Қазақстан Республикасы Президентінің "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2198 заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 35-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180-құжат; N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 12, 183-құжат; 1998 ж., N 5-6, 50-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 63, 64-құжаттар) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-баптағы "құрылып жатқан заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарының" деген сөздер "мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құрылтай және басқа құжаттардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-бап мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші және тоғызыншы бөліктермен толықтырылсын:
"Заңды тұлғаның құрылтайшысы басқа заңды тұлға болған жағдайда, онда тіркеуші органға құрылтай және басқа құжаттармен бірге құрылтайшыда - заңды тұлғада салықтар, алымдар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектің бар немесе жоқ екендігі туралы салық органының анықтамасы табыс етіледі.
Тиісті тауар рыногында үстем жағдайға ие заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін, монополияға қарсы заңдарда көзделген жағдайларда, бұған қоса монополияға қарсы органның келiсiмi қажет болады.
Тiркеушi орган заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеген күннен бастап он күн iшiнде заңды тұлғаның тұрған жерi бойынша салық органына тіркеудің жүргізілгендігі туралы хабарлайды.";
8-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Қайта ұйымдастыру нәтижесiнде құрылған акционерлiк қоғамды, сондай-ақ акционерлiк қоғамның қайта құрылуы нәтижесiнде құрылған жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк пен өндiрiстiк кооперативтi тiркеу заң актiлерiмен белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады.";
11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"11-бап. Мемлекеттiк тiркеу мен қайта тiркеуден бас тарту
Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу мен қайта тiркеуден бас тартуға заңды тұлға құрудың заңмен белгiленген тәртiбi бұзылған немесе оның құрылтай құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмеген немесе құрылтайшыда - заңды тұлғада салықтар, алымдар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешек болған немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ретте монополияға қарсы орган келiспеген жағдайларда жол берiледi.
Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеуден немесе қайта тiркеуден бас тартылған жағдайда, тiркеушi орган осы Жарлықтың 9-бабында көзделген мерзiмде оған жазбаша түрде нақты заңға сәйкес келмеуiне сiлтеме жасалған дәлелдi бас тарту құжатын бередi.
Мемлекеттiк тiркеуден және қайта тiркеуден бас тартылған жағдайда, мемлекеттiк тiркеу және қайта тiркеу үшiн төленген алым қайтарылмайды.";
12-бапта:
бiрiншi бөлiк "құрылтай" деген сөзден кейiн "және басқа да" деген сөздермен толықтырылсын;
үшiншi бөлiктiң екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
"Заңды тұлғаның лицензияланатын қызмет саласындағы құқықтық қабiлетi тиiстi лицензия алған сәттен бастап пайда болады және заң актiлерiмен белгiленген тәртiпте оның алып қойылған, қолданылу мерзiмi бiткен немесе жарамсыз деп танылған кезiнен бастап тоқтатылады.".
14-бапта:
бiрiншi бөлiктегi "Құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзген ретте" деген сөздер "Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшiншi және төртiншi бөлiктермен толықтырылсын:
"Заңды тұлғаға басқа бiр заңды тұлға қатысушы болған жағдайда, тiркеушi органға құрылтай және басқа құжаттармен бiрге қатысушыда - заңды тұлғада салықтар, алымдар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектiң бар немесе жоқ екендiгi туралы салық органының анықтамасы табыс етiледi.
Қатысушылар құрамының өзгеру негiздемесiне байланысты тиiстi тауар рыногында үстем жағдайға ие заңды тұлғаны қайта тiркеу үшiн монополияға қарсы заңдарда көзделген жағдайларда, бұған қоса монополияға қарсы органның келiсiмi қажет болады.";
бесiншi бөлiк "мемлекеттiк статистика органына" деген сөздерден кейiн "және заңды тұлға орналасқан жердегi салық органдарына" деген сөздермен толықтырылсын;
16-бапта:
екiнші бөлiк мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Акционерлiк қоғамның қызметiн тоқтатуды тiркеу Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының осы акционерлiк қоғам акцияларының барлық эмиссияларының күшiн жою туралы хабарламасы болған кезде жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы жетiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Акционерлiк қоғамды қайта ұйымдастырған жағдайда тiркеушi органға, бұған қоса Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының осы акционерлiк қоғам акцияларының барлық эмиссияларының күшін жою туралы хабарламасы табыс етіледi.";
18-бап мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Акционерлiк қоғам акциялар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеуге немесе ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн алуға құжаттарды Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясына белгiленген мерзiмде табыс етпеген жағдайда, осы қоғам заңдарда белгiленген тәртiппен таратылуға немесе қайта құрылуға тиiс.".
Қазақстан Республикасының
Президенті