Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті мен Армения Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің арасындағы Ынтымақтастық және кеден құжаттары мен кедендік қамтамасыз етулерді өзара тану туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2000 жылғы 13 қараша N 100-II


     Астанада 1999 жылғы 2 қыркүйекте жасалған Қазақстан Республикасы 
Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті мен Армения Республикасы 
Мемлекеттік кіріс министрлігінің арасындағы Ынтымақтастық және кеден 
құжаттары мен кедендік қамтамасыз етулерді өзара тану туралы келісім 
бекітілсін. 
          
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
     
     
       Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлігінің Кеден
     комитетi мен Армения Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгінiң
         арасындағы Ынтымақтастық және кеден құжаттары мен кедендік
                    қамтамасыз етулердi өзара тану туралы
                                 КЕЛIСIМ



      Бұдан әрi Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы

Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi мен Армения 
Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi,
     екi мемлекеттiң кеден қызметтерi арасындағы ынтымақтастықты алдағы 
уақытта дамытуға және нығайтуға ұмтыла отырып,
     тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдау кезiндегi кедендiк 
шарттылықтарды оңайлату мақсатында,
     мына төмендегiлер туралы келiстi:

                                 1-бап 
     


      Уағдаласушы Тараптар кедендiк және валюталық ережелердiң сақталуын бақылауды қамтамасыз ету барысында, әр Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңдарының шегiнде бiр-бiрiне кеден мәселелерiнде қажеттi көмек көрсетедi және жан-жақты ынтымақтасады.
                                 2-бап 




      Осы Келiсiмде қарастырылған мақсаттарға жету үшiн Уағдаласушы Тараптар жүк және жолаушылар қатынасындағы, почталық алмасудағы кедендiк ресiмдеудi жеделдетуге, кедендiк бақылаудың нысандары мен әдiстерiн жетiлдiруге, сондай-ақ көлiк құралдары, жүктер мен жолжүгiнiң, почталық жөнелтiмдердiң, валютаның, басқа төлем құралдарының және валюталық құндылықтардың (бұдан әрi мәтiн бойынша - тауарлар) заңсыз әкелiнуiн, әкетiлуiн және транзитiн ескертуге бағытталған қажеттi шаралар қолданады.
                                 3-бап 




      Уағдаласушы Тараптар шекаралары арқылы өтетiн тауарлардың Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң кедендiк және валюталық ережелерiне жауап беретiн және жүк, жолаушылар және почталық қатынастарда қолданылушы тиiстi құжаттармен жарақтануын қамтамасыз етедi.
                                 4-бап 




      Уағдаласушы Тараптардың бiр мемлекетiнiң аумағы арқылы басқа Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағына транзитпен өтетiн тауарлар, сондай-ақ бiр Уағдаласушы мемлекет аумағында ресiмделген және Уағдаласушы Тараптардың аумақтары арқылы транзитпен өтетiн тауарлар кедергiсiз тасымалданады және кедендiк тексеруден босатылады, олардың әкелiнуi, әкетiлуi және транзитi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңдарымен тыйым салынған деп ұйғаратын негiз болған жағдайлардан басқа.
                                 5-бап 




      Уағдаласушы Тараптар кедендiк құжаттар, кедендiк пломбалар, мөрлер

мен мөртаңбалардың бедерлемелерiн, көлiк құралдарындағы, жүктердегi және 
почталық жөнелтiмдердегi ресми белгiлердi өзара мойындайды.

                                 6-бап 
     
     Уағдаласушы Тараптар осы Келiсiмнiң 5-бабында аталған кедендiк 
құжаттар мен кедендiк қамсыздандырудың үлгiлерiмен, сондай-ақ олардың 
мемлекеттерiнiң аумақтары арқылы әкелiнетiн, әкетiлетiн немесе транзитi 
шектелген немесе Уағдаласушы Тараптардың мемлекетiнiң ұлттық заңдарымен 
тыйым салынған тауарлардың тiзбесiмен алмасады.

                                 7-бап 
     
     Уағдаласушы Тараптар өзара келiсiм бойынша кедендiк құжаттарды 
сәйкестендiруге ұмтылады.

                                 8-бап 
     


      Егер бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағына екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағынан әкелiнетiн тауарлар әкелудiң кедендiк, валюталық, санитарлық, карантиндiк немесе ветеринарлық ережелер мен нұсқаулар негiзiнде немесе қауiпсiздiк түсiнiктерi бойынша өткiзуге жатпаса, Уағдаласушы Тараптардың кеден органдары өз мемлекеттерiнiң аумақтарына осы тауарларды өткiзуден бас тартуының себебi туралы хабарлайды.
                                 9-бап 




      Уағдаласушы Тараптар Армения Республикасы мен Қазақстан Республикасының азаматтары осы мемлекеттердiң аумақтары арқылы транзитпен өткен кездерде қол жүгi мен жолжүгiн кедендiк бақылау және шығару Уағдаласушы Тараптардың кеден заңдарын сақтаумен жүргiзiледi.
      Осы мақсатпен:
      - Армения Республикасының кеден органдары Қазақстан Республикасы азаматтарының қол жүгi мен жолжүгiндегi тауарларды шығарушы Қазақстан Республикасының кеден органдары растаған кедендiк мағлұмдама негiзiнде жүзеге асырады.
      - Қазақстан Республикасының кеден органдары Армения Республикасы

азаматтарының қол жүгi мен жолжүгiндегi тауарларды шығаруды Армения 
Республикасының кеден органдары растаған кедендiк мағлұмдама негiзiнде 
жүзеге асырады.

                                 10-бап 
     
     Уағдаласушы Тараптар бiр-бiрiне кеден iсi мәселелерi жөнiндегi 
нормативтiк құқықтық актiлер туралы ақпарат бередi.
     Уағдаласушы Тараптар бiр-бiрiне нормативтiк құқықтық актiлердегі, 
қызметтік ұйғарымдардағы және кедендік құжаттар мен қамсыздандыру 
нысандарындағы өзгертулер мен толықтырулар туралы уақытылы хабарлайды.

                                 11-бап 
     
     Кедендiк құжаттар жөнелтушi мемлекеттiң ұлттық заңында қарастырылған 
тiлде, сондай-ақ қажет болса орыс тiлiнде жасалады.

                                 12-бап 
     


      Уағдаласушы Тараптар жазбаша немесе ауызша нысанда кеден iсi мәселелерi жөнiнде тәжiрибе алмасуды жүйелi жүзеге асырады.
      Уағдаласушы Тараптар арасындағы хат жазысу орыс тiлiнде жүргiзiледi.
                                 13-бап 




      Осы Келiсiмнiң баптарын орындау, түсiндiру және өзгертуге байланысты барлық даулы мәселелер Уағдаласушы Тараптар арасындағы кеңестер мен келiссөздер жолымен шешiледi.
      Уағдаласушы Тараптардың екеуiнiң бiрдей келiсуi бойынша осы Келiсiмге өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн. Өзгертулер мен толықтырулар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделедi және Келiсiмнiң 15-бабында белгiленген тәртiпте күшiне енедi.
                                 14-бап 




      Осы Келiсiмнiң ережелерi Уағдаласушы Тараптардың басқа халықаралық шарттарға сәйкес қабылдаған мiндеттемелерiн қозғамайды.
                                 15-бап 




      Осы Келiсiм Тараптардың бiр-бiрiне дипломатиялық каналдар бойынша Келiсiмнiң күшiне енуiн қамтамасыз ететiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы хабарлағаннан кейiн күшiне енедi және бұдан кейiнгi бес жыл бойы қолданылады, одан кейiн, егер Уағдаласушы Тараптардың бiрде бiрi тиiстi мерзiмге алты ай қалғанда, оның қолданылуын тоқтату

туралы өзiнiң ниетiн жазбаша нысанда мәлiмдемесе, ол автоматты түрде 
келесi бес жылға ұзартылады.

     1999 жылы "___" қыркүйекте Астана қаласында қазақ, армян және орыс 
тiлдерiнде екi данада жасалды, әрi бұл ретте барлық үш мәтiн бiрдей болып 
табылады.
     Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiк болған жағдайда 
орыс тiліндегi мәтiн негiзге алынады.
     
     
      Қазақстан Республикасы                   Армения Республикасы
   Мемлекеттік кіріс министрлігі                 Мемлекеттік кіріс     
     Кеден комитетінің атынан                 министрлігінің атынан 
     

     
     Мамандар: 
       Қасымбеков Б.А. 
       Омарбекова А.Т. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады