1) 3-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Еңбекте мертігу немесе кәсіптік ауру салдарынан мүгедек болып қалған қызметкерлер, мүгедектердің өздері еңбек қатынастарында тұратын (тұрған) және сол уақытта еңбекте мертіккен немесе кәсіптік ауруға шалдыққан жағдайда, жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүріп-тұру құралдарымен, протез-ортопедия бұйымдарымен, медициналық және әлеуметтік-еңбектік оңалтудың басқа да түрлерімен қамтамасыз етіледі. Осы міндеттемелерді орындаудан жалтарған жағдайда жұмыс беруші мүгедектердің немесе әлеуметтік қамсыздандыру органдарының талабы бойынша мүгедектің пайдасына сот
тәртібімен жауапты болады. Мүгедектердің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес еңбекке орналасу құқығы да сақталады."; 2) 46-баптың екінші бөлігі алып тасталсын; 3) 47-бапта: "одақтық," деген сөз алып тасталсын; мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: "Сурдо-тифлотехника құралдарымен қамтамасыз ету мемлекеттік тапсырыс шеңберінде республикалық бюджеттің есебінен жүзеге асырылады.". 2-бап. Осы Заң 2000 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Мамандар: Қасымбеков Б.А. Багарова Ж.А.