Минскіде 1999 жылғы 4 маусымда жасалған Өнертабыстарды құқықтық қорғау саласында мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісім бекітілсін.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Ресми куәландырылған мәтін |
Өнертабыстарды құқықтық қорғау саласында мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы Келісім
Ресми куәландырылған мәтін |
(2001 жылғы 5 маусымда күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2003 ж., № 5, 44-құжат)
Осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттер үкiметтерi атынан, бұдан әрi -
Тараптар,
1993 жылғы 22 қаңтардағы Мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келiсiмдi және 1993 жылғы 12 наурыздағы Өнеркәсiп меншiгiн қорғау жөнiндегi шаралар мен Өнеркәсiп меншiгiн қорғау мәселелерi жөнiндегi мемлекетаралық кеңес құру туралы келiсiмдердi негiзге ала отырып,
бұрынғы КСР Одағында жасалған құпия өнертабыстарды құқықтық қорғау қажеттiлiгiн негізге ала отырып,
Тараптардың мемлекеттiк қауiпсiздігін қамтамасыз етудегi олардың өзара мүдделерiн ескере келiп,
мына төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Осы Келiсiмнің мақсаттары үшiн мынадай терминдер:
құпия өнертабыстар - Тараптардың ұлттық заңнамаларына сәйкес
мемлекеттiк құпиялар (мемлекетаралық құпиялар) құрайтын мәлiметтерi бар
өнертабыстар;
құпия өнертабыстарды құпиясыздандыру - құпия өнертабыстарға қатысы
бар құжаттардан құпия грифiн алып тастау рәсiмi;
құпия өнертабысқа арналған қорғау құжаты - Тараптардың ұлттық
заңнамаларына сәйкес құпия өнертабысты құқықтық қорғаумен қамтамасыз
ететiн құжат;
өтiнiш берушiлер - құпия өнертабысқа авторлық куәлiк немесе КСРО
патентiн алуға өтiнiштер берушi Тараптардың аумақтарында тұратын немесе
сонда жүрген авторлар, сондай-ақ кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар;
мүдделi Тарап - аумағында өтiнiш берушiлер жүрген Тарап;
құзыреттi органдар - Осы Келiсiмдi орындау үшiн Тараптар айқындаған
мемлекеттiк органдар дегендi бiлдiредi.
2-бап
1993 жылғы 22 қаңтардағы Мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келiсiмге сәйкес Тараптар құпия өнертабыстар туралы өздерiнде бар мәлiметтерге қатысты құпиялық режимiн қамтамасыз етедi.
3-бап
Тараптар КСРО-ның авторлық куәлiктерi берiлген немесе оларды беруге өтiнiштер берiлген құпия өнертабыстарды құпиясыздандыру кезiнде осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын КСРО авторлық куәлiктерi берiлген немесе КСРО авторлық куәлiктерi немесе патенттерiн беруге өтiніштер берілген құпия өнертабыстарды құпиясыздандыру ережелерiн (1-қосымша) басшылыққа алуға мiндеттенедi.
Тараптардың құпия өнертабыстарды құпиясыздандыру қажеттiгi туралы ұсыныстарын қарау және олар бойынша көрсетiлген ережелерде көзделген шешiмдердi қабылдау үшiн Тараптар Уақытша жұмыс тобын (бұдан әрi - УЖТ) құрады, оның ұйымдық-техникалық жабдықталуы Ресей патент және тауар таңбалары жөнiндегi агенттiгiне (бұдан әрi - Роспатент) жүктеледi.
4-бап
Тараптар iс жүргiзiлуi КСРО-да аяқталмаған және олар жөнiндегi құпия өнертабысқа арналған қорғау құжатының қолдану мерзiмi өтпеген құпия өнертабыстарға КСРО авторлық куәлiгiн немесе патентiн беруге өтiнiштер бойынша құпия өнертабыстарға арналған қорғау құжаттарын беру туралы өтiнiш берушiлердiң құқықтарын егер ұлттық заңнамаларда өзгеше қарастырылмаса, осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын Iс жүргізілуі КСРО-да аяқталмаған құпия өнертабыстарға КСРО авторлық куәлiгiн немесе патентiн беруге өтiнiштер бойынша құпия өнертабыстарға арналған қорғау құжаттарын беру туралы өтiнiш беру ережелерiнде (2-қосымша) көзделген тәртiппен таниды.
5-бап
Құпия өнертабысқа КСРО авторлық куәлiгiнiң қолданыста болуы Тараптардың қайсысының аумағында болса да ұлттық заңнамаларда белгiленген тәртiппен берiлген өтiнiш берушiлердiң өтiнiшi бойынша тоқтатылуы мүмкiн, мұнымен бiрге егер ұлттық заңнамаларда өзгеше қарастырылмаса, авторлық
куәлiктiң қалған қолданыста болу мерзiмiне құпия өнертабысқа арналған
қорғау құжатын беру бiр уақытта жүргізiледi.
6-бап
Осы Келiсiмдi қолдануға немесе түсiндiруге байланысты даулы мәселелер
мүдделi Тараптардың құзыретті органдары арасындағы консультациялар мен
келiссөздер жүргiзу арқылы шешiледi.
7-бап
Осы Келiсiмге Тараптардың ортақ келiсiмдерiмен жекелеген хаттамалар
түрiнде өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар осы Келiсiмнiң
10-бабында қарастырылған тәртiппен күшiне енедi.
8-бап
Әрбiр Тарап шығуға дейiн 6 айдан кешiктiрмей бұл туралы депозитарийге
жазбаша хабарлама жiбере отырып, осы Келiсiмнен шыға алады.
9-бап
Осы Келiсiм күшiне енген күнiнен бастап 5 жыл бойына қолданыста болады. Бұл мерзiм өткеннен соң осы Келiсiм, егер Тараптар өзгеше шешiм қабылдамаса, келесi 5 жылдық мерзiмге өздiгінен ұзартылады.
10-бап
Осы Келiсiм оған қол қойған Тараптардың қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағандары туралы үшiншi хабарламаны депозитарийге сақтауға берген күнiнен бастап күшiне енедi.
Қажеттi рәсiмдердi кешiрек орындаған Тараптар үшiн бұл депозитарийге
тиiстi құжаттарды өткiзген күнiнен бастап күшiне енедi.
11-бап
Осы Келісім оған қосылу үшін осындай қосылу туралы құжаттарын
депозитарийге тапсыру арқылы оның мақсаттары мен қағидаттарын танитын
ТМД-ға мүше мемлекеттер үшін ашық.
Минск қаласында 1999 жылғы 4 маусымда орыс тілінде бір түпнұсқа
данада жасалды. Түпнұсқа дана оның куәландырылған көшірмесін осы Келісімге
қол қойған әрбір мемлекетке жіберетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының
Атқарушы комитетінде сақталады.
Әзербайжан Республикасының Молдова Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Армения Республикасының Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Беларусь Республикасының Тәжікстан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Грузия Түркіменстан
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Қырғыз Республикасының Украина
Үкіметі үшін Үкіметі үшін (ескертпемен)
Өнертабыстарды құқықтық қорғау | |
саласындағы мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келiсiмге 1-қосымша |
КСРО авторлық куәлiктерi берiлген немесе КСРО авторлық куәлiктерi немесе патенттерiн беруге өтiнiштер берiлген құпия өнертабыстарды құпиясыздандыру ЕРЕЖЕСI
1. Бұл Ереже КСРО патент заңнамаларына сәйкес КСРО авторлық куәлiктерi берiлген немесе КСРО авторлық куәлiктерi немесе патенттерiн беруге өтiнiштер берiлген құпия өнертабыстарды құпиясыздандыру тәртiбiн қарастырады.
2. КСРО авторлық куәлiктерi берiлген құпия өнертабыстарды құпиясыздандыру мүмкiндiгін қарау кез келген Тараптың бастамасымен жүзеге асырылатын болуы мүмкiн.
3. Құпия өнертабысты құпиясыздандырудың қажеттiлiгi туралы шешiмдi мүдделi Тарап өзiнiң мемлекеттiк құпияларға жататын мәлiметтерді құпиясыздандыруды реттейтiн ұлттық заңнамаларында көзделген тәртiппен қабылдайды.
4. Құпия өнертабысты құпиясыздандырудың қажеттiлiгi туралы ұсынысты мүдделi Тарап Тараптардың әрқайсысы қорытынды жасауы үшiн УЖТ-ға жiбередi.
Құпиясыздандыру туралы ұсыныс дәлелдi, онда берiлген авторлық куәлiк пен өтiнiш нөмiрi, автордың (авторлардың) аты-жөнi, (аты-жөндерi) оның (олардың) өтiнiш берген күндегі мекен-жайы, өтiнiш берушi ұйымның атауы оның тұрған орны және өнертабыс формуласы болуға тиiс.
5. УЖТ құпия өнертабысты құпиясыздандыру туралы ұсынысты Тараптардың әрқайсысының құзыреттi органының мекен-жайына жiбередi.
Құпия өнертабысты құпиясыздандыру туралы ұсынысқа қорытындыны әрбiр Тарап осы ұсыныс УЖТ-ға жiберiлген күнiнен бастап төрт ай iшiнде УЖТ-ға жiбередi. Қажет болған жағдайларда Тарап ұсынысты кешiрек мерзiмде, бiрақ көрсетiлген төрт айлық мерзiм өткен күнiнен бастап екi айдан кешiктiрмей жiберуi мүмкiн. Мұндай жағдайда Тарап көрсетілген төрт ай iшiнде қорытындының кешiрек жiберiлетiндiгiн УЖТ-ға хабарлауға тиiс.
Егер Тарап қорытындыны көрсетiлген төрт ай немесе жоғарыда көрсетiлгендей алдын ала хабарлаумен алты ай мерзiмде жiбермесе, бұл Тарап мәлiметтердi құпиясыздандыру туралы ұсыныспен келiстi деп танылады.
6. УЖТ құпиясыздандыру туралы ұсынысты мүдделi Тараптардың пiкiрлерiн ескере отырып қарайды және құпия өнертабысты құпиясыздандыру мүмкiндiгi туралы шешiм қабылдайды.
Қабылданған шешiм туралы УЖТ Тараптардың әрқайсысына соңғы қорытынды түскен күнiнен бастап бiр ай ішiнде әрбiр Тарапқа алынған барлық қорытындылардың көшiрмесiн жiберу арқылы хабарлайды.
Құпия өнертабысты құпиясыздандыру туралы шешiм Тараптардың әрқайсысы осы өнертабысты құпиясыздандыру мүмкiндiгiн растаған жағдайда ғана қабылданған болып есептеледi. Мұндай жағдайда мүдделi Тарап құпия өнертабысты құпиясыздандыру жөнiндегі жұмысты ұлттық заңнамаларда көзделген тәртiппен ұйымдастырады және осы өнертабысты құпиясыздандыру нәтижелерi туралы бiр айлық мерзiмде УЖТ-ға хабарлайды.
Құпия өнертабысты құпиясыздандырумен келiспеген жағдайда құпия өнертабысты құпиясыздандырудың мүмкiн еместiгiне Тараптың нақты дәлелдерi бар қорытындысы болуы керек. Туындаған келiспеушiлiктер мүдделi Тараптардың құзыреттi органдарымен шешiледi.
7. Құпия өнертабыстарды құпиясыздандыру туралы шешiм қабылданған жағдайда ол жөнiндегi мәлiметтердi жариялауды немесе үшiншi елдерге беруді тек мүдделi Тараптар ғана жүргiзедi.
8. Өтiнiштер берiлгенмен, бiрақ оларға КСРО авторлық куәлiктерi немесе патенттерi берілмеген құпия өнертабыстарды құпиясыздандыру осы Ереженiң 3, 4, 5 және 6-тармақтарында қарастырылған тәртiппен мүдделi Тараптардың кез келгенiнiң бастамасымен жүзеге асырылуы мүмкiн. Мұндайда көрсетiлген өнертабыстарды құпиясыздандыру келiсiмi тек осы Тараптар арасында ғана жүзеге асырылады, ол үшiн УЖТ құпия өнертабыстарды құпиясыздандыру туралы ұсынысты аумағында өтiнiш берiлген Ресей Федерациясының құзыреттi органдарына және мүдделi Тарапқа (Тараптарға) жiбередi. Мұндай жағдайларда құпия өнертабысты құпиясыздандыру қажеттiгi туралы ұсыныста осы Ереженiң 4-тармағында қарастырылған мәлiметтермен қатар авторлық куәлiк және сол арқылы берілген өтiнiш нөмiрлерiнiң орнына өтiнiш нөмiрi көрсетіледi.
9. КСРО министрлiктерi және ведомстволары шешiмдерi негiзiнде КСРО авторлық куәлiктерi берiлген және ол туралы мәлiметтер КСРО-ның арнаулы салалық және салааралық басылымдарында таралған "Аса құпия" грифтi құпия өнертабыстар туралы мәлiметтерді құпиясыздандыру осы Ереженiң 2, 3, 4, 5 және 6-тармақтарында қарастырылған тәртiппен жүзеге асырылады.
10. КСРО министрлiктерi және ведомстволары шешiмдерi негiзiнде КСРО авторлық куәлiктерi берiлген және ол туралы мәлiметтер КСРО-ның арнаулы салалық және салааралық басылымдарында таралмаған "Аса құпия" грифтi құпия өнертабыстар туралы мәлiметтердi құпиясыздандыру осы Ереженiң 8-тармағында қарастырылған тәртiппен жүзеге асырылады.
Өнертабыстарды құқықтық қорғау | |
саласындағы мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келiсiмге 2-қосымша |
КСРО-да iс жүргiзілуi аяқталмаған құпия өнертабыстарға КСРО авторлық куәлiгiн немесе патентiн беруге өтiнiштер бойынша құпия өнертабыстарға арналған қорғау құжаттарын беру туралы өтiнiш беру ЕРЕЖЕСI
1. Осы Ереже КСРО-да іс жүргiзiлуi аяқталмаған құпия өнертабыстарға КСРО авторлық куәлiгiн немесе патентiн беруге өтiнiштер бойынша ұлттық заңнамаларда қарастырылған құпия өнертабыстарға арналған қорғау құжаттарын беру туралы өтiнiш беру тәртiбiн белгілейдi.
2. Осы Ереженiң 1-тармағында көрсетiлген өтiнiштер бойынша Тараптардың авторлармен бiрлескен өтiнiш берушiлердiң өтiніштерi бойынша құпия өнертабысқа КСРО-ға бұрындары берiлген өтiніштiң басымдығын сақтай отырып, заңнамалармен қарастырылған қорғау құжаттары берілуi мүмкін.
3. Өтiнiш қорғау құжатын беру сұралған аумақтағы Тараптың құзыреттi органына беріледi. Іс жүргiзу Тараптардың заңнамаларына сәйкес жүргiзiледi.
Өтiнiшке Тараптардың жеке және/немесе заңды тұлғаларының басқа
Тараптың аумағында құпия өнертабысқа құқықтық қорғау алуға рұқсаты туралы
құжат қоса тiркеледi.
Өтiнiш берілген Тараптың құзыреттi органының сұрауы бойынша Роспатент
осы құзыреттi органға құпия өнертабысқа КСРО авторлық куәлiгi немесе
патентiн беруге өтiнiштер материалдарының куәландырылған көшiрмесiн
ұсынады.
Егер өтiнiш берушiлер арасында бiрлесе өтiнiш беру жөнiнде келiсімге
қол жетпеген жағдайда, қорғау құжатын беру жүргiзiлмейдi.
ТМД-ға мүше мемлекеттер үкiметтерінің басшылары кеңесi мәжiлiсiнiң
күн тәртiбiндегi III-10 тармақ бойынша Украинаның ескертпесi
"Өнертабыстарды құқықтық қорғау саласында мемлекетаралық
құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келiсiм туралы"
1999 жылғы 4 маусым
Украина үшiн Келiсiм мынадай толықтырулармен қолданыста болады:
4-бап - редакцияланған абзацпен:
"Әрбiр Тарап Роспатенттен құпия өнертабысқа КСРО авторлық куәлiгiн немесе патентiн беруге өтiнiштер материалдарын өнертабыс авторы (авторлары) өз аумағында өтiнiш берген ұйым арқылы қайтарып алуға құқылы. Мұндай жағдайда Роспатент өтiнiш берушi Тарапқа төрт ай iшiнде материалдарды салып жiбередi."
1-қосымшаның 6-тармағын - редакцияланған абзацпен:
"Егер құпия өнертабысқа КСРО авторлық куәлiгi немесе патентiн беруге өтiнiштер материалдарының құпиялығы дәрежесiн төмендету немесе құпиясыздандыру туралы шешiмдi Ресей патент және тауар таңбалары жөнiндегi агенттiгiнен осы материалдарды қайта шақыртып отырған Тарап қабылдаған жағдайда, бұл Тарап үш айлық мерзiм ішiнде өз шешiмi туралы уақытша жұмыс
тобына хабарлайды. Құпия өнертабысқа КСРО авторлық куәлiгi немесе
патентiне өтiнiштер материалдарын өтiнiш берушi Тараптың құпиясыздандыруы
туралы уақытша жұмыс тобы осы өнертабыстар туралы мәлiметтерi бар мүдделi
Тараптарға хабарлайды."
Украина делегациясының басшысы,
Украинаның Премьер-Министрі
Осымен, қоса тіркеліп отырған мәтіннің Минскіде 1993 жылғы 22
қаңтарда қол қойылған Мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара
қамтамасыз ету туралы келісімнің түпнұсқалық көшірмесі екенін
куәландырамын, оның түпнұсқа данасы Беларусь Республикасы Үкіметінің
Мұрағатында сақталады.
Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрлігі Шарт-құқық бөлімінің бастығы |
Мамандар:
Қасымбеков Б.А.
Жұманазарова А.Б.