Қазақстан Республикасы мен Ислам Даму Банкі арасындағы Қарағанды-Астана автожолының соңғы учаскесін (Вишневка мен Астана арасындағы IV секция) қайта жаңарту туралы Истисна'А келісімін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2000 жылғы 13 қараша N 102-II


     Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Джиддада 2000 жылғы 29 ақпанда жасалған 
Қазақстан Республикасы мен Ислам Даму Банкі арасындағы Қарағанды-Астана 
автожолының соңғы учаскесін (Вишневка мен Астана арасындағы IV секция) 
қайта жаңарту туралы Истисна'А келісімі бекітілсін. 
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
     
     
       Қазақстан Республикасы мен Ислам Даму Банкі арасындағы Истисна'А 
                                 Келісімі

        Қарағанды-Астана автожолының соңғы учаскесін қайта құру жөнінде    
                    (Вишневка-Астана арасындағы IV секция)
     
                 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ИСЛАМ ДАМУ БАНКI
                            АРАСЫНДАҒЫ КЕЛIСIМ

     ОСЫ КЕЛIСIМ Қазақстан Республикасы (осы жерде және бұдан әрi "Сатып 
алушы" деп аталады) мен Ислам Даму Банкi (осы жерде және бұдан әрi 
"Сатушы" деп аталады) арасында 23/11/1420Н (бұл 29/02/2000 жылға сәйкес 
келедi) жасалды.
     А. Сатып алушы осы Келiсiмге қоса берiлген 1-қосымшада сипатталған    
        жол учаскесiн (осы жерде және бұдан әрi "Жол" деп аталады)         
        Истисна'а арқылы қайта құру жөнiнде Сатушыға өтiнiш бiлдiргендiгiн.

     В. Сатушы Сатып алушының сұрауына келiсiм берудi және осы Келісiмде   
        баяндалған шарттармен және осы Келiсiмнің ережелерiне сәйкес       
        айқындалатын және осы Келiсiмде жазылған жағдайларда ұзақтығы 
        3 (үш) жыл Жеңiлдетiлген Кезең аяқталғаннан кейiн 12 жылдың iшiнде 
        Сатушыға төленетiн Босату Бағасын ғана ескере отырып, Сатып алушы
        үшiн $20,000,000 (жиырма миллион АҚШ доллары) сомасына Жолды қайта 
        құруды жүргiзудi ұйғарғанын.

     С. Келiсiмнiң (В) Параграфында аталған шарттар Сатып алушыға          
        хабарланғанын және ол қабылдағандығын;

     ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП,
     САТУШЫ МЕН САТЫП АЛУШЫ ОСЫ АРҚЫЛЫ төмендегiлер туралы келiседi:


                                   I БАП



                        АЙҚЫНДАМАЛАР, ТYСІНДІРМЕЛЕР

      1.1 Осы Келiсiмде (бұдан әрi - "Келiсiм" деп аталады), егер

түпнұсқадан өзге мағына туындамаса, бұдан әрi келтiрілген терминдерге 
мынадай мағыналар сәйкес келедi:
Бекiтiлген сома:             Сатушы Жолды қайта құру үшiн мақұлдаған       
                             $20,000,000 (жиырма миллион АҚШ доллары)      
                             мөлшерiндегi Сома.

Жоба:                        Келiсiмге қоса берiлген II қосымшада
                             сипатталған Жоба.

Жол:                         Келiсiмге қоса берiлген I қосымшада
                             сипатталған Жол.
     
Консультант:                 Келiсiмнiң VII бабына сәйкес тағайындалатын   
                             консультациялық фирма немесе жеке             
                             консультанттар.
     
Мердiгер:                    Жолды қайта құру тапсырылатын Мердiгер.
     
Келiсiм-шарт:                Сатушының атынан Сатып алушы Мердiгермен      
                             жасасқан Жолды Қайта құруға арналған          
                             Келiсiм-шарт.

Келiсiм-шарттың бағасы:      Жолды Қайта құру үшiн Мердiгерге төленуге     
                             тиесiлi Баға.

Толық құны:                  Сатушы Жолды Қайта құру кезiнде немесе оған   
                             байланысты жұмсаған Келiсiм-шарттың Бағасын   
                             және кез келген басқа шығындарды немесе       
                             шығыстарды қамтитын Жолды Қайта құрудың 
                             Жалпы құны.
     
Бiрiншi төлем күнi:          Сатушы Келiсiм-шарт шеңберiнде алғашқы төлем  
                             жасайтын Күн.

Келiсiмнiң күшiне            Келiсiмнiң ХIХ бабына сәйкес сатушы
енген күнi:                  Келiсiм күшiне ендi деп жариялайтын Күнi.

Алдын-ала қабылдау           Консультант Келiсiм-шарт шеңберiнде
сертификаты:                 шығарған және Келiсiм-шартта көрсетiлгендей   
                             Сатып алушының Жолды алдын ала қабылдауын     
                             растайтын, Сатып алушы қол қойған Сертификат.

Түпкiлiктi қабылдау          Мердiгердiң Жолды Қайта құруды үздiк
сертификаты:                 аяқтағанын растайтын, Келiсiм-шарттың
                             талаптарына сәйкес Консультант шығаратын      
                             Сертификат.

Жеңiлдiк кезеңi:             Бiрiншi төлем күнiнен басталатын және осыдан  
                             кейiн 36 (отыз алты) айдан кейiн аяқталатын   
                             Кезең.

Босату Бағасы:               Келiсiмнің ХV бабына сәйкес Сатып алушының    
                             Сатушыға төленуге тиесілі Жолдың Босату       
                             Бағасы.
          
Сатып алу жөнiндегi          Ислам Даму Банкiнiң қаржыландыруы
басшылық:                    шеңберiндегi Сатып алу жөнiндегi Басшылық.


Төлемдердiң рәсiмi:          Ислам Даму Банкi төлемдерiнiң рәсiмi.
     
Ислам динары немесе          Сатушы Келiсiмi Баптарының 4 (1)-бабына
"ID" рәмiзi:                 сәйкес айқындалған Сатушының ақша бiрлiгi,    
                             бұл ретте бiр Ислам Динары Халықаралық Валюта 
                             Қорының валютасын ("алтын қағаз") алуға       
                             арналған арнайы құқықтың бiр құжатына тең.

Салық:                       Қазақстан Республикасында қолданылатын кез    
                             келген салық, алым, баж немесе ұқсас
                             сипаттағы басқа да мiндеттеме (кез келген
                             төлем дәрменсiздiгiне немесе олардың кез
                             келгенiн төлеудiң кешеуiлдеуiне байланысты    
                             төленуге тиесiлi кез келген айыппұлды         
                             шектеусiз қоса алғанда).


     1.2  Осы Келiсiмде:


      а) Егер контекстен өзге мағына туындамаса, жекелеген айқындамалар топтық және керi айқындамаларды қамтиды; тұлғалар айқындамасы корпорациялар мен достастықтар айқындамасын қамтиды; және нақты Қосымшаға, Толықтыруға, Бапқа немесе Бөлiмге жасалған сiлтемелер осы Келiсiмнiң осындай Қосымшасына, Толықтыруына, Бабына немесе Бөлiмiне жасалған сiлтемелер болып табылады.
      b) Баптар мен Бөлiмдердiң тақырыптары тек сiлтеме жасаудың қолайлылығы үшiн ғана арналған және осы Келiсiмнiң кез келген ережелерiн айқындау, түсiндiру немесе шектеу үшiн пайдаланылмауға тиiс.
                                   ІІ БАП

КЕЛIСIМНIҢ КIРIСПЕСI ЖӘНЕ

                       ОҒАН ҚОСА БЕРIЛГЕН ҚОСЫМШАЛАР 
     
     Осы Келiсiмнiң Кiрiспесi және оған қоса берiлген Қосымшалар 
Келiсiмнiң ажырамас бөлiгiн құрайды.

                                   ІІІ БАП
                               ЖОЛДЫ ҚАЙТА ҚҰРУ 
     
     3.1 Сатушы осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес Жолды қайта құруды 
жүргiзуге келiседi, ал Сатып алушы Босату Бағасын төлеуге келiседi.
     3.2 Осы Келiсiмнiң Тараптары Жолды қайта құруды осы Келiсiмнің 
ережелерiне сәйкес таңдап алынатын Мердiгердiң жүзеге асыратындығы туралы 
уағдаласады.


                                   IV БАП



               ЖОЛДЫ ҚАЙТА ҚҰРУДЫ АЯҚТАУ ҮШIН ЖҰМСАЛАТЫН УАҚЫТ

      Келiсiмнiң VI және Х баптарының талаптарын орындаған жағдайда Жолды Қайта құру Бiрiншi Төлем күнiнен бастап 3 (үш) жылдың iшiнде аяқталатын болады.
                                   V БАП

МЕРДIГЕРДI ТАҢДАУ


      5.1 Келiсiмнiң Тараптары Сатып алушы Сатушымен кеңесе отырып және Сатып алу жөнiндегi нұсқауға сәйкес, сондай-ақ Сатушы мақұлдаған жағдайда Жолды қайта құру үшiн Сатушы келген қатысушы елден Мердiгердi таңдайтындығын келiсiп алды.
      5.2 Сатып алушы Сатушының атынан келiсiм-шарттық келiссөздер жүргiзедi және мынадай талаптарды орындаған жағдайда Мердiгермен Келiсiм-шарт жасасады:
      (а) Келiсім-шарт талаптары мен ережелерi Сатып алушы мен Сатушы арасында келiсiлетiн болады.
      (b) Келiсiм-шарттың бағасы $20,000,000 (жиырма миллион АҚШ долларынан) аспайды.
      (с) Келiсiм-шарт шеңберiнде Жолды Қайта құруды орындау кезеңi Бiрiншi төлем күнiнен бастап 36 (отыз алты) айдан аспайды.
      (d) Келiсiм-шарт шеңберiнде қайта құруға тиесiлi Жолдың Ерекшелiктерi осы Келiсiмге қоса берiлген 1-қосымшада қысқаша сипатталатын және Келiсiм-шартта егжей-тегжейлi баяндалатын болады.
      (е) Қайта құру орындалғаннан кейiн Жолды Сатып алушының өзi тiкелей қабылдап алатын болады.
      (f) Келiссөздер кезiнде талқыланған Келiсiм-шарттың талаптарын Сатушының жазбаша мақұлдауын Сатып алушы Келiсiм-шарт жасасқанға дейiн алуға тиiс.
                                   VI БАП



             КЕЛIСIМ-ШАРТҚА ЕНГIЗIЛГЕН ӨЗГЕРIСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

      Сатып алушы Сатушының алдын-ала жазбаша келiсiмiнсiз (а) Келiсiм-шарт Бағасының ұлғаюына әкелуi; (b) қайта құруды аяқтау күнiн ұзартуға әкелуi; (с) Ерекшелiктерiнiң өзгеруiне әкелуi мүмкiн; немесе (d) жалпы қабылданған тәжiрибеге сәйкес келмейтiн Келiсiм-шартқа қандай болса да түзетулер, өзгерiстер немесе түрлендiрулер жасамайды.
                                  VII БАП



                        КЕЛІСІМ-ШАРТТЫҢ ОРЫНДАЛУЫН ҚАДАҒАЛАУ

      7.1 Осы арқылы Сатушы Келiсiм-шарттың талаптарына сәйкес Жолды Қайта құруды қадағалауға қатысты Сатушының агентi ретiнде (осы Келiсiмнің ережелерiне сәйкес) iс-қимыл жасау құқығын Сатып алушыға сенiп тапсырады. Осы арқылы Сатып алушы бұл құқықты қабылдайды.
      7.2 Келiсiм-шарттың орындалуын қадағалауды жүзеге асыру кезiнде Сатып алушыға көмектесу үшiн Сатып алушы мамандандырылған Консультантты таңдап алады және қызмет көрсетуi үшiн келiсiм-шарт жасасады.
      7.3 Сатып алушы Келiсiм-шарттың орындалуына қадағалауды жүзеге асыру кезiнде ол Келiсiм-шартта көзделген ерекшелiктерге сәйкес, мерзiмде және құн бойынша Жолдың қайта құрылуы үшiн тиiстi деңгейде, Келiсiм-шарт шеңберiнде Мердiгер өзiнiң мiндеттемелерiн тиянақты және дұрыс атқаруының мониторингi процесiнде этика мен ынталықтың аса жоғары стандарттары бойынша (Консультанттың көмегiмен) iс-қимыл жасауға мiндеттенедi.
      7.4 Келiсiмнiң 7.3-бөлiмiнiң жалпы мәнiн төмендетпей-ақ, Сатып алушы:
      (а) Жолды Қайта құрудың кез келген кешеуiлдеуi немесе ықтимал кешеуiлдеуi туралы егжей-тегжейлi толық баяндай отырып, iс жүзiнде мүмкiн болатын шапшаңдықпен Сатушыға хабарлауға;
      (b) Қазақстанның тиiстi заңдары бойынша Жолды Қайта құруға қатысы бар барлық реттеушi және әкiмшiлiк мәселелердi шешуге;
      (с) Егер ол жұмыс тиiстi кезеңде Келiсiм-шарт бойынша орындалды деп қанағаттанса Алдын-ала қабылдау сертификатына және Түпкiлiктi қабылдау сертификатына қол қоюға мiндеттi.
      7.5 Егер, Сатып алушы Келiсiмнiң VI бабын бұза отырып, Мердiгерге нәтижесiнде Келiсiм-шарттың Бағасы ұлғаятын нұсқау берсе немесе тараптардың кез келгенiне алдында кез келген талаптар, залалдар, зияндар немесе шығыстар бойынша Сатушыға қандай болса да жауапкершiлiк жүктелсе, онда Сатып алушы Келiсiм-шарт Бағасын ұлғайтуды өзiне алуға немесе жағдайға байланысты осындай талаптарға, залалдарға, зияндарға немесе шығыстарға байланысты шығындарды Сатушыға өтеуге келiседi.
      7.6 Сатып алушы Осы Келiсiмнiң шеңберiнде және Келiсiм-шарттың шеңберiнде өзiнiң мiндеттемелерiн орындау үшiн қажеттi қызметкерлердiң қажеттi санымен қамтамасыз етуге келiсілген.
      7.7 Осы Келiсiмнiң шеңберiнде Сатып алушыны Сатушыны Бақылаушы ретiнде тағайындауға байланысты немесе осының нәтижесiнде Сатып алушы Сатушы тарапынан қандай болса да сыйақыға немесе өзге төлемге құқығы болмайды.
                                   VIII БАП 

БЕКIТIЛГЕН СОМАНЫ ТӨЛЕУ


      Сатушы Келiсiм-шартта айтылған жолмен және Төлем рәсiмдерiне сәйкес Бекiтiлген соманы төлеуді жүзеге асырады.
                                   ІХ БАП



                САТУШЫНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ЖОЮ ЖӘНЕ ТОҚТАТА ТҰРУ

      9.1 Сатып алушы Сатушыдан Келiсiм-шартқа қол қойылғанға дейiн Бекiтiлген соманың немесе оның кез келген бөлiгiнің күшiн жою туралы сұрай алады.
      9.2 Келiсiм-шартқа қол қойылғанға дейiн Сатушы Сатып алушыға хабарлай отырып, осы Келiсiмнiң iс-әрекетiн кез келген мынадай жағдайларда:
      (а) Сатып алушы осы Келiсiмдi қоспағанда, кез келген келiсiм шеңберiнде оның тарапынан Сатушыға немесе Сатушының кез келген еншiлес органына кез келген тиесiлi соманы төлеу жөнiндегi өзiнiң мiндеттемелерiн орындауға дәрменсiз болса;
      (b) Сатып алушы осы Келiсiм шеңберiнде өзiнiң кез келген мiндеттемелерiн орындамаса;
      (с) (i) Сатушының пiкiрiнше осы Келiсiм шеңберiнде Сатып алушының мiндеттемелерiнiң орындауын мүмкiн емес ететiн; немесе (ii) осы Келiсiмнiң жасалуына себеп болатын мақсатқа қол жеткiзуге кедергi келтiретiн айрықша төтенше жағдай орын алса;
      (d) Сатып алушы жасаған мәлiмдеме, сондай-ақ Сатушыға бағытталған, Жобаны өңдеу кезiнде оның мақұлдануы немесе осы Келiсiмге енгiзiлуi жөнiнде ол шешiм қабылдайды деп күтiлген кез келген есеп кез келген жағынан толық болмай шықса немесе жарамсыз болса тоқтата алады.
      Келiсiм осындай тоқтатуға негiз болған оқиға немесе оқиғалар жойылмайынша не ертерек орын алатын жағдайларды ескере отырып, Сатушы Сатып алушыны Сатушының жолды қайта құру жөнiндегi мiндеттемелерi қайта қалпына келтiрiлгенi жөнiнде хабарламайынша тоқтатыла тұрады; алайда, кез келген мұндай хабарлама жағдайында Жолды қайта құру жөнiндегi мiндеттеме осы хабарламада көзделген дәрежеге және осындай талаптарға бағындырылатын болады және ешқандай осындай хабарлама осы Бөлiмде сипатталған одан кейiнгi кез келген басқа оқиғаға қатысты Сатушының құқығына, өкiлеттiгiне немесе жауап қайтарған iс-әрекеттiне ықпал етпейдi және құқығын кемiтпейдi.
      9.3 Келiсiм-шартқа қол қойылғаннан кейiн Сатушы жағдайға байланысты, кез келген уақытта мынадай жағдайлардың бiрiнде:
      (а) егер Келiсiм-шартқа қатысы бар кез келген мәселе бойынша Сатып алушы мен Мердiгер немесе Кеңесшi арасында дау туындаса;
      (b) егер Келiсiм-шарт бұзылып, ал Сатушы мен Сатып алушы Мердiгердi немесе қолданатын шаралардың түрлерiн алмастыруға келiсе алмаса.
      9.4 Келiсiмнiң ХVIII-бабына және 19.2-бөлiмге сәйкес, егер (а) Бекiтiлген Нақтыланған соманы төлеу немесе Келiсiмнiң iске асыру ұзақтығы үзiлiссiз 90 (тоқсан) күнге тоқтатылса немесе (b) Сатушы Сатып алушымен кеңескеннен кейiн кез келген уақытта Бекiтілген соманың белгiлi бiр бөлiгi Жолды қайта құруды қаржыландыру үшiн қажет болмайды деп айқындаса Сатушы Сатып алушыға Келiсiмдi бұзғандығы туралы немесе Сатушының осындай соманың бiр бөлiгiн төлеу мiндеттемесi туралы хабарлауы мүмкiн. Мұндай хабарлама берiлгеннен кейiн жағдайға байланысты, Бекiтiлген соманың осы бөлiгiнің күшi жойылды деп немесе Келiсiм бұзылды деп саналады.
      9.5 Келiсiмнiң 9.4-бөлiмi шеңберiнде Келiсiмдi бұзу осындай бұзу орын алғанға дейiн кез келген тарапқа сенiп тапсырылған қандай болса да мiндеттеменiң немесе құқықтың маңызын төмендетпейдi.
                                   Х БАП

МЕРЗIМIН ҰЗАРТУ


      Келiсiм-шарт бойынша Сатып алушының кез келген мiндеттемесiн орындауға қатысты Сатып алушының Сатушының келiсiмiмен Мердiгерге белгiлеген жұмысының мерзiмiн кез келген ұзарту, егер мұндай ұзартуды Сатып алушы Сатушыға осы Келiсiм бойынша белгiлесе, Келiсiм шеңберiнде Сатушының тиiстi мiндеттемелерiн орындау мерзiмiн ұзартуға негiз болады.
                                   ХI БАП



                        САТЫП АЛУШЫНЫҢ ЖОЛДЫ ҚАБЫЛДАУЫ

      Сатып алушы Түпкiлiктi қабылдау сертификатына қол қойғаннан кейiн ол Келiсiмнiң кез келген мақсаттары үшiн Жолды сөзсiз қабылдауды жүзеге асырды деп саналады.
                                   ХІІ БАП

ЖОЛДЫ ТАПСЫРУ - ҚАБЫЛДАУ


      Жолды тапсыру-қабылдауды тiкелей Сатып алушының жүзеге асыратындығы Келiсiм-шартта көзделедi деп келiсiлген. Сол сияқты Жолды тапсыру-қабылдаудың кез келген кешеуiлдеуi нәтижесiнде кез келген залал үшiн, егер мұндай кешеуiлдеу Сатушының iс-әрекеттерiнен туындамаса, Сатушы Сатып алушының алдында ешқандай жағдайда да жауапкершiлiк жүктемейдi деп келiсiлдi.
                                   ХІІІ БАП

МЕНШIК ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ ТӘУЕКЕЛ


      Түпкiлiктi қабылдау сертификатына қол қойылғаннан кейiн Жолға иелiк ету және пайдалану тәуекелi Сатып алушыға берiледi.
                                   ХIV БАП

ЖОЛДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ


      14.1 Сатушы Жолдың техникалық жағдайына, пайдалануға жарамдылығына, жобалануына және жолдың немесе оның кез келген бөлiгiнiң ерекшелiктерге сәйкестiгiне қатысты ешқандай өтiнiш жасамайды немесе кепiлдiк бермейдi, сондай-ақ Жолдың өзiне немесе оның кез келген бөлiгiне қатысты пәлендей де өтiнiштер немесе кепiлдiктер болса да, ешқандай жағдайда да өтiнiш жасаған немесе кепiлдiк берген болып саналмайды.
      14.2 Жоғарыда айтылғандардың мағынасын кемсiтпей-ақ, Сатушы Сатып алушының немесе кез келген басқа тұлғаның немесе ұйымның алдында:
      (а) Жолға тiкелей немесе жанама (немесе ықтимал байланысты) байланысты кез келген мiндеттемеге, зиянға немесе залалға не оның бiрдей еместiгiне, жеткiлiксiздiгiне немесе ондағы ақауға, сондай-ақ Жолға байланысты туындаған кез келген басқа жағдайларға;
      (b) Жолды пайдалануға немесе қолдануға және осыған байланысты тәуекелге;
      (с) қызмет көрсетудiң кез келген тоқтауына, бизнесiне немесе күтiлiп отырған пайдаға немесе залал нәтижесiнде туындаған нұқсан келтiруге қатысты ешқандай жауапкершiлiктi немесе мiндеттеменi мойнына алмайды.
      (d) Мердiгер Сатушыға беруi мүмкiн және Сатып алушы қараған және қабылдаған Жолға қатысты кез келген кепiлдi немесе кепiл талаптарын, сондай-ақ заңдарда көзделген немесе Сатушының пайдасы мақсатымен тануы мүмкiн барлық басқа да шарттарды немесе кепiлдiктердi Сатушы Сатып алушыға табыстауға мiндеттенедi. Бұдан басқа, Сатушы Сатып алушыға Мердiгерге қарсы талап қою мүмкiндiгiн беру мақсатында Сатып алушы негiзделген түрде талап ететiн басқа да шараларды қолданады.
                                   ХV БАП

БОСАТУ БАҒАСЫН ТӨЛЕУ


      15.1 Егер жыл сайынғы негізде үстеме бағасы 5,5 % (бес және бес проценттi) құрайды деп саналса, Босату бағасы үстеме бағаны қосқанда Толық құнға балама сомаға тең болады.
      15.2 Сатып алушы Босату бағасын жарты жылда бiр рет 24 (жиырма төрт) тең және тiзбектiк бөлiк түрiнде төлейдi, олардың алғашқысы Жеңiлдiк кезеңi аяқталғаннан кейiн алты айдан кейiн төленуге тиесiлi. Түпкiлiктi қабылдау сертификаты шығарылғаннан кейiн Сатушы Босату бағасының Төлем кестесiн Сатып алушыға тез арада жiбередi.
      15.3 Сатып алушы Сатушыға Босату бағасының бөлек бiр алынған жылға тиесiлi бөлiктерiн дәл мерзiмiнде немесе оған дейiн төлеу кезiнде Сатып алушы осы жылға арналған осындай бөлiктер бойынша Сатушыға тиесiлi үстеме бағадан 15 % (он бес процент) мөлшерiнде шегерiм жасауға құқығы болады.
      15.4 Келiсiмнiң 15.7-бөлiмiне сәйкес Келiсiм шеңберiнде Сатып алушы

Сатушыға төлеуге тиесiлi әрбiр төлем Сатушының шотына тиесiлi күнгi соманы 
Сатушы үшiн қолайлы кез келген айырбасталатын валютада немесе 
кезең-кезеңiмен Сатушы Сатып алушыға жазбаша түрде хабарлай алатын кез 
келген басқаша жолмен жүргiзiлетiн болады.
     15.5 Келiсiм шеңберiнде Сатушыға тиесiлi кез келген төлем Сатушының 
шотына мұндай төлемдердiң түскендiгi туралы төмендегi банктердiң кез 
келгенi растаған кезде тиiстi түрде жасалған болып саналады:
     (а) Егер мұндай төлем АҚШ долларында жүргiзiлсе:
         (i)  Шот Nо. 001591.11
              Saudi Intеrnаtiоnаl Ваnк
              99, Вishорsgаtе, London ЕС 2М ЗТВ
              Tlx Nоs. 8812261, 8812262

         (ii) Шот Nо. В 10507
              Arab Banking Corporation
              Р.О. Вох: 5698
              Маnама/Ваhrаin
              Tlx Nоs. 9385, 9431/2/3
              9442 АВСВАН ВN

     (b) Егер мұндай төлем Француз франкiнде жүргiзiлсе:
              Шот Nо. 96965.9.001.00
              Union De Banques Arabes Et
              Francaises (U.В.А.F)
              190 Avenue Carles De Gaulle
              92523 Neuilly Сеdех, France 
              Tlx Nо. 610334 UВАҒRА

     (с) Егер мұндай төлем фунт стерлингте жүргiзiлсе:
              Шот Nо. 708372
              Gulf International Bank
              2-6 Canon Strееt, London EC 4M 6XP
              Tlx Nоs. 8813326, 8812889

     (d) Егер мұндай төлем ЕВРО валютада жүргiзілсе:
         (i)  Шот Nо. 159127
              Saudi Intеrnаtiоnаl Ваnк
              Through-Deutsche Ваnк, Frankfurt
         (ii) Шот Nо. 01551590
              United Bank of Kuwait
              London
              Through-Midland Ваnк, London

     15.6 Егер төлем жасау жұмыс күнi болып табылмайтын күнге келiп түссе, 
ол келесi жұмыс күнiнде жүргiзiлетiн болады.


      15.7 Ислам динары Сатып алушының тарапынан Келiсiм шеңберiнде кез келген уақытта тиесiлi әрбiр және кез келген сомалар үшiн ақша бiрлiгі болып табылады. Егер осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн Ислам динарымен ақша сомасын кез келген басқа валютаға және керiсiнше аударымды жүзеге асыру талап етiлсе, пайдаланылатын айырбастау бағамын Сатушы белгiлейтiн болады. Сатушы осындай төлем жасауды жүзеге асыру күнi Халықаралық Валюта Қоры хабарлаған ХВҚ-ның валютасын ("қағаз алтынын") алуға арналған арнайы құқық үшiн айырбастаудың басымды бағамы негiзiнде осындай аударымды жүзеге асырады.
      15.8 Келiсiм шеңберiнде Сатып алушы жүзеге асыратын барлық төлемдер кез келген салықты, есепке алуды, қарсы талапты және өзге де төлемдердi аударусыз босатылатын және жүргiзiлетiн болады. Егер заң бойынша Сатып алушы Келiсiм шеңберiнде өзi төлеуге тиiстi кез келген сомадан қандай болса да аударым немесе ұстап қалу жүргiзiлуге тиiс болса, өзiне қатысты осындай ұстап қалу немесе аударым талап етiлетiн төлем жасауға тиесiлі сома осындай аударым немесе ұстап қалудан кейiн Сатушы, егер ешқандай да ұстап қалу немесе аударым жүргiзiлмеген жағдайда, өзi ала алатын сомаға балама таза соманы алуды және сақтауды қамтамасыз етуге қажеттi дәрежеде арттырылуға тиiс (осындай аударымға немесе ұстап қалуға қатысты кез келген мiндеттемеден босатылған).
                                   ХVI БАП

КЕПIЛДIК


      Сатып алушы:
      1) осы Келiсiмге кiруге және Келiсiмнiң шеңберiнде өзiнiң мiндеттемелерiн орындауға құқығы бар, сондай-ақ, осы Келiсiмнiң орындалуын және Сатып алушы Келiсiм шеңберiндегі өзiнің мiндеттемелерiнiң орындалуына санкциялау үшiн талап етiлетiн барлық шараларды тиiстi түрде қабылдағанына;
      2) осы Келiсiммен Сатып алушы өз атына қабылдап алатын мiндеттемесi Келiсiм талаптарына сәйкес Сатып алушыны мiндеттейтiн заңды және iс жүзiндегi мiндеттемелер болып табылатындығына;
      3) осы Келiсiмдi iске асыру және Сатып алушы Келiсiм шеңберiнде өзiнiң мiндеттемелерiн орындауы қатысушысы Қазақстан Республикасы болып табылатын қандай болса да бiр келiсiмнiң немесе Қазақстан Республикасында қазiргi уақытта қолданыстағы заңның бұзылуына әкеп соқтырмайтындығына;
      4) Қазақстанның заңдарына сәйкес орындалуы талап етiлетiн барлық рәсiмдер мен шарттарды (валюталық бақылау рәсiмдерiн қоса алғанда):
      (i) Сатып алушыға осы Келiсiмдi заңды түрде жасасуға және Келiсiм шеңберiнде олардың өз атына қабылдап алған мiндеттемесiн орындауға мүмкiндiк беру;
      (ii) осы Келiсiмде Сатып алушы қабылдап алатын мiндеттеме заңды, шын нақты және жүзеге асырылатын болып табылатындығын қамтамасыз ету;
      (ііі) осы Келiсiмнiң келесi қадамдарды орындамай немесе формалдықсыз Қазақстанда дәлел ретiнде әрекет етуiн Қазақстанның заңдары мен Конституциясына қатаң сәйкес келтiрiлiп сақталуын және орындалуын қамтамасыз ету үшiн қолданылады;
      5) Келiсiм жасалған күнгi жағдай бойынша әрекет ететiн Қазақстанның заңдары шеңберiнде Сатушының осы Келiсiм бойынша Сатып алушыға қоятын талабы Сатып алушының кез келген берешегi бойынша барлық өзге де қамтамасыз етiлмеген несие берушiлердің талаптарымен әрi кеткенде тең жағдайда әрекет ететiндiгiне кепiлдiк бередi.
                                   ХVII бап



                     МIНДЕТТЕМЕЛЕРДIҢ ОРЫНДАЛМАУ ЖАҒДАЙЛАРЫ

      17.1 Егер осы Бөлiмде (мiндеттемелердiң орындалмау жағдайлары) жазылған келесi оқиғалардың бiрi орын алса және орын алуы жалғасып жатса Сатушы Сатып алушыны хабардар ете отырып, Босату бағасын толық немесе iшiнара жария ете алады, осыдан кейiн кейiннен қандай болсын да бiр хабардар етпей-ақ тез арада ақы төлеу жүргiзедi (осы Келiсiмнiң өзге шарттарына қарамастан):
      а) Босату бағасының кез келген бөлiгiн төлеу процесiнде 15 (он бес) күн бойы орын алған мiндеттеменiң орындалмауы туындады;
      b) осы Келiсiмнiң шеңберiндегi Сатып алушының кез келген мiндеттемесiн орындау процесiнде мiндеттеменi орындамау (жоғарыдағы (а) параграфында жазылғаннан басқа) туындады және мұндай орындамау 30 (отыз) күн бойы орын алды;
      с) осы Келiсiмдi орындауға және ресми беруге байланысты немесе осы Келiсiмнiң шеңберiнде қаражат төлеуге кез келген сұрау салуға байланысты Сатып алушы берген немесе растаған сатып алушының кез келген мәлiмдеменi немесе кепiлдiгi Сатушыдан ол туралы хабарды Сатып алушы алғаннан кейiн 30 (отыз) күннiң iшiнде шындыққа сәйкес келмейтiндiгi және шындыққа сәйкес келмейтiндiгi одан әрi жалғасып отырғандығы анықталған болса;
      d) Сатып алушы өзiнiң борыштарын қайта жоспарлау жөнiндегi қандай да бiр әрекет жасауды қолға алса;
      е) Сатып алушы төлемдер және қаржы мiндеттемелерi (мораторийлер) бойынша мерзiмiн ұзартқаны туралы хабарласа не тиiстi мерзiмдердiң басталуына қарай борыштарды төлей алмау жағдайына тап болса;
      f) осы Келiсiмнiң кез келген ережесi заңсыз, жарамсыз немесе жүзеге асырылуға келмейдi, не осылай болды деп танылады.
      17.2 Егер мiндеттеменi орындамау жағдайы орын алса немесе уақыт өткен сайын оқиға мiндеттеменiң орындалмауын тудыруға әкелiп соғатын болса Сатып алушы Сатушыға мiндеттеменiң орындалмауының немесе осындай оқиғаның осындай жағдайын және жағдайды түзету үшiн Сатып алушы қолға алып отырған шаралар сипатын көрсете отырып дереу арада ол туралы телекспен немесе факспен жазбаша хабардар етедi.
      17.3 Осы Келiсiмнiң шеңберiнде мiндеттеменiң орындалмауының не өзге келiсiмдi, немесе оларды жалпы орындамаудың қайсы бiр жағдайының нәтижесiнде туындайтын кез келген оған тиесiлi құқықты немесе өкiлеттiктi немесе шараларды жүзеге асыруда Сатушының ешбiр кiдiртуi кез келген осындай құқыққа, өкiлеттiкке немесе қабылданатын шараға шәк келтiртпейдi және осы құқықтан бас тартуы не олардан қайту ретiнде түсiндiрiлмейтiн болады; және кез келген осындай мiндеттеменiң орындалмауына қатысты Сатушының ешқандай iс-әрекетi, не осы жөнiндегi оның қайтуы мiндеттеменiң орындалмауының кез келген басқа жағдайына байланысты Сатушының құқына немесе өкiлеттiгiне шәк келтiртпейдi.
                                   ХVIII БАП

КЕЛIСIМНIҢ КYШIН ЖОЮ


      18.1 Егер Келiсiм-шарт осы Келiсiмнiң күшiне енгiзiлген күнiнен бастап 180 күн iшiнде қол қойылмайтын болса, Сатушы Сатып алушыны хабардар ете отырып, егер тек осындай кiдiрудi Сатып алушы Сатушы қанағаттандыратындай болып негiзделмеген болса, осы Келiсiмнiң күшiн жоюы мүмкiн.
      18.2 Егер Мердiгер Келiсiм-шарт бойынша өзiнiң кез келген мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз етпеген жағдайда, және Сатып алушы Сатушымен консультация жасай отырып оның ережелерiне сәйкес Келiсiм-шартты бұзады, осындай бұзу егер тек Сатушы өзгеге келiспесе, ол қабылданғаннан бастап 60 (алпыс) күн өткеннен кейiн осы Келiсiмнiң күшiн жоюға негiз бола алады.
      18.3 Не Сатушы болсын не Сатып алушы болсын олардың ешқайсысы осы Келiсiмнiң 18.1 бөлiмiнiң немесе 18.2 бөлiмiнiң шеңберiнде Келiсiмнiң күшi жойылған күнiнен бастап бiр-бiрiнiң алдында ешбiр одан әрi өзара мiндеттемелерi болмаған жағдайда осындай, күшiн жою қайсы бiр мiндеттемеге немесе осындай күшiн жойғанға дейiн тараптардың әрқайсысын берілген құқыққа ықпалын тигiзбейдi.
      18.4 Келiсiмнiң күшi жойылғанына қарамастан Сатып алушы Сатып алушымен ынтымақтастықты және Келiсiм-шартты бұзу бойынша Өткiзу бағасының осындай бөлiгiн және Сатушыға тиесiлі болатын қандайда болмасын кез келген басқа соманы Мердiгер өтеген кезде де жағдай жасауды жалғастырады.
                                   ХIХ БАП

КЕЛIСIМНІҢ КҮШIНЕ ЕНУI


      19.1 Осы Келiсiм Сатып алушы шын мәнiнде Сатушы үшiн қолайлы нысанда дайындалған Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнiң заңды қорытындысын Сатушыға бергенге дейiн өзiнің күшiне енбейдi.
      19.2 Егер Келiсiм оған қол қойылған күннен бастап 12 (он екі) ай iшiнде күшiне енбесе, егер тек Сатушы кiдiртудiң себебiн қарағаннан кейiн осы Бөлiмнiң мақсаттары үшiн ең соңғы күндi айқындамаса, келiсiм және де оның тараптарының барлық мiндеттемелерi сияқты бұзылады. Сатушы осындай неғұрлым соңғы күн туралы не жағдайға байланысты Келiсiмдi бұзу туралы Сатып алушыға жедел түрде жазбаша хабардар етедi.
                                   ХХ БАП

ЕСЕП БЕРУ


      Сатып алушы мынадай есептiлiктердi беруге мiндеттенедi:
      а) Келiсiмнiң күшiне енуiнен бастап үш ай iшiнде және осыдан кейiнгi әрбiр үш ай сайын дайындалған Келiсiм-шартты iске асыру барысы туралы есептiлiк беру Сатушымен мезгiл-мезгiлмен хабарланып отыруы мүмкiн;
      b) Түпкi қабылдаудың Сертификаты басып шығарылған соң жедел түрде бiрақ, осындай Сертификат шығарылған соң алты айдан кешiктiрмей, осындай көлемде және Сатушы негiздi талап етуi еткенiндей сияқты егжей-тегжейлiкте Қайта құру және Жолдарды алғашқы пайдалану жөнiндегi қорытынды есеп;
      с) Кез келген басқа есеп берулер немесе мезгiл-мезгiл Сатушы негiздi талап етуi мүмкiн мәлiметтер.
                                   ХХI БАП

ҚҰҚЫҚТАН БАС ТАРТУ


      Сатушының осы Келiсiм шеңберiнде өзiнiң құқын iске асыруға және немесе сақтауға қабiлетсiздiгi, не осыны жүзеге асырған кезде оның тарабынан жол берiлген кiдiртулер, сондай ақ Сатушының Сатып алушыға олардың қолданатын шараларды қабылдауда құқықты iске асыруды және сақтауға қабiлетсiздiгi, не осыны жүзеге асыру кезiнде оның тарабынан жол берiлген кiдiртулер осындай құқыққа немесе шараларға шәк келтiрмейдi және осындай құқық немесе шаралардан бас тарту ретiнде қаралмайтын болады.
                                   ХХII БАП

ҚОЛДАНЫЛЫП ЖYРГЕН 3АҢДАР. ДАУЛАРДЫ РЕТТЕУ


      22.1 Осы Келiсiм Ислам Шариатының заңдары бойынша басқарылады және түсiндiрiледi.
      22.2 Осы Келiсiмнiң тараптары арасындағы кез келген дау және осы Келiсiмнiң шеңберiнде туындаған бiр жақтан екiншi жаққа қарсы кез келген талап екiншi жақтың атына бiрiншi жақтан хабар берiлген күннен бастан 60 (алпыс) күн iшiнде бiтiмдесу жолымен реттелмейтiн болса, төмендегi жазылған рәсiмдер бойынша Төрелiк соттың қарауына берiлетiн болады:
      (а) Тараптармен Сатушы бiр жағынан және Сатып алушы екiншi жағынан осындай төрелiк талқыланудың тараптары ретiнде әрекет етедi.
      (b) Төрелiк сот былайша тағайындалған үш төрешiден тұрады:
      Бiр төрешiнi Сатушы тағайындайды, екiншi төрешiнi - Сатып алушы, ал үшiншi (мұнда және бұдан әрi "Рефери" деп аталады) төрешi тараптар келiсiмi бойынша, не олар келiспеген жағдайда Ислам Конференциясы Ұйымының Бас хатшысы (IКҰ) тағайындайтын болады. Рефери халықаралық қаржыда мамандандырылған заңгер немесе ислам қаржы операцияларынан бiлiмi бар банкир болады. Егер тараптардың бiреуi төрешiнi тағайындамаса, төрешiнi Ислам Конференциясы Ұйымының Бас хатшысы тағайындайды. Егер осы Бөлiмге сәйкес тағайындалған төрешiлердің бiрi қызметiнен босатылса, қайтыс болса немесе жарамсыз болса бастапқы төрешiнi тағайындау үшiн Келiсiмде жазылғанындай түрде сабақтас төрешi тағайындалатын болады және осындай төрешi бастапқы төрешiнiң барлық құқықтары мен мiндеттерiне ие болады.
      (с) Барлық төрелiк талқылау осы Бөлiм шеңберiнде басқа тарапқа қарсы осындай талқылау енгiзетiн тараптардың хабар етуi арқылы жүргiзiлуi мүмкiн. Осындай хабарлау талқылауға берiлетiн даулар немесе талап қою сипаты, сұралған талқылау шешiмiнiң сипаты, талқылауды ұйымдастырушы тарап тағайындаған төрешiнiң және Рефери ұсынған үмiткердiң аты баяндалған өтiнiштi қамтитын болады. Осындай хабарлама берiлгеннен кейiн 30 (отыз) күн iшiнде басқа тарап талқылауды ұйымдастырған тарапқа басқа тарап тағайындаған төрешiнiң атын, және Рефери ұсынған тағайындаумен өзiнiң келiсетiндiгiн немесе келiспейтiндiгiн хабарлайды.
      (d) Егер талқылауды ұйымдастырушы осындай хабарлама бергеннен кейiн 60 (алпыс) күн iшiнде тараптар Реферидiң кандидатурасына немесе талқылау туралы хабарлама берген тарап келiспесе тараптардың кез келгенi осы Бөлiмнiң (b) параграфында көрсетiлгенiндей екiншi төрешiнi немесе Реферидi (жағдайға байланысты) тағайындауды талап етуi мүмкiн.
      (е) Төрелiк Трибунал Рефери айқындаған мезгiлде және жерде шақырылатын болады. Бұдан соң Төрелiк Трибунал оның мәжiлiсiнiң қайда және қашан өтетiндiгiн айқындайды.
      (f) Осы Бөлiмнiң ережелерiне сәйкес және егер тараптар өзгеге келiскен жағдайда Төрелiк Трибунал өзiнiң құзыретiне кiретiн барлық мәселелердi шешетiн болады және өз жұмысының ресiмiн айқындайтын болады. Төрелiк Трибуналды жүргiзу процесiнде барлық шешiм көпшiлiк дауыспен қабылданатын болады.
      (g) Төрелiк Трибунал барлық тараптарға тыңдауға қатысуға мүмкiндiк бередi және өзiнiң шешiмiн жазбаша түрде шығарады. Төрелiк Трибуналдың көпшiлiгi қол қойған шешiм осы Трибуналдың шешiмi болып табылады. Қол қойылған шешiмнiң дубликаты тараптардың әрқайсына берiлетiн болады. Осы Бөлiмге сәйкес шығарылған кез келген шешiм түпкiлiктi және осы Келiсiмнiң тараптары үшiн мiндеттi болады. Тараптардың әрқайсысы осы Бөлiмнiң ережелерiне сәйкес Төрелiк Трибунал шығарған кез келген осындай шешiмдi басшылыққа алады және орындайтын болады.
      (h) Тараптар төрелiк талқылауды жүргiзу үшiн қызметтерi қажет етiлетiн төрешiлерге және басқа тұлғаларға берiлетiн сыйақының тiркелген сомасын белгiлейдi. Егер тараптар Төрелiк Трибунал шақырғанға дейiн осындай сомаға келiспейтiн болса, ол жағдайға байланысты ыңғайлы мөлшерде Төрелiк Трибунал белгiлейтiн болады. Сатушы мен Сатып алушы талқылау жүргiзiлген кезде ұшыраған шығындарын өздерi төлейдi. Төрелiк Трибуналды өткiзуге арналған шығындар Сатушы мен Сатып алушы арасында бiрдей бөлiнетiн болады. Төрелiк Трибуналды өткiзуге арналған шығындарды төлеу мақсатында оларды бөлуге қатысты кез келген мәселенi Төрелiк Трибунал шешетiн болады.
      (i) Осы Бөлiмде баяндалған Төрелiк талқылауды өткiзу туралы ереже осы Келiсiмнiң тараптары арасындағы дауларды шешудiң кез келген басқа ресiмдерiнiң немесе осы Келiсiм шеңберiнде бiр Тараптың екiншi тарапқа ұсынатын кез келген талап шешiмiнiң орнына қолданылатын болады.
      (j) Егер қаулының дубликаты тараптарға берiлгеннен кейiн 30 (отыз) күн iшiнде оның орындалуы жүзеге аспаған жағдайда тараптардың кез келгенi кез келген сотта басқа тарапқа қарсы сот процесiн бастауға немесе қаулының орындалуы жөнiндегi мәжбүрлi шараларды қолдану мақсатында соттық талқылауды ұйымдастыра алады, заңдық құзырлы соттың шешiмiн орындау үшiн мәжбүрлi шараларды қолдана алады, сондай ақ осы Келiсiмнің шарттарын күштеп орындату үшiн басқа тараптарға қарсы кез келген басқа тиiстi шараларды қолдана алады.
      (k) Осы Бөлiмге сәйкес шығарылған Трибуналдың қаулысын орындату мақсатында кез келген сот талқылауына байланысты кез келген хабарламаға және процеске қызмет көрсету осы Келiсiмнiң ХХIII бабында көзделген жолмен жүзеге асырылуы мүмкiн. Осы Келiсiмнiң Тараптары кез келген осындай хабарламаға және процесске қызмет көрсету жөнiндегi кез келген және басқа талаптардан әрқайсынан бас тартады.
                                   ХХIII БАП

ХАБАРЛАМА


      23.1 Осы Келiсiм шеңберiнде оған байланысты немесе басқа тараптың атына тараптар беретiн немесе жасайтын кез келген хабарлама немесе сұрау соларға байланысты жазбаша түрде орындалуға тиiстi және телекспен немесе пошта арқылы хатпен жiберiлуi мүмкiн. Хабарлама немесе сұрау егер оларды

жеткiзу басқа тарапқа Келiсiмнiң 23.2 бөлiмiнде көрсетiлген мекен-жайға 
немесе басқа тарапқа хабар етудің дәнекерi болып тағайындалуға тиiстi кез 
келген басқа мекен-жайға қолма-қол немесе поштамен, не 
телекспен/телефакспен жiберiлген жағдайда тиiстi дәрежеде берiлген болып 
саналады.
     23.2 Келiсiмнiң 23.1 бөлiмiнiң мақсаттары үшiн тараптар төмендегi 
өзiнiң мекен-жайын мынадай түрде көрсетедi:

     Банк үшiн
     The Islamic Development Bank
     Р.О. Вох: 5925
     Jeddah - 21432
     Kingdom of Saudi Arabia
     Теlех: 601137 ISDB SJ
     Саblе: BANKIISLSMI JEDDAH
     Ғах: 6366871

     Сатып алушы үшiн
     Қаржы министрлiгi
     473000
     Қазақстан Республикасы
     Астана қаласы
     Факс (3172) 117091/117063

     ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ ҮШIН осы Келiсiмнiң Кiрiспесiнде көрсетiлген күнi 
тараптар осы Келiсiмге қол қойды.

     
     ИСЛАМ ДАМУ БАНКI                         ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
     ҮШIН ЖӘНЕ АТЫНАН                            ҮШIН ЖӘНЕ АТЫНАН

     
                                                              1-ҚОСЫМША

                        ЖОЛДАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI 
     
     Ислам Даму Банкi, Вишневка қаласынан Астана қаласына дейiнгi 
Қарағанды-Астана (54,5 шм) автомобиль жолының IV-секциясын Қайта құру 
жөнiндегi жұмыстарды қаржыландыруды жүзеге асырады. 54,5 шм. жолдың тек 
6 шм. ғана төрт жолақты бөлiктi құрайды, қалған 48,5 шм. екi жолақты 
қозғалыс жолын құрайды. Ислам Даму Банкiнің қаржыландыруына жататын учаске 
(орын алып отырған және жақсарту ұсынылып отырған) ерекшелiгiнiң мынадай 
түрлерi бар:

Қашықтығы                                  6 шм                48,5 шм
     
Орын алып отырған жолдың түрi              2х2                  1х2
Қозғалыс жолақтары                          4                    2
Жолаушылар жүретiн бөлiгi                  19,5                  7
Оң жақ шетi                                 3,6                 3,3
Сол жақ шетi                                2,9                 3,5
Үстiңгi қабаттың тегiстiлiгi                4,4                 5,2

Ұсынылып отырған жақсартулар:
     
Ұсынылып отырған жолдың санаты              І-b                 11
Қозғалыс жолақтары                          4                   2
Жол трассасының енi                         27,5                15
Қозғалыс жолағының енi                      3,75                3,75
Жол шетiнiң енi                             3                   3
Жол шетiн нығайту                           0,75                0,75
Үстiңгi қабаттың тегiстiлiгi                2,0                 2,0

     Шетел валютасындағы $67,63 млн. сомасындағы құнның бөлiгiн қоса 
алғанда жобаның жалпы құны $53,3 млн. (80 %) мөлшерiнде бағаланды.
     
  
                                                               2-ҚОСЫМША
                            ЖОБАНЫҢ СИПАТЫ 
     


      Қарағанды-Астана автомобиль жолы Алматы қаласын жаңа астана - Астанамен қосатын Қазақстанда Алматы-Гүлшат-Қарағанды-Астана трассасының 228 шақырымның учаскесi болып табылады. Жоба Қазақстанның индустриалды аймақтарымен, орталық Азия республикаларымен және Ресей Федерациясы арасындағы сенiмдi байланысты қамтамасыз етедi.
      Жоба автомобиль көлiгiнiң тиiмдiлiгiн арттыруға, көлiктi пайдалану шығыстарын және жол-көлiк оқиғаларын төмендетуге, сондай-ақ жаңа астана аймағын Солтүстiк Қазақстанды, әсiресе аймақтағы Астана қаласын дамытуға көмектесуге бағытталған. Жоба орын алып отырған Қарағанды-Астана автомобиль жолын қайта құрудан, сауықтырудан және жаңғыртудан тұратын жетiлдiрудi қамтиды.

     Осылайша, көлденең жасанды дренаждық құрылыстарды (көпiрлердi және 
құбырларды) кеңейтудi/алмастыруды қоса алғанда жұмыс негiзiнен орын алып 
отырған автожолды жаңғыртуға, жолдың сыртқы қабатын нығайтуға және 
сауықтыруға бағытталатын болады:
     - Құрылыс жұмыстары;
     - Консультациялық қызмет көрсету (қайта құруға бақылау);
     - Жобаны iске асыратын топ (ЖIАТ);
     - Жолды ұстауға арналған жабдық.
     
     
     Мамандар: 
       Қасымбеков Б.А.
       Омарбекова А.Т. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады