қойылады және жерге қадалған бағанаға (ағаш, металл, темiрбетон т.б.) бекiтiледi. Бағаналардың жер бетiнен биiктiгi кемi 2,5 м болуы керек.
      8.3. Белгiлерге жазу қара немесе ақ бояумен түсiрiледi.
      8.4. Судағы қауiпсiздiк белгiлерiнiң сипаттамасы:

N         Белгiдегi жазу                 Белгiнiң жалпы түрi

1.  Суға түсетiн орын (метрмен      Жасыл қоршауға алынады. Жазу
     өлшенгендегi шекарасы           үстiнде орналасады. Төменде
     көрсетiледi)                    жүзiп келе жатқан адам бейнесi.   
                                     Белгi ақ бағанға бекiтiледi.

2.  Балалар суға түсетiн орын       Жасыл қоршауға алынады. Жазу
     (метрмен өлшенгендегi шекарасы  үстінде орналастырады. Төменде
     көрсетiледi)                    су ішінде тұрған екі баланың
                                     бейнесі. Белгі ақ бағанға
                                     бекітіледі.

3.  Жануарлар суға түсетін орын     Жасыл қоршауға алынады. Жазу
     (метрмен өлшегендегі            үстiнде орналасады. Төменде су    
     шекарасы көрсетіледі)           iшiнде тұрған ит бейнесi. Белгi   
                                     ақ бағанға бекiтiледi.

4.  Суға түсуге болмайды            Қызыл қоршауға алынады. Жазу
     (метрмен өлшенгендегi           үстiнде орналасады. Төменде
     шекарасы көрсетiледi)           жүзіп келе жатқан адам бейнесі.
                                     Бейне жоғарыдағы сол бұрыштан     
                                     бастап қызыл белдеумен айқара     
                                     сызылады. Белгi қызыл бағанға 
                                     бекiтiледi. 

5.  Сүңгуге болмайды                Қызыл қоршауға алынады. Жазу
                                     үстiнде орналасады. Төменде 
                                     жүзiп келе жатқан адам бейнесi.   
                                     Бейне жоғарыдағы сол бұрыштан     
                                     бастап қызыл белдеумен айқара     
                                     сызылады. Белгi қызыл бағанға 
                                     бекiтiледi.

6.  Жүзбе құралдарының жүруiне      Қызыл қоршауға алынады. Жазу
     болмайды.                       үстiнде орналасады. Төменде 
                                     iлме моторлы шағын кеме бейнесi.  
                                     Бейне жоғарыдағы сол бұрыштан     
                                     бастап қызыл белдеумен айқара     
                                     сызылады. Жүзiп келе жатқан 
                                     адам бейнесi. Жағажайдың айдын    
                                     бетiн қоршайтын белгiлермен 
                                     қатар қойылады.

7.  Мұз үстiмен жүруге болады.      Тұтастай жасылмен боялады. 
                                     Жазу ортасында ақ түстi. Белгi 
                                     ақ бағанға орнатылады.

8.  Мұз үстiмен жүруге болмайды.    Тұтастай қызыл түске боялады.     
                                     Жазу ортасында ақ түстi. Белгi 
                                     ақ бағанға орнатылады.

         9. Қазақстан Республикасының iшкi сулары 
        мен теңiз жағалауына тақау учаскелерде адам
       өмiрiн қорғау тәртiбiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiк

      9.1. Осы Тәртiптi бұзғаны үшiн тәртiпке шақыру, материалдық және әкiмшiлiк жауапқа тарту белгiленедi.
      9.2. Осы Тәртiп талаптарының орындалуына бақылау жасау жергiлiктi әкiмшiлiк органдары мен Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитеттiң Суда құтқару орталығының бөлiмшелерiне жүктеледi. 
      9.3. Суда адам өмiрiн қорғау Тәртiбiнiң орындалуына бақылау жасау өкiлеттiктерi, жүзеге асыру үшiн Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитеттiң суда құтқару орталығы қызметкерлерiне: 
      * меншiктiң барлық түрiндегi ұйымдарға суда қауiпсiздiк талаптарын және нормалық-құқықтық, нормалық-техникалық актiлердi сақтау шараларын бұзу фактiлерi бойынша орындалуға мiндеттi ұйғарымдар жiберу; 
      * көпшiлiк пайдаланатын су нысандарына, судағы көлiк құралдары мен өткелдерге келiсiм-шарт негiзiнде техникалық куәландырулар жүргiзу, оларды пайдалануға тыйым салу, азаматтар, меншiктiң барлық түрiндегi ұйымдар мен кәсiпорындарға олар қауiпсiздiк ережесiн бұзған жағдайда белгiленген тәртiппен әкiмшiлiк шара қолдану; 
      * суда төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған шараларды талдап жасап, өткiзу бойынша меншiктiң барлық түрiне жататын ұйым, кәсiпорындардың ведомстволық құтқару стансалары мен күзеттерi қызметiне бақылау жасау; 
      * штормдық ауа райы қарсаңында және суға түсуге арналған аудан шекарасынан шығып кеткенде немесе спортшылар жаттығуға катер не моторлы қайықтың ерiп жүруiнсiз шығып кеткенде барлық шағын кемелерi айлақ-тұрағына қайтару құқы берiледi. 
      9.4. Құтқару қызметi өкiлдерiнiң суда қауiпсiздiк сақтау шаралары туралы нұсқаулары: жағажай, демалыс базалары, жүзу әуiттерi, басқа да су нысандары әкiмшiлiктерi үшiн, соларды пайдаланушы барлық азаматтар үшiн, шағын кемелердi жүргiзушiлер үшiн, сондай-ақ меншiктi қай түрiне жататындығына қарамастан ұйымдардың басшыларына мiндеттi болып табылады. 
      9.5. "Алматы қаласының суаттарында азаматтардың өзiн-өзi ұстау және қауiпсiздiгi тәртiбiн" заңды және жеке тұлғалардың бұзғандығы үшiн салынатын айыппұл көлемiнiң олар Алматы қаласының аумағында жасалған әкімшіліктік құқық бұзушылықтар үшін 2001 жылғы 30 қаңтардағы N 155-ІІ ЗРҚ "Әкімшіліктік құқық бұзушылық туралы"   K010155_   Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес анықталғандығы және қала бюджетiнiң кiрiсiне аударылатындығы белгiленсiн.<*>
     Ескерту. 9.5 тармақ өзгертілді - Алматы қалалық Мәслихатының ІІ       
              сайланған ІХ сессиясының 2001 жылғы 04 сәуірдегі шешімімен.   V01R327_

       І сайланған Алматы қалалық
     Мәслихаты ХХIV сессиясының
     төрағасы                                  

     І сайланған Алматы қалалық 
     Мәслихатының хатшысы   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады