Қазақстан Республикасының Президентi
Орыс тiлiндегi бейресми аудармадан
қазақ тiлiне аударылды
ТҮПНҰСҚА: АРАБ ТIЛIНДЕ N 21 грант ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ YКIМЕТI МЕН АРАБ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ КУВЕЙТТIК ҚОРЫ АРАСЫНДАҒЫ ЖАҢА YКIМЕТТIК ҒИМАРАТ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОБАСЫНА АРНАЛҒАН ГРАНТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЖӨНIНДЕГI КЕЛIСIМ Күні: 30.10.1999 ГРАНТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЖӨНIНДЕГI КЕЛIСIМ
Бiр тараптан Қазақстан Республикасының Үкiметi (бұдан әрi "Үкiмет") мен екiншi тараптан Араб Экономикалық Дамуының Кувейттiк Қоры (бұдан әрi - "Қор") арасындағы 1999 жылғы 30 қазандағы Келiсiм;
Кувейт Мемлекетiнiң Үкiметке осы Келiсiмнiң 1-тiзбесiнде сипатталған Жаңа Үкiметтiк Ғимарат Құрылысы Жобасын (бұдан әрi -"Жоба") қаржыландыру кезiнде пайдалану үшiн он миллион (10.000.000,00) Америка Құрама Штаттары доллары көлемiнде грант беруге келiскендiгiн назарға ала отырып;
Кувейт Мемлекетi мен Үкiмет Жоба Грантын басқару жөнiндегi мiндеттердi Қорға жүктеуге келiскендiгiн назарға ала отырып;
Үкiмет қаржыландыру жоспарына сәйкес Жобаның құнын қаржыландыруды
аяқтау үшiн қажет болатын осындай сомаларды бұдан былай да қамтамасыз еткiсi келетiндiгiн назарға ала отырып; Осылайша, Тараптар төмендегiлер туралы келiстi: I БАП Грант 1.01. Осымен Үкiмет Грант болып саналатын он миллион (10.000.000,00) Америка Құрама Штаттары доллары сомасының осы Келiсiмде баяндалған талаптарға сәйкес Жобаны қаржыландыруға пайдаланылатындығына қатысты өз келiсiмiн бiлдiредi. 1.02. Грант сомаларын қайтарып алуды Грант сомасынан қаржыландыру қажет болатын осы Келiсiмнiң талаптарына және келiсiм-шарттарға сәйкес Қор жүргiзетiн болады. II БАП Жобаны жүзеге асыру
2.01. Үкiмет Жобаны жүзеге асыру үшiн Грантқа қосымша қажет болатын барлық басқа қаржы қаражаттарын уақтылы қамтамасыз етедi.
2.02. Үкiмет жобалауды орындауды және жобаға бақылау жасауды инженерлiк компанияға және Жобаның орындалуын құрылыс Мердiгерiне жүктейдi; мұндай Консультант және Мердiгер, сондай-ақ олардың тағайындалу шарттары Тараптар арасында келiсiлуi қажет.
2.03. Үкiмет жабдықтар мен құрылғыларды әкелудi қоса алғанда, бiрақ онымен шектелiп қалмай, жобаның жедел орындалуы жөнiнен барлық қажеттi шараларды қолданады.
2.04. Үкiмет жаңа үкiметтiк ғимарат құрылысы үшiн талап етiлетiн жер учаскесiн Мердiгерге уақтылы беруге мiндеттенедi.
2.05. Үкiмет пен Қор Грант мақсаттарына қол жеткiзудi кепiлдендiру үшiн тығыз байланысатын болады. Осы мақсатта, Үкiмет пен Қор өздерiнiң өкiлдерi арқылы Жоба мақсаттарына жататын мәселелер бойынша мезгiл-мезгiл пiкiр алмасып отыратын болады. Yкiмет Грант мақсаттарына қол жеткiзуге кедергi келтiретiн немесе кедергi келтiруi мүмкiн кез келген жағдайлар туралы Қорға уақтылы хабарлап отыратын болады.
2.06. Үкiмет Қордың уәкілеттi өкiлдерiне олардың Грантқа қатысты мақсаттағы сапарлары үшiн және Жобаны, оған қатысты материалдарды және кез келген басқа да жазбалар мен құжаттарды инспекциялауына қолайлы жағдайлар жасайды.
2.07. Үкiмет Жобаны жүзеге асыруға жұмылдырылған Мердiгерлер мен Консультанттарды, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын тұлғалардан тұратын қызметкерлерiн олардың Жобаны жүзеге асыру жөнiнен орындаған қызметтерiне байланысты алатын кiрiстерiне қатысты Қазақстан Республикасының заңында белгiленген салықтың кез келген түрiнен және кез келген тарифтi, төлемдердi, кедендiк баж салығын, импортқа салықты және осы қызметкердiң немесе олардың отбасы мүшелерiнiң жеке пайдаланулары үшiн Қазақстан Республикасына әкелiнетiн немесе одан шығарылатын жеке немесе үй мүлiктерiне салынатын басқа да осындай салықтар мен төлемдердi төлеуден босатады.
Жобаның орындалуына байланысты әкелiнетiн тауарлар, жеткiзiлiмдер және басқа меншiк Қазақстан Республикасының заңында белгіленген барлық салықтардан, төлемдер мен кедендiк баж салықтарынан босатылатын болады.
2.08. Грант сомасынан қаржыландырылған тауарлар сенiмдi сақтандырушылармен сақтандырылуы қажет. Мұндай сақтандыру сатып алуға және тауарларды Үкiмет аумағына әкелуге және одан әрi Жоба объектiсiне жеткiзуге тән теңіздiк, транзиттiк және басқа қауiп-қатерлердi жабатын болады және қалыпты коммерциялық тәжiрибеге сәйкес келетiн сомада болады. Мұндай сақтандыру төлемi сақтандырылатын тауарлардың құны номиналданған валютамен немесе еркiн айырбасталымдағы валютамен төленуге жатады.
Жобаны жүзеге асыруға қатысты барлық қауiп-қатерлер сенiмдi сақтандырушылармен қалыпты коммерциялық тәжiрибеге сәйкес келетiн сомада сақтандырылатын болады.
2.09. Қордың барлық құжаттарын, жазбаларын, хат-хабарларын және осы iспеттес материалдарын Үкiмет құпия сипаттағы құжаттар деп қарауы қажет. Үкiмет жарияланымдарды цензурадан өткiзуге және бақылау жасауға қатысты Қорға толық қол сұғылмаушылықты қамтамасыз етедi.
2.10. Қордың қаражаттары мен кiрiстерi национализациялануға, тәркiленуге және алып қоюға жатпайды.
III БАП
Басқа талаптар
3.01. Берiлуi осы Келiсiмге сәйкес талап етiлетiн немесе рұқсат етiлетiн кез келген мәлiмдеме немесе өтiнiш жазбаша нысанда жазылуы қажет. Мұндай мәлiмдеме немесе өтiнiш, егер олар қолма-қол немесе пошта, телекс, жеделхат, факс немесе оларды алуға уәкiлеттi тарапқа кабель арқылы осы Келiсiмде көрсетiлген мекенжай бойынша немесе бiр тарап осы мәлiмдеменi берген немесе өтiнiштi жасаған екiншi тарапқа хабарлаған басқа мекенжай бойынша жеткiзiлсе, мұндай мәлiмдеме немесе өтiнiш жасалған немесе уақтылы берiлген болып қаралады.
3.02. Үкiмет тарапынан осы Келiсiмге сәйкес жасалуы тиiс кез келген iс-әрекеттi және орындалуы талап етiлетiн немесе рұқсат етiлетiн кез келген құжатты Сыртқы iстерiнiң бiрiншi вице-министрi немесе ол жазбаша нысанда уәкiлеттiк берген басқа адамның қолға алуы немесе орындауы мүмкiн. Осы Келiсiм ережелерiне енгiзiлген кез келген өзгерiстер немесе
толықтырулар Үкiмет тарапынан оның жоғарыда аталған өкiлiмен немесе ол жазбаша нысанда уәкiлеттiк берген басқа адаммен келiсiлуi мүмкiн. IV БАП Күшiне енуi 4.01. Үкiмет осы Келiсiмнiң жасалуын барлық талап етiлетiн iс-қимылдарымен уақтылы уәкiлеттендiргендiгi және бекiткендiгi туралы Қорға қанағаттанарлық дәлелдеме тапсырылған уақытқа дейiн осы Келiсiм күшiне енбейдi. V БАП Анықтама
5.01. Контекспен басқа жайлар түсiндiрілетiн жағдайлардан басқа кезде, мынадай терминдер осы Келiсiм мен Тiзбенiң қай жерiнде қолданылса да мынадай мәнге ие:
(1) "Жоба" терминi осы Келiсiмнiң 1-тiзбесiнде сипатталғандай және егер сипаттамаға Қордың және Үкiметтiң келiсiмiмен мезгiл-мезгiл түзетулер енгiзiлiп отыратын жағдайда Грант бөлiнген жобаны бiлдiредi.
(2) "Материалдар" терминi Жоба бойынша талап етiлетiн жабдықтарды,
жеткiзiлiмдердi және көрсетiлетiн қызметтердi бiлдiредi. Материалдардың құнына қай жерде сiлтеме жасалса да, осы құн әлгi материалдардың Yкiметтiң аумағына енгiзiлуiнiң құнын өзiне енгiзуi қажет. 3-баптың 1-тармағы үшін төмендегі мекен-жайлар белгіленген: Үкiмет үшiн: Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі. Қазақстан Республикасы, Астана Бейбітшілік көшесi 10 Кабельдiк байланыстар мен телекстер үшін балама мекен-жайлар ТЕЛЕГРАФ ТЕЛЕКС ФАКС (7-3172) 327567 Қор үшiн: Араб Экономикалық Дамуының Кувейттiк Қоры Пошта жәшігi 2921, Сафат Кувейт-13030 Кабельдік байланыстар мен телекстер үшiн балама мекен-жайлар: ТЕЛЕГРАФ ТЕЛЕКС ФАКС ALSUNDUK 22025 ALSUNDUK (965) 2419091 KUWAIT 22613 KFAED КТ (965) 2436289 Жоғарыда баяндалғандарды қуаттай отырып, тараптар өздерінің ресми өкiлдерi арқылы осы Келiсiмге әрқайсысы түпнұсқа болып есептелетін үш данада қол қойды және де барлық мәтiндердің күшi бiрдей. Қазақстан Республикасы Араб Экономикалық Дамуының үшін Кувейттік Қоры үшін қолы қолы Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшiсi (Уәкiлетті Өкiл) _____________________ (Уәкiлетті Өкiл) N 1 қоса берiлiп отырған хат Қазақстан Республикасы Күнi: 30.10.1999 ж. Араб Экономикалық Дамуының Кувейттiк Қоры 2921 пошта жәшiгi, Сафат Кувейт, 13030 Құрметтi мырзалар, Тақырып: Гранттан қаржыландырылуға жататын материалдардың тiзбесi - Жеткiзiлім рәсiмi
Бiз дәл бiр күнi өзiмiз қол қойған "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Араб Экономикалық Дамуының Кувейттiк Қоры арасындағы жаңа үкiметтiк ғимарат құрылысы жобасына арналған грантты пайдалану жөнiндегi келiсiмге" сiлтеме жасаймыз және Гранттың сомасынан қаржыландыруға жататын пункттердi, әрбiр пунктке бөлiнген сомаларды және әрбiр пунктке қатысты қаржыландырылатын шығыстардың проценттiк қатынасын көрсететiн "Материалдар тiзбесiн" қоса берiп отырмыз. Бiз Грант қаражатының ешқандай жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарымен салынатын немесе оның аумағында қолданылып жүрген алымдар мен салықтарды төлеу үшiн пайдаланылмайтындығын растаймыз.
Сондай-ақ, егер бiздiң арамызда керiсiнше келiсiм болмаса, онда Гранттан қаржыландыруға жататын пункттердi жүзеге асыру конкурстық негiзде өткiзiлетiндiгiн қуаттаймыз.
Грант жөнiндегi Келiсiмнiң 2-бабының 1-тармағына сiлтеме жасай отырып, құрылыс жобасы бойынша ақыл-кеңес беру қызметтерiн көрсетудi қарау кезiнде олар алдын ала және түпкiлiктi жоба әзiрлеудi, Үкiмет пен Қордың мақұлдауын алуды, құрылыстық тендерлiк құжаттаманы әзiрлеудi, Қордың келiсiмiмен құрылыс мердiгерiнің таңдауы үшiн тендер рәсiмдерiн сақтауды және құрылысқа бақылау жасауды өздерiне енгiзуге тиiстi екендiктерiн атап өтемiз. Мұндай қызмет көрсететiн консультантты таңдауды Қор өз ұсыныстарын Қазақстан консультанттарымен бiрлескен кәсiпорындарда ұсынатын Кувейт консультанттарының қысқаша тiзiмiнен конкурстық негiзде жүргiзетiн болады. Қазақстандық консультанттардың қысқаша тiзiмiн Үкiмет әзiрлеуге және оны Қорға жолдауға тиiс.
Құрылыс жобасына қатысты мәселеге келсек, оны Қордың мақұлдауымен конкурстық негiзде консультант таңдайтын мердігер жүргізетiн болады. Құрамында бiрiншi санатты кувейттік құрылыс мердiгерлерi және қазақстандық мердігерлер бар бiрлескен кәсіпорындардан ғана өтінiштер қабылданатын болады. Осы мақсатта Грант алушы біліктілiк деңгейін көрсете отырып, қазақстандық мердігерлердің тізімін беруге тиісті.
Гранттан қаржыландырылуға жататын кез келген келiсім-шартқа қол қою кезiнде оның тиістi көшірмелерi бақылау және есептiк құжаттама үшін бiзге жолданылуы қажет.
Хатпен бiрге қоса берiлiп отырған көшiрмедегі қуаттау нысанына қол қоя отырып, жоғарыда аталған және қоса беріліп отырған "Материалдар тiзбесiне" Сiздің өз келісімiңіздi бiлдiруіңізді сұраймыз және Сiзден оларды бiзге қайтаруыңызды өтінеміз.
Қазақстан Республикасы
қолы
Қазақстан Республикасының
Кувейт Мемлекетiндегі Елшiсi ____________________________ (Уәкілетті Өкiл)
Бекiтемiн Араб Экономикалық Дамуының Кувейттiк Қоры қолы (Уәкiлеттi Өкіл) 1-ТIЗБЕ ЖОБАНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Жоба Астана қаласындағы Кенесары көшесi мен Әуезов көшесiнiң қиылысында орналасқан көп функционалды үкiметтiк әкiмшiлiк ғимараттың құрылысынан тұрады. Ғимарат шамамен 10000 шаршы метр аумақты алуы тиiс және шамамен 12500 шаршы метр алаңы болады.
Жоба мынадай бөлiктерден тұрады:
1. Қазiргi бар жоспарды тексеру және түрлендiру мақсатында консультациялық қызметтер, қазiргi бар құрылыстың жоспармен сәйкестiгiн тексеру, егжей-тегжейлi инженерлiк жоспар мен тендерлiк құжаттарды әзiрлеу Жоба құнының белгіленген бюджеттен аспайтындығын тексеру және құрылысқа бақылау жасау;
2. Барлық приборлық құралдардың жеткiзiлiмiн, инсталляциялануын және
анықталуын қоса алғанда, Ғимарат құрылысы бойынша инженерлiк-құрылыс жұмыстары; 3. Жеткiзiлуiн, орнатылуын және барлық орнатылған аппаратураларға сынақ жүргiзiлуiн қоса алғанда, барлық белгіленген пункттердiң орталық инсталляциялануы мен анықталуын қоса алғанда, орталық жылу беру мен кондиционерлердi қоса алғанда, құрылысқа арналған электромеханикалық жұмыстар. Жоба 2001 жылдың аяғында бiтетiн болады деп күтiлуде. ЖОБА БОЙЫНША КӨРСЕТIЛЕТIН ҚЫЗМЕТ ПЕН МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ТIЗБЕСI N Пункттер Грант қаражатын Пункттiң жалпы АҚШ долларымен құнының проценттiк бөлу қатынасы 1. Консалтингтiк қызметтер 1 000 000 100 2. Құрылыс жұмыстары және 8 000 000 100 жеткiзiлiмдер 3. Орналастырылмаған 1 000 000 шығыстар Жиыны 10, 000, 000 Оқығандар: Қасымбеков Б.А. Омарбекова А.Т.