Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі, Тәжікстан Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы гидрометеорология саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 5 қаңтар N 137-II


     Бішкекте 1999 жылғы 17 маусымда жасалған Қазақстан Республикасының 
Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі, Тәжікстан Республикасының Үкіметі 
және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы гидрометеорология 
саласындағы ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін. 
     
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
     
     
      Қазақстан Республикасының Yкiметi, Қырғыз Республикасының Yкiметi,
       Тәжiкстан Республикасының Yкiметi және Өзбекстан Республикасының
            Үкiметi арасында жасалған гидрометеорология саласындағы
                             ынтымақтастық туралы
                                   КЕЛIСIМ 
     


      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қырғыз Республикасының Үкiметi, Тәжiкстан Республикасының Үкiметi және Өзбекстан Республикасының Үкiметi,
      Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Тәжiкстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының арасында 1994 жылғы 30 сәуiрде жасалған Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру туралы U952332_ шарттың мақсаттары мен қағидаттарын басшылыққа ала отырып;
      ТМД-ға мүше мемлекеттердiң гидрометеорология саласындағы өзара iс-қимылы туралы 1992 жылғы 8 ақпандағы келiсiмнен туындайтын уағдаластықтарды тиiмдi түрде нақты жүзеге асыруға ұмтыла отырып;
      аймақтың гидрометеорологиялық процестерiнiң бiр-бiрiне тәуелдi екенін, болжам жасау үшiн қатысушы-мемлекеттердiң үйлестiрiлген iс-қимылына қажеттiлiк туындайтын апатты гидрометеорологиялық құбылыстардың пайда болу мүмкiндiгiн назарға ала отырып;
      дамып келе жатқан аймақтық ынтымақтастықты апатты гидрометеорологиялық құбылыстар туындаған жағдайда Тараптардың халықаралық құқық негiзiнде жедел гидрометеорологиялық ақпарат алуына қажеттi көмек көрсетуге таратуға ниет бiлдiре отырып;
      өмiр сүрудiң қолайлы қауіпсіз жағдайларын және дүлей апаттардан дер кезiнде қорғануды қамтамасыз ету жөнiндегi жауапкершiлiктi сезiне отырып;
      гидрометеорологиялық процестердiң дамуы серпiндi сипатта болатынын және олардың мемлекеттiк шекарасы болмайтынын, ал гидрометеорологиялық деректердi дұрыс зерделеу әкiмшiлiк немесе өзге де бөлiнiспен сәйкес келмейтiн кең көлемдi аумақтардан алынатын ақпаратты пайдалануды қажет ететiнiн атап өте отырып;
      өз елдерiнiң халқы мен экономикасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мүддесi үшiн бақылау жүйесiнiң жұмыс iстеуiнiң, гидрометеорологиялық ақпаратты жүйелi түрде алу және пайдалану жүйесiн дамыту мен жетілдiрудiң маңыздылығын тани отырып және гидрометеорологиялық ақпарат, оның iшiнде апатты гидрометеорологиялық құбылыстар туралы ақпарат алмасу саласында келiсiлген iс-әрекет жасауға ұмтыла отырып;

     Бүкiл дүниежүзiлiк Метеорологиялық Ұйымның (БМҰ) принциптерi мен 
рәсiмдерi негiзiнде гидрометеорология саласындағы ғылыми-техникалық 
ынтымақтастықты дамытуға зор маңыз бере отырып,
     төмендегiлер жайында келiстi:
     
                                   1-бап
                              Қолданылу аясы

     Осы Келiсiм әлем жетiстiктерiнiң практикасын және Тараптардың 
әрқайсысының ғылыми-техникалық ынтымақтастығының үрдiстерiн ескере отырып, 
гидрометеорология жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру мен үйлестiруге қатысты 
қолданылады.


                                   2-бап



                     Құзыреттi органдар мен хабарлау жүйесi

      Тараптардың осы Келiсiмдi орындау жөнiндегi құзыреттi органдары мыналар болып табылады:
      Қазақстан Республикасынан - Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi жанындағы республикалық мемлекеттiк "Қазгидромет" қазыналық кәсiпорыны;
      Қырғыз Республикасынан - Қырғыз Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi жанындағы гидрометеорология мемлекеттiк мекемесi;
      Тәжiкстан Республикасынан - Тәжiкстан Республикасының Табиғат қорғау министрлiгiнiң Гидрометеорология және табиғи ортаны бақылау жөнiндегi бас басқармасы;
      Өзбекстан Республикасынан - Өзбекстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Гидрометеорология жөнiндегi бас басқарма.
      Басқа құзыреттi орган тағайындалған жағдайда Тараптар бұл жайында дипломатиялық арналар арқылы бiр бiрiне жазбаша түрде хабарлайды.
      Құзыреттi органдар Тараптармен келiсiлген мерзiмде гидрометеорологиялық желiнi сақтау мен қалпына келтiрудiң, спутниктiк байланыс жүйелерiн дамытудың және ақпарат алудың, жедел және режимдiк гидрометеорологиялық ақпарат алмасу жүйесiн сақтау мен дамытудың кешендi жүйесiн құрады. Осы жүйелердiң жұмыс iстеу шарттары жекелеген ведомствоаралық келiсiмдермен реттелетiн болады.
                                   3-бап

Ынтымақтастық нысандары


      Тараптар:
      алынатын деректердi кеңiстiк-уақыт тұрғысынан шешудi қамтамасыз ету үшiн станциялардың қазiргi жүйесiнiң жұмыс істеуiн сақтау және оны апатты гидрометеорологиялық құбылыстардың әсерiне ұшырайтын аудандарда дамыту, оның iшiнде спутниктiк жүйелердi қоса алғанда қоршаған орта мониторингiнiң қашықтық әдiстерiн дамыту;
      жедел және режимдiк гидрометеорологиялық ақпарат алудың, өңдеудiң және сақтаудың БМҰ-ның регламентiне сәйкес бiрыңғай технологиясын қолдану, оның iшiнде деректер базаларын қалыптастыру және осы мақсаттарда пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз етудi алмасу;
      салыстырмалы гидрометеорологиялық ақпараттың қажеттi дәлдiкте болуын және оның дер кезiнде алынуын қамтамасыз ету;
      төтенше гидрометеорологиялық жағдайлар кезiнде хабардар ету;
      жедел және режимдiк ақпарат, оның iшiнде гидрометеорологиялық желi станциялары бойынша бақылаудың дәстүрлi кезеңдерi (күнделiктi, онкүндiк, айлық, жылдық) үшiн осындай бастапқы ақпарат алысу мiндеттерiн орындауға;
      төтенше гидрометеорологиялық жағдай қатерi төнген кезде уақытша бақылау пункттерiн оның құзыреттi органдармен келiсе отырып көршiлес аумақта осындай пункттер ұйымдастыруға;
      ғылыми-зерттеу жобаларын бiрлесiп жоспарлауға, жасауға және жүзеге асыруға, ғылыми-техникалық әдебиет, зерттеу жұмыстарының нәтижелерi мен технологиялар алмасуға;
      гидрометеорология саласының кадрларын бiрлесiп даярлауға;
      гидрометеорологиялық приборларды жасау мен өткiзу жөнiндегi бiрлескен тапсырыстар негiзiнде салалық прибор жасауды дамытуға жәрдемдесуге;
      ғылымның соңғы жетiстiктерi туралы ақпарат, әдiстемелiк және нормативтiк құжаттама алмасуға;
      апатты гидрометеорологиялық құбылыстардың алдын алу жөніндегi бiрлескен шараларды жоспарлауға, ұйымдастыруға және жүзеге асыруға (тасып кету қауiпi бар көлдердi тексеруге, мұздықтардың еруiн, сел қауiпі бар аудандарды қадағалауға);
      жедел-өндiрiстiк жұмыстарды орындау кезiнде гидрометеорологиялық станциялар желiсiнiң деректерiн өтемсiз пайдалану құқығын бiр бiрiне беруге, Мемлекеттiк және мемлекетаралық органдарға үшiншi бiр тұлғаларға беру құқығынсыз ақпарат тапсыруға бағытталған жүзеге асырылып жатқан ынтымақтастық шеңберiнде әлемдiк жетiстiктердi ескере отырып, жұмыстарды ұйымдастыру мен үйлестiруді қамтамасыз етеді;
      осы Келiсiмде көрiнiс таппаған мәселелер Тараптардың құзыреттi органдары арасында жасалған қосымша келiсiмдерде ескерiлетiн болады.
                                   4-бап



                       Көмек көрсету туралы сұрау салу

      Тараптар бақылау жасау, қажеттi ақпарат алу, бiлiктiлiгi әртүрлi деңгейдегi мамандар даярлау, әдiстемелiк әдебиетпен, оның iшiнде бақылау нәтижелерiн өңдеу және зерделеу үшiн бағдарламалық құралдармен қамтамасыз ету үшiн приборлармен, материалдармен жабдықтауда көмек көрсету туралы сұрау салуды жүзеге асырады.
      Көмек сұрау салу негiзiнде берiледi, онда сұрау салушы Тарап қажеттi көмектiң түрi мен көлемiн, оны көрсету шарттарын көрсетедi.
      Көмек көрсетушi Тарап сұрау салушы Тараптың өтiнiшiн барынша қысқа мерзiм iшiнде қарап, оған көмек көрсету мүмкiндiгi, көлемi және шарттары жайында хабарлайды.
                                   5-бап



        Гидрометеорологиялық бақылау желiсiнiң жұмыс iстеуi және көмек
          көрсету үшiн қажет жабдықтарды әкелу, әкету және олардың
             транзитi кезiнде мемлекеттiк шекарадан өту шарттары

      Биiк таулы және жол қатынасы қиын аудандарда, оның iшiнде Тараптардың аумағында орналасқан гидрометеорологиялық станциялардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн қажет:
      жабдықтарды, приборларды, жанар-жағар май материалдары, азық-түлiк өнiмдерiн әкелу, әкету және транзит арқылы өткiзу;
      апатты құбылыстардың алдын алу мен олардың етек алуын бақылауға арналған уақытша пункттер ұйымдастыру;
      көмек көрсету сұрау салушы Тараптың аумағында оның толық көмегiмен жүзеге асырылады;
      кедендiк төлемдер алу жөнiндегi мәселе Тараптардың заңдарына сәйкес әрбiр нақтылы жағдайда шешiмiн табады.
      Осы бапта көрсетiлген мақсаттарға арналған жабдықтардан, приборлар мен материалдардан өзге қандай да бiр құрал-жабдықты тасымалдауға тыйым салынады.
      Уақытша жұмыстар аяқталғаннан кейiн немесе көмек көрсетiлген соң әкелiнген жабдықтар сұрау салушы Тараптың аумағынан әкетiлуге тиiс. Егер ерекше бiр жағдайларға байланысты жабдықтарды әкету мүмкiн болмаса, ол сұрау салушы Тараптың құзыреттi органына келiсiлген шарттармен көмек ретiнде берiлуi мүмкiн. Бұл жағдайда берiлетiн жабдықтардың түрлерiн, санын және орналасқан жерiн көрсетiп, сұрау салушы Тараптың құзыреттi және кеден органдарына хабарлау қажет.
      Тасымалданатын жабдықтарды кедендiк ресiмдеу Тараптардың құзыреттi органдары беретiн хабарламалар тiзбесi (тiзiмдер, ерекшелiктер) бойынша ықшамдалған түрде Мемлекеттiк кеден декларациясын толтыру арқылы жүргiзiледi.
                                   6-бап



                         Әуе кемелерiн пайдалану

      Апатты гидрометеорологиялық құбылыстардың (тасып кету қауiпi бар көлдердi тексеру, мұздықтардың еруiн, сел қауiпi бар аудандарды қадағалау) алдын алу және сұрау салушы Тараптың аумағындағы биiк таудағы гидрометеорологиялық станцияларды жарақтандыру жөнiндегi шараларды жүзеге асыру үшiн әуе кемелерiн (ұшақтар мен тiкұшақтарды) пайдалану сұрау салушы Тараптың құзыретті органы негiздеме тапсырған жағдайда әрбiр Тарап белгiлеген тәртiпте берген рұқсатпен ресiмделедi.
      Сұрау салушы Тараптың құзыреттi органы басқа Тараптың тиiстi органына әуе кемелерiнiң тұрпатын, тексеру ауданын, сипатын және жұмыстардың кезеңiн көрсетiп, оларды пайдалануға шешiм қабылданғаны жайында хабарлайды.
      Ұшу сапарлары халықаралық азаматтық авиация ұйымы және Тараптардың

әрқайсысы белгiлеген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
     Әуе кеңiстiгiн пайдалану, әуе кемелерiнiң аэродромға қонуы және ұшуы, 
радионавигациялық қызметтерге ақы төлеу, отын және әуе кемелерiне 
техникалық қызмет көрсету үшiн жұмсалған шығындарды өтеу туралы мәселе 
әрбiр нақты жағдайда жеке-жеке шешiледi.

                                   7-бап
                              Дауларды реттеу

     Осы Келiсiмдi түсiндiруге немесе қолдануға байланысты даулы мәселелер 
Тараптардың консультациялар өткiзуi немесе келiссөз жүргiзуi арқылы 
шешiледi.
     Осы Келiсiмнiң ережелерi басқа халықаралық шарттарға сәйкес Тараптар 
қабылдаған мiндеттемелердi қозғамайды.


                                   8-бап



                     Келiсiмге өзгерiс пен толықтыру енгiзу

      Осы Келiсiмге Тараптардың жалпы келiсiм беруi арқылы өзгерiс пен толықтыру енгiзiлуi мүмкiн, олар Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын жеке Хаттамамен ресiмделедi.
                                   9-бап

Күшiне енуi


      Осы Келiсiм Тараптардың осы Келiсiмнiң күшiне енуi үшiн қажет мемлекетішілiк рәсiмдердiң орындалғаны туралы соңғы хабарлама депозитарийге сақтауға тапсырылған күннен бастап күшiне енедi.
      Осы Келiсiм барлық Тараптардың келiсiмiмен оның мақсаттары мен қағидаттарын қолдайтын басқа мемлекеттердiң қосылуы үшiн ашық.
      Осы Келiсiм бес жыл мерзiмге жасалады және, егер Тараптар өзге шешiм қабылдамаса, келесi бес жылдық кезеңдерге өздiгiнен ұзартыла бередi.
      Осы Келiсiмнiң кез-келген Тарабы шығу туралы депозитарийге жазбаша хабарлама жолдап, одан шығып кете алады. Бұл Тарапқа қатысты осы Келiсiмнiң күшi депозитарий осындай хабарлама алған күннен бастап алты ай өткеннен кейiн жойылады.

     Бiшкек қаласында 1999 жылғы 17 маусымда орыс тiлiнде бiр дана 
түпнұсқада жасалды.
     Түпнұсқа дана Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, 
Тәжiкстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының Мемлекетаралық 
Кеңесiнiң Атқару комитетiнде сақталады, ол әрбiр қатысушы-мемлекетке оның 
куәландырылған көшiрмесiн жiбередi.

     Қазақстан          Қырғыз            Тәжікстан        Өзбекстан
     Республикасының    Республикасының   Республикасының  Республикасының
     Yкiметi үшін       Yкiметi үшін      Yкiметi үшін     Yкiметi үшін
     
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады