1. 6-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Мүлiктiк кешен ретiнде жекешелендiруге жататын кәсiпорын (құрамына оларда сақтаулы тұрған мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтары кiрмейдi.".
2. 17-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) жекешелендiру объектiсiнде мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтары болған жағдайда, мемлекеттiк материалдық резервтi басқару жөнiндегi уәкiлеттi органға объект жекешелендiрiлгенге дейiн осы материалдық құндылықтарды бұдан кейiнгi жерде орналастыру туралы шешiм
қабылдауы үшiн алдағы жекешелендiру туралы алдын ала хабарлайды;". 3. 20-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын: "Мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын сатудан алынған қаражатты пайдалану тәртiбi өзге заң актiлерiмен белгiленедi.". Қазақстан Республикасының Президенті Мамандар: Қасымбеков Б.А. Икебаева Ә.Ж.