Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Болгария Республикасы Үкіметінің арасындағы инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 15 мамыр N 202-II


     РҚАО-ның ескертуі. ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 14 қыркүйектегі N 1403 
                        Қаулысын - Келісімді бекіту туралы Қаулысын 
                        қараңыз.  

P991403_

  
     
     Софияда 1999 жылғы 15 қыркүйекте жасалған Қазақстан Республикасының 
Үкіметі мен Болгария Республикасы Үкіметінің арасындағы инвестицияларды 
өзара көтермелеу және қорғау туралы келісім бекітілсін. 
     
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
     
         Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Болгария Республикасы 
         Үкіметінің арасындағы Инвестицияларды өзара көтермелеу және 
                                қорғау туралы 
                                   Келісім* 
     
        2001 жылғы 20 тамыздан бастап күшіне енді - ҚР халықаралық 
               шарттары бюллетені, 2002 ж., N 3, 29-құжат. 


      Бұдан әрi "Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын Қазақстан

Республикасының Yкiметi мен Болгария Республикасының Yкiметi,
     өзара тиiмдi экономикалық ынтымақтастықты нығайтуды тiлей отырып, 
     бiр Уағдаласушы Тарап инвесторларының басқа Уағдаласушы Тараптың 
аумағында инвестицияларын көтермелеуге және жасауға оларды жүзеге 
асыруы үшiн тең құқықтық және өзара пайда негiзiнде жағдайларға ұмтыла 
отырып, 
     осы Келiсiмге сәйкес инвестицияларды көтермелеу мен өзара қорғаудың 
осы саладағы iскерлiк бастамашылыққа жағдай тудыратынын мойындай отырып,
     төмендегi туралы келісті: 
     
                                 1-бап
                               Анықтамалар
     Осы Келiсiмнiң мақсаты үшiн:


      1. "Инвестициялар" термині төмендегілер қамтылған жағдайда, бірақ олармен шектелмей, бiр Уағдаласушы Тарап инвесторының басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында инвестицияландырылған салымдарының кез келген түрiн бiлдiредi және бұл инвестициялар соңғысының заңдарына сәйкес жүзеге асуы шарт:
      а) жылжымалы және жылжымайтын мүлiк пен оған байланысты басқа да мүлiктiк құқықтар және ипотека, кепiл және басқалар түрiндегi нақты қамтамасыз етулер;
      б) акциялар, салымдар (пайлар), облигациялар және қоғамдарға немесе Уағдаласушы Тараптардың әрбiрiнiң заңдарына сәйкес тiркелген өзге де заңды тұлғаларға қатысудың басқа да нысандары;
      в) несиелер, ақша қаражаттары бойынша талап ету құқықтары мен экономикалық құндылығы бар басқа да құқықтар;
      г) авторлық құқық пен оған ұқсас құқықтарды қоса алғанда интеллектуалдық меншiк құқықтары, патенттер, лицензиялар, өнеркәсiптiк үлгiлер, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары, шығу жерлерiнiң атаулары, технологиялық процестер, ноу-хау және гудвилл;
      д) табиғат ресурстарының зерделеуге, барлауға, өндiру мен игеруге арналған құқықтарды қоса алғанда Уағдаласушы Тараптардың әрбiрiнiң заңдарына сәйкес берiлген шаруашылық қызметiн жүзеге асыруға арналған құқықтар.
      Өздерiнің аумағында инвестициялар жасалған Уағдаласушы Тараптың заңдарына қайшылық туындамаған жағдайда инвестициялар нысандарының кейінгі өзгеруі оларды инвестициялар ретiне тануға ықпал етпейдi.
      2. "Кiрiстер" деген термин табыс, дивидендтер, өсiмдер, кәсiпорынды басқарғаны үшін сыйақы сияқты инвестициялардың нәтижесiнде алынатын қаражатты және Уағдаласушы Тараптардың әрбiрiнiң заңдарына сәйкес алынатын басқа да қаражатты бiлдiредi.
      3. "Инвестор" деген термин Уағдаласушы Тараптардың әрбiрiне қатысты:
      - Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң оның қолданылып жүрген заңдарына сәйкес азаматы болып табылатын жеке тұлғаны;
      - Уағдаласушы Тараптардың әрбiрiнiң мемлекеттерiнiң заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлға құқығы бар немесе жоқ және оның аумағындағы кез келген компанияны, ұйымды немесе ассоциацияны бiлдiредi.
      4. "Аумақ" термині, бiр жағынан Қазақстан Республикасының егемендігіндегі аумақты, екiншi жағынан Болгария Республикасының егемендiгiндегi аумақты, тиiстi мемлекеттің егемендi құқықтары мен халықаралық құқыққа сәйкес юрисдикциясының жүзеге асуымен қамтылған аумақтық теңiзді, сондай-ақ континентальдік шельфті және айрықша экономикалық аймақты қоса алғанда бiлдiредi.
                                 2-бап



                 Инвестицияларды көтермелеу және қорғау

      1. Уағдаласушы Тараптардың әрбiрi өз аумағында Уағдаласушы Тарап инвесторларының инвестицияларын көтермелейдi, қорғайды және мұндай инвестицияларға өзiнің заңдарына сәйкес жол бередi.
      2. Уағдаласушы Тараптардың әрбiрі өзiнiң заңдарына сәйкес Уағдаласушы Тарап инвесторларының инвестицияларын толық қорғалу кепiлдiгiн бередi.
      3. Инвестициялардан түскен кiрiстер, ал екiншi рет инвестицияланған жағдайда (қайта инвестициялау) - екiншi рет инвестициялауда (қайта инвестициялау) түскен кiрiстер бастапқы инвестицияға секiлдi дәл сондай қорғауды пайдаланады.
      4. Уағдаласушы Тараптардың әрбiрi өз заңдарына сәйкес өзiнiң аумағындағы басқа Уағдаласушы Тараптың инвестициялық қызметтi жүзеге асырушы азаматтарының келуi, болуы, жұмысы мен жүрiп-тұруына қатысты мәселелердi қолайлы түрде қарайтын болады.
                                 3-бап



                      Инвестициялардың құқықтық режимi

      1. Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы өзiнің аумағында басқа Уағдаласушы Тараптың инвесторлары жасаған инвестицияларға және инвестицияларға байланысты қызметке инвестицияларды басқару мен оларға иелiк етуге кедергi келтiруi мүмкiн кемсiтушiлiк сипаттағы шараларды болдырмайтын әдiл де, тең құқықтық режим беретiн болады.
      2. Осы Баптың 1-тармағында көрсетiлген режим, өз инвесторларының немесе кез келген үшіншi мемлекеттiң инвесторларының инвестицияларына байланысты инвестициялары мен қызметiне берiлетiн қолайлы режимнен кем болып табылмайды.
      3. Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы шетелдiк инвесторлардың қызметiне қатысты шектеу немесе ерекшелiкке жол берiлетiн қызметтiң салалары мен аяларын айқындау құқығын өзiнде қалдырады. Алайда, кез келген жаңа ерекшелiк жоғарыда айтылған ерекшелiк күшiне енгеннен кейін жасалған инвестицияларға ғана қолданылатын болады.
      4. Осы Баптың 2-тармағының ережелерiмен берiлетiн мейлiнше қолайлы жағдай режимi Уағдаласушы Тарап беретін немесе болашақта беретiн артықшылықтарға мына жағдайларда қолданылмайды:
      а) қазiргi немесе болашақтағы кеден одағына қатысу, еркiн сауда

аймағына, экономикалық қоғамдастықтарға немесе осы секiлдi басқа да 
институттарға қатысу;
     б) қос салық салуды жою туралы келiсiмдерге немесе салық мәселелерi 
жөнiндегi басқа да келiсiмдерге қатысу. 
     5. Кiрiстердi қайта инвестициялауға қатысты бастапқы инвестицияларға 
секiлдi режимдi қолданылады. 
                                 4-бап
                              Залалды өтеу
     Басқа Уағдаласушы Тарап инвесторларының инвестицияларына аумағында 
соғыстың немесе басқа да қарулы жанжалдың, төтенше жағдай енгiзудiң 
немесе осы секiлдi өзге де жағдаяттардың нәтижесiнде залал келтiрiлген 
уағдаласушы Тарап мұндай инвесторларға жоғарыда аталған жағдаяттардың 
нәтижесiнде оларға келтiрiлген залалдарын өтеу кезiнде кез келген үшiншi 
мемлекеттiң инвесторларына берілетiн режимнен кем емес қолайлы режим 
береді.
                                 5-бап
                             Экспроприация 


      Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң инвесторларының басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында жүзеге асырған инвестициялары, заңда белгiленген тәртiппен мемлекеттiң аса маңызды мұқтаждықтары үшiн қолданылатын, кемсiтушiлiк болып табылмайтын және дереу төлем мен тиiстi өтем жағдайларды қоспағанда, экспроприациялануы немесе мемлекет меншігіне айналуы мүмкiн емес;
      Дәл сол шарттар инвестицияларды қоғамдық меншiкке трансформациялау кезiнде де, оларды қоғамдық бақылауға беру кезiнде де, сондай-ақ өзiнiң салдары бойынша мемлекет меншігіне айналдырумен тең Уағдаласушы Тараптар әрқайсысының инвесторларының меншiк құқықтарын егемендi шаралар арқылы кез келген шектеу немесе тоқтату кезiнде де қолданылатын болады.
       Осы өтемдi төлеу инвестордың елiне еркiн аударуға жатады.
                                 6-бап



                Инвестицияларға байланысты төлемдердi аудару

      1. Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы басқа Уағдаласушы Тараптың инвесторларына олар барлық салықтық мiндеттемелердi орындағаннан кейiн инвестицияларға байланысты және атап айтқанда мынадай төлемдердi кедергісiз аударуға рұқсат етедi:
      а) бастапқы күрделi салым сомалары және инвестицияларды қолдауға немесе ұлғайтуға арналған қосымша сомалар;
      б) инвестициялардан түсетiн кiрiстер;
      в) инвестицияларды толық немесе iшiнара жоюы нәтижесiнде инвестордың алған сомалары;
      г) займдарды, патенттік жарналарды, басқа да жұмсалымдарды төлеу ретінде инвестициялардың қызмет етуінен туындайтын шығыстарды төлеуге арналған қажетті сомалар;
      д) осы Келiсiмнiң 4 және 5-баптарына сәйкес өтемдер;
      е) басқа Уағдаласушы Тарап азаматтарының бiрiншi Уағдаласушы Тараптың аумағында жүзеге асырылған инвестицияларға байланысты орындалатын жұмыстары мен қызмет көрсетулері үшін оның заңдарында көзделген мөлшерде және тәртіпте алатын еңбекақысы мен басқа да сыйақылары;
      ж) инвестициялық дауды шешу кезiнде туындайтын төлемдер.
      2. Осы Баптың 1-тармағында көрсетiлген төлемдердi аудару аумағында инвестиция жасалған Уағдаласушы Тараптың аудару күніндегі Валюта бағамы бойынша еркін аударылатын валютада мемлекеттердiң ұлттық заңдарына сәйкес, салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдер төленген жағдайда кiдiрiссiз жүзеге асырылады.
      3. Уағдаласушы Тараптар әрқайсысы мемлекеттерiнiң заңдарына сәйкес осы Баптың тақырыбы болып табылатын барлық аударуларға кез келген үшiншi мемлекет инвесторларының аударуларына жасалғаннан кем емес қолайлы режим бередi.
                                 7-бап

Суброгация


      1. Егер Уағдаласушы Тарап өзiнiң инвесторына төлемдi инвестицияларға байланысты жасалған кепiлдiк немесе сақтандыру шартының негiзiнде жүргiзетiн болса, басқа Уағдаласушы Тарап бiрiншi Уағдаласушы Тарапқа инвестордың құқықтар мен мiндеттемелерiн берудi таниды. Инвестордың құқықтары өзiне көшкен Уағдаласушы Тарап инвестор секiлдi осындай түрде сақтандырылған инвестицияларға байланысты инвестордың міндеттемелеріне қатысты ескерiлген дәл сол құқықтарға ие болады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген суброгация жағдайында, егер оған Уағдаласушы Тарап уәкiлеттiк бермесе инвестор талаптар қоя алмайды.
                                 8-бап



               Уағдаласушы Тараптардың арасындағы даулар

      1. Уағдаласушы Тараптардың арасындағы осы Келiсiмдi түсiндiруге немесе қолдануға қатысты даулар Уағдаласушы Тараптардың арасында мүмкiндiгiнше келiссөздер жүргiзу арқылы шешiледi.
      2. Егер Уағдаласушы Тараптардың арасындағы дау келiссөздер жүргiзу басталған сәттен бастап алты айдың ішiнде мұндай түрде шешiлмейтiн болса, онда Уағдаласушы Тараптардың кез келгенiнiң талап ету бойынша ол төрелiк сотының қарауына берiлуi мүмкiн.
      3. Мұндай төрелiк соты әрбiр нақты жағдайға қатысты мынадай түрде құрылады: төрелiк туралы өтiнiштi алған сәттен бастап үш ай ішiнде Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы соттың бiр мүшесiн тағайындайды. Осы екi мүше үшiншi мемлекеттiң азаматын сайлайды, ол Уағдаласушы Тараптардың мақұлдауынан кейiн соттың төрағасы болып тағайындалады. Төрелiк сотының төрағасы соттың басқа екi мүшесiн тағайындаған сәттен бастап екi айдың ішiнде тағайындалуы тиiс.
      4. Егер осы Баптың 3-тармағында көрсетiлген мерзiмде қажеттi тағайындаулар жасалмаған болса, онда өзге уағдаластық болмаған жағдайда, Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы Халықаралық соттың төрағасына мұндай тағайындауларды жасау жөнiнде өтiнiш жасай алады. Егер Төраға Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң азаматы болып табылса, немесе әлдебiр өзге себептер бойынша көрсетiлген функцияны орындай алмайтын болса, қажетті тағайындау жасау жөнiндегi өтiнiш Халықаралық соттың Вице-Төрағасына жасалуы мүмкiн. Егер Вице-Төраға Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң азаматы болып табылса, немесе көрсетiлген функцияны орындай алмайтын болса, қажетті тағайындау жасау жөнiндегi өтiнiш Халықаралық соттың Уағдаласушы Тараптардың азаматы болып табылмайтын ағалығы бойынша келесi мүшесiне жасалуы мүмкiн.
      5. Төрелiк соттың Төрағасы мен мүшелерi Уағдаласушы Тараптардың екеуi де дипломатиялық қатынасты ұсынатын мемлекеттердiң азаматтары болуы тиiс.
      6. Төрелiк сот өз шешiмiн осы Келiсiм ережелерiнiң, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттарымен басым дауыспен енгiзедi. Мұндай шешiм түпкiлiктi және екi Уағдаласушы Тарап үшiн мiндеттi болып табылады. Сот өз жұмысының тәртiбiн дербес айқындайды.
      7. Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы өзiнiң соттың мүшесiн тағайындау қызметiне және төрелiк процесiндегi өзiнiң өкiлдiгiне байланысты шығыстарды көтередi. Уағдаласушы Тараптар сот төрағасының қызметіне байланысты және басқа да шығыстарды тең үлестік негізде көтереді.
                                 9-бап



              Уағдаласушы Тарап пен Екiншi Уағдаласушы Тарап
                 Мемлекет инвесторының арасындағы даулар

      1. Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң инвесторы мен басқа Уағдаласушы Тараптың осы Келiсiмге сәйкес оның мiндеттемелерiне қатысты және бiрiншi Уағдаласушы Тарап инвесторының инвестицияларды жүзеге асыруына байланысты туындайтын даулар мүмкiндiгiнше келiссөздер арқылы шешiледi.
      2. Дау осы түрде оның туындау сәтiнен бастап алты айдың ішiнде шешiлмейтiн болса, онда ол аумағында инвестициялар жүзеге асырылған Уағдаласушы Тараптың құзыреттi сотының немесе төрелiгiнiң қарауына берiлуi мүмкiн.
      3. Осы Келiсiмнiң 5 және 6-баптарының негiзiнде даулар Бірiккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық сауда құқығы жөнiндегi комиссиясының Төрелiк регламентiне сәйкес (UNСINRАL) "ad-hoc" төрелiк соттың қарауына немесе Уағдаласушы Тараптардың екеуi "Мемлекеттер мен басқа мемлекеттер азаматтарының арасындағы Инвестицияларға қатысты дауларды шешу туралы" 1995 жылғы 18 наурыздағы Вашингтон Конвенциясына қосылуы жағдайында, инвестор осы Баптың 2-тармағына сәйкес талап қою құқығын пайдаланбауы шартында Инвестициялар бойынша дауларды шешу жөніндегі халықаралық орталығына берiлуi мүмкiн.
      Осы мақсатта кез келген Уағдаласушы Тарап жоғарыда аталған халықаралық төрелiк рәсiмiн қолдануға өздерінiң келiсiмiн мәлiмдеуi тиiс.
      4. Төрелiк сот өз шешiмi аумағында инвестициялар жүзеге асырылған Уағдаласушы Тараптың заңдарының, осы Келiсiмнiң ережелерiнiң, сондай-ақ жалпыға бірдей танылған халықаралық құқықтың қағидаттары мен нормаларының негiзiнде қабылдайды.
      5. Төрелiк соттың шешiмi түпкiлiктi және екi Тарап үшiн дауда мiндетті болып табылады және аумағында инвестициялар жүзеге асырылған Уағдаласушы Тараптың ұлттық заңдарына сәйкес орындалады.
      6. Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы өзі тағайындаған сот мүшесінің қызметiне және төрелiк процестегi өзiнiң өкiлдiгiне байланысты шығыстарды көтереді, ал сот төрағасының қызметiне байланысты және өзге де шығыстарды Уағдаласушы Тараптар тең үлестерде көтередi.
      7. Даудың тарабы болып табылатын Уағдаласушы Тарап төрелiк

рәсiмнiң немесе соттың шешiмiн орындаудың кез келген сатысында инвесторға 
келтiрiлген залалдың бүкiл немесе бiр бөлiгiн қамтитын сақтандыру шартының 
негiзiнде алу өтем фактiсiне сүйене алмайды.
                                 10-бап
                             Консультациялар
     Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы басқа Уағдаласушы Тарапқа осы 
Келiсiмдi түсiндiруге немесе қолдануға қатысты мәселелер бойынша 
консультациялар өткізудi ұсына алады. Басқа Уағдаласушы Тарап осы 
консультацияларды өткiзу жөнiнде қажеттi шаралар қолданады.
                                 11-бап
                               Қолданылуы
     Осы Келiсiмнiң ережелерi ол күшiне енген сәтiнен 1991 жылдың 16 
желтоқсанынан бастап жүзеге асырылған инвестицияларға да қолданылады.
                                 12-бап
                            Қорытынды ережелер


      1. Осы Келiсiм бекiтуге жатады және бекiту грамоталарымен алмасу күнінен отыз күн өткен соң күшiне енедi және он бес жыл бойы қолданылатын болады.
      2. Егер Уағдаласушы Тараптардың бiрде-бiрi басқа Уағдаласушы Тарапқа бастапқы мерзiм өткенге дейiн осы Келiсiмнiң қолданылуын тоқтату жөнiндегi өзiнiң ниетi туралы кемiнде он екi ай бұрын жазбаша түрде хабарламаса, оның қолданылуы өздiгінен келесi бес жылдық мерзiмдерге ұзартылады.
      3. Осы Келiсiмнiң қолданылуын тоқтату күнiне дейiн жүзеге асырылған инвестицияларға қатысты осы Келiсiмнiң 1-11-баптарының ережелерi, оның қолданылуын тоқтату күнiнен бастап одан арғы он жыл бойы күшiнде қалатын болады.
      4. Осы Келiсiмге уағдаласушы Тараптардың арасындағы жазбаша келiсiм бойынша түзетулер енгізiлуi мүмкiн. Кез келген түзету Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы басқа Уағдаласушы Тарапқа мұндай түзетудi күшiне енгiзуге кедергi келтiретiн өзiнiң барлық рәсімдерін реттегенiн

хабарлағанда күшiне енуi тиiс.
     София қаласында 1999 жылғы 15 қыркүйекте екi түпнұсқа данада қазақ, 
болгар және орыс тiлдерiнде жасалды және де барлық мәтiндердің күші 
бiрдей. Осы Келiсiмдi түсiндiруге байланысты даулар туындаған жағдайда 
Уағдаласушы Тараптар Келiсiмнiң орыс тiлiндегi мәтiнiн пайдаланатын болады.
     
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады