Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Аравиясы Корольдігі Үкіметінің арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2000 жылғы 22 ақпан N 35-II


     Эр-Риядта 1999 жылғы 8 қарашада жасалған Қазақстан Республикасының 
Үіметі мен Сауд Аравиясы Корольдігі Үкіметінің арасындағы Өзара түсіністік 
туралы меморандум бекітілсін. 
     
     Қазақстан Республикасының 
            Президенті 
     

               ӨЗАРА ТYСIНIСТIК ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ 
     


      Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Сауд Арабиясы Корольдiгiнiң Yкiметi арасындағы ынтымактастық принципiн негiзге ала отырып және Қазақстанның жаңа ордабасы Астана қаласын дамыту қажеттiгiн ескере отырып,
      Казақстан Республикасының жаңа ордабасы Астана қаласында Парламент ғимаратын салуға арнап 15 миллион АҚШ долларын бөлу туралы Сауд Арабиясы Королiнiң шешiмiн негiзге ала отырып,
      1999 жылғы шiлде айының 21-29 жұлдыздары, хиджра жыл санауы бойынша 1420 жылғы рабиа аль-сани айының 8-16 жұлдыздары аралығында Қазақстанға барып, жобаның орналасқан жерiмен танысып, оның керек-жарақтарын бiлiп, жобамен айналысатын жауапты адамдармен кездесiп қайтқан Сауд Арабиясы Корольдiгi қаржы және ұлттық экономика министрлiгiнiң техникалық тобының осы сапарының нәтижелерiн ескере отырып,
      Жобаны жүзеге асыруға қажеттi iс-шараларды ретке келтiру ниетiн негiзге ала отырып,
      Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Сауд Арабиясы Корольдiгi Yкiметi төмендегi мәселелер жөнiнде өзара келiсiмге келдi:
      1. Қазақстан Республикасы басшылығының шешiмiне сәйкес, бар ғимараттың инфрақұрылымын пайдалану мақсатымен, жоба ҚР Парламентi ғимаратының солтүстiк жағында, Омаров көшесiнiң Бейбiтшiлiк көшесiмен қиылысатын аймағындағы жер бөлiгiнде жүзеге асырылады.
      2. Жоба бөлiнген грант шегiнде, тапсырыс берушi бөлген жер бөлiгiнде жүзеге асырылады. Сауд Арабиясы Корольдiгiнiң қаржы және ұлттық экономика министрлiгi (бұдан әрi Министрлiк) төмендегiдей жұмыстарды атқарады:
      - сызу, сипаттау жұмыстарын, алғашқы және ақырғы схемаларды, жобамен байланысты құжаттарды дайындау; Қазақстан жағының жобаның түпнұсқа схемасымен келiсiмi негiзiнде және техникалық топтың сапары кезiнде Қазақстан жағы берген тапсырмаға сәйкес, Сауд инженерлiк-кеңесшi бюросы арқылы жобаның жүзеге асырылуына техникалық жағынан басқару жүргізу,
      - Ең тиiмдi шарттар ұсынған компанияны таңдау мақсатымен жобаны Министрлiк белгілеген бiрқатар мамандандырылған компаниялар арасында тендерге шығару,
      - Жобаны жүзеге асыру үшiн Министрлiктен жұмыстың жүру барысына орай, мердiгердiң кеңесшi бекiткен есебiне сәйкес қаражат бөлу.
      3. Қазақстан Республикасының Yкiметi Сауд Арабиясы Корольдiгi Үкiметiнiң жобаны тиiстi түрде жүзеге асыруға деген талпынысын ескере отырып:
      3.1 Жобаны жүзеге асыру үшiн қажеттi жер бөлiгiн кедергiсiз бөлiп бередi.
      3.2. Жобаны жүзеге асыруға қажеттi материалдарды лицензиялаудан, кедендiк алым-салықтардан, қоймалық және импорт алымдарынан, барлық материалдарды, құрал-жабдықтарды, техниканы, теникалық қызметкерлердi және жобаны жүзеге асыруға қажеттi барлық керек-жарақтарды тiкелей және қосымша салықтардан босату үшiн барлық шараларды қабылдайды. Аталмыш материалдарды кедендiк тазартудан мүмкiндiгiнше тез өткiзуге байланысты шаралар қабылдайды. Егер қандай-да бiр себептермен ол мүмкiн болмаса немесе қандай-да болмасын салықтарды және алымдарды төлеу қажет болса, Қазақстан Республикасы Yкiметi барлық төлемдердi төлеп, материалдар келiсiмен кедендiк тазартудан өткiзедi.
      3.3. Жобаны жүзеге асырушы мердiгерге барлық жеңiлдiктердi бередi, оның өзiн және де мердiгер жобаны жүзеге асыру үшiн шарт жасасқан тұлғалар мен компанияларды тапсырыс берушiнің елiнде қолданылатын мердiгер iсiмен байланысты, оның қызметкерлерi мен жұмысшыларына қатысы бар барлық алым-салықтардан босатады.
      3.4. Кеңесшi бюрода жұмыс iстейтiн, жобаларды, схемаларды дайындайтын және жобаны жүзеге асыруды басқаратын адамдарға жәрдем көрсетедi; Бюроға және оның жұмысшыларына жобаға байланысты жұмыстарды атқаруға керектi барлық рұқсаттарды бередi.
      3.5. Астана қайласының Әкiмiне сауд тарапымен байланыс жасап тұруды

тапсырады.
     3.6. Объектiнiң көрiнер жерiне тиiстi көлемдегi, бiр орынға 
бекiтiлген тақтайша орнатуға келiсiм бередi. Онда араб және қазақ 
тiлдерiнде "Бұл жоба Сауд Арабиясы Корольдiгi берген грант есебiнен жүзеге 
асырылуда" деген жазба болуға тиiс. 
     
     Бұл Меморандум қол қойылған сәттен бастап күшiне енедi.
     1999 жылғы 8 қарашада, хиджра жыл санауы бойынша 1420 жылғы 30  
раджаба қазақ, араб, орыс және ағылшын тiлдерiндегi екi түпнұсқаға қол 
қойылды, барлық текстер бiрдей күшке ие. Түсiнiспеушiлiк пайда болған 
жағдайда ағылшын тiлiндегi нұсқа негiзге алынады.
     
Қазақстан Республикасының                Сауд Арабиясы Корольдiгiнің
      Yкiметi үшiн                              Yкiметi үшiн

     
Қазақстан Республикасының                Сауд Арабиясы Корольдiгінің 
Сауд Арабиясы Корольдігіндегі            Қаржы және ұлттық экономика 
Тұрақты және Өкілеттi Елшiсi             министрiнің экономика саласы 
                                         бойынша орынбасары 
     
     Оқығандар:
     Қасымбеков Б.А. 
     Омарбекова А.Т. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады