Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы және Қырғыз Республикасы арасындағы үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2000 жылғы 17 мамыр N 50-II


     Бішкекте 1999 жылғы 25 тамызда жасалған Қазақстан Республикасы, Қытай 
Халық Республикасы және Қырғыз Республикасы арасындағы үш мемлекеттің 
мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі туралы келісім бекітілсін. 
     
     
     Қазақстан Республикасының 
            Президенті 
     

          Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы және 
        Қырғыз Республикасы арасындағы үш мемлекеттің мемлекеттік 
                 шекараларының түйісу нүктесі туралы 
                              КЕЛІСІМ 
     


      Бұдан әрі Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы және Қырғыз Республикасы,
      үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесінің орналасу орнын нақтылау және белгілеу мақсатында,
      Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қазақстан-қытай мемлекеттік шекарасы туралы 1994 жылғы 26 сәуірдегі келісімнің 6-бабына және Қытай Халық Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы қытай-қырғыз мемлекеттік шекарасы туралы 1996 жылғы 4 шілдедегі келісімнің 6-бабына сәйкес
      төмендегілер туралы келісті:
                                1-бап 




      Бұдан былай үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі деп аталатын, Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы және Қырғыз Республикасы мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі Хан Тәңірі шыңының 6695-ші белгісі бар құзар басында орналасқан. Аталған түйісу нүктесі Қазақстанның аумағында орналасқан 4672-ші белгісі бар биіктіктен оңтүстікке қарай 5592 метр, Қытай аумағында орналасқан 5292-ші белгісі бар биіктіктен солтүстіктен солтүстік-солтүстік-батысқа қарай 3387 метр және Қырғызстанның аумағында орналасқан 6411-ші белгісі бар биіктіктен шығыс-солтүстік-шығысқа қарай 3428 метр қашықтықта орналасқан.
      Үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесінің мынадай координаттары бар:
                                            0 ' ''
      географиялық: солтүстік ендікте B = 42 12 36,4 , шығыс бойлықта
       0 ' '' L = 80 10 31,1 ; тікбұрышты: X = 4675395, Y = 14431875.

      Үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесінің орналасу орны осы Келісімге қоса беріліп отырған және оның ажырамас бөлігін құрайтын, бірлесіп жасалған масштабы 1:50000 картада қызыл шеңбермен көрсетілген.
      Осы бапта аталатын биіктіктердің арақашықтығы мен белгілері, сондай-ақ үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесінің географиялық және тікбұрышты координаттары аталған карта бойынша белгіленген.
      Биіктіктердің координаттары мен белгілері 1942 жылғы координаттар жүйесінде және Биіктіктердің Балтық жүйесінде келтірілген.
                                2-бап 




      Уағдаласушы Тараптар жергілікті жерде үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесін белгілемеуге келісті.
                                3-бап 




      Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді

Уағдаласушы Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама 
жіберілген күннен бастап күшіне енеді. 
     
     Бішкек қаласында 1999 жылғы 25 тамызда әрқайсысы қазақ, қытай, қырғыз 
және орыс тілдерінде үш дана болып жасалды. 
     Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде пікір алшақтығы орын алған 
жағдайда Уағдаласушы Тараптар орыс және қытай тілдеріндегі мәтіндерді 
негізге алатын болады. 
     
     
       Қазақстан               Қытай Халық                Қырғыз 
     Республикасы              Республикасы            Республикасы 
         үшін                      үшін                    үшін 
     
     
         "Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы және 
        Қырғыз Республикасы арасындағы үш мемлекеттің мемлекеттік 
          шекараларының түйісу нүктесі туралы келісімді бекіту 
            туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасына 
                           АНЫҚТАМА ПАРАҒЫ 
     
     1. Заң жобасының бастамашысы          Қазақстан Республикасының 
        (органның толық атауы)             Үкіметі 
     
     2. Заң жобасын әзірлеу жөніндегі      құрылған жоқ 
        жұмыс тобының құрамы 
     
     3. Заң жобасы жөніндегі бас           Халықаралық істер, қорғаныс 
        комитет                            және қауіпсіздік жөніндегі 
                                           комитеті 
     
     4. Заң жобасының Қазақстан 
        Республикасы Парламентінде 
        тіркелген күні                     03.02.2000. 
     
     5. Қазақстан Республикасы 
        Парламентінің тұрақты 
        комитеттерінің заң жобасы 
        жөніндегі қорытындылары 
     
     6. Заң жобасы жөніндегі               Қазақстан Республикасының 
        Қазақстан Республикасы             Қаржы министрлігімен, 
        Үкіметінің, министрліктердің,      Қазақстан Республикасының 
        ведомстволардың, басқа да          Әділет министрлігімен, 
        мемлекеттік органдар мен           Қазақстан Республикасының 
        қоғамдық бірлестіктердің           Сыртқы істер министрлігімен, 
        қорытындысы                        Қазақстан Республикасының 
                                           Ұлттық қауіпсіздік комитетімен 
                                           келісілген 
     
     7. Заң жобасына ғылыми                өткізілген жоқ 
        сараптама 
     
     8. Заң жобасы жөнінде баяндама        Қазақстан Республикасының 
        жасау кімге тапсырылды             Сыртқы істер министрі 
                                           Е.Ә.Ыдырысовқа 
     
     
     Оқығандар:
     Қасымбеков Б.А. 
     Икебаева Ә.Ж. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады