"Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2000 жылғы 23 маусым N 55-II

      "Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы" Z970087_ 1997 жылғы 27 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 6, 69-құжат; 1998 ж., N 24, 436-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1. 11-баптың 2-тармағында "шарттық негізде" деген сөздердің алдынан

"Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес" деген сөздер қосылсын. 
     2. 12-баптың 2-тармағында "құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды" 
деген сөздер "құтқару жұмыстарын" деп жазылсын. 
     3. 15-бап мынадай редакцияда жазылсын: 
     "15-бап. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының 
қызметін қаржыландыру
     Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының 
қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген 
тәртіппен жүзеге асырылады". 
     
     
     Қазақстан Республикасының 
            Президенті 
     
     
     Оқығандар:
     Икебаева А.Ж.
     Орынбекова Д.Қ.
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады