Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдары құрамаларының мәртебесі туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 5 шілде N 224-II

      Бішкекте 2000 жылғы 11 қазанда жасалған Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдары құрамаларының мәртебесі туралы келісім бекітілсін.
 

     Қазақстан Республикасының

             Президенті


 
 
              Ұжымдық қауiпсiздiк жүйесiнің күштерi мен құралдары
                      құрамаларының мәртебесi туралы
                                 КЕЛIСIМ
 
      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шартқа және осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттер,
      1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарттың (бұдан әрi - Шарт) 4-бабын iске асырудың тиiмдi механизмiн құру және терроризмге қарсы бiрлескен операцияларды жүргiзу мiндеттерiн негiзге ала отырып,
      Тараптардың бiрiнiң (бiрнеше Тараптардың) әскери құралымдары көрсетiлген мiндеттердi орындау үшiн екiншi Тараптың аумағына оның өтiнiшi немесе оның келiсiмi бойынша Ұжымдық қауiпсiздiк кеңесiнiң шешiмiмен уақытша жiберiлуi мүмкiн екендiгiн ескере отырып,
      өзiнің БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарына адалдығын құптай отырып, халықаралық құқық нормаларын, сондай-ақ қару-жарақты бақылауға және сенiм бiлдiру мен қауiпсiздiк жөнiндегi шараларға қатысты жасалған халықаралық актiлердi сақтай отырып,
      мұндай әскери құрылымдардың Тараптардың аумақтарында уақытша болуы үшiн құқықтық негiз құруға тiлек бiлдiре отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:
 
                                1-бап
 
      Осы Келiсiмнің мақсаттары үшiн қолданылатын терминдер мыналарды бiлдiредi:
      "ұжымдық қауiпсiздiк жүйесiнiң күштерi мен құралдарын қалыптастыру (әскери құрылымдар)" - бiр немесе бiрнеше Тараптарға қарсы сыртқы әскери агрессияға тойтарыс беру мақсатында жасақталатын әскерлердiң (күштердiң) коалициялық (аймақтық) топтары құрамына, Тараптардың аумақтарында терроризмге қарсы бiрлескен операциялар немесе командалық-штабтық және әскери жаттығулар өткiзуге арналған және осы Келiсiмге қатысушы басқа мемлекеттердің аумақтарына уақытша жiберiлген жиынтық (көп жақты) әскери құрылымдардың құрамына Тараптардың ұлттық қарулы күштерi мен басқа да әскерлерiнен бөлiнген бiрлестiктерi, құрамалары, әскери бөлiмдерi және бөлiмшелерi. Әскери құрылымдардың құрамына сондай-ақ жiберушi Тараптың тиiстi соттарының, прокуратура мен қауiпсiздiк органдарының өкiлдерi ене алады;
      "әскери құрылымдардың мәртебесi" - сыртқы әскери агрессияға тойтарыс беру, терроризмге қарсы бiрлескен операциялар немесе командалық-штабтық және әскери жаттығулар өткiзу мақсатында осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң аумақтарында уақытша болатын Тараптар әскери құрылымдарының құқықтық жағдайы;
      "әскери құрылымдардың жеке құрамы" - әскери құрылымдар құрамында әскери қызмет атқаратын әскери қызметшiлер, сондай-ақ әскери құрылымдардың әскери бөлiмдерiнде, ұйымдарында және мекемелерiнде жұмыс iстейтiн азаматтық тұлғалар (азаматтық қызметкерлер) немесе азаматтық мамандар ретiнде әскери құрылымдарға уақытша iссапарға жiберiлгендер;
      "Әскери құрылымның қолбасшылығы" - сыртқы әскери агрессияға тойтарыс беру мақсатында құрылған әскерлердің (күштердің) коалициялық (аймақтық) тобының қолбасшылығы немесе Тараптардың аумақтарында терроризмге қарсы бiрлескен операциялар, командалық-штабтық және әскери жаттығулар өткiзуге арналған және Келiсiмге қатысушы басқа мемлекеттердiң аумақтарына уақытша жiберiлген жиынтық (көп жақты) әскери құрылымның қолбасшылығы;
      "жiберушi Тарап" - әскери құрылым тиесілi мемлекет;
      "қабылдаушы Тарап" - қойылған мiндеттердi орындау үшiн аумағында әскери құрылымдар уақытша орналастырылатын немесе аумағы арқылы әскери құрылымдар транзитi жүзеге асырылатын мемлекет;
      "әскери құрылымдардың жылжымалы мүлкi" - жiберушi Тараптың меншiгi болып табылатын штаттық (тiзiмдiк) әскери-техникалық мүлiк, барлық қару-жарақтың, әскери техниканың, көлiктiң барлық түрлерi және әскери құрылымдардың жұмыс iстеуi үшiн қажеттi басқа да материалдық-техникалық құралдар;
      "жылжымайтын мүлiк (жылжымайтын мүлiк объектілерi)" - жер учаскелерi және оларда орналасқан казармалар мен тұрғын үйлер, коммуналдық құрылыстар, әскери кәсiпорындар (мекемелер), темiр жолдың кiрме жолдары, әуеайлақтар, оқу орталықтары мен полигондар, стационарлық басқару пункттерi мен байланыс тораптары, радиотехникалық және навигациялық қамтамасыз етудiң стационарлық құралдары, арсеналдардың, сақтау базаларының, қоймалардың үй-жайлары мен ғимараттары, қабылдаушы Тараптың меншiгi болып табылатын және оның келiсiмi бойынша басқа Тараптар әскери құрылымдарының уақытша пайдалануындағы өзге де инфрақұрылым объектiлерi.
 
                                2-бап
 
      Сыртқы әскери агрессияға бiрлесiп тойтарыс беру, терроризмге қарсы бiрлескен операциялар немесе командалық-штабтық және әскери жаттығулар өткiзу үшiн Тараптар ұлттық заңнамамен белгіленген тәртiп бойынша осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң өтiнiшiмен және келiсiмiмен олардың аумақтарына өздерiнiң әскери құрылымдарын жiбере алады.
      Әскери құрылымдарды олардың орналасатын жерлерiне енгiзу, олардың мiндеттерi, құрамы, саны, сондай-ақ олардың жiберiлген Тараптың аумағында болатын уақыты туралы шешiмдi Ұжымдық қауiпсiздiк кеңесiнiң мүшелерi - Тараптар мемлекеттерiнiң басшылары қабылдайды.
      Әскери құрылымдардың құрамына материалдық жабдықтар запасымен қоса бөлiнген бiрлестiктер, құрамалар, әскери бөлiмдер және бөлiмшелер олардың командирлерi өздерi жiберiлген Тараптың шекарасын кесiп өткендiгi туралы баяндағаннан кейiн Әскери құрылым қолбасшылығының бағынысына көшедi.
 
                                3-бап
 
      Қабылдаушы Тараптың аумағына қосымша әскери құрылымдар енгiзу, сондай-ақ жасақталған коалициялық (аймақтық) әскерлер (күштер) топтарын немесе жиынтық (көп жақты) әскери құрылымдарды нығайту мақсатында қосымша қару-жарақ, әскери техника және материалдық-техникалық құралдар жеткiзу Ұжымдық қауiпсiздiк кеңесiнiң шешiмi негiзiнде және қабылдаушы Тараптың келiсiмiмен жүзеге асырылады.
      Әскери құрылымдарды қайта орналастыру (қайта топтастыру), оларды ауыстыру қорғаныс министрлiктерiмен, сондай-ақ жiберушi және қабылдаушы Тараптардың әскери қызметтi атқару көзделген өзге де ведомстволарымен, сондай-ақ Әскери құрылым қолбасшылығымен келiсiлген жоспарлар бойынша жүзеге асырылады.
      Қалыптасқан жағдайға байланысты Әскери құрылымның қолбасшылығы қабылдаушы Тараптың құзыреттi органдарымен бiрлесе отырып, қойылған мiндеттердi орындау үшiн қажеттi қосымша ережелер мен нормалар белгiлей алады.
 
                                4-бап
 
      Әскери құрылымдар қабылдаушы Тараптың келiсiмiмен оның аумағында бөлiнген жер учаскелерi (аудандар) мен объектiлер шегiнде командалық-штабтық және әскери жаттығулар және олардың қойылған мiндеттердi орындауына байланысты жедел әрi жауынгерлiк әзiрлiк жөнiндегi басқа да iс-шаралар өткiзе алады. Бұл орайда жаттығу өткiзiлетiн аудандарды, оның тәртiбi мен мерзiмдерiн, қатысатын әскери құрылымдар санын, олардың жүрiп-тұру бағыттарын, оқ ату кезеңдерiн, қауiпсiздiк аймақтарын, экологиялық және басқа да мәселелердi Әскери құрылымның қолбасшылығы қабылдаушы Тараптың әскери басқару органдарымен келiседi.
      Бұл iс-шараларды бөлiнген аудандар мен объектiлерден тыс жерлерде өткiзуге қабылдаушы Тараптың құзыреттi органдарымен келiсу және оны әскери басқарма органдарына алдын ала жазбаша хабарлау арқылы ғана жол берiледi.
 
                                5-бап
 
      Егер Ұжымдық қауiпсiздiк кеңесiнiң шешiмiмен басқаша белгiленбеген болса, қабылдаушы Тарап белгiленген ауданға бара жатқан немесе транзитпен өтетiн жеке құрамы, техникасы, қару-жарағы және өзге де материалдық-техникалық жабдықтары бар әскери эшелондардың, әуе және теңiз (өзен) кемелерi мен корабльдердiң, автомобиль колонналарының өзiнің мемлекеттiк шекарасын кесiп өтетiн жерiн, уақытын және тәртiбiн басқа Тараптарға жазбаша хабарлайды және олардың өз аумағы бойынша кедергiсiз және өтеусiз жүрiп өтуi үшiн қажеттi жағдайлар туғызады, сондай-ақ инфрақұрылым объектiлерiн орналастыру мен пайдалануды да өтеусiз қамтамасыз етедi.
 
                                6-бап
 
      Қабылдаушы Тарап әскери құрылымдарды талап етілетiн жер учаскелерiмен, ғимараттармен (құрылыстармен) және инфрақұрылым объектiлерiмен өтеусiз қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыру жауапкершілiгiн өзiне алады. Егер Ұжымдық қауiпсiздiк кеңесiнiң шешiмiмен басқаша белгiленбеген болса, аталған iс-шаралар қабылдаушы Тараптың оның соған ұқсас әскери құрылымдары құрамын қоныстандыруды және пәтерлерге орналастыруды айқындайтын заңнама талаптарына сәйкес болуы тиiс.
      Қабылдаушы Тарап әскери құрылымдарға олардың алға қойған мiндеттерiн орындауы үшiн қажеттi мөлшердегi электр қуатын, суды өтеусiз негiзде бередi, коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсетудi қамтамасыз етедi.
      Күнделiктi қызметтi, медициналық, коммуналдық-тұрмыстық қызметтердi, көлiк қызметiн, сондай-ақ байланыс органдарының қызметiн көрсетудi ұйымдастыру мәселелерi бойынша Әскери құрылымның қолбасшылығы Қорғаныс министрлiгiмен және әскери қызмет көзделген басқа ведомстволармен, қабылдаушы Тараптың әкiмшiлiк және шаруашылық ведомстволарымен бiрлесiп жұмыс жасайды, олармен ақшалай есеп айырысулар жүргiзуге және сол мақсат үшiн тиiстi есеп шоттар мен қаражат ұстауға құқылы.
      Қабылдаушы Тарап әскери құрылымдарды есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетумен толық ауқымда қамтамасыз етедi.
      Ерекше жағдайларда, қажеттiлiгiне қарай әскери құрылымдардың күнделiктi қызметiн ұйымдастырудың қосымша мәселелерi Тараптар арасындағы жеке хаттамалармен айқындалуы мүмкiн.
 
                                7-бап
 
      Әскери құрылымдардың жеке құрамы қабылдаушы Тараптың егемендiгi мен заңнамасын құрметтеуi, осы Келiсiмнiң рухына үйлесiмсiз кез келген iс-әрекеттен тартынуы, қабылдаушы Тараптың iшкi iстерiне араласпауы, алға қойған мiндеттердi орындаудан басқа саяси iс-қимылдарға және оның аумағындағы жанжалдарға қатыспауы тиiс. Бұл тұрғыда жiберушi Тарап қажеттi шаралар қолдануға мiндеттi.
      Тараптардың аумақтарында уақытша орналасқан әскери құрылымдардың әскери қызметшiлерi Тараптардың ұлттық қарулы күштерiнiң нысанды әскери киiмiн киедi және айырым белгiлерiн тағынады. Қажет болған жағдайда, Әскери құрылым қолбасшылығының шешiмi бойынша әскери құрылымның әскери қызметшiлерi үшiн ортақ айырым белгiлерi белгiленуi мүмкiн.
      Әскери құрылымдар құрамындағы адамдар Әскери құрылым қолбасшылығының бұйрығына сәйкес қаруын өзiмен бiрге алып жүруге құқылы.
      Әскери құрылымдардың тұрған орындарынан тысқары жерлерде олардың құрамына кiретiн адамдардың қару алып жүруiне алға қойған жауынгерлiк мiндеттер мен күзету функцияларын орындау кезiнде ғана рұқсат етiледi.
      Көлiк құралдарында, қару-жарақ пен әскери техникада Тараптар ұлттық қарулы күштерiнiң айырым белгілерi болуы тиiс. Қажет болған жағдайда Әскери құрылым қолбасшылығының шешiмi бойынша әскери құрылымдардың көлiк құралдары, қару-жарағы және әскери техникасы үшiн ортақ айырым белгiлерi белгіленуi мүмкiн.
      Тараптардың ұлттық қарулы күштерiнде қолданылып жүрген тәртiпке сәйкес және қабылдаушы Тараптың заңнамасын ескере отырып әскери құрылымдар жеке күзетi мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдануға құқылы.
      Егер Ұжымдық қауiпсiздiк кеңесiнiң шешiмдерiмен басқаша белгiленбеген болса, Әскери құрылым қолбасшылығы тыйым салынған аймақтар мен қауiпсiздiк аймақтарын белгiлеудi қабылдаушы Тараптың құзыреттi органдарының келiсiмi бойынша жүзеге асырады.
 
                                8-бап
 
      Тараптар әскери құрылымдардың және олардың жүктерiнiң тағайындалған орындарына өздерiнiң аумақтары бойынша кедергiсiз өтуiн, сондай-ақ алдын-ала берiлген тапсырыс негiзiнде темiр жол, автомобиль, теңiз, өзен және әуе көлiктерiнiң, сондай-ақ көлiк коммуникацияларының бiрiншi кезекте берiлуiн қамтамасыз етедi.
      Авиация ұшулары Тараптардың әскери басқару органдарымен, әуе қозғалысын басқару органдарымен және әуе бақылау органдарымен келiсiлген бағыттар бойынша, сондай-ақ аймақтарда (аудандарда) орындалады. Әскери және азаматтық әуеайлақтарда әскери әуе кемелерiн қабылдауды, әуеайлақтық-техникалық қамтамасыз етудi және күзетудi Тараптардың әуеайлақтық қызметтерi өтеусiз жүзеге асырады.
      Тараптардың әскери құрылымдарының корабльдерi мен кемелерi қабылдаушы Тараптың суларында жүзуi және олардың порттарында болуы алға қойған мiндеттердi орындау қажеттiлiгi ескерiле отырып, қабылдаушы Тараптың белгiлеген тәртiбiне сәйкес жүзеге асырылады.
 
                                9-бап
 
      Әскери құрылымдардың құрамына кiретiн адамдарға қабылдаушы Тараптың аумағына кiретiн кезде және оның аумағынан шығатын кезде визалық бақылау қолданылмайды. Оларға сондай-ақ қабылдаушы Тараптың шетелдiктердi тiркеуге және оларды бақылауды жүзеге асыруға қатысты заңнамасы қолданылмайды. Әскери құрылымдардың құрамына кiретiн адамдар қабылдаушы Тараптың аумағында тұрақты тұруға қандай да бiр құқық алғандар ретiнде қаралмайды.
 
                                10-бап
 
      Мемлекеттiк шекарадан өткiзу пункттерiнде әскери құрылымдардың командирлерi қабылдаушы Тараптың аумағына келу мақсатын көрсете отырып, жiберушi Тараптың құзыреттi органдары куәландырған әскери құрылымдардың құрамына кiретiн адамдардың атаулы тiзiмiн, қару-жарақтың, әскери техниканың және материалдық-техникалық құралдардың тiзбесiн көрсетедi.
      Әскери құрылымдардың әскери қызметшiлерi Тараптардың мемлекеттiк шекараларынан өту кезiнде ұлттық қарулы күштердiң нысанды әскери киiмiн киюлерi тиiс. Қызметтiк автокөлiктер, әскери техника тiркеу нөмiрiне қосымша олардың мемлекеттiк тиiстiлiгiн көрсететiн, айқын көрiнетiн белгiмен жабдықталуы тиiс.
      Әскери құрылымдардың құрамына кiретiн адамдар қабылдаушы Тараптың мемлекеттiк шекарасынан жiберушi Тараптың заңнамасымен белгiленген, олардың жеке басын және әскери құрылымдарға қатыстылығын куәландыратын құжаттарын көрсету арқылы өтедi.
      Тараптар әскери құрылымдардың құрамына кiретiн, Тараптардың мемлекеттiк шекараларынан өтетiн адамдарға жеке адамдардың өндiрiстiк және өзге де коммерциялық қызметке арналмаған тауарларды кедендiк төлемдердi өндiрiп алмастан алып өтуi туралы Тараптардың ережелерiне сәйкес әкелуге және әкетуге Тараптардың ұлттық заңнамасы тыйым салған тауарлардан басқа жеке заттарын және валюталық құндылықтарды алып өту құқығын бередi.
 
                                11-бап
 
      Ұжымдық қауiпсiздiк жүйесiнiң күштерi мен құралдарының құрылымдары алға қойған мiндеттердi орындау үшiн қару-жарақты, әскери техниканы және материалдық-техникалық құралдарды қажеттi көлемде баж салығынсыз енгiзедi.
      Қабылдаушы Тарап өзiнiң аумағында жауынгерлiк техниканы, оқ-дәрiнi, қызметтiк көлiк, әскери техника, әуе және теңiз (өзен) кемелерi мен корабльдерi үшiн пайдаланылатын қосалқы бөлшектердi, отынды, майлайтын материалдарды, сондай-ақ басқа да материалдық-техникалық жабдықтарды (ескертiлген) әскери құрылымдардың орналасқан жерлерiне жеткiзу үшiн барлық қажеттi шараларды жүзеге асырады.
      Қабылдаушы Тарап Әскери құрылымның қолбасшылығына көрсетiлетiн, соның iшiнде осы Келiсiмнiң 6-бабында санамаланған қызметтерге салық салмайды.
      Әскери құрылым қолбасшылығының бiрегейлендiру құралдарымен қамтамасыз етiлген қызметтiк құжаттары (хат-хабар) кедендiк тексеруге жатпайды. Бұл құжаттарды алып жүретiн шабарманның қолында бар оның өкiлеттiгiн және құжаттардың саны мен салынған түрiн қамтамасыз ету туралы мәлiметтi куәландыратын оларды жеткiзу туралы өкiм болуы керек. Өкiмдi ол туралы мәлiметтер Тараптардың шекара және кеден органдарына берiлетiн уәкiлеттi адамдар куәландырады.
      Осы Келiсiмдi iске асыру мақсатында ұжымдық қауiпсiздiк жүйесiнiң күштерi мен құралдарының құрылымдары алып жүретiн қару-жарақты, әскери техниканы және материалдық-техникалық жабдықтарды әкелу және әкету жiберушi және қабылдаушы Тараптардың уәкiлеттi органдарымен келiсiлген тiзбелер негiзiнде тарифтiк емес реттеу мен баждардың, салықтардың және алымдардың барлық түрлерiн өндiрiп алу шаралары қолданылмай басымдылық берiлетiн тәртiппен жүзеге асырылады.
      Тараптар мемлекеттiк шекарадан өту кезiнде әскери құрылымдарға арнаулы (кезектен тыс) жағдайлар жасайды.
      Кедендiк төлемдер төлеуден босату мүмкiндiгiн берген кезде Тараптар ұлттық заңнама шегiнде терiс пайдалануды болдырмау үшiн қажет деп санайтын шарттардың орындалуын талап ете алады.
 
                                12-бап
 
      Қабылдаушы Тарап жеке немесе заңды тұлғаға келтiрiлген және өзінiң азаматының қайтыс болуына, дене жарақатын алуына және еңбек қабiлетiнiң жойылуына байланысты, сондай-ақ оның жылжымайтын мүлкiне, табиғат ресурстарына, мәдени және тарихи құндылықтарына келтiрiлген залалдың, егер ондай залал оның аумағында сыртқы әскери агрессияға тойтарыс беру, террористiк әскери құрылымдарды тарату жөнiндегi мiндеттердi орындау кезiнде және жеке қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды жүзеге асыру кезiнде келтiрiлген болса, залалдың орнын толтыруға байланысты жiберушi Тарапқа және Әскери құрылымның қолбасшылығына қандай да бiр талап қоюдан бас тартады.
 
                                13-бап
 
      Қабылдаушы Тараптың аумағында уақытша болған кезiнде әскери құрылымдар оның пайдаланылатын жылжымайтын мүлкiнiң, табиғи ресурстарының, мәдени және тарихи объектiлерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi.
      Қабылдаушы Тараптың пайдаланылатын жылжымайтын мүлкiнiң сақталуы үшiн, сондай-ақ әскери құрылымдар орналасқан (қоныстанған) аудандардағы экологиялық қауiпсiздiк нормаларының сақталуы үшiн жауапкершiлiктi Әскери құрылымның қолбасшылығы көтередi.
      Әскери құрылымдардың қабылдаушы Тараптың жеке тұлғаларына, жылжымалы және жылжымайтын мүлкiне осы Келiсiмнiң 12-бабында ескертiлген мiндеттердi орындауға байланысты емес жағдайларда келтiрiлуi мүмкiн залалдың орны Тараптар арасындағы уағдаластық бойынша, ал келiспеушiлiк туындаған жағдайда осы Келiсiмнiң 16-бабына сәйкес толтырылады.
      Жiберушi Тараптың әскери құрамаларына келтiрілген материалдық залалдың орнын толтыру, сондай-ақ олардың құрамына кiретiн адамдарға немесе олардың мұрагерлерiне өтемақы төлеу, егер бұл залал қабылдаушы Тараптың заңды тұлғаларының немесе азаматтарының, оның аумағындағы үшiншi елдердiң азаматтарының әрекетi немесе қателiгi салдарынан келтiрiлген болса, Келiсiм комиссиясы белгiлеген мөлшерде жүзеге асырылады.
 
                                14-бап
 
      Тараптардың әрқайсысы әскери құрылымдардың құрамына кiретiн адамдардың құқықтық жағдайын құрметтейдi, халықаралық құқық нормаларына сәйкес олардың азаматтық, әлеуметтiк-экономикалық және жеке құқықтары мен бостандықтарын толық ауқымда қамтамасыз етедi, олардың алдарына қойған мiндеттерiн орындауды қиындата түсетiн iс-әрекеттерге жол бермейдi, өзiнiң аумағы шегiнде оларға қатысты кез-келген құқыққа қайшы iс-әрекеттiң алдын алу және жолын кесу жөнiндегi шараларды қоса алғанда, әскери құрылымдардың құрамына кiретiн адамдардың, сондай-ақ әскери құрылымдар қару-жарағының, әскери техникасының және материалдық-техникалық жабдықтарының, құжаттамаларының және ресми ақпараттарының қауiпсiздiгi мен қорғалуын қамтамасыз ету үшiн Әскери құрылымның қолбасшылығымен келiсiлген барлық қажеттi шараларды қолданады.
 
                                15-бап
 
      Тараптар әскери құрылымдардың Тараптардың аумақтарында уақытша болуына байланысты құқықтық иелiк және құқықтық көмек мәселелерi бойынша жеке Келiсiм жасасуға мiндеттенедi.
      Аталған Келiсiмдi жасасқанға дейін Тараптар төмендегiдей қағидаттарды басшылыққа алады:
      әскери құрылымдардың құрамына кiретiн адамдар құқық тәртiбiн бұзған кезде ол жiберушi Тараптың заңнамасына сәйкес жауап бередi;
      Тараптардың әрқайсысы ұлттық заңнамаға сәйкес оның әскери құрылымдарының құрамына кiретiн және өзге Тарапқа немесе Тараптарға қарсы қылмыс жасағандығына күдiктi (айыпты) адамдарды қудалауды жүзеге асыруға мiндеттенедi;
      Қамауға алу, ұстау, басқа да iс жүргiзу әрекеттерi кезiнде, сондай-ақ құқықтық көмек көрсету кезiнде Тараптар ұлттық заңнаманы және 1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер жөнiндегi құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны басшылыққа алады.
 
                                16-бап
 
      Осы келiсiмдi түсiндiруге және қолдануға қатысты Тараптар арасындағы барлық келiспеушiлiктер олардың арасындағы келiссөздер барысында реттелуi тиiс.
      Даулы мәселелердi шешу үшiн құрамына Тараптардың әрқайсысының өкiлдерi және Әскери құрылым қолбасшылығының өкiлдерi тағайындалатын Келiсiм комиссиясы құрылады. Келiсiм комиссиясы Ұжымдық қауiпсiздiк кеңесi белгiлеген өкiлеттiктер шегiнде әрекет етедi.
      Тiкелей келiссөздер барысында және Келiсiм комиссиясы шешпеген даулардың бәрi Ұжымдық қауiпсiздiк кеңесiнiң шешуiне жiберiледi.
 
                                17-бап
 
      Осы Келiсiм Тараптардың бекiтуiне жатады және Ұжымдық қауiпсiздiк кеңесiнiң Хатшылығы болып табылатын депозитарийдiң сақтауына үшiншi бекiту грамотасы тапсырылған күннен бастап 30 күн өткен соң күшiне енедi.
      Бекiту грамоталарын кешiктiрiп тапсырған Тараптар үшiн осы Келiсiм

 

бекiту грамоталарын депозитарийдiң сақтауына тапсырған күннен бастап 30

күн өткен соң күшiне енедi.


                               18-бап


     Осы Келiсiм күшiне енгеннен кейiн ол оған өзге Ұжымдық қауiпсiздiк

туралы шартқа қатысушы мемлекеттердiң қосылуы үшiн ашық болады. Қосылушы

мемлекеттер үшiн осы Келiсiм қосылу туралы құжатын депозитарийдiң

сақтауына тапсырған күннен бастап 30 күн өткен соң күшiне енедi.


                               19-бап


     Осы Келiсiмге жеке хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен

толықтырулар енгiзілуi мүмкiн. Ол хаттамалар осы Келiсiмнiң 18-бабында

қарастырылған тәртiппен күшiне енедi және оның ажырамас бөлiгi болып

табылады.


                               20-бап



 
       Осы Келiсiм бойынша Тараптардың мiндеттемелерi олар қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық шарттар бойынша Тараптардың мiндеттемелерiне ықпал етпейдi.
 
                                21-бап
 
      Осы Келісім Шарттың қолданылу мерзіміне жасалады. Кез-келген Тарап ұйғарылған шығу күніне дейін кем дегенде 6 ай бұрын өзінің ниеті туралы жазбаша хабарламаны депозитарийге жіберіп, осы Келісімнен шыға алады.
      Тараптардың осы Келісімнен шыққанға дейін туындаған талаптары

 

міндетті түрде реттеуге жатады.

     Бішкек қаласында 2000 жылғы 11 қазанда орыс тілінде бір түпнұсқа дана

болып жасалды.

     Түпнұсқа дана Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің Хатшылығында сақталады,

ол оның куәландырылған көшірмесін осы Келісімге қол қойған әрбір

мемлекетке жібереді.


     Армения Республикасы үшін           Қырғыз Республикасы үшін


     Беларусь Республикасы үшін          Ресей Федерациясы үшін


     Қазақстан Республикасы үшін         Тәжікстан Республикасы үшін


     Мамандар:

       Қасымбеков Б.А.

       Багарова Ж.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады