"Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2000 жылғы 13 қараша N 98-II

      "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 1995 жылғы 20 шілдедегі Z952368_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 13; N 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 1, N 180-құжат; N 18, 367-құжат; 1997 ж., N 11, 144-құжат; N 12, 189-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 4, 46-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 20, 717-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 142-құжат; N 10, 244-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      149-бапта:
      1) бірінші бөлікте:
      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "12) акцизделетін тауарлардан басқа мемлекеттік сыртқы заемдар қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар;";
      мынадай мазмұндағы 17), 18) тармақшалармен толықтырылсын:
      "17) мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтері, сондай-ақ халықаралық ұйымдар желісі бойынша берілген, салық заңдарына сәйкес белгіленген гранттар қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар;
      18) ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүддесіне орай Қазақстан

Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау үшін өткізілетін 
бітімгершілік немесе өзге де жаттығулар шеңберінде Қазақстан 
Республикасының Үкіметі белгілейтін тізбе бойынша Қазақстан 
Республикасының кеден аумағына әкелінетін немесе осы аумақтан әкетілетін 
тауарлар."; 
     2) үшінші бөлік "12)" деген цифрдан кейін ",17), 18)" деген 
цифрлармен толықтырылсын. 
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
     
     
     Мамандар: 
       Қасымбеков Б.А. 
       Омарбекова А.Т. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады