Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" N 131-1 Заңының, осы мәселе бойынша Президенттiң жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларының Алматы қаласында орындалу барысы туралы

Күшін жойған

І сайланған Алматы қалалық Мәслихатының ХХІV сессиясының 1999 жылғы 12 наурыздағы шешімі. Алматы қалалық Әділет басқармасында 1999 жылғы 20 сәуірде N 42 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қалалық Мәслихатының 2005 жылғы 11 ақпандағы N 123 шешімімен

      Ескерту.Күші жойылды - Алматы қалалық Мәслихатының 11.02.2005 N 123 шешімімен.

      I-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты Қазақcтан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы "Шақын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" N 131-1 Заңының, осы мәселе бойынша Президенттiң жарлықтарының, Қазақстан Республикасы үкiметi қаулыларының Алматы қаласында орындалуын жайын қарап, қалада шағын кәсiпкерлiктi дамытуқа мемлекеттiк қолдауды қамтамасыз ету бойынша елеулi жүргiзiлгенiн атап көрсеттi. Алматы еркiн кәсiпкерлiк қаласы болып жарияланды, қала  өкiмiнiң жанынан Шағын бизнес департаментi құрылды, аудандар әкiмдерi аппараттарында шағын бизнес мәселелерi бойынша әкiмдердiң  орынбасарлары жетекшiлiк етедi, сауда бөлiмдерi кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту бөлiмдерi болып қайта құрылды. 1998 жылы шақын кәсiпорындардың саны 800-ден асты және кәсiпорындардың жалпы саны 23,1 мыңға жеттi, онда 116 мың адам жұмыс iстейдi. 1997 жылмен салыстырқанда шағын кәсiпорындар көрсететiн қызметтер мен өндiретiн тауарлардың көлемi 5,2 процентке көбейдi.
      Сонымен бiрге шағын кәсiпкерлiктiң дамуын орын алып отырқан бiрқатар проблемалар кiдiртуде. Айталық, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарын бұза отырып, аудандар әкiмдер аппараттарында рұқсат ету құжаттарын беру тәжiрибесi (сауда жасауға арналқан рұқсат ету куәлiктерi, кәсiпорындардың төлқұжаттары) әлi толық жойылмақан, жекелеген фирмалардың мүдделерiн қорқайтын жақдайлар да кездеседi, кәсiпкерлердi аудандардың бюджеттен тыс қорларына және қайырымдылық қорларына "ерiктi демеушiлiк ету" деп аталатын келеңсiз iстi жасауға мәжбүр ететiн, жарналар төлететiн жағдайлар бар. Аудандар әкiмдерi аппараттары жанында негiзiнен кәсiпкерлерге салынатын айыппұлдардың есебiнен өз бюджеттерiн қалыптастыратын және ұсталатын әр түрлi құрылымдар құрылқан және жұмыс iстеуде. Аудандық салық комитеттерi арқылы патент немесе куәлiк берерде кәсiпкерлерден Қазақстан Республикасының "Жеке кәсiпкерлiк туралы" Заңында көрсетiлмеген құжаттарды (үй жайларды жалдау шарттары, олардың төл құжаттарының немесе жеке басының куәлiктерiнiң көшiрмелерiн) орынсыз талап етедi, куәлiктердiң немесе патенттердiң бланкiлерi үшiн 400-600 теңге аралықында жоғары ақы алынады, куәлiктер берiлетiн мерзiм өте шектеледi, патенттердiң құнының нақты мөлшерiн анықтау мақсатында фонометраждар жүргiзiлмейдi. Мемлекеттiк өкiлеттi орган - көрнекi ақпарат және жарнама басқармасының бар екенiне қарамастан, сыртқы көрнекi жарнамаларды орналастыратын орындардың жарнамалық кеңiстiктi пайдалануға берудiң жайын келiсу "Алматықалабезендiру" АҚ арқылы жүзеге асырылады. МӘның өзi Қазақстан Республикасы үкiметiнiң "Орталық және жергiлiктi атқару органдары арқылы көрсетiлетiн қызметтер үшiн ақы төлеудi реттеу жөнiндегi шаралар туралы" Қаулысына қайшы келедi. І-сайланқан Алматы қалалық Мәслихаты

ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тұрақты депутаттық комиссиялар, аудандардың әкiмдерi, қалалық, аудандық мекемелердiң, ұйымдардың басшылары шағын кәсiпкерлiктi дамытуда жинақталқан тәжiрибенi пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Заңының, Президенттiң жарлықтарының және Қазақстан Республикасы үкiметi қаулыларының талаптарын толық көлемде орындалуын қамтамасыз етсiн.
      2. "Алматы қаласы бойынша шағын кәсiпкерлiктi дамытуды қолдаудың 1999-2000 жылдарға арналған Бағдарламасы" және "Алматы қаласындақы өнеркәсiптiк аймақтарды дамыту Тұжырымдамасы" бекiтiлсiн (N 1, 2 қосымшалар).
      3. Қазақстан Республикасының Парламентiне және үкiметiне, Қазақстан Республикасының жекелеген заң актiлерiне кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту мәселелерi бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде ұсыныстар жолдансын (N 3 қосымша).
      4. Қазақстан РеспубликасыныҺ Парламентiнен шағын кәсiпкерлiктi қолдау мәселелерi бойынша Парламенттiк тыңдаулар өткiзу, Қазақстан Республикасының өкiмшiлiк, Салық, Салық-процессуальдық Кодекстерiн және Азаматтық Кодекстiң II-бөлiмiн қабылдауды тездету сұралсын.
      5. Қазақстан Республикасының Парламентiне және үкiметiне Алматы қаласының өкiмiмен және Алматы қалалық Мәслихатымен келiспей "Алматы қаласының айрықша мәртебесi туралы" Заңына өзгерiстер енгiзбеу жөнiнде өтiнiш жасалсын.
      6. Алматы қаласының әкiмiне мынадай ұсыныстар жасалсын:
      6.1. Өндiрiстiк қызметпен айналысатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн қалалық бюджеттiң қаражаттары есебiнен мемлекеттiк тапсырыстар бойынша сатып алынатын тауарларды" (жұмыстар, қызметтер) барлық көлемiнiң кемiнде 10 процентiн резервке қоюдың жайын қарастыру, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарының шеңберiнде олардың тауарларының (жұмыстар, қызметтер) өткiзiлуiне игi ықпал ететiн тамыр-таныстық шараларды жүзеге асыру;
      6.2. Егер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында басқаша көрсетiлмесе, кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға арналған мерзiмсiз лицензиялар беру және хаттау;
      6.3. Алматы қаласында жарнамалық кеңiстiктi пайдаланғаны үшiн ақы төлеу, олардың есебiн алу, тiркеу, бақылау жөнiндегi жұмыстарды реттеу;
      6.4. "Алматы қалалық Бизнес-Инкубатор" жабық акционерлiк қоғамын құру, оның жарлылық қорына үлес қосу ретiнде Алматы қаласында Өнеркәсiптiк аймақтарды ұйымдастыруға арналған, жарамды үй-жайлар бөлу;
      6.5. Өнеркәсiптiк аймақтарда орналасқан шақын кҚсiпорындарқа көмек көрсету, қаланыҺ iрi кәсiпорындарымен өндiрiстiк-технологиялық байланыстар жасауына жәрдемдесу.
      7. Алматы қаласындағы аудандардың әкiмдерiне ұсынылсын:
      7.1. шағын кәсiпкерлiктi қолдау және дамытудың қалалық және аудандық бағдарламаларын жүзеге асыруға бақытталған жұмыстарды жандандыру;
      7.2. беделдi және тәжiрибелi кәсiпкерлердi қоғамдық кеңесшi ретiнде жұмысқа тарту, олардың тәжiрибесiн тарату, қоғамдық кәсiпкерлiк құрылымдарды қалыптастыруға жәрдемдесу.
      8. Қалалық қаржы басқармасы:
      8.1. осы мақсаттарға арналып бекiтiлiп, 1999 жылға арналған қалалық бюджетте көрсетiлген қаражаттардың көлемiнде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне несие беруге арналған ақша қаражаттарының толық көлемде бөлiнуiн қамтамасыз ету;
      8.2. алдақы жылға арналған, Алматы қаласы бюджетiнiң жобасында шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне несиелер беру үшiн, оларды оқытуды қаржыландыруға, Өнеркәсiптiк аймақтарды өркендетуге және кәсiпкерлiктiң басқа да инфраққрылымдық жақтарын дамытуды қаржыландыруды қарастыру.
      9. Алматы қалалық аумақтық мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi және Алматы қалалық Коммуналдық меншiктi басқару департаментi:
      9.1. шағын өндiрiстiк кәсiпорындарды орналастыру үшiн тоқсан сайын бос тұрқан үй-жайларды iздестiрiп отырсын. Өндiрiстiк және офистiк үй-жайларға мұқтаж кәсiпкерлер хабардар болуы үшiн "Алматы ақшамы", "Вечерний Алматы" газеттерiнде ай сайын бос тұрған және пайдаланылмайтын нысандардың тiзiмдерiн жариялап отырсын;
      9.2. өндiрiстiк салада қызмет ететiн шақын кәсiпкерлiк субъектiлерiмен ұзақ мерзiмдi негiзде, 10 жылға дейiн үй-жайларды жалдау шарттарын хаттау ұсынылсын.
      10. Алматы қалалық Салық комитетi:
      10.1. жеке кәсiпкерлермен жұмыс iстеудi бiр жүйеге келтiрiп, патенттер мен куәлiктердi берерде төрешiлдiктен бойларын аулақ салып, iстi дұрыс ұйымдастырсын;
      10.2. 1999 жылғы 1 сәуiрге дейiн Алматы қаласындағы жеке кәсiпкерлерге патенттер мен куәлiктердi беру жөнiндегi бiрыңғай Ереженi әзiрлесiн және бекiтсiн, оларды бергенi және хаттақаны үшiн Қазақстан Республикасының Заңдарында белгiленбеген ақы алу тәртiбiнiң күшiн жойсын;
      10.3. жеке кәсiпкер бекiтiлген салықтық мөлшерiмен келiспеген жағдайда патенттiң құны үшiн есеп айырысуды салық органының қызметкерi жүргiзген тексерудiң нәтижелерi және хронометраж негiзiнде немесе олар ұсынған мәлiметтерге сәйкес жүзеге асырсын;
      10.4. белгiленген салық ставкаларының нақты мөлшерлерiне барынша жақындатылған, Алматы қаласындағы аудандарды аймақтарқа бөлудiң неқұрлым икемдi жүйесiн әзiрлесiн.
      11. Қалалық қаржы басқармасы Алматы қалалық Салық комитетiмен бiрлесе отырып, I-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының кезектi сессиясының қарауына жергiлiктi бюджетке қарыздар кәсiпорындармен, ұйымдармен өзара есеп айырысу жөнiндегi ұсыныстарды енгiзiп, кейiнiрек Алматы қаласында Өнеркәсiптiк аймақтарды ұйымдастыру үшiн осы қаланың коммуналдық меншiгiндегi пайдаланылмай тұрған үй-жайлардың бiраз бөлiгiн оларға берсiн.
      12. Алматы қалалық өдiлет басқармасы заңды тұлқаларды тiркеу және қайта тiркеудiң тәжiрибесiн жетiлдiрiп, шағын кәсiпкерлiк субъектiлердiң тiркеудiң мерзiмiн 3 күнге дейiн төмендетуге қол жеткiзсiн.
      13. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау экономикалық реформа және нарықтық қатынастарды дамыту мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссияға (Ю.В.Костин), Алматы қаласы өкiмiнiң бiрiншi орынбасарына (Қ.А.Бүкенов) жүктелсiн.

      I-сайланған Алматы қалалық
      Мәслихаты ХХIV сессиясының
      төрағасы                                    В. Югай

      I-сайланған Алматы қалалық
      Мәслихатының хатшысы                        Ж. Төрегелдинов

I-сайланған Алматы
қалалық Мәслихатының
1999 жылқы 12 наурыздағы
24-сессиясының шешiмiне
N 1 қосымша

1999-2000 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ
БОЙЫНША ШАҒЫН КӘСIПКЕРЛIКТI
ҚОЛДАУ МЕН ДАМЫТУ
БАҒДАРЛАМАСЫ

Алматы қаласы

БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ АТАУЫ

      1999-2000 жылдарқа арналған Алматы қаласында шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың бақдарламасы

БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГIЗГI ӘЗIРЛЕУШIСI

      Алматы қаласының Шағын бизнес департаментi

БАҒДАРЛАМАНЫҢ БАСТЫ ОРЫНДАУШЫСЫ

      Алматы қаласының Шағын бизнес департаментi

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ОРЫНДАУШЫЛАРЫ

      Қалалық қызметтер мен басқармалар, аудан әкiмдерi, кәсiпкерлердiң алматылық қауымдастықы, қоғамдық бiрлестiктер

БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ

      Кәсiпкерлердi жан-жақты тиiмдi қолдаудың жүйесiн құру және осы негiзде экономиканың өндiрiстiк және басқа салаларында шағын кәсiпкерлiктiң тұрақты дамуын қамсыздандыру

БАҒДАРЛАМАНЫҢ МIНДЕТI

      - Шағын кәсiпкерлiктi табысты дамуы үшiн қолайлы құқықтық, экономикалық және ұйымдық шарттарды жасау
      - кәсiпкерлiктi қолдаудың қаржы-кредиттiк жыне инвестициялық тегершiктерiн дамыту және жетiлдiру;
      - халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын құру
      - тұтыну базарын бәсеке қабiлеттi отандық тауарлармен толтыру үшiн экономиканы өндiрiстiк инновациялық және басқа салаларында шағын кәсiпорындарды ашу және дамыту
      - шағын кәсiпорындарда мемлекеттiк тапсырысты орналастырудың тиiмдi тегершiгiн жасау
      - шағын кәсiпкерлiк инфрақұрылымын жетiлдiру
      - шағын кәсiпкерлiктiң экономикалық және әлеуметтiк дамуы мiндеттерiн шешуi үшiн қалалық құрылымдардың, атқарушы билiктiң жергiлiктi органдары мен қоғамдық ұйымдардың тиiмдi өзара iс-әрекетiн қамтамасыз ету

БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГIЗГI ШАРАЛАРЫ

      Негiзiнен сауда дәнекерлiк қызметте бақытталқан шағын бизнес бағдарында қалыптасқан өндiрiстiң тұралауы жағдайында, сондай-ақ Алматы қаласының дамуы ерекшелiгiн базарларда тауарлар мен қызметтердiң қалыптасқан жағдайын ескере отыра қала өкiмiнiң аппараты шағын бизнес департаментi арқылы барлық қала қызметтерi мен және басқаларымен өзара тығыз iс-әрекет ете отыра мына төмендегi басым бақыттарда кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытуды жүргiзедi:
      - азық-түлiк өнiмдерiн, ең алдымен жергiлiктi шикiзаттан өндiру;
      - тiгiн, тоқыма өндiрiсi;
      - картон-қақаз жҚне буып-түю өнiмдерiнiң өндiрiсi;
      - балалар тауарларыныҺ түрлерiн шықару;
      - дәрi-дәрмек препараттарының өндiрiсi;
      - құрылыс материалдарын шықару;
      - мүгедектерге арналқан өнiмдердi шықару;
      - жиҺазды, оның iшiнде мектеп пен ауруханаға арналған жиҺазды шықару;
      - тұрмыстық химия мен әсемдегiш-косметикалық бұйымдарды шықару;
      - тұрғын үй мен әлеуметтiк мақсаттағы объектiлердi салу, жөндеу және пайдалануға беру;
      - халыққа медициналық және тұрмыстық қызметтердi дамыту (кiр жуатын орын шеберханалары және т.б.);
      - қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнiң желiсiн дамыту.

      Алматы қаласы үшiн жоғарыда мазмұндалған басым бағыттарды ескере отыра тараулар бойынша төмендегi шаралар қарастырылады:
      I. Шағын кәсiпкерлiктi дамытудың құқықтық шарттарын жетiлдiру
      II. Кәсiпкерлiктi қолдауды ұйымдық қамсыздандыру
      III. Шағын кәсiпкерлiктi, шағын-кредиттiк, инвестициялық және өндiрiстiк-технологиялық қолдау
      IV. Кәсiпкерлiктi қолдаудың инфрақұрылымдары мен өнеркәсiп аймақтарын дамыту
      V. Шағын кәсiпкерлiктi кадрлық және ақпараттық қамсыздандыру
      VI. Шағын кәсiпкерлiктiң әлеуметтiк қорқалуы және қәуiпсiздiгi

ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ КӨЛЕМI МЕН КӨЗДЕРI

      1999 жылқы республикалық жҚне жергiлiктi бюджет қаражатынан қаржыландырудың жалпы көлемi шамамен 100 млн. теңгенi құрайды.
      Басқа көздерден, қосымша қаражатты тарту, оның iшiнде отандық кәсiпкерлер мен шет ел инвесторларының бос қаражаты, банк кредиттерi.

БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАН КҮТIЛЕТIН
ТҮПКI НӘТИЖЕЛЕР

      - Алматы қаласында жұмыс iстейтiн шақын кәсiпорындар саны 1,3-1,4 есеге көбейту;
      - жаңа жұмыс орындарын ашу, сол арқылы қаладақы жұмыссыздық деңгейiн төмендетуге қол жеткiзу, халықтың жұмыспен қамтылуын қамсыздандыру;
      - экономиканың өндiрiстiк және басқа салаларында шағын кәсiпкерлiктiң қалыптасуы мен дамуы үшiн барлық қолайлы жағдайда жасау есебiнен шағын кәсiпкерлiктi үдемелi дамыту;
      - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне ұйымдық-әдiстемелiк, ақпараттық талдау, кеңестiк сақтандыру және басқа қызметтердi көрсету үшiн осы сәтте жеткiлiктi дамықан нарықтық инфрақұрылымдар объектiлерiн қөру;
      - қала базарларын жергiлiктi өндiрiстiң бәсекеқабiлеттi өнiмдермен және қызметтерiмен толтыру;
      - салық салынатын база мен бюджеттiң кiрiс бөлiгiн көбейту.

БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУ ТЕГЕРШIГI

     Алматы қаласы өкiмi аппаратының, шақын бизнес департаментiнiң, қала және аудан қызметтерi мен басқармаларының, қоғамдық бiрлестiктерiнiң күш-жiгерiмен шағын кәсiпкерлiктi дамытудың мемлекеттiк саясатын iске асыру мақсатында, экономиканы тұрақтаныру, жұмыссыздық деңгейiн төмендету, қаланың экономикалық және басқа да мәселелерiн шешу бойынша қойылқан мiндеттерге қол жеткiзу үшiн шағын бизнес мүмкiндiгiн дамытуқа арналған қолда бар мүмкiндiктердi барынша пайдалану жөнiнде қадамдар жасалуда.
      Бағдарлама кәсiпкерлiктi дамытудағы елеулi мәселелердi шешуге бағытталған нысаналы шараларды орындаудың нақты және шынайы кешенi ретiнде жасалды, қала және аудан құрылымдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң, қауымдастықтардың және басқа ұйымдардың, кәсiпкерлердiң мүдделерi мен мүмкiндiктерiн, күш-жiгерiн жоғары деңгейде жұмсалдыруқа тиiс.
      Бағдарламаның әрбiр шарасын орындау үшiн жауапты орындаушылар бекiтiлген және нақты мерзiмдерi белгiленген. Бағдарлама шараларын орындаушылар қызметiн үйлестiру мiндетi шақын бизнес департаментiне жүктелген, ол ай сайын шақын бизнестi қолдау жөнiндегi ҚР Агенттiгiне бағдарламаны iске асыру туралы ақпаратты Алматы қаласы әкiмi аппаратының басшылығына есептеп тапсырады, белгiленген шараларды өз уақытында орындауды қамтамасыз ету бойынша қажеттi шараларды қабылдайды, оны iске асыру барысындақы кемшiлiктердi жояды, сондай-ақ бағдарламаны iске асыруқа бөлiнген ақша қаражатының тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз етедi.
      Осы бағдарламаның табысты және өз уақытында iске асыруды қамтамасыз ету үшiн белгiленген тәртiппен жекелеген шаралар мен орындалу мерзiмi бойынша өзгерiс енгiзуге жол берiледi.

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН КӘСIПКЕРЛIКТIҢ
ҚАЗIРГI ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАНЫ
IСКЕ АСЫРУДАН КҮТIЛЕТIН
ТИIМДIЛIКТI БАҒАЛАУ

      Кәсiпкерлiктi дамыту бағыттарын талдау, оның Алматы қаласында дәйектi даму сипатында екендiгiн және бюджетке айтарлықтай түсiмнiң көзi болып ғана қоймай, әлеуметтiк шиеленiстер төмендетудiң жұмыспен негiзгi қамтудың, қаланы дамытудың факторы бола отыра оң нәтиже әкелгендiгiн қуаттайды.
      01.11.1998 ж. жағдай бойынша Алматы қаласында (статистика органдарының мәлiметi бойынша) 22051 шағын кәсiпорын тiркелген, оның iшiнде:
      - өнеркәсiп өндiрiсi, о/i
      - а/ш өнiмдерiн ұқсату                               - 2661
      - ауыл шаруашылықы                                   - 241
      - құрылыс                                            - 1666
      - көлiк пен байланыс                                 - 1096
      - сауда                                              - 8557
      - мейманханалар мен ресторандар                      - 585
      - қызметтiң басқа түрлерi                            - 7245
      Тiркелген кәсiпорындардың жалпы санынан 01.11.1998 ж. жағдай бойынша (салық комитетiнiң жағдайы бойынша) 13124 жұмыс iстейдi (немесе 59,5%), оның iшiнде кәсiпорындардың басым көпшiлiгi сауда саласында жұмыс iстейдi - 6541 (немесе 49,8%), бұдан кейiн құрылыс 868 (немесе 6,6%), өнеркәсiп өндiрiсi, о/i а/ш өнiмдерiн ұқсату - 665 (немесе 5,5%), көлiк және байланыс - 593 (немесе 4,6%), мейманханалар мен ресторандар - 732 (немесе 5,6%), қызметтiң басқа түрлерi - 3556 (немесе 27,4%).
      01.11.1998 ж. жағдай бойынша Алматы қаласында шағын кәсiпкерлер саны - 9299 адам.
      үстiмiздегi жылғы он ай iшiнде қаладағы жұмыс iстейтiн кәсiпорындар 35362,1 млн. теңгенiң, ал жеке кәсiпкерлер 552,3 млн. теңгенiң қызметiн көрсеттi.
      1998 жылдың қаңтары мен қазанның бойындағы кезең мәлiметтерiн талдау өткiзiлген өнiмнiң (жұмыстың, қызметтiң) жалпы көлемiнiң негiзгi үлесiнiң саудамен шұқылданатын шақын кәсiпорындарға тиесiлi екендiгiн - 75,5%, ал ең аз үлестiң мейманханалар мен ресторандар, көлiк пен байланысқа тиесiлi екендiгiн көрсетiп отыр, олар жалпы 3,5%. Экономиканың басқа саласындағы өндiрiс көлемiнiң көрсеткiштерi бойынша кәсiпорындар үлесi тиiсiнше төмендегiдей:
      - құрылыс                   - 2%
      - өнеркәсiп өндiрiсi        - 3,5%
      - басқалары             - 19%
      Еңбек нарықындақы жалпы жағдайдың шықуына қарамастан 01.11.1998 ж. жағдай бойынша шағын бизнес кәсiпорындарында Алматы қаласы бойынша 88632 адам жұмыс iстедi. Негiзiнен жұмыс күшiнiң сауда саласы - 39279 адам (немесе 44,3%), бұдан кейiн өнеркәсiп өндiрiсi мен құрылыс 20351 адам (немесе 23%), мейманханалар мен ресторандар, көлiк пен байланыста жалпы - 12179 адам (немесе 13,7%) және қызметтiң басқа түрлерiнде - 16823 адам (немесе 19%).
      "Шағын кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдауды күшейту және жандандыру жөнiндегi шаралар туралы" 06.03.1997 ж. Қазақстан Республикасы Президентi Жарлығын орындау үшiн және бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде Алматыда жұмыс iстейтiн шағын кәсiпорындар саны өсуге, сондай-ақ кәсiпкерлiк құрылымдарға тартылған тартылатын адамдар саны - 115-125 мың адамға көбеюге тиiс.
      Алматының - еркiн кәсiпкерлiк қаласы болып жариялануын назарқа ала отыра нарықтық инфрақұрылым объектiлерiнiң желiсi құрылып, кәсiпкерлерге халықаралық байланысты орнатуда, шағын бизнеске инвестицияны iздеу мен тартуда өнiмдердiң жаңа түрлерiн, технологияларды дамыту мен енгiзуде көмек көрсететiн болады.
      Кәсiпкерлердiң өндiрiске, саудаға және көлеңкелi экономикадан шығу үшiн қызметтiң басқа түрлерiне жеке қаражатын салуға мүдделiлiк артады және соның салдары ретiнде салық базасы мен бюджеттiң кiрiс бөлiгi артады. Экономиканы сауықтыруда, әлеуметтiк шиеленiстi төмендетуде, қаланың бiрiншi кезектегi әлеуметтiк маңызды мiндеттерiн шешуде нақты нәтиже қол жететiн болады.

      І-сайланған Алматы қалалық
      Мәслихаты ХХIV сессиясының
      төрағасы                                   В.Югай

      I-сайланқан Алматы қалалық
      Мәслихатының хатшысы                       Ж.Төрегелдинов

1999-2000 жылдарқа арналқан Алматы қаласында
шағын кәсіпкерлікті дамыту мен
қолдану үшін қолайлы жақдай
жасауқа бақытталқан ШАРАЛАР

1-ТАРАУ: ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ
ЖАҒДАЙЫН ЖЕТІЛДІРУ


Орын-
дау мерзімі

Орындаушылар

Аяқтау нысаны

Қар-
жы-
лан-
дыру көзі

Қар-
жы-
лан-
дыру сома-
сы

1.

ҚР қолданыстағы заңына сәйкестік пәнiне рұқсат құжаттарын беру жүйесiне жүргiзiлген талдау негiзiнде қала құрылымдарында кәсiпкерлер құжаттарының жеңiлдетiлген және жедел өту рәсiмiнiң үлгi - ережесiн бекiтуi жөнiндегi дөңгелек үстел мәжiлiсiне қатысу

1 тоқ-
сан 1999 жыл

Шағын биз-
нес депар-
таментi, өдiлет басқармасы, қалажерком,қаластат басқарма, бас АПБ, Қала СЭС, стандарт-
тау, мет-
рология және сертифи-
каттау орталығы,  қозғалмай-
тын мүлiк орталығы

Құжаттар-
дың жедел өтуiнiң үлгi- ережесi



2.

1998 жылғы 10 шiлдедегi "ҚР кейбiр заң актiлерiне өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы" ҚР  Заңына сәйкес қала СЭС органдары қоғамдық тамақтан-
дыру, емдеу -  сауықтыру объектiлерiн қоспағанда шағын   кәсiпкерлiк субъектiлерiне тексерiстi жылына бiр реттен артық тiзбесiн жүргiзбесiн

1999 жыл

қала СЭС

СМП тексеру жоспары 3 жыл мерзімге



3

Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне "Салықтар және бюджетке басқа  мiндеттi төлемдер туралы" ҚР Президентiнiң 1995 жылғы 24 сәуiрдегi Заң күшi бар Жарлығына сәйкес мем.бюджетке жарты жылда бiр реттен аспай салықты аударудың дұрыстығы мен өз уақытында төлеуiбойынша тексерiс жүргiзу

1999 жыл

Салық комитетi, салық полициясы басқармасы

Тексерiстi жүргiзу кестесi



4.

Жеңiлдiк негiзде жер пайдалану үшiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн рәсiмдеу мәселесi бойынша ҚР заңына өзгерiс енгiзу жобасын әзiрлеу

1999 жыл

Қалажерком

Ұсыныстар



5.

Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне салықтық қолдау механизмi, оның iшiнде жеке кәсiпкерлердi патенттеудi дамыту бойынша ұсыныстар әзiрлеу және еңгiзу

I тоқсан 1999 жыл

Шағын департа-
мент бизнесi, қалалық салық комитетi, кәсiпкер-
лердiң Алматы қауымдас-
тығы

Мемкiрiс-
минiне, Шағын бизнестi қолдау жөнiндегi ҚР Агент-
тiгiне Ұсыныстар



6.

Шағын кәсiпкерлiктi реттеу мен қолдау және қолданыстағы заңды жүйелендiру мен жетiлдiру бойынша ұсыныстар әзiрлеу саласында қолданыстағы нормативтiк-құқық-
тық актiлердiң талдауын жүргiзу

жылына бiр рет

Шағын бизнес департа-
ментi, кәсiпкер-
лердiң Алматы қауымдас-
тығы

Шағын бизнестi қолдау жөнiндегi ҚР Агент-
тiгiне, Әдiлет минiне ұсыныстар



7.

Қала, аудан әкiмшiлiктерi әзiрлеген 1999-2000 жж. арналған шағын  кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту бағдарламасын үйлестiру және орындалуына бақылау

ай сайын

Шағын бизнес департа-
менті, аудан әкiмдерi

Орындалу барысы туралы ақпарат



8.

Кәсiпкерлiктi дамытуды атап айтқанда, отандық товар өндiрушiлер үшiн кеден кедергiлерiн азайтуға жәрдемдесу

II тоқсан 1999 жыл

Шағын бизнес департаментi, Алматы қ.Бойынша кеден басқармасы, Алматы қауымдас-
тығы

Мемкiрiсми-
нiне, Шағын бизнестi қолдау жөнiндегi ҚР Агенттiгiне ұсыныстар



9.

ҚР Парламентiнiң қарауына ҚР Президентiнiң "Жекешелендiру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 Жарлығының 15-бабының қолданылуы бөлiмiне (атаулы жекешелендiру) мемлекеттiк ғимараттарды екi жылдан артық жалдаған және оның жөндеуi мен қалпына келтiруiне қаражат жұмсаған шағын кәсiпкерлiк субъектiлер үшiн

I тоқсан 1999 жыл

Алматы аумақтық жекешелендiру комитетi, Шағын департамент бизнесi

ҚР Парламен-
тiнiң ұсынысы



II-ТАРАУ. КӘСIПКЕРЛIКТI ҚОЛДАУДЫ
ҰЙЫМДЫҚ ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

Шараландыру атауы

Орын-
дау мерзімі

Орындаушылар

Аяқтау нысыны

Қар-
жы-
лан-
дыру көзі

Қар-
жы-
лан-
дыру сомасы

1.

Шағын бизнес департаментiөкiлдерiнiң шағын кәсiпкерлiктi дамыту мәселесi бойынша қалалық комиссияның жұмысына белсендi қатысуын қамтамасыз ету

тұрақ-
ты

Шағын бизнес департаментi

Ұсыныстарды әзiрлеуге қатысу



2.

Кәсiпкерлер мен қоғамдық ұйымдардың қатысуымен қала әкiмiнiң конференциясын ұйымдастыру және өткiзу

жарты жылда бiр рет

Шағын бизнес департаментi, аудан әкiмдерi, кәсiпкерлер қауымдастығы

Конференция



3.

Туындаған мәселелердi анықтау, сондай- ақ шағын бизнестi дамыту бойынша ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында шағын кәсiпкерлiк  субъектiлерiне  сауалнама жүргiзу

жарты жылда бiр рет

Аудан әкiмдерi, кәсiпкерлер-
дiң Алматы қауымдастығы

Талдау анықтамасы



4.

Салық комитеттерi мен статистика органдарының өзара байланысын қамсыздандыру негiзiнде қалада шағын бизнестi дамыту бойынша мәлiметтердiң нақтыланған базасын құру

I тоқсан 1999 жыл

Қалалық статистика басқармасы, Алматы қ.Комитетi, аудан әкiмдерi

Мәлiметтер-
дi нақтылау бойынша механизм



5.

Шағын бизнестi дамытуға, қала экономикалық жағдайының ықпалына, жұмыспен қамсыздандыруға мониторинг жүргiзу, шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен мемлекеттiк қолдаудың қалалық және аудандық бағдарламаларын iске асыруға талдау

ай сайын

Шағын бизнес департаментi, қала құрылымдары, аудан әкiмдерi

Шағын бизнестi қолдау жөнiндегi ҚР Агенттiгiне ақпарат



6.

Әртүрлi мәселелердi шешу. Ақпарат алуда барынша өзара iс-қимылға қол жеткiзу үшiн қала аудандары әкiмдерiнiң аппараттарында "Кәсiпкер күнiн" ұйымдастыру және өткiзу

ай сайын

Аудан әкiмдерi

Кәсiпкер күнi



7.

Қала құрылымдарының, бақылаушы органдардың және кәсiпкерлердiң қатысуымен "Алматы қаласында шағын кәсiпкерлiктi жандандыру жөнiндегi шаралар туралы" әкiм шешiмiнiң негiзiнде құрылған Алматы қаласында кәсiпкерлiктi дамыту мәселесi бойынша ұсыныс әзiрлеу жөнiндегi әдiстеме Кеңесiнiң мәжiлiсiн өткiзу

кемiде екi айда бiр рет

Шағын бизнес департаментi, қалалық қызметтер мен басқармалар, аудан әкiмдерi, кәсiпкерлер қауымдастығы

Ұсыныстар, қала әкiмiнiң шешiмi



8.

Аудан, қала қызметтерiн қоғамдық бiрлестiктердi тарта отыра ауданда қәсiпкерлiк дамыту мәселесi бойынша қала аудандары әкiмдерi аппараттарында алқа өткiзу

жарты жылда бiр рет

Аудан әкiмдерi, Шағын бизнес департаментi

Алқалар



9.

Бiрлескен жобаларды iске асыру мен енгiзуге, қаладағы кәсiпкерлiктi дамыту бойынша қабылданған қадамдарға, бақылаушы органдардың нұсқамалары мен  талаптарын таныстыруға арналған семинарлар, дөңгелек үстөлдер, конференциялар өткiзу

тоқсан сайын

Қалалық құрылымдар, аудан әкiмдерi, Шағын бизнес департаментi

Семинарлар, конференциялар



III-ТАРАУ. ШАҒЫН КӘСIПКЕРЛIКТI ҚАРЖЫ-КРЕДИТТIК,
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӨНДIРIСТIК ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ

Шараландыру атауы

Орын-
дау мерзімі

Орындаушылар

Аяқтау нысаны

Қар-
жы-
лан-
дыру көзі

Қар-
жы-
лан-
дыру сомасы

1

Қайтарым негiзiнде қала бюджетi қаражатынан жеңiл кредит үшiн ұсынылатын өндiрiстiк товар мен қызмет саласындағы шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң басым жобаларына iрiктеу жасау

1999 жыл

Шағын бизнес департаментi, аудан әкiмдерi

Мақұлданған жобалар және олардың кредиттелуi

Қала бюд-
жетi


2

Жер учаскелерiнiң мақсатты пайдалану үшiн анықтау мен резервтеу мақсатында сауда объектiлерi (базар, дүкен, павильон) және көлiк қызметi объектiлерiн (ЖШС, ТҚС) 1999-2000 жж. арналған дамыту схемасын жасау

I тоқсан 1999 жыл

Сәулет қала құрылысы департаментi

Объектiлердi дамыту схемасы:
- сауда
- көлiк қызметi



3

Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аукциондардағы қарызгер кәсiпорындардың немесе банкрот кәсiпорындардың иелiгiндегi мүлiк және басқа қондырғыны сатып алу мақсатында қатысу механизмiн пысықтау

тұрақ-
ты

Шағын бизнес департаментi, Алматы қ. Бойынша кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру мен тарату жөнiндегi агенттiк, Салық комитетi, Салық полициясы

Аукциондарға қатысу



4

Қала үшiн басымдық инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшiн отандық кәсiпкерлер мен инвесторлардың еркiн қаражатын тартуға ықпал ету, Шағын бизнеске инвестицияның ықтимал көзiнiң ақпараттық базасын  жасау

тұрақ-
ты

Шағын бизнес департаментi, кәсiпкерлер қауымдастығы аудан әкiмдерi

Басым инвестиция-
лық жобалардың тiзбесi



5

Жаңа жұмыс орнын құру мақсатында әрiптестер мен инвестор iздеуде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне  көмектесу, оның iшiнде:
- Майлин көшесiнде автотұрақ салу үшiн;


- әуежай алдындағы және Алматы вокзалының алдындағы алаңдарда қызметтер кешенiн ұйымдастыру үшiн (сауда, автотұрақ және басқа т.б.);
-кешендi қызметтер мен жүк жүргiзушiлерге арналған автомобильдерi тұрағын ұйымдастыру үшiн; - "Алатау", "Сұлтанқорған" базарларында халықаралық автобустар тұрағын салу үшiн

тұрақ-
ты




I жар-
ты жылдық 1999 жыл

III тоқсан 1999 жыл




III тоқсан 1999 жыл


1999 жыл

Аудан әкiмдерi

Ақпарат

Инвестор қаражаты


6

Кәсiпкерлiктi дамытудың басым бағыттарына сәйкес жаңа өндiрiстi, шағын цехтi, наубайхананы, оның iшiнде, қаланың шалғай аудандарында
- "Жұлдыз" ық.ау
- "Маяк" поселкесi
- 13-16 әскери қалашық
- 7-шi разъезд

1999 жыл

Аудан әкiмдерi, Шағын бизнес департаментi

Ақпарат

Инвестордың жеке қаражаты


7

Жаңа жұмыс орнын құра отыра жұмыс iстейтiн кәсiпорын базасында жаңа өндiрiстi ұйымдастыруға (немесе қайта салаландыру) жәрдемдесу

тұрақ-
ты

Аудан әкiмдерi


Инвестор қаражаты


8

Кәсiпкерлiктi дамытудың басым бағытына сәйкес тұрмыс қажетiн өтеу объектiле-
рiн, шағын өндiрiстi, шағын наубайхананы, ашуға көмектесу, оның iшiнде
- Әуезов ауданында тұрмыстық қызмет бойынша он стационарлық нүкте;
- ғимараттың iшкi жұмыстары үшiн әшекей панельдердi өндiру бойынша миницех;
- Өжет, Заря Восток п.Дорожник, Красный Трудовик ық. аудандарында нан бұйымдарын алкогольсiз сусындарды дайындау жөнiндегi цехтар

тұрақ-
ты





III тоқсан 1999 жыл

I тоқсан 1999 жыл


1999 жыл

Аудан әкiмдерi, Шағын бизнес департаментi

Ақпарат

Инвестордың жеке қаражаты, Банк кре-
дитi


9

Өндiрiс, құрылыс және қызметтiң басқа түрi үшiн кәсiпкерлерге анықталған бос жер учаскелерiн беру

тұрақ-
ты

Қалажерком, аудан әкiмдерi

Ақпарат

Инвестор қаражаты


10

Өнiмдердiң (қызметтiң) басым түрлерiн өндiру мен жеткiзу үшiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлер арасында мемлекеттiк тапсырысты орналастырудың тиiмдi механизмiн жасау

тұрақ-
ты

Шағын бизнес департаментi, аудан әкiмдерi

Ақпарат



11

Объектiлердiң бекiтiлген орналасуы бойынша аялдама кешенi мен шағын сәулет нысанын салуға тендер өткiзуге көмектесу

тұрақ-
ты

Аудан әкiмдерi

Тендерлер



12

Қаланың орта және iрi кәсiпорындары үшiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң товар (жұмыс, қызмет) өндiрiсiн атаулы қолдауын ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргiзу iрi және орта шағын кәсiпорындар арасында тiкелей байланысты қамтамасыз етуге көмектесу

тұрақ-
ты

Шағын бизнес департаментi, аудан әкiмдерi

Товар және қызмет өндiрiсiне тапсырыс орналастыру



13

Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне аяқталмаған мемлекеттiк объектiлердi берудi жалғастыра отыра құрылысты аяқтау және әлеуметтiк маңызды бағыттарда пайдалану мақсатында жыл сайынғы түгендеу негiзiнде банк мәлiметтерiн тұрақты жаңарту

тұрақ-
ты

Коммуналдық меншiк департаментi, аумақком, аудан әкiмдерi

Есеп



14

Екiншi деңгейдегi банктермен шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне кредит ресурстарын берудi көбейту ықтималдылығын сыйағы үшiн проценттiк ставканы төмендету, берген кредит қаражат сомасы туралы ақпаратты беру, кәсiпкерлер сапасы мен алу мақсаты (өндiрiс, сауда және т.б.) шарттарымен пысықтау

I тоқсан 1999 жыл

Шағын бизнес департаментi, ҚР Ұлттық банк бас филиалы, аудан әкiмдерi, ҚР Банктер қауымдастығы, қала банк мекемелерi

Ұсыныстар Ақпараттар



15

Қолөнердi, дәстүрлi халық өнерi мен көркем орталықтарды өндiрiстi өркендету бойынша құру және қолдауға көмектесу

1999 жыл

Шағын бизнес департаментi, аудан әкiмдерi

Ақпарат

Инвестор қаражаты


16


Шағын кәсiпорындар өнiмдерiнiң тақырыптық көрме жәрмеңкесiн, оның iшiнде ғылыми технологиялық салада ұйымдастыруға көмектесу


1999 - 2000 ж.


Шағын бизнес департаментi, аудан әкiмдерi,


Көрме жармеңкелер кәсiпкерлер қауымдастығы, Алматы сауда өнеркәсiп палатасы




17


Коммерциялық дүңгiршектерде орналасқан сауда мен қызмет объектiлерiн тұрғын бiрiншi қабаты мен басқа ғимараттарқа жұмыстарын жалғастыру


1999 - 2000 ж.


Есеп салалары кәсiпорындарының жұмысын үйлестiру мен бақылау жөнiндегi департамент, аудан әкiмдерi


Қызмет



IV-ТАРАУ. ШАҒЫН КӘСIПКЕРЛIКТI ҚОЛДАУДЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
МЕН ӨНЕРКӘСIПТIК АЙМАҚТАРЫН ДАМЫТУ

Шаралардың атауы

Орын-
дау мерзі-
мі

Орындаушылар

Аяқтау нысаны

Қаржыландыру көзі

Қаржыландыру сома-
сы

1

Консалтингтiк, сақтандыру, заңдық және басқа қызметтердi көрсететiн нарықтық инфрақұрылымдар объектiлерiнiң желiсiн құру мен дамытуға көмектесу

тұрақ-
ты

Шақын бизнес департаментi, аудан әкiмдерi

Ақпарат



2

Шағын кәсiпкерлiктi қолдау жөнiндегi қоғамдық бiрлестiктердi аудандық орталықтарды (қауымдастықты) құруға көмектесу. Оның ішінде:
- Алматы қ. Бостандық ауданы кәсіпкерлерінің қауымдастығы

1999 - 2000 ж.

Шағын бизнес департаментi, аудан әкiмдерi, кәсiпкерлер қауымдастығы

Кәсiпкерлер-
дi қолдаудың орталықтары (қауымдастық)



3

ҚР ҰҒА химия институтының базасында "Экологиялық жаңа технологиялар орталығын" құру жөнiндегi ұсыныстар әзiрлеу, оның мiндетiне ҚТҚ ұқсатуды, ЖЖМ, тамақ өңiмдерiнiң және т.б. сапасына лабораториялық бақылауды қоса алғанда жаңа технологияны  сараптық тексеру жөнiндегi жұмыстар кiредi

III тоқсан 1999 жыл

Шағын бизнес департаментi, қалалық экология және табиғи ресурстар басқармасы, ҚР ҰҒА химия институты

Ұсыныстар



4

Лизингтiк компанияларды құру және қызметiн ұйымдастыруға көмектесу, лизингтiк қызметтердi дамыту жөнiндегi шаралар кешенiн әзiрлеу

тұрақ-
ты

Шағын бизнес департаментi, аудан әкiмдерi

Кеңестер, жинақтар және басқа материалдар



5

Қалада франчайзингтiк қатынастарды дамыту бөлiгiнде ақпараттық кеңес қызметін жүргiзу

IV тоқсан 1999 жыл

Шағын бизнес департаментi,аудан әкiмдерi, кәсiпкерлер қауымдастығы

Кеңестер, жинақтар және басқа да материалдар



6

Инновациялық технологиялар мен инновациялық кәсiпкерлiк, технопарктер орталығын құруға жәрдемдесу, оның iшiнде Алатау поселкесiнде

I тоқсан 2000 ж.

Шағын бизнес департаментi, аудан әкiмдерi

Ақпарат

Инвестор қаражаты


7

Бизнес-Инкубаторлар мен өнеркәсiп аймақтарын құру әдiстемесiн пысықтау

I жарты жылдық 1999 жыл

Шағын бизнес департаментi, Қазақстан - Түрiк "Тика" агенттiгi

Методология



8

Қалада Бизнес - Инкубаторларды құру үшiн 2 млн. АҚШ долларын тарту туралы Түрiк-Қазақстан "Тика" агенттiгiмен ниет хаттамасына қол қою

I тоқсан 2000 ж.

Шағын бизнес департаментi, Қазақстан - Түрiк "Тика" агенттiгi

Ниет хаттамасы



9

Өнеркәсiп аймағы мен Бизнес-Инкубатор аймағын құру үшiн қажеттi базаны зерттеу мен iрiктеу бойынша жұмыстар жүргiзу (ғимарат, қондырғы және т.б.)

III тоқсан 1999 ж.

Шағын бизнес департаментi, Қазақстан - Түрiк "Тика" агенттiгi

Базаны анықтау



10

Өнеркәсiп аймағында, Бизнес - Инкубаторында жеке өндiрiс орналастыруға мүдделi кәсiпкерлердi, олардың мүмкiндiгiн, өндiрiс мақсатын, түпкi өнiмiн анықтауды пысықтау

IV тоқсан 1999 жыл

Шағын бизнес департаментi, Қазақстан - Түрiк "Тика" агенттiгi

Ақпарат



11

Ұшу жобасы ретiнде Бизнес - Инкубаторды шығару

I жарты жылдық 2000 ж.

Шағын бизнес департаментi, Қазақстан - Түрiк "Тика" агенттiгi

Бизнес - Инкубатор

Инвестор қаражаты

2 млн. АҚШ доллары

12

Бизнес-Инкубатор мен өнеркәсiп аймақтарын құру жөнiндегi нәтижелер мен жинақталған тәжiрибенi қорыту, iстелiнген жұмыс нәтижесiн шығару



Ақпарат



V-ТАРАУ. ШАҒЫН КӘСIПКЕРЛIКТI АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ
КАДРЛЫҚ ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

Шаралардың атауы

Орын-
дау мерзімі

Орындаушылар

Аяқтау нысаны

Қаржыландыру көзі

Қаржыландыру сома-
сы

1

Жұмыссыз адамдарды кәсiпкерлiк қызмет негiздерiне үйрету

тұрақты

Қалалық үлгiлiк жұмыспен қамту орталығы

Жылына бiр рет анықтама



2

Кәсiпкерлiкпен шұғылданғысы келетiндерге ақпараттық түсiнiктеме және әдiстемелiк көмек көрсету, сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет, салық заңы, салық заңы саласында қызметтердi жүргiзу ережесiн, санитарлық - гигиеналық нормалар мәселесi бойынша кеңестер, бухгалтерлiк есеп пен есеп берудi жүргiзудiң оңайлатылған нысаны

тұрақты

Шағын бизнес департаментi, қалалық үлгiлiк жұмыспен қамту орталығы, қала СЭС, қызмет саласындағы кәсiпорындар жұмысын үйлестiру мен бақылау жөнiндегi департамент, Салық комитетi, аудан әкiмдерi

Кеңестер, ақпараттық - әдiстемелiк құралдар, кiтапшалар, стендтер



3

Қала бойынша сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет объектiлерiн тиiмдi орналастыру мақсатында және шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн ақпараттандыру үшiн сауда алаңдарының мекен-жайын, телефонын көрсете отыра объектiлердiң мәлiметтер банкiсiн құру


Қызмет саласындағы кәсiпорындар жұмысын үйлестiру мен бақылау жөнiндегi департамент, аудан әкiмдерi




4

Шағын бизнес субъектiлерiне олардың тiршiлiк қабiлетiн қалпына келтiру мақсатында ақпарат беру


Алматы қаласы бойынша кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру мен тарату  жөнiндегi агенттiк

Мәлiметтер банк



5

Бизнес-жоспарларды жасау үшiн кәсiпкерлерге арналған тегiн семинарларды ПРООН/ЮНИДО желiсi бойынша өткiзу

I тоқсан 1999 жыл

ПРООН/ЮНИДО, аудан әкiмдерi

Семинарлар жүргiзу кестесi

ПРООН/ЮНИДО желiсi бойынша қаражат

Тегiн


6


Қала iрi жоқарғы оқу орындарының оқытушы құрамын тарта отыра шағын кәсiпкерлiк мәселесiн талдау бойынша ғылыми-зерттеу жұмысын жүргiзу


жарты жылда бiр рет


Шағын бизнес департаментi, кәсiпкерлер қауымдастығы, жоғары оқу орындары


Талдау ақпаратты, жарияланым-
дар




7


Кәсiпкерлер үшiн салық салу бойынша семинар өткiзу


ай сайын 1999 жыл


Аудан әкiмдерi, аудандық салық комитеттерi


Семинарлар өткiзу кестесi


Аудандық салық комитеттерi



8


Кәсiпкерлiк негiзiнен азаматтарды МБК-Персонал-Сер-
вис жобасының желiсi бойынша өз iсiн кеңейтушiлер мен өз iсiн жаңа бастаушыларға бөле отырып үйрету


I жарты жылды 1999 жыл


Аудан әкiмдерi, "МБК-Персонал- Сервис" ЖШС, МОТ ООН өкiлдiгi, Алматы менеджер мектебi


Семинарлар


Тыңдаушылар есебiнен


1 курс үшiн 50 у.е.


9


Бұқаралық ақпарат құралдарында (газет-журнал, теледидар) шағын бизнес мәселесi мен жетiстiгiн көрсету, кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың мәселесi бойынша материал әзiрлеу


тұрақты


Шағын бизнес департаментi, аудан әкiмдерi, Алматы кәсiпкерлер қауымдастығы




VI-ТАРАУ. ШАҒЫН КӘСIПКЕРЛIК СУБЪЕКТIЛЕРIНIҢ
ӘЛЕУМЕТТIК ҚОРҒАЛУЫ ЖӘНЕ ҚАУIПСIЗДIГI

Шаралардың атауы

Орындау мерзімі

Орындаушылар

Аяқтау нысаны

Қаржыландыру көзі

Қаржыландыру сомасы

1

Заңда қаралған негiзде кәсiпкерлер шағымдары мен өтiнiмдерiнiң қаралуына тұрақты бақылау

тұрақты

Шағын бизнес департаментi, аудан әкiмдерi, қалалық құрылымдар

Өтiнiш берушiлерге жауап



2

Әйел кәсiпкерлiгiн дамытуға көмектесу

1999- 2000 ж.

Шағын бизнес департаментi, аудан әкiмдерi, Iскер әйелдер қауымдастығы

Ақпарат



3

Көзбояушылықпен шұғылданатын және кәсiпкерлерге қатысты басқа қылмыс іс-әрекеттерін жасайтын қылмыс топтарын анықтау үшін арнайы жедел сауықтыру шараларын жүргізу

ай сайын

IIБ, қала прокуратура-
сы, аудан әкiмдерi

Шақын бизнес бойынша қалалық алқа баяндамасы



4

Iшкi iстер органдары қызметкерлерi тарапынан кәсiпкерлерге қатысты заңсыз iс-әрекет, бопсаны ескерту мақсатында "Алматы кәсiпкерлерiнiң IIББ-ге үндеуiн" әзiрлеу

II тоқсан 1999 жыл

IIББ, Шағын бизнес департаментi

Кәсiпкерлердiң IIББ-ге үндеуi



5

Товар және қаржы рыноктарында шаруашылық субъектiлерiнiң қасқөйлiк бәсекелестiгiн ескерту және жол бермеу, реттеуi бойынша жұмыс жүргiзу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн монополиялық қысымынан қорғау монополияны реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитет

тұрақты

Алматы қ. бойынша табиғи

Тоқсан сайын қала өкiмiне есеп беру



6

Жеке кәсiпкерлiк жағдайына, еңбектi қорғауды ұйымдастыруға талдау жүргiзу (анкеталық сауалнама)

жыл сайын II жарты жылдық

Қалалық еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы, IIББ кәсiпкерлер қауымдастығы




7

Бақылаушы органдардың шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн тексеруiнiң мерзiмдiгi мен заңдылығын сақтауына бақылау жасау

тоқсан сайын

Шағын бизнес департаментi, аудан әкiмдерi

Ақпарат



8

Кәсiпкерлiктi қорғауға бағытталған нормативтiк заң актiлерiнiң орындалуына бақылау

жарты жылда бiр рет

Шағын бизнес департаментi, аудан әкiмдерi, IIББ, қала прокуратура-
сы

Ақпарат



9

Қылмыстық қол сүғұшылықтан қорғауды ұйымдастыруда кәсiпкерлiкке кеңестiк көмек көрсету мақсатында құқық қорғау органдарының басшылығымен бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлар, мақалалар, жарияланымдар берiп тұру

тоқсан сайын

Шағын бизнес департаментi, IIББ, қала прокуратура-
сы, салық полициясы

Теледидар, баспасөзде-
гі мақала-
лар



      І-сайланған Алматы қалалық
      Мәслихаты ХХIV сессиясының
      төрағасы                             В.Югай

      I-сайланған Алматы қалалық
      Мәслихатының хатшысы                 Ж.Төрегельдинов

І-сайланған Алматы
қалалық Мәслихатының
1999 жылғы 12 наурыздағы
24-сессиясының шешiмiне
N 2 Қосымша

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ӨНЕРКӘСIПТIК
АЙМАҚТАРДЫ ӨРКЕНДЕТУ
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Алматы қаласы, 1999 жыл

МАЗМҰНЫ

      КIРIСПЕ

      1. ӨНЕРКӘСIПТIК АЙМАҚТАР ТУРАЛЫ ТҮСIНIК ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МӘНI

      2. ӨНЕРКӘСIПТIК АЙМАҚТАРДЫ БАСҚАРУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТI ЖӘНЕ ӨКIЛЕТТIКТЕРI

      3. ШАҒЫН КӘСIПОРЫНДАР -  ЖАЛДАУШЫЛАР

      4. ӨНЕРКӘСIПТIК АЙМАҚТАР ҚЫЗМЕТIНIҢ МАҚСАТТАРЫ ЖӘНЕ МIНДЕТТЕРI

      5. ӨНЕРКӘСIПТIК АЙМАҚТАР ҚҰРУДЫҢ НЕГIЗГI КЕЗЕҢДЕРI

      6. ӨНЕРКӘСIПТIК АЙМАҚТАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

      ҚОРЫТЫНДЫ

КIРIСПЕ

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 6 наурыздағы "Шақын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдауды күшейту және дамытуды жандандыру жөнiндегi шаралар туралы" N 3398 және 1998 жылғы 31 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы шағын кәсiпкерлiктi дамытуды" және қолдаудың 1999-2000 жылдарға арналған Мемлекеттiк бағдарламасы туралы" N 4189 Жарлықтарында шағын бизнестiң инфрақұрылымын қалыптастыру, атап айтқанда, әрбiр аймақта Бизнес-Инкубаторларды құру көрсетiлген.
      Бизнес-Инкубаторлардың көп түрi бар және шартты түрде сөзбен екiге: бизнес орталықтарға, технопарктерге (технополюстерге) және өнеркәсiптiк аймақтарға бөлiнедi. Көптеген дамыған елдер инфрақұрылымдардың элементтерiн өркендетудiң нәтижесiнде өз экономикасының гүлденуiне қол жеткiздi.

1. ӨНЕРКӘСIПТIК АЙМАҚТАР ТУРАЛЫ
ТҮСIНIК ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МӘНI

      Өнеркәсiптiк аймақ өзiнiң мәнi жағынан көптеген шағын оқшауланған кәсiпорындар орналасқан нысан болып табылады және бiртұтас өндiрiстiк аумақта ("бiр шаңырақ астында") қызмет етедi.
      Өнеркәсiптiк аймақтарда өндiрiстiк алаңдар блок-сегменттерге бөлiнген, оларда әр түрлi жұмыс түрлерi мен тәсiлдерi, кооперациялық байланыстар деңгейi және дербестiк дәрежесi бар, әр түрлi ұйымдық-құқықтық формалар, оқшауланған шағын кәсiпорындар-жалдаушылардың (әрi қарай - ШК-жалдаушылар) көп мөлшерi орналасады. Көптеген әр түрлi шағын кәсiпорындардың бiр Өнеркәсiптiк аймаққа орналасуының бiр ғана шарты олардың салалық және технологиялық сәйкестiгi болып табылады.
      Өнеркәсiптiк аймақтық бiртұтас кешенiнiң қалыпты қызмет етуi, негiзiнен, Өнеркәсiптiк аймақты басқаратын компания (компанияның басқарушысы) және бiртұтас кешеннiң бас менеджерi болып табылатын арнаулы орган арқылы қамтамасыз етiледi.

2. ӨНЕРКӘСIПТIК АЙМАҚТАРДЫ БАСҚАРУ
КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТI ЖӘНЕ ӨКIЛЕТТIКТЕРI

      Компанияның басқарушысы өнеркәсiптiк алаңдардың меншiк иесi болып табылады және оған Өнеркәсiптiк аймақты қалыптастыру және оның толық қызмет етуiн қамтамасыз ету жауапкершiлiк жүктеледi.

3. ШАҒЫН КөСIПОРЫНДАР -  ЖАЛДАУШЫЛАР

      Бизнес-Инкубаторлардың негiзгi мақсаты оның аумағында орналасқан шағын кәсiпорындардың тұрақты қызмет етуiн қамтамасыз ету.
      Өз бизнесiн коммерциялық негiзде бастаған кәсiпкерлер Өнеркәсiптiк аймақта қолдау табады. Оларға көптеген мамандардан кеңестер алу, үй-жайларды, жабдықтарды жалдау мүмкiндiктерi, басқа да жеңiлдiктер берiледi.
      Өнеркәсiптiк аймақтың аумағында оқшауланған шағын кәсiпорындар орналастырылады, олардың әрқайсысы жеке блок-сегменттi иеленiп, онда өзiнiң өндiрiсiн ұйымдастырып, өзiне бөлiп берiлген өндiрiстiк үй-жайлардың шеңберiнде қызметiн жүзеге асырады.
      Шағын кәсiпорын қызметiнiң түрiне қарай оған Өнеркәсiптiк аймақтың басқарушысы арқылы, Компаниямен жасалған шартқа сәйкес кәсiпорынды қолайлы ету бойынша көмек берiледi. ШК-жалдаушыға бөлiнген өндiрiстiк үй-жайдың құрамына қоймалар және басқа да қажеттi үй-жайлар енедi.
      Өнеркәсiптiк аймаққа орналасатын кәсiпорындардың ұйымдық-құқықтық түрлерi ШК-жалдаушылардың өздерi арқылы белгiленедi.
      ШК-жалдаушылардың қызметiн үйлестiру мақсатында Өнеркәсiптiк аймақтың басқарушысы арқылы Компанияның жарғылық капиталына қатысуға мүмкiндiк, оларға қосымша құрылтайшының тиiстi өкiлеттiктерi берiледi.

4. ӨНЕРКӘСIПТIК АЙМАҚТАР ҚЫЗМЕТIНIҢ
МАҚСАТТАРЫ ЖӘНЕ МIНДЕТТЕРI

      Өнеркәсiп аймақтық құрудың негiзгi мақсаты шағын кәсiпкерлiктi дамытуды және отандық тұғыр өңдеушiнi қолдауды жандандыру, кәсiпкерлерге әсiресе, олардың қызметiнен бас тартқан кезiнде қолдау және көмек көрсету болып табылады. Өнеркәсiп аймақты ұйымдастыру заңды бизнестi дамытуға мүмкiндiк бередi, олардың тұрақты жұмыс iстеуi үшiн экономикалық және ұйымдық жағдай жасайды.
      Жоғарыдағы көрсетiлген мақсаттарға мына мiндеттердi шешу арқылы қол жеткiзедi:
      - жұмыс iстейтiн шағын кәсiпорындар саны көбейту
      - халықтық жӘмыспен қамтылуын қамсыздандыру және жұмыссыздық деңгейiн төмендету
      - бәсеке қабiлетi импортты ауыстыратын өнiмдердi шықару
      - жергiлiктi өнеркәсiп бағыттары үшiн қажеттi экспорт-импорт қызметiн кеңейту
      - бюджетке салықтық түсiмдер сомасын көбейту
      - қаланың әртүрлi мәселелерiн шешуге көмектесу.
      Өнеркәсiп аймағы тұрақты жұмыс iстейтiн шағын кәсiпорындар санын көбейтуге және сол арқылы салық салынатын базаны арттыруға мүмкiндiк бередi.
      Алматы қаласында шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн дамытуға мемлекеттiк қолдауды қамтамасыз ету, осы мақсаттар үшiн бөлiнетiн ақша қаражатын тиiмдi пайдалануды арттыру мақсатында "Алматы қалалық Бизнес-Инкубатор" жабық акционерлiк қоғамы құрылады, ол өнеркәсiп аймақының басқарушы компаниясы болып табылады, мемлекеттiк акциялар пакетiнiң 100 процентiне ие.

5. ӨНЕРКӘСIПТIК АЙМАҚТАР ҚҰРУДЫҢ
НЕГIЗГI КЕЗЕҢДЕРI

      Өнеркәсiп аймағын құру мен қалыптастыру бiрнеше кезеңнен тұрады:
      1. әзiрлiк кезеңi, ол мынаны қамтиды:
      - өнеркәсiп аймақты құру үшiн жарамды ғимаратты таңдау және бөлу;
      - өнеркәсiп аймақты басқару жөнiндегi "Алматы қалалық Бизнес-Инкубатор" жабық акционерлiк қоғамын құру;
      - өнеркәсiп аймағын ұйымдастыру үшiн бөлiнген ғимаратты компания басқарушысының меншiгiне беру және қажеттi құжаттарды ресiмдеу;
      - донор-инвесторларды және өнеркәсiп аймағын ұйымдастыруды қаржыландырудың басқа да көздерiн iздестiру;
      - донорлармен өнеркәсiп аймағын мамандандыруды келiсу және анықтау;
      - өнеркәсiп аймағы өндiрiстiк инфрақұрылымын құру жөнiндегi жалпы жұмыстарды жүргiзу мен жалпы орналастыруға байланысты шығындар сметасының есебiн және бизнес-жоспарды жасау;
      - инвестормен өнеркәсiп аймақының өндiрiстiк инфрақұрылымын әзiрлеуге арналған бизнес-жоспар мен шықындар сметасын бекiту және келiсу;
      - инвестормен жобаны қаржыландыру және оған қатысушылардың арасындағы мiндеттердi бөлу жөнiндегi келiсiмге қол қою;
      - өнеркәсiп аймағында орналасуға және онда өз өндiрiсiн ұйымдастыруға мүдделi үмiткерлердi iрiктеу;
      - мүмкiндiгi бар ШК-жалдаушылармен бастапқы құжаттарды ресiмдеу және оларды өнеркәсiп аймағында орналастыруға байланысты басқа рәсiмдiк шараларды жүргiзу.
      2. Өнеркәсiп аймағын жандандыру және онда инфрақұрылымдарды құру кезеңi мыналарды қамтиды:
      - өнеркәсiп аймағын жандандыруға байланысты жұмыстарды орындау үшiн мердiгердi таңдауға арналған тендер өткiзу;
      - блок-сегменттердi бөлудi қамти отыра өнеркәсiп аймағын жандандыруға байланысты жұмыстар жүргiзу;
      - ШК-жалдаушыларды тiркеу рәсiмi және оларға блок-сегменттердi бекiту (Өнеркәсiп аймағында ШК-жалдаушыларын орналастыру).
      3. Өндiрiстi әзiрлеу кезеңi мыналарды қамтиды:
      - ШК-жалдаушылармен блок-сегменттерде қондырғылар мен технологиялық желiлердi монтаждау және орнату;
      - пайдалану, қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу;
      - қажеттi орындарда ШК-жалдаушылардың өндiрiстiк-технологиялық құжаттамасын келiсу;
      - ШК-жалдаушылардың кадрларын жасақтау және даярлау;
      - ШК-жалдаушылар өндiрiсiн пайдалануға беру.
      4. Жобалық қуаттылыққа шығу кезеңi мыналарды қамтиды:
      - жобалық қуаттылыққа шыққанға дейiн өндiрiстi өрiстету;
      - ШК-жалдаушылар өнiмдерiн сату жөнiндегi өткiзу желiлерiн ұйымдастыру.

6. ӨНЕРКӘСIПТIК АЙМАҚТАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

      Өнеркәсiптiк аймақтарды қаржыландыру көздерi мыналар:
      - шетелдiк донор-инвесторлар инвестициялары;
      - өнеркәсiп аймағын құру бастамашысының жеке қаражатын салу;
      - мемлекеттiк бюджет қаражаты;
      - жеке адамдардың жарналар, ерiксiз садақалары, халықаралық ұйымдардың осы мақсат үшiн арнайы бөлген гранттары;
      - банк кредиттерiн қоса алғанда инвестициялаудың басқа да көздерi.
      Тұрақты жұмыс iстеген өнеркәсiп аймақтар қосымша қаражатты қажет етпейдi және өндiрiстiк және қызметтiк ғимараттарды жалқа беруден түскен қаражат, компания басқарушысы қызметiнiң төлемдерi, бiрлескен өндiрiстерге қатысудан және басқа көздерден тиесiлi пайда үлесiнiң (бөлiгiнiң) есебiнен ұсталады.
      ШК-жалдаушыларды қаржыландыру бiрiншi кезекте, кәсiпкерлердiң жеке қаражатын және оған тартылған займдық ресурстардың есебiнен жүргiзiледi. Жекелеген жағдайларда қаржыландыруға компания басқарушысының қаражаты тартылады.
      Компания басқарушысының мiндетiне төмендегi мiндеттердi жүргiзу кiредi:
      - өнеркәсiп аймақтарын әзiрлеу және жандандыру, коммуникацияларды, инженерлiк желiлердi кiрме жолдар мен өндiрiстiк инфрақұрылымның басқа да элементтерiн өткiзу және қосу;
      - өндiрiстiк ғимараттарды блок-сегменттерге бөлу;
      - өнеркәсiп аймақтарда өз өндiрiсiн ұйымдастыруға мүдделi тұлғаларды iрiктеу;
      - өнеркәсiп аймағында орналасқан қазақстандық кәсiпкерлермен бiрлескен ынтымақтастыққа шет елдiк әрiптестер мен инвесторларды тарту;
      - блок-сегменттерде өндiрiстi ұйымдастыру, оларды ШК-жалдаушыларға жалға беру, тиiстi құжаттарды ресiмдеу;
      - өнеркәсiп аймағы бүкiл кешенiн ұйымдастыруға және қызметiне байланысты басқа мәселелердi шешу, онда орналасқан ШК-жалдаушыларының табысты жұмыс iстеуi үшiн қолайлы жағдай жасау.
      Компания басқарушысы көрсететiн қызметтер жиынына бұрыннан дайын өндiрiстiк ғимараттарды (блок-сегменттердi) ШК-жалдаушыларға жалға беруден басқа, оларға офистiк қызмет көрсетуге байланысты қызметтер жиыны кiредi, атап айтқанда:
      - ШК-жалдаушыларды тистi қолдау құралдарымен қамсыздандыру (ұйымдық техника, байланыс құралдары, кiтапхана);
      - қызметтiк алаңдарды беру;
       хатшылық қызметтердi, аударма қызметтерiн көрсету, хат-хабарды және байланысты және т.б. қабылдау және жөнелту;
      - бизнес-жоспарларды және маркетинг стратегиясын әзiрлеу, қаржыландыру мәселелерiн шешу бойынша қызметтер кешенiн көрсету;
      - бухгалтерлiк, заңды және басқа да кеңестiк қызметтердi, әртүрлi құжаттарды әзiрлеу жөнiндегi қызметтердi көрсету;
      - кәсiпкерлердi, ШК-жалдаушылар қызметкерлерiн оқытуды ұйымдастыру;
      - дөңгелек үстелдердi, семинарларды, тәжiрибе алмасуды ұйымдастыру;
      - келiссөз үшiн мәжiлiс залын, кеңесу бөлмесiн беру;
      - ғимараттарды күзету және жинау;
      - бизнестi әкiмшiлiктендiруге және жүргiзуге байланысты басқа да қызметтер.
      ШК-жалдаушылар мен компания басқарушысының қарым-қатынасы шарттық негiзде құрылады. Компания басқарушысы көрсетететiн қызметтер оның шеккен шығынын толық өтеудi қамтамасыз ететiн баға бойынша көрсетiледi. Өнеркәсiп аймақты басқару жөнiндегi компания көрсететiн қызметтер жиыны кәсiпкерлiктi дамыту саласында айтарлықтай табыстарға қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi.

ҚОРЫТЫНДЫ

      Өнеркәсiп аймақтарын құрудың негiзгi артықшылықтары, ең алдымен өз мәселелерiн дербес шешуге қауқары жоқ кәсiпкерлерге оны кешендi түрде шешуге көмектесу болып табылады.
      Өнеркәсiп аймақтарын ұйымдастыру кәсiпкерлердiң бизнестi жүргiзу үшiн жарамды өндiрiстiк ғимараттарды iздеу мәселесiн жоюға мүмкiндiк бередi. Кәсiпкерлерге, сондай-ақ өндiрiстi әзiрлеуге қаражат iздеу және/немесе айналымнан қаржы жӘмсау талап етiлмейдi (электр энергиясын, суды, канализацияны, жылуды және т.б. қосу), бұл жұмыстар олардың қатысуынсыз орындалады.
      Өнеркәсiп аймақтарын құру мен дамытуға байланысты отандық тауар өндiрушiлердi қолдау қамтамасыз етiледi, әкелiнетiн өңiс саны азаяды, елден валютаның кетуi төмендейдi, мемлекеттiк бюджеттiң толығуы қамтамасыз етiледi.

      I-сайланған Алматы қалалық
      Мәслихаты ХХIV сессиясының
      төрағасы                          В.Югай

      I-сайланған Алматы қалалық
      Мәслихатының хатшысы              Ж.Төрегелдинов

1.СХЕМА. ӨНЕРКӘСІП АЙМАҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

2.СХЕМА. ӨНЕРКӘСІП АЙМАҒЫН ҚҰРУ ТӘРТІБІ

3.СХЕМА. "Алматы қалалық Бизнес-Инкубатор"
ЖАҚ-тың міндеттері

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады