Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (Заемшы ретінде) мен Кореяның Экспорт-Импорт Банкі (Кредитор ретінде) арасындағы 3 400 000 АҚШ доллары сомасына заем туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2000 жылғы 23 маусым N 61-II


     Сеулде 1999 жылғы 29 желтоқсанда жасалған Қазақстан Республикасының 
Қаржы министрлігі (Заемшы ретінде) мен Кореяның Экспорт-Импорт Банкі 
(Кредитор ретінде) арасындағы 3 400 000 АҚШ доллары сомасына заем туралы 
келісім бекітілсін. 
     
     
     Қазақстан Республикасының 
            Президенті 
     
     Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (Заемшы ретінде) мен 
        Кореяның Экспорт-Импорт Банкі (Кредитор ретінде) арасындағы 
                          3,400,000.00 $ US
                     
                         Заем туралы келісім 
       
     Заем туралы осы келісім:


      лайықты дәрежеде құрылған және Қазақстан Республикасының заңдары шеңберiнде әрекет ететiн, бас кеңсесi: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Республика даңғылы, 60-мекен-жайы бойынша тiркелген, мемлекеттiк мекеме, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi ("Заемшы") және лайықты дәрежеде құрылған және Корея Республикасының заңдары шеңберiнде әрекет ететiн, бас кеңсесi: Корея, Сеул, Yоidо-dоng, Yоungdungро-gu, 16-1-мекен-жайы бойынша тiркелген Кореяның Экспорт-Импорт Банкi ("Кредитор") арасында 29 бет болып толтырылды және жасасылды.
      СОҒАН СӘЙКЕС лайықты дәрежеде құрылған және Қазақстан Республикасының заңдары шеңберiнде әрекет ететiн, бас кеңсесi: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Манас көшесi, 4-мекен-жайы бойынша тiркелген, мемлекеттiк мекеме, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi ("Сатып алушы") және Кореяның заңдарына сәйкес ұйымдастырылған және жұмыс iстейтiн, бас кеңсесi: Корея, 150-606, Сеул, Янгдунгпо-гу, Йодо-Донг, LG Твин Тауэрс, 20-мекен-жайы бойынша тiркелген LG Intеrnаtiоnаl Соrр. корпорациясы and LG Information & Соммuniсаtiоns Ltd., (LG Intеrnаtiоnаl Соrр. бiрлесiп "Берушi"), LG Кореяның заңдарына сәйкес ұйымдастырылған және жұмыс iстейтiн, бас кеңсесi: Корея, 135-080, Сеул, Кэнгнам-гу, Йоксэм-Донг, LG Кэнг-Нам Тауэр, 679-мекен-жайы бойынша тiркелген, корпорация 1999 жылғы 31 қазанда көрсетiлген Роliсе С31 Жобасының екiншi бөлiгi үшiн Берушi беруге және Сатып алушы сатуға келiсiм-шарт ("Келiсiм-шарт") жасасты.
      СОҒАН СӘЙКЕС Келiсiм-шарттың шеңберiнде Сатып алушы Берушiге 4,000,000 (төрт миллион) АҚШ доллары мөлшерiндегi келiсiм-шарттың құнын ("Келiсiм-шарттың құны") төлеуi тиiс, ал Заемшы Берушiге аванс ретiнде Келiсiм-шарт құнының он бес процентiн (15%-iн) төлеуге әзiр;
      СОҒАН СӘЙКЕС Заемшы Берушiге Келiсiм-шарт құнының сексен бес процент

(85%) мөлшерiндегi төлемдерiн қаржыландыру үшiн негiзгi жиынтық сомасы 
3,400,000 (үш миллион төрт жүз мың) АҚШ долларынан аспайтын Заем берудi 
Кредитордан сұрайды; және
     СОҒАН СӘЙКЕС осы Келiсiмнің мерзiмдерi мен шарттары сақталған 
жағдайда Кредитор Заемшының талап еткен заемын оған беруге келiседi.
     ОСЫ СЕБЕПТI Заемшы мен Кредитор мына төмендегiлер туралы уағдаласты:

                               1-бап
     
                         Айқындау және талдау
     
     1.1-бөлiм. Анықтама
     
     Мына терминдер, осы Келiсiмнiң қай жерiнде қолданылса да, түпнұсқада 
өзге талап қойылмаса, мынадай мағыналарда болады:


      а) "Қабылдау күнi" Келiсiм-шарттың 9-бабына сәйкес Сатып алушының Қабылдау актiсiн шығарған алғашқы күнiн (i) және 2000 жылдың 31 желтоқсанын (ii) немесе Заемшы мен Кредитордың арасында келiсу бойынша неғұрлым кешiрек күндi бiлдiредi.
      b) "Банктiк күн" Сеулде, Нью-Йоркте және Алматыда жұмыс iстеу үшiн банктердiң ашық болатын күнiн бiлдiредi.
      с) "Төлемдер" осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес өндiрілген әрбiр қаражат тәлемiн немесе түпнұсқа бойынша талап етiлгендей, әрбiр осындай төлемнiң негiзгi сомасын бiлдiредi.
      d) "Төлемдерге арналған құжаттар" әрбiр төлемге қатысты Келiсiм-шарттың шеңберiнде Келiсiм-шарт құнының барлық немесе кез келген бөлiгiнiң төлемiн алу үшiн Берушi Заемшыдан табыс етудi немесе берудi талап ететiн коммерциялық инвойстың, жүкқұжаттың немесе орындалу туралы жазбаның көшiрмесiн бiлдiредi.
      е) "Орындамау жағдайы" 12.1 бөлiмде сипатталған жағдайлардың кез келгенiн бiлдiредi.
      f) "Тәуекел үшiн төлемақы" әрбiр төлемге қатысты 5.2-бөлiмге сәйкес Заемшының Кредиторға тәуекел үшiн жасайтын төлемақысын бiлдiредi.
      g) "Қаражат" осы Келiсiмнің шеңберiнде Заемшының пайдасына бөлiнетiн заем қаражатын, немесе, егер түпнұсқа бойынша осылай талап етiлсе, заемның осындай қаражатының сомасын бiлдiредi.
      h) "Берешек" осы кездегi, сондай-ақ болашақтағы төлемдер немесе ақша өтемдерi бойынша кез келген мiндеттемелердi бiлдiредi.
      i) "Проценттердi төлеу күнi" (i) өтемнің бiрiншi күнiне дейiнгi әрбiр жылдың________және;________ және (ii) өтемнің әрбiр күнiн бiлдiредi.
      j) "Проценттердi есептеу кезеңi" әрбiр төлемнiң күнiнен басталатын және проценттердi келесi тiкелей төлеу күнiнiң алдындағы күнi аяқталатын кезеңді және одан әрi проценттерді төлеу күнiнен басталатын және проценттердi келесi тiкелей төлеу күнiнiң алдындағы күнде аяқталатын кезеңдi бiлдiредi.
      k) "Проценттiк ставка" 4.1-бөлiмде көрсетiлетiн проценттiк ставканы бiлдiредi.
      l) "Корея" Корея Республикасын бiлдiредi.
      m) "Заем" төленбеген күннен қалған уақыттағы төлемдердiң жиынтық негiзгi сомасын білдiредi.
      n) "Нота" 6.2-бөлiмге сәйкес Кредитордың пайдасына Заемшы берген борыштық мiндеттеменi бiлдiредi.
      о) "Өтеу күнi" қабылдау күнiнен кейiнгi алты (6) айды құрайтын күндi

қоса алғанда, басталып, жарты жылда бiр рет келетiн келесi он (10) күннiң 
әрқайсысын бiлдiредi.
     р) "Төлем жөнiндегi "сұрау" Заемшының қаражат төлеу жөнiндегi В 
қосымшасы нысанындағы жазбаша сұрауын бiлдiредi.
     q) "АҚШ доллары" немесе "$" Америка Құрама Штаттарының заңды 
валютасын бiлдiредi.
     
     1.2-бөлiм. Пайымдау
     
     (а) Осы Келiсiмнiң бөлiмдерiнiң мазмұны мен тақырыптары сiлтеменiң 
қолайлылығы үшiн ғана пайдаланылады және бұл Келiсiмнiң қандай да бiр 
ережесiн пайымдауға әсер етпейдi.
     (b) Белгiлi бiр Бөлiмге немесе Қосымшаға сiлтеме осы Келiсiмнiң 
осындай атаулы Бөлiмiне немесе Қосымшасына сiлтеме ретiнде түсiндiрiледi.
     (с) Жалқы есiмдегi сөз жалпы есiмдi қамтиды, және керiсiнше, түпнұсқа 
бойынша қолданылады.

                                    2-бап
     
                                   Қаражат
     
     2.1-бөлiм. Қаражат сомасы
     
     Осымен Кредитор осы Келiсiмде айтылған мерзiмдер мен ережелер 
сақталған жағдайда, Заемшының пайдасына жиынтық сомасы 3,400 000 (үш 
миллион төрт жүз мың) АҚШ долларының қаражатын бөледi.

     2.2-бөлiм. Мақсаты
     
     Қаражат сомасы Заемшының Келiсiм-шарт Құнының сексен бес процентiн 
(85%) Берушiнiң төлеуiн қаржыландыруы үшiн ғана пайдаланылады.
     
                                   3-БАП
                                  ТӨЛЕМДЕР
     
     3.1-бөлiм. Төлемдер рәсiмi
     


      8.1 және 8.2-бөлiмдерде айтылған барлық алдын ала ережелер қанағаттанарлық орындалғаннан кейiн, осы 3-бапта айтылған төлемдердiң рәсiмiне сәйкес Кредитор заем қаражатын төлейдi.

      3.2-бөлiм. Тiкелей төлемдер рәсiмi

      (а) Заемшы қажетi бойынша Берушi таңдап алған коммерциялық банктегi Берушiнiң тiкелей есебiне Келiсiм-шарт шеңберiндегi қажеттi соманың төлемiн жасауды сұрайды.
      (b) Осындай рәсiм бойынша төлемге арналған әрбiр сұрауға Заемшының уәкiлеттi өкiлi қол қоюы керек және төлемдер жөнiндегi тиiстi құжаттармен бiрге жүредi.
      (с) Төлемге арналған сұрауды және төлем жөнiндегi тиiстi құжаттарды Кредитор алғаннан кейiнгi он (10) банктiк күннiң iшiнде Кредитор сұралған соманы Тiкелей Берушiге төлейдi және мұндай төлем осы Келiсiм қолданылғанда осы төлем күнiндегi Төлемдi құрайтын болады.

       3.3-бөлiм. Аккредитив рәсiмi

      (а) Осы Келiсiм шеңберiнде Кредитор қаржыландыратын Келiсiм-шарт Құнының бөлiгiне қатысты Заемшы құжаттық аккредитив (аккредитив) дайындай алады, оны Берушiнiң пайдасына Заемшының елiндегi коммерциялық банк Кореядағы коммерциялық банкпен ("Корей Банкi") кеңес беруiмен, ашуы мүмкiн. Аккредитивтi Халықаралық сауда Палатасының құжатты аккредитивтерге арналған N 500 басылымының (1993 жылғы қайта басылымы) Бiрыңғай ережелерiмен және тәжiрибесiмен реттеледi.
      "Бұл аккредитив Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Кореяның Экспорт-Импорт Банкi арасындағы ____ Заем туралы келiсiмге сәйкес ашылған".
      (b) Кредитордың Корей Банкiне аккредитив арқылы оған төленген шегi бойынша жасаған өтемi сол күнгi және осы өтем сомасындағы төлемдi құрайды.
      (с) Аккредитив жөнiндегi келiссөздер Корей Банкiмен шектеледi. Кредитор аккредитив жөнiндегi келiссөздерге байланысты қабылданған құжаттарда жiберiлген сәйкессiздiктер мен қайшылықтарды қоса алғанда, Корей Банкiнiң аккредитивке қатысты қандай да бiр әрекетiне және кемшiлiгiне жауап бермейдi.

      3.4.-бөлiм. Өтеу рәсiмi

     (а) Келiсiм-шарттың ережелерiмен Берушiге Заемшы жасаған кез келген төлемдердi өтеу үшiн Заемшы таңдап алған банктегi Заемшының шотына Төлемдердiң жүргiзiлуi және осы Келiсiмнiң шеңберiнде қаржыландыру үшiн құқықты болуы үшiн Заемшы Кредиторға сұрау сала алады.
     (b) Осындай рәсiм бойынша төлемге арналған әрбiр сұрау салуға Заемшының уәкiлеттi өкiлi қол қоюы тиiс және төлемдер жөнiндегi тиiстi құжаттармен және ақы төлегендiгi туралы тиiстi куәлiкпен бiрге жүредi.
     (с) Кредитор төлеу туралы сұрау салуды және төлем жөнiндегi тиiстi

құжаттарды алғаннан кейiн он (10) банктiк күн iшiнде Кредитор талап 
етiлген соманы тiкелей Заемшыға төлейдi, бұл бұдан кейiн мұндай төлеу 
күнгi Төлемдi бiлдiретiн болады.

    3.5.-бөлiм. Ережелердiң қолданылымы 

    Кредитормен сөз болған жағдайлардан басқа, қабылдау күнiнен кейiн 
Кредитор ешқандай төлемдердi жасамайды.

    3.6.-бөлiм. Төлем туралы хабарлама 
     
    Жасалған әрбiр төлемнен кейiн Кредитор мұндай төлемнiң күнi мен сомасы 
туралы Заемшыны жазбаша нысанда хабардар етедi. Айқын қателiктер болмаған 
жағдайда, мұндай хабарлама тиiстi Төлем күнi мен сомасының сенiмдi дәлелi 
болады.
 
                         4-бап
             ПРОЦЕНТ ЖӘНЕ ЕРЕЖЕЛЕРДІҢ ОРЫНДАЛМАҒАНЫ
                        ҮШIН ПРОЦЕНТ
     
     4.1-бөлiм. Процент
 


      Заемшы заемның төленбеген негiзгi сомасы бойынша Кредиторға жылына алты бүтiн жүзден тоқсан төрт процент (6,94%) ставка бойынша процент төлейдi. Мұндай процент проценттер есептелетiн кезең үшiн проценттер төленетiн әрбiр күнге мерзiмi кешiктiріліп төленедi, алайда, бұл жағдайда проценттi төлеу күнiне дейiнгi жиырма (20) күннiң iшiнде жасалған қандай да бiр төлемнен (қорытынды төлемнен емес) жинақталған бiрiншi процент проценттi төлеудiң одан кейiнгi күнi төленуi мүмкiн.

      4.2-бөлiм. Айыппұл процентi

     Егер Заемшы осы Келiсiмнiң шеңберiнде төленуге жататын қандай да бiр соманы тиiстi мерзiмiнде (не белгiленген мерзiмде, мерзiмiнен бұрын немесе өзге күнi) төлемесе, Заемшы Кредиторға 4.1-бөлiмге сәйкес, процент мерзiмi өткен негiзгi сомаға жинақталмайтын тиiстi күннен бастап iс жүзiндегi

төлем күнiн қоса алғанда, кезең iшiндегi әрбiр күн үшiн проценттiк 
ставкадан жоғары жылына екi процентке (2%) тең ставка бойынша мерзiмi 
өткен төлемге айыппұл процентiн төлейдi. 

    4.3-бөлiм. Есептеме
 
    Процент пен айып процентi өткен күндердiң iс жүзiндегi саны негiзiнде, 
ал бiр жылда 360 күн үшiн есептеледi.

                            5-БАП
                  ШЫҒЫНДАР МЕН ШЫҒЫСТАР

    5.1-бөлiм. Мiндеттемелер бойынша ақы төлеу 
    


      (а) Заемшы Кредиторға осы Келiсiмге байланысты пайда болатын, проценттердi төлеудiң әрбiр күнiнде, қаражаттың күн сайынғы жойылмаған және төленбеген бөлiгiне төленуге тиiстi мiндеттемелер бойынша жылына бiр проценттің екiден бiрi (1%тiң 1/2-i ) ставкасы бойынша ақы төлейдi.
      (b) Осы Келiсiмге байланысты пайда болатын мiндеттемелер бойынша мұндай ақы осы Келiсiмнің күнiнен бастап, оны қоса алғанда жинақтала бастайды және өткен күндердiң iс жүзiндегi саны негiзiнде есептеледi, ал бiр жылда 360 күн бар.

      5.2-бөлiм. Әлеуеттi шығындардың тәуекелдiгi үшiн ақы төлеу

      Заемшы төлемнiң бiрiншi күнiнiң алдын ала шарты ретiндегi қаражат сомасының төрт бүтiн жүзден жетпiс жетi (4,77%) процентiне тең сомада Кредиторға тәуекелдігi үшiн ақы төлейдi. Кредитор төлемнiң бiрiншi күнiнiң алдында бес (5) күннен кешiктiрмей тәуекелдiгi үшiн ақы төленген сома туралы Заемшыға хабарлайды.

      5.3-бөлiм. Шығыстар

      (а) Заемшы Кредиторға оның талабы бойынша, заң кеңесшiсiнiң қаламақысын қоса алғанда, осы Келiсiмдi дайындауға, орындауға немесе толықтырулар енгiзуге байланысты Кредитор көтерген жиырма мың АҚШ долларының аспайтын (20 000 АҚШ доллары) барлық орынды шығыстар мен шығындардың орнын толтырады.
      (b) Заемшы Кредиторға оның талабы бойынша, заң кеңесшiсiнiң қаламақысын қоса алғанда, сұрау салу, сот талабы немесе осы Келiсiмнiң шеңберiндегi ережелердi орындамау жағдайы орын алған күннен бастап немесе одан кейiнгi қандай да бiр сомалардың орнын толтыру бойынша Кредитор көтерген барлық орынды шығыстар мен шығындардың орнын толтырады.
      (с) Кредитор Заемшыға оған Заемшы орнын толтыратын шығыстар мен шығындардың егжей-тегжейлi жеткiлiктi көшiрмесiн бередi.

                         6-БАП
                ӨТЕУ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛА ТӨЛЕУ

      6.1-бөлiм. Өтеу

      Заемшы соңғы жарна сол уақытта қалған заем қаражатын толық өтеу үшiн қажеттi сомада болған жағдайда, әрбiр өтеу күнiне кейiнгi жартыжылдық жарнаның онына (10) тең Заемды өтейтiн болады.

     6.2-бөлiм. Борыштық мiндеттемелер

      (а) Өзiнің заемды және ол бойынша проценттердi өтеу мiндеттемелерiн растау үшiн Заемшы бастапқы төлемнің алдында төлемнің алдын ала шарты ретiндегi өтеу күнi (1-шi өтеу күнiн қоса алғанда) бланкiсiмен және кестелерiмен бiрге А-қосымшасының нысанындағы Нотаны ресiмдейдi және Кредиторға жеткiзедi. Нота 2.1-бөлiмде айқындалған қаражат сомасына бара-бар жалпы сомаға болуы тиiс, бiрақ жиынтық төленген және төленбеген сомалардың мөлшерiнде ғана кез келген уақытта негiзгi сомаға қатысты және осы күндерден бастап жинақталған проценттердің мөлшерiне ғана және осындай төлемдердің сомасына қатысты қолданылады.
      (b) Заемшы Кредиторға өтеу күнiнiң бланкiлерi, әрбiр жарнаның негiзгi сомасы мен Нотадағы төлем кестесiн толтыру құқығын бередi. Заемшы бұл өкiлеттiктердiң түбегейлi екендiгiмен және ешқандай да шектелмейтiндiгiмен келiседi. Кредитор тиiстi өтеу күнiн (бiрiншi өтеу күнiн қоса алғанда), әрбiр жарнаның негiзгi сомасын және Нотадағы әрбiр төлемнің күнi мен сомасын толтырғаннан кейiн Кредитор Заемшыға толтырылған Нотаның расталған көшiрмесiн жiбередi.
      (с) Нота бойынша төлеуге жататын барлық соманы түбегейлi өтегеннен кейiн Нота толық өтелу ретiнде белгiленедi және Кредитор Заемшыға қайтаруы тиiс.

                    6.3-бөлiм. Өз еркiмен алдын-ала төлеу

      (а) Кемiнде отыз (30) күн бұрын Кредиторға жазбаша хабардар еткеннен кейiн Заемшы алдын-ала төлеу күнiне дейiн жинақталған алдын-ала төлеу сомасы үшiн барлық проценттермен бiрге заемның барлығын немесе кез келген бөлiгiн, және осы Келiсiмнiң шеңберiнде одан кейiн төленуге тиiстi кез келген басқа соманы алдын ала төлеудi жүргiзе алады.
      (b) Кез келген iшiнара алдын ала төлеудiң сомасы заемды өтеу жөнiндегi жарнаның сомасына немесе оның тұтастай есесiне тең болуы тиiс. Мұндай алдын ала төлеудi төлем мерзiмдерi бойынша керiсiнше тәртiппен заем жөнiндегi жарналарға қолдануға болады. Заемшы бұл Келiсiм бойынша осындай тұрғыда алдын ала төленген ешқандай соманы қайтадан алуға құқығы жоқ.
      (с) Заемшы осы бөлiмге сәйкес жүргiзiлген кез келген алдын ала төлемнен соңғы өтеу күнiнен кейiнгi алты (6) айдың iшiнде жүргiзiлген алдын ала төлемнен басқа, негiзгi алдын ала төленетiн соманың бiр процентiнiң екiден бiрi (1%-тің 1/2-i) мөлшерiнде алдын ала төлем бойынша бiр мезгiлде сыйлық төлейдi.

     6.4-бөлiм. Мiндеттi алдын ала төлеу 

     Егер келiсiм-шарт кез келген себеп бойынша қабылдау күнiне дейiн 
үзiлiп қалса немесе күшiн жойса, Заемшы ешқандай сыйлықсыз немесе 
айыппұлсыз егер Кредитор өзгеше келiспесе, ол үшiн жинақталған 
проценттермен бiрге Заемды Кредиторға алдын ала төлейдi. Заем мен 
жинақталған проценттер толық өтелген жағдайда, кредитор Заемшыға қатысты 
өзiнiң барлық талаптарынан бас тартады.

                          7-БАП
                    ТӨЛЕМДЕР ЖӘНЕ ВАЛЮТА
     
     7.1-бөлiм. Төлем орны
     


      Осы Келiсiмнiң шеңберiнде Заемшы жүргiзетiн барлық төлемдер қолда бар қаражаттан АҚШ долларымен Кредитордың шотына (Bankers Trust Сомраnу, Сһurсһ Street Stаtiоn, New Yоrк, N.Y. 10015, U.S.А. шотына (N 04-029-695 шоты) немесе кез келген төлемнiң тиiстi күнiне дейiн кемiнде он бес (15) күн бұрын Кредитор Заемшыға жазбаша нысанда берген осындай басқа шотқа жүргiзілетiн болады.

      7.2-бөлiм. Банктiк күн

      Егер осы Келiсiмнiң шеңберiнде Заемшы жүргiзген қандай да бiр төлем банктiк болып саналмайтын күнге тап келсе, мұндай төлем ең жақын келесi банктiк күнге ауыстырылады, ал ол бойынша, егер проценттер болса, тиiстi түрде түзетiледi.

      7.3-бөлiм. Салықтардан және өзге де мiндеттемелерден босату

      Осы Келiсiмнiң шеңберiнде Заемшы төлейтiн барлық сомалар кейiнге қалдырылмастан немесе қарсы талапсыз, немесе қандай да бiр шектеу немесе шарт қоймастан, толық төленетiн, қандай да бiр салықтардан немесе басқадай ұсталымдардан немесе кез келген шегерiмдер түрiнен босатылатын болады.

      7.4-бөлiм. Төлемдердi жиынтықтау

      Егер Заемшы немесе кез келген тұлға Қазақстан Республикасының қандай да бiр заңына немесе ережесiне сәйкес осы Келiсiмнің шеңберіндегi төлемнен аударым немесе ұсталым жасаса (салыққа немесе басқа бапқа қатысты), онда Заемшы мұндай ұсталымдар немесе аударымдар талап етiлмеген болса, толық соманы Кредитор алуын қамтамасыз ету үшiн қосымша соманы төлеуi тиiс.

      7.5-бөлiм. Төлемдердi пайдалану

      Егер осы Келiсiмнiң шеңберiнде Заемшы жүргiзген қандай да бiр төлем сомасы төлеуге жататын немесе мұндай төлемдерге қатысты төленетiн жалпы сомадан аз болса, Кредитор негiзгi шотқа алынған соманы, Кредитор қалай дұрыс болады деп санаса, проценттердi немесе төлеуге жататын басқа да сомаларды пайдалануға құқығы бар.

      7.6-бөлiм. Заем шоттары

      Әдеттегi тәжiрибеге сәйкес Кредитор төлемдердi тiркеу заемды жабу, есеп айырысу және проценттердi төлеу және төленуге тиiстi басқа да сомаларды төлеу жөнiнде бiрқатар шоттар жүргiзедi. Осы Келiсiмге қатысты кез келген сот процесiнде немесе талқылауда осындай шоттар бойынша Кредитор жасаған жазбалар, айқын қателiктер болмаса, осы Келiсiм шеңберiнде Заемшының мiндеттемелерi бар екендiгiнің және оның сомасының бұлжытпайтын дәлелi бола алады.

    7.7-бөлiм. Долларлық мәмiлелер 

    Төленуге тиiстi АҚШ долларындағы барлық сомалардың төлемдерi осы 
Келiсiм үшiн елеулi болып табылады, сондықтан мұндай мiндеттемелер басқа 
валютамен жүргiзiлген қандай да бiр төлемдермен босатылмайды, мұнда 
қорытындыға немесе басқа тұрғысына және сондай дәрежесiне сәйкес, әдеттегi 
банктiк рәсiмдер кезiнде мұндай төлемнiң сомасы АҚШ долларына дереу 
алмастырғанның өзiнде АҚШ долларында төленуге тиiстi соманы кемiте 
алмайды. 

                     8-БАП АЛДЫН АЛА ШАРТТАР

     8.1-бөлiм. Ең бастапқы төлеу шарттары



      Ең бастапқы Төлеу үшiн алдын ала шарттар ретiнде нысаны мен мәнi жағынан Кредиторды қанағаттандыратын мынадай құжаттар мен куәлiктердi Кредитор алуы тиiс:
     (а) Келiсiм-шарт. Келiсiм-шарттың ресiмделген көшiрмесi;
     (b) Нота. Заемшы қоса берiліп отырған А қосымшасы нысанындағы тиiстi тұрғыда ресiмдеген борыштық мiндеттемелер;
     (с) Өкiлеттiктер туралы куәлiк. Заемшы атынан Келiсiмге қол қоюға өкiлеттi және Нотаға қол қоюға өкiлеттi тұлғаларға өкiлеттiктер туралы куәлiк (С қосымшасындағы нысан бойынша), төлеуге, жаздыруға сұрау салу және әрбiр осындай тұлғаның қолдарының куәландырылған нұсқаларымен бiрге осы Келiсiмге байланысты талап етiлетiн басқа да құжаттар;
      (d) Заңды қорытынды. Заемшыға көпшiлiк бөлiгiнде қосымшасының нысаны бойынша Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің заңгерлiк қорытындысы, және
      (е) Іс жүргiзу агентiн қабылдау туралы хат. 13.3-бөлiмде көрсетiлген көпшiлiк бөлiгiнде Е қосымшасының нысаны бойынша iс жүргiзу агентiнің хаты.

      8.2-бөлiм. Әрбiр төлеу шарттары

      Әрбiр төлеу үшiн алдын ала шарт ретiнде (бастапқы төлеудi қоса алғанда) мына төмендегi шарттардың әрқайсысы әрбiр төлеу қүнi орындалуы тиiс:
      (а) Төлемеу жағдайы болсын, төлемеу жағдайын құрайтын мерзiмi өтiп

немесе алдын ала немесе бiраз уақыт өткеннен кейiн хабарлаған жағдай 
болсын әрбiр төлеу күнiнде қолданылмайды. 
     (b) Заемшы берген барлық өтiнiштер мен кепiлдiктер осы Келiсiмде 
әрбiр төлеу күнiнде барлық қарым-қатынаста да жарамды және нақты болып 
қалады; және 
     (с) Жоғарыдағы 8.1-бөлiмде айтылған барлық құжаттар мен рұқсаттар 
әрбiр төлеу күнiнде толық күшi бар және жарамды немесе, егер қандай да бiр 
өзгерiстер болса, Кредитор осыған қатысты қосымша куәлiк және тиiстi 
қолхаттар алуы керек. 

                      9-БАП ТАПСЫРУ ЖӘНЕ КЕПIЛДIК БЕРУ

     Заемшы Кредиторға мыналарды тапсырады және кепiлдiк бередi:

     9.1-бөлiм. Заемшының мәртебесi



      Заемшы Қазақстан Республикасының заңдары шеңберiнде тиiстi тұрғыда құрылған және заңды түрде әрекет ететiн мемлекеттiк мекеме болып табылады және өз iсiн қазiргi уақытта жүргiзiп отырғандай, жүргiзе беруге және осы Келiсiмде көзделген мәмiлелердi жасауға құқығы және өкiлеттiгi бар.

      9.2-бөлiм. Заемшының өкiлеттiгi

      Заемшы осы Келiсiмдi, Нотаны ресiмдеуге және жеткiзуге арналған өкiлеттiктердi алу үшiн барлық қажеттi әрекеттер мен рәсiмдердi орындады, сондай-ақ осы Келiсiм мен Нотаның шеңберiнде өзiнің мiндеттемелерiн орындауға арналған өкiлеттiктердi алу үшiн талап етiлген басқа барлық құжаттарды тапсырды.

      9.3-бөлiм. Жүзеге асырылуы

      Осы Келiсiм тиiстi тұрғыда ресiмделдi және жеткiзiлдi, сондай-ақ Нотаны да Заемшы тиiстi тұрғыда ресiмдеген және жеткiзген жағдайда, олардың шарттарына сәйкес Заемшының орындауы үшiн заңды және мiндеттi оған жүктелетiн мiндеттемелерiн құрайтын болады.

      9.4-бөлiм. Тәртiптi бұзбау

      Осы Келiсiмнің және Нотаның ресiмделуi, жеткiзiлуi және атқарылуы: (i) Заемшыға қолданылатын қандай да бiр заңды немесе ереженi бұзбайды және оған қайшы келмейдi, және (ii) борышты бұзуды немесе Заемшы тараптардың бiрi болып табылатын кез келген басқа келiсiмдердің шеңберiндегi борыштың бұзылуына апарып соқтыратын жағдайды құрамайды.

      9.5-бөлiм. Заем дәрежесi

      Заемшының осы Келiсiм және Нота бойынша мiндеттемелерi сыныпталады және төлемдерiнiң басымдығында ең жоқ дегенде, раri раssu сияқты және барлық қалған қатынастарда, заңда өзгеше қарастырылған жағдайларды қоспағанда, Заемшының берешектерiмен бiрге сыныпталатын болады.

      9.6-бөлiм. Үкiметтiң мақұлдауы

      Заемшының осы Келiсiмдi және Нотаны ресiмдеуге және орындауға өкiлеттiктерi үшiн қажеттi немесе осы Келiсiмнiң және Нотаның күшiне енуi үшiн талап етiлетiн барлық үкiметтiк рұқсаттар мен мақұлдаулар тиiстi тұрғыда алынып, орындалды және толық күшi бар және заңды түрде жарамды болып табылады.

      9.7-бөлiм. Соттың iс қарауы

      Заемшының қаржылық жағдайына немесе бизнесiне материалдық және терiс әсер ететiн соттың немесе мемлекеттiк агенттiң тарапынан тууы қаупiн төндiретiн, алда тұрған немесе Заемшыға белгiлi соттық талқылау немесе соттық қудалау жоқ.

      9.8-бөлiм. Төлемеу оқиғасының болмауы

      Орындалмаған жағдай болсын, ол туралы алдын ала немесе бiраз уақыт өткеннен кейiн хабарланған жағдай болсын, немесе екеуi де Заемшы тараптардың бiрi болып табылатын, немесе сол бойынша оның шектелуi мүмкiн басқа да оқиғалардың орындалмауы немесе төлемеу оқиғасы болып табылады.
      Заемшының тапсырған барлық материалдары мен кепiлдiктерi, бұл Келiсiмде тұрақты тапсырымдар мен кепiлдiктер болады, осы Келiсiмнiң орындалу барысында сақталады және Заемшы осы уақытта орын алған фактiлерге сүйене отырып, төлеуге арналған әрбiр сұранымның уақытында қайталайды деп күтiледi.

                                10-бап
                               Ережелер

      Заемшы Келiсiм жасасады және осы Келiсiмнiң шеңберiнде барлық сомалар толығымен төленгенге дейiн ол мынандай мiндеттемелердi орындауға келiседi:

      10.1-бөлiм. Заемшының мiндеттемелерi

      Заемшы Сатып алушы мен Берушiнiң арасында жасалған Келiсiм-шарттың орындалуына байланысты Берушiге немесе кез келген басқа тұлғаға осы кезде немесе кейiн болуы мүмкiн талаптарға қарамастан, осы Келiсiм мен Нота жөнiндегi өзiнiң барлық мiндеттемелерiн орындайды. Заемшы осыған байланысты осы Келiсiм шеңберiндегi берешек жөнiндегi қарсы талаптар немесе, төлемдердi ұстап қалу немесе кейiнге қалдыру үшiн негiз болатын мұндай талаптарды пайдаланудан тежелуге келiседi.

      10.2-бөлiм. Ережелердiң орындалмауы туралы хабарлама

      Заемшы ол туралы алдың ала немесе бiраз уақыт өткеннен кейiн хабарланған, немесе екеуi де ережелердiң орындалмаған оқиғасын бiлдiретiн немесе бiлдiруге тиiстi әрбiр оқиға туралы, және Заемшының осы Келiсiм мен Нота бойынша өзiнiң мiндеттемелерiн атқару қабiлетiне елеулi және терiс ықпалы бар немесе ықпал ететiн басқадай әрбiр оқиға туралы Кредиторға тез арада жазбаша хабар бередi.

      10.3-бөлiм. Келiсiм-шарттың өзгеруi

      Тараптар Келiсiм-шартқа қандай да бiр елеулi өзгерiстердi немесе қосымшаларды енгiзгенге дейiн, Заемшы Кредитордың себепсiз бас тартуға болмайтын жазбаша келiсiмiн алуы немесе Берушiнің алуын қамтамасыз етуi тиiс. Заемшы мұндай өзгерiстер мен қосымшалардан кейiн тез арада оған

қатысты құжаттардың дұрыс және толық көшiрмесiн Кредиторға жеткiзiп бередi 
немесе жеткiзiлуiн қамтамасыз етедi. 

     10.4-бөлiм. Қосымша құжаттар 
     
     Тараптар осы Келiсiмнің мақсаттары үшiн орынды негiзде тараптардың 
бiреуi талап етуi мүмкiн қосымша құжаттарды, заң қорытындыларын немесе 
ақпаратты бiрiне-бiрi беруi тиiс.

                               11-бап
                        Мән-жайлардың өзгеруi
     
     11.1-бөлiм. Мән-жайлардың өзгеруi
     


      Осы Келiсiм олардың күшiне енуi күнiнде Кредитор мен Заемшының елдерiнде қолданылатын экономикалық, қаржылық, ұлттық және халықаралық шарттарға және құқықтық, салықтық, валюталық және кәсiби ережелерге негiзделедi. Осы шарттар мен ережелерде қандай да бiр өзгерiстер болған және оларды қандай да бiр құзыреттi орган талдаған жағдайда немесе әсер етуi шектеусiз кез келген басқа себептерде:
      (а) ақы төлеудi доллармен жүргiзуге мүмкiндiк бермейдi;
      (b) осы Келiсiмнiң қандай да бiр материалдық жағдайын заңсыз етедi, немесе
      (с) жалпы алғанда, қандай да бiр жаңа салықтар, баж және/немесе

Кредиторға заемға байланысты кез келген басқа есептемелер жүргiзедi; 
     сол уақытта Кредитор төлемдердi тоқтатады және мынадай шаралар 
қабылдайды: 
     (а) Кредитор тез арада Заемшыға хабардар етедi;
     (b) Кредитор осы Келiсiмдi қолдануға мүмкiндiк беретiн жалпы шешiм 
қабылдау мақсатында Заемшымен ақылдасады және 
     (с) егер мұндай жағдайлар болатын болса, бiрақ Заемшы Кредитордан 
жазбаша хабарлама алған күннен кейiн тоқсан (90) күн iшiнде жойылмайтын 
болса, олар орындамау оқиғалары деп саналады және 12.2-бөлiм қолданылатын 
болады.

                  12-БАП ОРЫНДАМАУ ЖАҒДАЙЛАРЫ

     12.1-бөлiм. Орындамау жағдайлары 

     Мынадай оқиғалардың немесе жағдайлардың әрқайсысы мына Келiсiм 
бойынша Орындамау Жағдайы болып табылады: 


      (а) Заемшы негiзгi соманың қандай да бiр бөлiгiн, проценттердi немесе осы Келiсiм немесе Нота бойынша тиесiлi кез келген басқа соманы төлеу күнiне төлемейдi және мұндай төлемеу он (10) күнге созылады.
      (b) Заемшы, осы бөлiмде төлемеу жағдайлары ретiнде көрсетiлген қандай да бiр оқиғалардан басқа, осы Келiсiмде баяндалған қандай да бiр жағдайларды ережелердi немесе шарттарды орындайды немесе сақтайды және мұндай орындамау бұл туралы Кредитор Заемшыға жазбаша түрде хабарлағаннан кейiн 30 (отыз) күн iшiнде жойылмаған.
      (с) Осы Келiсiмде Заемшы берген немесе берген деп саналатын кез келген ұсыным немесе кепiлдiк iс жүзiнде дәлме-дәл болып шықпаса және, егер мұндай жоюға болатын дәлсiздiк Кредитордың мұндай дәлсiздiктi жою қажеттiгi туралы жазбаша хабарламасын Заемшы алғаннан кейiн 30 (отыз) күн iшiнде толық қанағаттанарлықтай дәрежеде жойылмаған.
      (д) Заемшы кез келген басқа Келiсiм бойынша бес миллион (5.000 000) АҚШ долларынан асатын мөлшердегi (немесе оның кез келген басқа валютадағы баламасы) кез келген берешектi немесе төлемеу нәтижесiнде тиесiн және өтелетiн кез келген мұндай соманы алдын ала белгiленген өтеу күнiне дейiн өтемейдi.
      (е) Заемшы лайықты негiзде Заемшының осы Келiсiм және Нота бойынша оның мiндеттемелерiнiң барлығын немесе бөлiгiн орындау қабiлетiне елеулi және қолайсыз әсер етедi деп Кредитор санайтын басқа тұлғамен әдейi немесе абайсызда қосылса немесе бiрiккен.
      (f) Заемшы төлеуге қабiлетсiз болып қалған немесе банкроттық, тарату немесе қызметтi аяқтау актiсiн жасаған немесе оларға жол берген.
      (g) Егер Заемшы мүлкiнің елеулi бөлiгiне қарсы соттың қаулысы немесе атқару парағы немесе кепілдiктен ауытқымаған, босатылмаған немесе 90 (тоқсан) күннiң iшiнде төленбеген ұқсас құжаттар шыққан.
      (h) осы Келiсiм бойынша Заемшының қандай да бiр мiндеттемелерiн орындау үшiн қажеттi кез келген үкiметтiк рұқсат заңсыз немесе заңды болмаған, өзiнің әрекетiн тоқтатқан және күшiн жойған.
      (i) осы Келiсiм және Нота, бойынша оның мiндеттемелерінің барлығын немесе бөлiгiн орындау қабiлетiне елеулi және қолайсыз әсер етедi деп Кредитор санайтын қандай да бiр басқа оқиға өткен немесе қандай да бiр басқа жағдайлар болған.

      12.2-бөлiм. Орындамау салдары

      Орындамау Жағдайы туған кезде және, егер мұндай орындамау жалғасатын

болса, Кредитор өзнің қалауы бойынша Заемшыға жазбаша хабарлама жолдап, 
мұндай орындамау жағдайы жойылғанша, бұдан әрi төлеудi тоқтата тұруы, (1) 
қаржының алынбаған бөлiгiн есептен шығаруы (2) және/немесе Келiсiмдi және 
ол бойынша жинақталған барлық проценттердi және/немесе осы Келiсiм бойынша 
төленетiн барлық басқа сомаларды тез арада төленуге жатады деп жариялауы 
мүмкiн және мұндай төлем бұдан әрi хабарлама жасалмай немесе тосқауыл 
қойылмай дереу төленуi тиiс. 

                             13-БАП 
                РЕТТЕУШI ЗАҢ ЖӘНЕ ӨКIЛЕТТІКТЕР

     13.1-бөлiм. Реттеушi заң

     Осы Келiсiм Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк штатының заңдарына 
сәйкес басшылыққа алынады және қаралады.

     13.2-бөлiм. Юрисдикция
     


     Осы Келiсiмнiң Тараптары осы Келiсiмнен туындайтын немесе оған қатысы бар кез келген талап-арызды немесе сот талқылауын тараптардың бiрi Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк штатында отырыстарын өткiзетiн, кез келген Федералдық немесе Мемлекеттiк сотқа жолдай алады деп келісiмiн бiлдiредi, және осы арқылы екi тарапта бұл соттардың мұндай әрекеттерге, рәсiмдерге қатысты заңдық хүкiмiне түпкiлiктi және даусыз бағынатын болады. Жоғарыда аталған ережелер бiр тараптың болсын, не басқа тараптың болсын мұндай әрекеттердi немесе рәсiмдердi кез келген басқа қолайлы сотта қарау құқығын шектемейдi.

      13.3-бөлiм. Процеске қызмет көрсету

      Заемшы (______________________ Iс жүргiзу агентiнің аты және мекен-жайы) атынан Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк штатында қозғалған осы Келiсiмге қатысы бар талап-арыздарға немесе сот талқылауларына қатысты iс жүргiзу қызметiн және басқа да сот шақыруын алғаннан кейiн өз агентi ретiнде түпкiлiктi оны тағайындайды. Заемшының осы Келiсiм бойынша қандай да бiр мiндеттемелерi болып тұрғанда, Заемшы мұндай процестi жүргiзу немесе сот шақыруын алу үшiн өзiнің тиiстi тұрғыда тағайындалған агентiн сақтайды және, егер ол мұндай агенттi сақтай алмаса, кез келген мұндай процеске немесе сотқа шақыру жiберуге олардың көшiрмелерiн Заемшыға тапсырысты почтамен жiберу арқылы қызмет көрсетiлуi мүмкiн.

     13.4-бөлiм. Иммунитеттен бас тарту

     Заемшы егемендiк негiзiнде немесе тыйым салудың (сот шешiмiн 
қабылдағанға дейiн немесе одан кейiн) басқа да заңдарының негiзiнде 
орындаудан оған немесе оның мүлкiне қолданылатын иммунитеттен немесе 
Келiсiмнен туындайтын немесе оған қатысты қандай да бiр талап-арызды 
немесе соттық талқылауынан қолданылып жүрген заңның қаншалықты мүмкiндiк 
беруiне қарай толық бас тартады. 

                           14-БАП
                     ӘРТYРЛI МӘСЕЛЕЛЕР 

      14.1-бөлiм. Толық Келiсiм. Түзетулер 



       Осы Келiсiм тараптардың барлық мiндеттемелерiн заңдастырады және бұл мәмiлеге қатысты ниеттердiң немесе түсiнiстiктердiң қандай да бiр алдын ала мағынасын алмастырады. Бұл Келiсiмге кез келген түзетулер жазбаша түрде енгiзiлуi және Келiсiмнiң екi тарабының уәкiлеттi өкiлдерi тиiстi түрде қол қоюға тиiс.

      14.2-бөлiм. Бас тарту. Жиынтық құқықтар

      Кредитор тарапынан осы Келiсiммен берiлген қандай да бiр құқықтарды пайдаланудың тежелуi немесе пайдаланылмауы бұл Келiсiм бойынша Заемшының тарапынан мұндай құқықтан және қандай да бiр мiндеттемеден бас тартуын бiлдiрмейдi және мұндай құқықты қандай да болсын жеке немесе iшiнара пайдалану мұндай құқықты одан әрi пайдалануға кедергi жасамайды. Кредитордың қандай да болсын бас тартуы, егер ол жазбаша түрде берiлмесе, күшi бар деп саналмайды. Осы Келiсiмде көзделген құқықтар мен санкциялар жиынтық құқықтар мен санкциялар болып табылады және басқа жағдайларда Кредитордың ие болуы мүмкiн қандай да бiр басқа құқықтарын немесе санкцияларын терiске шығармайды.

      14.3-бөлiм. Құқықтан бас тарту

      Жеткiзушi мен Сатушының арасында жасалған Келiсiм-шарттың орындалуы үшiн Кредитор қандай да болсын тұрғыда жауапкершiлiк көтермейдi, және осы КЕЛIСIМ-ШАРТ бойынша туындайтын ешқандай дауларға араласпайды. Келiсiм-шартты орындауға қатысты Жеткiзушi мен кез келген басқа тұлғаға Заемшы қойған кез келген талап осы Келiсiм бойынша Заемшының мiндеттемелерiне әсер етпейдi немесе әлсiретпейдi.

     14.4-бөлiм. Тапсырма

     Осы Келiсiм мiндеттi болып табылады және Заемшы осы Келiсiм немесе Нота бойынша өзiнің қандай да бiр мiндеттемелерiн Кредитордың жазбаша келiсiмiнсiз тапсырып немесе өткiзiп бере алмайтын жағдайда, Келiсiмнің әрбiр тарабының және олардың мұрагерлерi мен құқықтық мұрагерлерiнің пайдасына қызмет етедi. Кредитор осы Келiсiм бойынша тиiстi құқықтарды беруге арналған леспе құжаттарсыз Нотаны бермеген жағдайда, Кредитор Заем қаражатының барлығын немесе кез келген бөлiгiн және осы Келiсiм немесе Нота бойынша өзiнiң құқықтары мен жеңiлдiктерiн Заемшыға жазбаша хабарлай отырып тапсыра немесе бере алады.

      14.5-бөлiм. Хабарлама

      а) Осы Келiсiм бойынша берiлетiн немесе жасалатын кез келген құжаттар қолдан қолға жеткiзiледi немесе почтамен немесе телекспен немесе телефакспен жiберiледi және егер олар қолдан қолға берiлсе, (1) егер олар почтамен жiберiлсе (2) және жөнелтiлген уақытынан кейiн он төртiншi күнi

жеткiзiлсе; және егер олар телекспен немесе факспен жiберiлсе (3) және 
мәмiле жасалған күннен бастап екiншi жұмыс күнi жеткiзiлсе, жеткiзiлген 
болып есептеледi.
     b) Почталық мекен-жайы және телекс пен телефакстың нөмiрi мынадай: 
(немесе басқа мекен-жайы немесе тараптардың бiрi екiншi тарапқа уақыт 
өткен сайын хабарлап отыруы мүмкiн нөмiрлер):
     
     (1) Кредитор үшiн: 

      Кореяның Экспорт-Импорт Банкi 
      16-1 Йодо-донг, Янгдунгпо-гу
      Сеул, Корея

     Кiмге: 
     Сатып алушы несиесi департаментiнің Директорына
     Телекстің нөмiрi: К 26595ЕХIМВК
     Телефакстiң нөмiрi: 822-3779-6747 

     (2) Заемшы үшiн:

     Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,
                 Республика даңғылы, 60 

     Кiмге: Вице-Министр Ә.Сәйденовке 
     
     Телекстiң нөмiрi:
 
     Телефакстің нөмiрi: (7 3272) 117077, 117078 



      с) Жеткiзуге тиiстi барлық хабарлар, талаптар немесе басқа да хабарламалар немесе кез келген басқа да құжаттар ағылшын тiлiнде болуға немесе куәландырылған ағылшын тiлiндегi аудармасымен қоса жiберiлуi тиiс.

      14.6-бөлiм. Ережелердiң бөлiнуi

      Бұл Келiсiмнің бiр немесе одан да көп ережелерi немесе осымен байланысты ресiмделген кез келген басқа құжат кез келген қолданылып жүрген заң бойынша кез келген жағдайда заңсыз, жарамсыз немесе күшiне енбеген болып шықса, онда бұл осында қамтылған басқа ережелердiң қолданылуына, заңдылығына немесе күшiне енуiне ешқандай да әсер етпейдi.

     14.7-бөлiм. Даналары
 
     Осы Келiсiм кез келген данада ресiмделе алады. Ағылшын тiлiндегi кез 
келген жеке дана немесе қол қойылған даналардың жиынтығы кез келген 
жағдайда екi тараптан барлық мақсаттар үшiн толық және бiрегей келiсiмдi 
құрайды. 
     ОСЫНЫҢ ДӘЛЕЛI РЕТIНДЕ осы Келiсiмнiң тараптары жоғарыда көрсетiлген 
күнге өздерiнiң тиiстi, қажеттi тұрғыда уәкiлеттiк берiлген өкiлдерi 
арқылы осы Келiсiмнiң ресiмделуiн қамтамасыз еттi.

     Қазақстан Республикасының                  Корея Экспорт-Импорт Банкі
     Қаржы министрлігі 
     
     үшін және атынан                            үшін және атынан
     
     Кім_______________________                 Кім_______________________
     
     Аты-жөні                                   Аты-жөні
     Лауазымы                                   Лауазымы
     
     
                                                              А қосымша
     
                         БОРЫШТЫҚ МIНДЕТТЕМЕ
     
                                                       КҮНI_______________
     
     Негiзгi сомасы 3. 400.000,00 USD
     
     Кореяның ЭКСПОРТ-ИМПОРТ Банкi
     Сеул, Корея
     
     Кiмге: Сатып алушы несиесi департаментiнiң директорына
     


      АЛЫНҒАН СОМА ҮШIН Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi

(Заемшы) осы Борыштық Мiндеттеме (Нота) арқылы, Корея Экспорт-Импорт 
Банкiнiң (Кредитор) төлем тапсырмасы бойынша үш миллион төрт жүз мың АҚШ 
доллары (3. 400. 000, 00) мөлшерiндегi негiзгi соманы немесе Кредитор 
төлеуi және төменде көрсетiлген жарналар түрiнде кестеде растауы мүмкiн аз 
соманы төлеуге уақыт өткен сайын төленбей қала берген негiзгi баланс 
бойынша проценттердi жылына_______ процентiн (%) проценттiк ставка бойынша 
төлеуге сөзсiз мiндеттенедi. Осы Нота бойынша негiзгi сома он (10) 
бөлiкпен (жарнамен), оның iшiнде бiрiншiсi_______________(күнi) тиесілі 
және төленетiн АҚШ доллары (   )* мөлшерiнде төленетiн болады. Қалған 
жарналар әрқайсысы _______________АҚШ доллары (   )* мөлшерiнде бiрдей 
жарты жылдық жарналармен төленедi және төлеу мерзiмi әрбiр 
жылдың_______________ және(күні) басталады (әрқайсысы, "өтеу күнi").
     Осы Нота бойынша проценттер төлем кестесінде көрсетiлгендей бастапқы 
төлемнен бастап жинақталатын болады және әрбiр жылдың_______________ және 
_______________бiрiншi өтеу күнiне дейiн және бұдан кейiн бiрiншi өтеу 

күнiн қоса алғанда, әрбiр өтеу күнi басталғанға дейiн төлеуге жатады. Мұндай процент жылына 360 күннен тұратын жылда өткен күннің нақты саны (бiрiншi күндi қоса алғанда және соңғы күндi қоспағанда) негiзiнде есептелiндi.

      Төлеу мерзiмi келген кезде (немесе өтеудің көрсетiлген мерзiмiнде, немесе мерзiмiнен бұрын өтеу кезiнде немесе басқа күнi) негiзгi соманың қандай да бiр бөлiгi немесе осы Нота бойынша жинақталған проценттер толық төленбеген жағдайда, Заемшы Кредиторға толық төлем жүргiзiлген күндi қоспағанда, тиiстi өтеу күнiнен бастап (қоса алғанда) кезең үшiн төленбеген сомаға жылдық _______________процент ( %) ставка бойынша айыппұл процентiн төлейдi.

      Осы Нота бойынша негiзгi сома сияқты, проценттер де Кредитордың (Bankers Trust Сомраnу, New York ( шот N 04-029-695 ) шотына немесе Нотаны ұстаушы жазбаша түрде көрсетуi мүмкiн басқа шотқа АҚШ долларымен тез арада төленедi. Осы Нота бойынша Заемшы төлейтiн барлық сомалар қандай да бiр ұсталымдарсыз немесе қазiргi немесе болашақ салықтар, баж және басқа есептеулер шотына төленедi.

      Егер негiзгі сома немесе осы Нота бойынша есептелетiн проценттер қандай да бiр жарналар бiрден және толық төленбесе, төленбеген негiзгi сома мен проценттер Нотаны ұстаушының қарауы және талап етуi бойынша кешiктірместен төленуi керек.

      Осымен, Заемшы осы Нотаға қатысты алуан түрдегi талаптардан, ұмтылыстардан, арыздардан, қарсылықтардан немесе ескертпелерден бас тартады және Нотаны ұстаушыға оны ресiмдеу мен жеткiзу үшiн қажеттi барлық әрекеттер мен рұқсаттар тиiстi тұрғыда қабылдануына және алынуына кепiлдiк бередi.
      Осымен Заемшы Кредиторға немесе кез келген Нотаны ұстаушы басқаға төлем күндерi (төлемнің бiрiншi күнiн қоса алғанда) және әрбiр жарнаның негiзгi сомасы және берiлген Нотадағы төлем кестесiндегi әрбiр төлемнiң күнi мен сомасы бланкiсiн толтыру және төлем кестесiндегi жазбамен Заемшы атынан төлем алуды растау құқығын бередi. Осы Нота бойынша төлеуге жататын сомаларды толық төлегеннен кейiн Кредитор немесе Нотаны кез келген басқа ұстаушы тиiстi түрде расталған және толтырылған осы Нотаны Заемшыға тез арада қайтарады.

      Нотаны ұстаушының ол бойынша қандай да бiр құқықтарды пайдаланбауы, осындай немесе кез келген басқа жағдайда олардан бас тартқандықты бiлдiрмейдi.

      Бұл Нота Кредитор мен Заемшы арасында 1999 жылы _______________ жасалған Заем туралы келiсiмге сәйкес берiлдi және Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк штатының заңдарына сәйкес реттелетiн және қаралатын болады.

      Осы Нотаға қатысты туындайтын немесе оған қатысы бар кез келген талап қою-қуынуды немесе сот талқылауын соттан қандай да бiр сылтаумен жалтару құқығынсыз кез келген федералдық сотта немесе АҚШ Нью-Йорк Штатында отырыс өткiзетiн Штат сотында Кредитор немесе Нота ұстаушы қозғауы мүмкiн және Заемшы кез келген мұндай талап қою-қуынуда немесе сот талқылауында осы соттың ерекше емес юрисдикциясына сөзсiз бағынады.

      Заемшы оның атынан iс жүргiзу қызметiн немесе АҚШ Нью-Йорк Штатында қозғалған талап қою-қуынуға немесе сот талқылауына қатысы бар және осы Келiсiмге қатысы бар басқа да сот тәртiбiн алғаннан кейiн _______________өзiнің агентi ретiнде қазiргi уақытта офисi

орналасқан_______________ақырғы тағайындайды. Заемшының осы Келiсiм 
бойынша қандай да бiр мiндеттемесi болған кезде, Заемшы өзiнің тиiстi 
түрде тағайындалған агентiн мұндай процестi жүргiзу немесе сот тәртiбiн 
алу үшiн сақтайды және, егер ол мұндай агентті сақтай алмаса, кез келген 
мұндай процесс немесе сотқа шақыру олардың көшірмесін тапсырма поштамен 
Заемшыға жіберу арқылы қызмет көрсетілуі мүмкін.
     
     Қазақстан Республикасының
     Қаржы министрлігі үшін және атынан
     
     _______________
     Аты
     Лауазымы
     * сомасы соңғы төлемнен кейін төлем кестесінде жалпы төлем сомасының 
10% мөлшерінде толтырылатын болады.
     
                                                                 В қосымша
     
     
                           Алу туралы өтініш
     
     Күні:
     Өтінім N_______________
     Кореяның ЭКСПОРТ-ИМПБОРТ Банкi
     Сеул, Корея
     
     Кiмге: Сатып алушы несиесi департаментiнiң директорына
     
     Мырзалар,
     
     Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi (Заемшы) мен Кредитор 
ретінде Кореяның Экспорт-Импорт Банкi арасында жасалған 199_____________  
Заем туралы келісімге (Келісім) қатысты, біз осымен _______________ АҚШ 
доллары (____USD) мөлшерiндегi Берушінің (немесе Заемшының) N____
(________________________________) шотына Төлем жасалуын сұраймыз. Үлкен 
әріптермен берілген терминдер Келісімде қандай мағына берсе сол мағынаны 
білдіреді.
     


      Осы төлем бойынша есептен шығаруға арналған құжаттар, Келісімнің

ережелерінде талап етілгендей, осы құжатқа қоса беріліп отыр.
     
     Біз осымен, (1) бұл Өтінімге сәйкес жасалған Төлемнің Келісім бойынша 
заңды Төлемді білдіретінін; (2) бұл Өтінім күнінде осы Келісім бойынша 
Төлемеу (Орындамау) Жағдайы ретінде қаралуы мүмкін ешқандай оқиға 
болмағанын және болып жатпағанын; және (3) осы Өтінім күнінде Келісімде 
Заемшы жасаған өтініштер мен кепілдіктер қолданылатын және дұрыс болып 
қала беретінін растаймыз.
 
     Игі тілекпен, Сіздің,
     
     Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
     үшін және атынан
     
     
     ________________________
     Аты
     Лауазымы
   
     
                                                              С Қосымша
     
                       Өкілеттіктер туралы куәлік
     
     Кореяның Экспорт-Импорт Банкі                    Күні_________________
     Сеул, Корея
     
     Кiмге: Сатып алушы несиесi департаментiнiң директорына
     
     Мырзалар,
     
     Кореяның Экспорт-Импорт Банкі (Кредитор) мен Қазақстан                
     Республикасының Қаржы министрлігі (Заемшы) арасындағы жасалған 
     19_____ _________________ Заем туралы келісімге (Келісім) қатысты     
     тиісті тұрғыда уәкілеттік берілген____________________________
     (Заемшы) төмендегі қол қоюшылар, осымен Келісімнің және ол бойынша    
     қажет болатын кез келген басқа құжаттың Заемшының атынан қол қоюға    
     және жеткізуді жүзеге асыруға уәкілеттік берілген тұлғаның мынадай    
     есімдерін, лауазымдарын және қойған қолдарының үлгілерін растаймын.
     
     Аты мен Лауазымы                           Қойған қолдарының үлгісі
     
     ____________________________              _________________________
     
     ____________________________              _________________________
     
     Егер осында қамтылған кез келген растама осы Келісім бойынша соңғы    
     Төлемнің алдында кез келген уақытта және кез келген уақыттан бастап   
     заңсыз және дәл емес болып шықса, Заемшы бұл туралы Кредиторға тез    
     арада хабардар етуі керек.
     
     Мұны дәлелдеу үшін, осы куәлік________________________(күні)
     ресімделеді.
     
     Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
     үшін және атынан
     
     
     ________________________
     Аты
     Лауазымы
   
   
                                                              D Қосымша
     
                      ЗАЕМШЫНЫҢ ЗАҢДЫ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
     
     Кореяның ЭКСПОРТ-ИМПОРТ Банкi
     Күні:
     
     Сеул, Корея
         
                
     Кiмге: Сатып алушы несиесi департаментiнiң директорына
     
     Мырзалар,
     
     Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi (Заемшы) мен Кредитор 
ретінде Корея Экспорт-Импорт Банкi арасында жасалған 199_______________  

Заем туралы келісімге (Келісім) қатысы бар мынадай құжаттардың барлық түпнұсқаларын немесе көшiрмелерiн зерделеп шықтым:

      1. Келісiм;
      2. 2-қосымша нысанындағы Заемшы ресiмдеген Нота;
      3. Төменде келтiрiлiп отырған заңды қорытындыларды жасау үшiн негiз ретiнде оларды пайдалану үшiн қажеттi немесе жеткiлiктi деп мен санаған басқа да құжаттар.
      Осы құжатта берiлiп отырған заңды қорытынды Қазақстан Республикасының заңдары бойынша туындайтын мәселелердің шеңберiнде шектеледi және мен кез келген басқа заңдар мен юрисдикцияға жататын мәселелер бойынша заңды қорытынды беруге ниетiм жоқ.

      Осы келiсiмде белгiленген және пайдаланылатын, бiрақ бұл құжатта сөз болмаған барлық терминдер оларға Келiсiмде берiлген мағынада.

      Жоғарыда айтылғандарға байланысты, менің пiкiрiм мынадай:

      1. Құқықтар мен өкiлеттiктер. Заемшы тиiстi тұрғыда тiркелген және Қазақстан Республикасының заңдары бойынша әрекет ететiн мемлекеттiк мекеме болып табылады, Келiсiмдi және Нотаны ресiмдеуге, жеткiзiп беруге және орындауға құқығы мен өкiлеттiгi бар.
      2. Рұқсат. Келiсiмдi және Нотаны Заемшының ресiмдеуiне, жеткiзiп беруiне және орындауына Заемшының барлық қажеттi әрекеттерiмен тиiстi тұрғыда рұқсат етiлген және Қазақстан Республикасының қандай да бiр заңына, қағидасына немесе ережесiне қайшы келмейдi.
      3. Yкiметтiң мақұлдауы. Келiсiмдi немесе Нотаны ресiмдеу, жеткiзiп беру мен атқару үшiн қажеттi Қазақстан Республикасының барлық үкiметтiк рұқсаты, мақұлдауы және келiсiмi алынды және толық күшi бар және қолданылады.
      4. Күшiне енуi. Келiсiм тиiстi тұрғыда ресiмделдi және Заемшы тапсырды және тиiстi тұрғыда ресiмделген және жеткiзiп берiлген Нота Заемшының шарттарға сәйкес жүктелетiн мiндеттемелерiн оның орындауы үшiн заңды және мiндеттi болып табылады.
      5. Орындамау жағдайларын болдырмау. Маған белгiлi болып отырғанындай, хабарлағаннан кейiн немесе уақытты өткен соң немесе ол да, және басқасы да Заемшы тарап ретiнде әрекет ететiн немесе ол байланысты болуы мүмкiн Орындамау жағдайлары немесе кез келген басқа Келiсiм бойынша орындамауды құрайтын мұндай оқиға бұрын болған жоқ және қазiргi кезде болмайды.
      6. Сот талқылаулары. Маған белгiлi болып отырғанындай, Заемшының қаржылық жағдайына елеулi түрде терiс әсер ететiн қандай да болсын алдағы немесе туындау немесе Заемшының Келiсiм немесе Нота бойынша өзiнiң мiндеттемелерiн орындау қабiлетiн әлсiрету қаупiн тудыратын ешқандай да сот талқылаулары орын алмайды.
      7. Иммунитет. Заемшының да, не оның меншiгiнiң де егемендiктiң негiзiнде немесе тыйым салудың (сот шешiмiн шығарға дейiн және кейiн) немесе осы Келiсiмнен немесе Нотадан туындайтын немесе оларға қатысты қандай да бiр iс-әрекетке немесе талқылауға қатысты басқа да заңдардың негiзiнде иммунитетке қандай да бiр құқығы жоқ.
      8. Заңды таңдап алу. Келiсiм тараптарының Келiсiмдi реттеу үшiн Нью-Йорк штатының заңдарын таңдауы заңды, қолданылып жүрген және мiндеттi болып табылады.
      9. Юрисдикция. Заемшы Келiсiмге және оның ережелерiне сәйкес Келiсiмге немесе Нотаға қатысты туындайтын немесе қатысы бар қандай да бiр талап қою-қуыну немесе сот талқылаулары пайда болған кезде Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк штатында отырыс жасайтын Федералдық немесе Мемлекеттiк соттың юрисдикциясына заңды, iс жүзiнде және сөзсiз тап болуы мүмкiн.

      Игі тілекпен,
                                        Аты

Лауазымы: Қазақстан Республикасының Әділет министрі

                                                               Е қосымша



     Күні:
     Кореяның ЭКСПОРТ-ИМПОРТ Банкi
     Сеул, Корея
     
     Кiмге: Сатып алушы несиесi департаментiнiң директорына
     
     Мырзалар,          
     

     Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi (Заемшы) мен  ретінде 
Кореяның Экспорт-Импорт Банкi (Кредитор) арасында жасалған 
199_______________ Заем туралы келісімнің (Келісім) ережелеріне сәйкес 
Заемшы үшін және атынан осы Келісімге қатысты Нью-Йорк штатында қозғалатын 
талап қою-қуынуларға немесе сот талқылауларына қатысы бар қызметтік 
шақыруларды, арыздарды немесе кез келген басқа да құжаттарды алу үшін 
Заемшының агенті ретінде түпкілікті тағайындалғанымызды түсінеміз.
     
     Осымен біз мұндай тағайындауды сөзсіз қабылдаймыз.
     
     Игі тілекпен,
     _______________
     Аты
     Лауазымы
     
        
       "Iшкi iстер органдарының қызметтiк жұмысын техникалық қайта
         қаруландыру және ақпараттық қамтамасыз ету" деген N 1, 3          
                жобаларды iске асыру жөнiндегi ақпарат.
     
     Қаржыландыру 1998-2000 жылдардың мемлекеттiк бюджетi бойынша сырттан  
               қарыз алу қаражаттары есебiнен көзделген. 



      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" 1998 жылғы 28 қаңтардағы N 3834 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер органдарының қызметтiк жұмысын кешендi техникалық қайта қаруландыру және ақпараттық қамтамасыз ету бағдарламасын әзiрледi. Отандық және шетелдiк мамандардың баға берулерi бойынша оны iске асыру үшiн 50 миллион АҚШ доллары көлемiнде қаржы қажет. Проблеманың өзектiлiгiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi 1998 жылдың өзiнде сыртқы инвестициялар есебiнен Iшкi iстер министрлiгiне 8,5 миллион АҚШ долларын бөлген.
      "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер органдарының қызметтiк жұмысын кешендi техникалық қайта қаруландыру және ақпараттық қамтамасыз ету мәселелерi" деген 1998 жылғы 25 қарашадағы N 1196 қаулысымен Қазақстан Республикасының Үкiметi өз атынан Қаржы министрлiгiне шетел несие берушiлерiмен Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Жобасын қаржыландыру жөнiнде 8,5 млн. АҚШ доллары сомасында тиiстi несиелiк келiсiмдерге қол қоюды тапсырған.
      Үкiметтiң жоғарыда көрсетiлген қаулысымен бекiтiлген жұмыстар көлемiнiң шеңберiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен LG IC компаниясы (Корея) арасында 1998 жылғы 4 желтоқсанда 675 мың $ сомасындағы қарыз туралы келiсiм жасалған.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 26 шiлдедегi N 460-1 Жарлығымен Қаржы министрлiгi мен Корей Республикасының Экспорттық-импорттық банкi арасында 3,825 млн. $ сомасындағы қарыз туралы келiсiм бекiтiлдi. Көрсетiлген ақшалай қаражатты игеру мақсатында Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi 1998 жылғы желтоқсан айында LG IC компаниясымен (Корей Республикасы) Техника мен технологияны жеткiзуге техникалық келiсiм-шарт жасады (Жобаның 1-бөлiгiнiң 1-кезеңi).
      Қалған 4 млн. $ соманы (Жобаның 1-бөлiгінiң 2-кезеңi) 2000 жылы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Корей Республикасының Экспорттық-импорттық банкi арасындағы несиелiк шартты iске асыру есебiнен игеру жоспарланып отыр. Осы мақсатта 1999 жылғы 31 қазанда Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi мен LG IC компаниясы арасында екiншi Техникалық келiсiм-шарт жасалды. Қазiргi уақытта сыртқы қарызды ресiмдеу жөнiндегi қажеттi рәсiмдер орындалуда.

            1-бөлiм. 1998 жылы жасалған Келiсiм-шартты iске асыру
              (1-бөлiктiң 1-кезеңi, iске асыру - 1998-99 жж.)

      Келiсiм-шарт шеңберiнде Қазақстан Республикасының Ішкi істер министрлiгiне жеткiзiлетiн жабдықтар мен технологиялардың тiзбесi 1-қосымшада берiлген.

      Цифрлық автоматтық телефон станциялары. Астанада 3 цифрлық АТС орнатылған: 2 АТС Starex-ACS (Қазақстан Республикасының Iшкіісминi және қаланың IIБ) және 1 АТС Starex-VSP (Сарыарқа АIIБ). Олар өзара бiрiктiрiлiп, қалалық АТС желiлерiне қосылады. Астана қаласы гарнизонының қазiргi уақыттағы АТС-терiнiң негiзiнде бiрыңғай нумерациясы бар жүйе құрылады. Ол ақпарат берудiң жеделдiгiн жоғарылатуға мүмкiндiк бередi және қалалық АТС номерлерiн ұстаудың шығындарын азайтады. Осындай мақсаттар үшiн Алматы қаласында 2 цифрлiк АТС сатып алынды: қаланың IIББ-на берiлген АТС Starex-ACS және АIIБ-де орнатылған АТС Stаrех-VSР.
      Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарына арналған деректердiң интеграцияланған банкi және компьютерлiк жүйелер.
      26 сервер, 281 дербес компьютер, дербес компьютерлер үшiн 281 үзiлiссiз қоректендiру құрылғылары, деректер базаларының серверлерi үшiн 20 үзiлiссiз қоректендiру құрылғылары, 100 модем сатып алынды. Екi Uniх серверлердiң қуатын жоғарылату және функционалдық мүмкiндiктерiн кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң "АӨО" РМК қажеттi құрастырушы бөлшектердi сатып алған. Көрсетiлген компьютерлiк техника Жедел басқару орталығында (ЖБО) 15 автоматтандырылған жұмыс орнын ашуға, iшкi iстер органдарында жедел-iздестiру, анықтамалық, талдау-статистикалық мақсаттағы Деректердiң интеграцияланған банкiн құру мен пайдалану жөнiндегi 266 автоматтандырылған жұмыс орнын ашуға, ЖБО деректерiнiң базасын және республикалық, облыстық, сондай-ақ аудандық және қалалық бөлiмше деректерiнiң интеграцияланған банкiн ұйымдастыру үшiн серверлiк бөлiктi құруға мүмкiндiк бередi. Төрт мамандандырылған сервер Астана қаласында ведомстволық ақпараттық желiлердi құру үшiн, 19 сервер - IIББ-IIБ-КIIБ-де деректердiң интеграцияланған банкiн құру үшiн, 1 сервер - ЖБО-да пайдаланылады. Жедел-iздестiру, анықтамалық, талдау-статистикалық мақсаттағы Деректердiң интеграцияланған банкiн бағдарламалық қамтамасыз ету (Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының аудандық, қалалық, облыстық және республикалық бөлiмшелерiнде Деректердiң интеграцияланған банкiн құру мен пайдалану жөнiнде iшкi iстер органдарының түрлi қызметтерiнiң автоматтандырылған жұмыс орындарын ашуды көздейтiн Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары үшiн бiрыңғай үлгiлiк бағдарламалық өнiм).
      Қазақстан Республикасының Ішкiiсминi, ІІББ-IIБ-КIIБ, қалалық, аудандық, желiлiк iшкi iстер органдары үшiн лицензиялық бағдарламалық өнiм (әрбiр дербес компьютер үшiн Windows 98 операциялық жүйесi - 281 комплект, IIББ-IIБ-КIIБ-нiң және ЖБО-ның деректерi базасының серверлерi үшiн Windows-NT операциялық жүйесi - 20 комплект, мамандандырылған орталықтарда оқыту: Оrасlе - 8 адам; О/S Unixs - 2 адам).
      Астана қаласындағы Жедел басқару орталығы. Жобалық құжаттама, ЖБО-ның қызметтiк жайларының дизайны әзiрленген, 4-прожектордан және 4 экраннан тұратын проекциялық жүйесi, 12 жұмыс орнына есептелген 9 пульт, 12 каналдық цифрлық жазатын қондырғы, 2 матрицалық экран, дауыс күшейту жүйесi, үзiлiссiз қоректендiру көздерi орнатылған, Астана қаласының электронды картасын бағдарламалық қамтамасыз ету, ЖБО автоматтандырылған жұмыс орындарын бағдарламалық қамтамасыз ету әзiрлендi, қалалық ведомостволық желiлермен интеграцияланған локальдық ақпарат желiсi құрылды. Iшкi iстер органдарының мамандарын ЖБО жұмыс орындарында жұмыс әдiстерiне оқыту жүргiзiлуде.
      Астана қаласындағы ақпараттар желiсi Астана қаласындағы iшкi iстер органдары бөлiмшелерiнiң 8 ғимараты (Жедел-басқару орталығы, Iшкіісмин, Астана қаласы iшкi iстер басқармасы, ЖТКД, ЖПД, Астана қаласының жол полициясы басқармасы, Тың КIIБ және Сарыарқа аудандық iшкi iстер басқармасының ғимараттары), оптика-талшықтық кабельдермен бiрiктiрiлген. Барлығы 20 шақырым оптикалық кабель төселген. Төселген кабельдiң және қажеттi желiлiк жабдықтардың көмегiмен жоғарыда аталған бөлiмшелер мәлiметтердi жеткiзу жылдамдығы 1Гигабит/сек (1Гбод) болатын бiрыңғай компьютерлiк желiге қосылған. Бұл осы бөлiмшелерде орнатылған дербес компьютерлердiң деректердiң интеграцияланған банкiне енудi қамтамасыз етуге, ЖБО және MVD e-mail электронды почтада пайда болған жұмыс орындарын ұйымдастыруға мүмкiншiлiк туғызады. Сондай-ақ, графикалық ақпараттарды (фотосуреттер, дактилоскопиялық карталар, т.б.) беру мүмкiншiлiгi қамтамасыз етiледi. Болашақта, қосымша құрал-жабдықтар орнатылғаннан кейiн бейнеконференциялар Өткiзілуі мүмкiн.

        2- бөлiм. Жоспарланған жұмыстар және 1999 жылғы жасалған
                  Келiсiм-шарт бойынша сатып алынатын жабдықтар.
                 (1 бөлiмнiң 2-шi кезеңi, жүзеге асыру - 2000 ж.)

      Қазақстан Республикасы Iшкіісминiне (1999-2000 ж.) келiсiм-шарт шеңберiнде жеткiзiлетiн жоспарланған құрал-жабдықтар мен технологиялардың тiзбесi 2-қосымшада ұсынылған.
      Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарына арналған компьютерлiк жүйелер. 1 мамандандырылған сервер, 118 дербес компьютер, 1 желiлiк принтер, дербес компьютерлердi үзiлiссiз қоректендiретiн 8 қондырғы сатып алынады. Аты аталған компьютерлiк техникалар Алматы қаласындағы ЖБО 28 автоматтандырылған жұмыс орындарын, Республика iшкi iстер органдарында (аудандық звено) жедел-iздестiру, анықтамалық, статистикалық-аналитикалық бағыттағы деректердiң интеграцияланған банкiн қалыптастыру мен пайдалану бойынша 90 автоматтандырылған жұмыс орындарын құру. Астана қаласындағы ЖБО деректер базасын ұйымдастыру үшiн серверлiк бөлiгiн қалыптастыру мүмкiншiлiгiн туғызады.
      Қазақстан Республикасы қалалық, аудандық, желiлiк iшкi iстер органдары, ІIББ, IIБ, КIIБ үшiн лицензиялық бағдарламалық өнiм (әрбiр дербес компьютер үшiн Windows 98 операциялық жүйесi - 118 комплект, Алматы қаласындағы ЖБО деректер базасының серверi үшiн Windows NТ операциялық жүйесi - 1 комплект, Алматы қаласындағы ЖБО үшiн Огасlе деректер базасын басқару жүйесi - 1 комплект, Оrасlе мамандандырылған орталықтарында оқыту үшiн - 2 адам).
      Алматы қаласындағы Жедел басқару орталығы. Жобалық құжаттаманы, ЖБО-ның қызметтiк жайларының дизайнын әзiрлеу, 4 прожектордан және 4 экраннан тұратын проекциялық жүйенi, 12 жұмыс орнының пультiн, дыбыс күшейткiш жабдықтарын, матрицалық экрандарды, бейне қадағалаудың күзет жүйесiн, үзiлiссiз қоректендiру көздерiн әзiрлеу, Алматы қаласының электронды картасын және ЖБО-ның автоматтандырылған жұмыс орындарын бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу, қалалық ведомстволық желiмен интеграцияланатын жергiлiктi ақпараттық желiнi құру, ЖБО-ның мамандарын жұмыс орындарындағы жұмыс дағдыларына оқытуды жүргізу жоспарланып отыр.
      Алматы қаласындағы ақпараттық желiлер. Алматы қаласы бойынша iшкi iстер органдары бөлiмшелерiнiң 12 ғимараты оптико-талшықтық кабельмен бiрiктiрiледi (Жедел басқару орталығының, ҚР Iшкіісминiнiң "АӨО" РМК-ның, Алматы қаласы IIББ-нiң, Алматы облысы IIБ-нiң, Шығыс КIIБ-нiң, қаланың ЖПБ-ның және Алматы қаласының 6 аудандық ІІБ-мен қалалық IIБ-нiң корпустары). Барлығы 50 шақырымдық оптикалық кабель төсеу жоспарлануда. Полицияның аудандық бөлiмдерi өздерiнiң аудандық ІІБ-мен "мыс" бойынша жалғастырылады, ол дербес компьютерлердiң желiде 2 мб/сек жылдамдықпен жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi. Төселген оптико-талшықтық кабельдiң көмегiмен жоғарыда аталған бөлiмшелер бiрыңғай компьютерлiк желiге 1 Гигабит/сек (1 Гбод) беру жылдамдығымен қосылатын болады, ол осы бөлiмшелерде орнатылған дербес компьютерлердiң деректердiң интеграцияланған банкiне енуiн қамтамасыз етуге, ЖБО мен МVD е-маil электронды поштада пайда болған жұмыс орындарын ұйымдастыруға мүмкiндiк бередi. Сондай-ақ графикалық ақпаратты (фотосуреттер, дактилоскопиялық карталар, басқалары) беру мүмкiндiгi қамтамасыз етiледi. Алдағы уақытта қосымша жабдықтар орнатылғаннан кейiн бейнеконференциялар жүргiзу мүмкiн болады.
      Транктi радиожүйелер. Алматы қаласындағы ЖБО радиобайланысының платформасы болатын Алматы қаласындағы қазiр қолданылып отырған транктi жүйенiң сыйымдылығын қосымша көбейту мен оны техникалық қайта әзiрлеу көзделуде, сондай-ақ Астана қаласы үшiн жаңа транктi жүйе сатып алу және оны ЖБО-да орнату көзделiп отыр, ол Астана қаласының гарнизоны бойынша радиожелiлердiң қажеттi конфигурациясын құруға мүмкiндiк бередi, ЖБО-дан радиожүйе арқылы басқаруды қамтамасыз етедi, сондай-ақ транктi және қарапайым (УКВ) радиожелiлерiн бiрыңғай бiрiктiредi. Республиканың iшкi iстер органдары үшiн (әрбiр IIББ-IIБ-КIIБ-ге 100-150 радиостанция)

қарапайым радиостанциялар сатып алу iшкi iстер органдарының бөлiмшелерiн 
қазiргi замандағы радиобайланыс жүйелерiнде пайдалануға әзір Жаңа сенімді 
радиостанциялармен және байланыс құралдарымен жабдықтауға мүмкiндiк 
бередi. Арнайы техника (жедел-iздестiру мақсатындағы). Республиканың iшкi 
iстер органдарын арнайы және барлау техникаларының ең төменгi қажеттi 
санымен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
     
    
     Оқығандар:
        Икебаева А.Ж.
        Багарова Ж.А.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады