Ескерту. Күші жойылды - Алматы қалалық Әкімшілгінің 29.10.2004 N 4/867 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті өкілетті және атқару органдары туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының "Энергияны үнемдеу туралы" Заңына сәйкес қала әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ :
1. Алматы қаласының аумағындағы салынатын және реконструкцияланатын нысандардың әзірленетін жобаларындағы энергияны үнемдеу сараптауды Алматы қаласы бойынша Энергияны үнемдеу департаменті жүргізеді деп белгіленсін.
2. Энергияны үнемдеуді сараптау энергия ресурстарын тұтынатын, нысандарды салатын және реконструкциялайтын жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті болып табылады.
3. Алматы қалалық Сәулет және қала құрылысы департаменті жобалау алдында және жобалық шешімдерді әзірлеу кезінде "Энергияны үнемдеу" аталатын арнаулы бөлімнің міндетті шарттарын енгізе отырып, жобалау үшін сәулеттік-жоспарлық тапсырмалардың берілуін қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М.Т. Дұлқайыровқа жүктелсін.
Алматы қаласының Әкімі | В. Храпунов |