Француз Республикасының Yкiметi мен Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң арасындағы қаржыландыру туралы хаттаманы (Алматы қаласының сумен қамтамасыз ету және кәрiз инфрақұрылымын оңалту мен жаңғырту жобасы) бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 11 шілде N 232-II


     Астанада 2000 жылғы 5 қазанда жасалған Француз Республикасының 
Үкiметi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң арасындағы қаржыландыру 
туралы хаттама (Алматы қаласының сумен қамтамасыз ету және кәрiз 
инфрақұрылымын оңалту мен жаңғырту жобасы) бекiтілсiн.
     
     Қазақстан Республикасының
             Президенті 

                     ФРАНЦУЗ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ
                                  МЕН
                    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ
                               АРАСЫНДАҒЫ
                     ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТУРАЛЫ ХАТТАМА
          


      Қазақстанның экономикалық дамуына ықпал ету үшiн Француз Республикасының Yкiметi мен Қазақстан Республикасының Yкiметi өздерiн бiрiктiретiн достық байланыстар мен ынтымақтастықты нығайту мақсатында осы Хаттаманы жасасуға уағдаласты.

      1-БАП - ҚАРЖЫЛЫҚ КӨМЕКТIҢ СОМАСЫ МЕН ОБЪЕКТIСI

      Француз Республикасының Yкiметi Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы үшiн басым жобаны iске асыру үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметiне қаржылық көмек бөледi. Ең жоғары сомасы 27,440 миллион Евроны (жиырма жетi миллион төрт жүз қырық мың Евро) құрайтын бұл жеңiлдiктi несие осы Хаттамаға 1-Қосымшада айтылған жобаны iске асыру үшiн қажеттi француз жабдықтарын және қызметтердi сатып алуды қаржыландырады.

      2-БАП - ЖОБАНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЕРЕЖЕСI

      1-Бапта айтылған жобаны қаржыландыру Францияның үкiметтiк заемының есебiнен қамтамасыз етiледi. Осы жобаға жататын әрбiр келiсім-шарттың бiрiншi аванстық төлемi көлiк шығыстары мен сақтандырусыз, қаржыландырылатын келiсiм-шарт сомасының 10%-ынан бастап 20%-ын құрайды.

      3-БАП - ҚАРЖЫЛЫҚ КӨМЕКТI ПАЙДАЛАНУДЫҢ ШАРТТАРЫ
              МЕН ЕРЕЖЕСI

      Францияның үкiметтiк заемының мерзiмi - 16 жыл, оның 6 жылы жеңiлдiк болып табылады. Жылдық пайыздық ставка - 2,1%. Негiзгi сома 20 тең және тiзбектi жартыжылдық жарналармен өтеледi, оның үстiне бiрiншi жарғының мерзiмi қарыз алу жүргiзiлетiн күнтiзбелiк тоқсан бiткеннен кейiн 78 ай өткен соң басталады; Пайыздар негiзгi борыштың қалған сомасына есептеледi; Францияның үкiметтiк заемы бойынша әрбiр тираждың күнiнен бастап өседi және жылына екi рет төленедi.
      Егер негiзгi сома бойынша немесе пайыздар бойынша өтеу күнi Франциядағы жұмыс iстемейтiн күнге келсе, онда ол одан кейiнгi жұмыс күнiне ауыстырылады. Негiзгi сома бойынша немесе пайыздар бойынша кез келген өтеудiң мерзiмiн ұзарту берешектiң күнiнен бастап және оны iс жүзiнде төлеу күнiне дейiн мораторийлiк пайызбен - салық салуға әкеп соқтырады. Мораторийлiк пайыз ставкасы француз заңымен белгiленген пайыздық ставка болып табылады, ол 2000 жылға арналған министрлiк декретке сәйкес жылдық 3%-ға ұлғайтылған 2,74%-ды, яғни жылына 5,74%-ды құрайды. Егер осы мораторийлiк пайыз бүкiл жыл бойы төленбеген болса, мораторийлiк пайыздың өзiне жоғарыда келтiрiлген ставка бойынша пайыздар есептеледi.
      Қолдану жөнiндегi келiсiмге Француз Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң атынан және тапсырмасы бойынша "Натексис банк попюлер" арасында немесе Қаржы министрлiгi уәкiлеттiк берген, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң атынан және тапсырмасы бойынша әрекет ететiн кез келген орган қол қояды. Онда Францияны мемлекеттiк

заемын пайдалану және өтеу ережесi нақтыланатын болады.
     Осы үкiметаралық хаттаманы iске асыруға байланысты барлық 
келiспеушiлiктер екi жақты дипломатиялық қарым-қатынастар шеңберiнде 
шешiлетiн болады.

     4-БАП - ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЖӘНЕ ТӨЛЕМ ВАЛЮТАСЫ

     Осы хаттаманың негiзiнде есеп айырысу және төлем валютасы Евро болып 
табылады.

     5-БАП - ЗАЕМДЫ ПАЙДАЛАНУ



      Қазақстан Республикасының Yкiметi түпкi заемшыға Француз Республикасы Yкiметiнiң мемлекеттiк заемы ретiнде мерзiмi, жеңiлдiктi кезеңi және пайыздық ставкасы бойынша Евромен дәл сол сомаға және дәл сол шарттарда заем бередi.

      6-БАП - ХАТТАМАНЫҢ ЕСЕБIНЕН ҚАРЖЫЛАНДЫРУҒА
              КЕЛIСIМ-ШАРТТАР ҚАБЫЛДАУ

      Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Хаттаманың шеңберiнде қаржыландыруға қабылданған келiсiм-шарттар "Халықаралық коммерциялық мәмілелердегi шетелдiк мемлекеттiк қызметшiлердiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресi туралы" 1997 жылғы 17 желтоқсандағы ӘЭДҰ Конвенциясы сияқты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы халықаралық нормалармен айыпталатын ешқандай да тәжiрибенiң мән-жайы болып табылмауына мiндеттенедi.
      Қосымшада айтылған жобаға қатысты әрбiр келiсiм-шартты Хаттаманың есебiнен қаржыландыруға қабылдау мына төмендегiлерге:
      - келiсiм-шарттың тиiстi жоғарыда аталған келiсiм-шартқа сәйкес
        келетiн жобаның алдын ала бағалауының қорытындылары бойынша
        тұжырымдалған ұсынымдарға сәйкес келуiне;
      - жобаның мемлекеттiң қолдауын пайдаланатын экспорттық несиелерге
        қатысты ӘЭДҰ Келiсiмiнде көзделген ережелерге сәйкестiгiн тексеруге;
      - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тарапынан Францияның борышы мен
        үкiметтiк заемдарының мерзiмiн ұзарту туралы келiсiмдер бойынша
        берешектердiң және уақытылы емес төлемдердiң болмауына;
      - Қазақстан Республикасының Yкiметiне, оның мемлекеттiк секторына
        берiлген КОФАС кепiлдiк берген банктiк несиелер бойынша немесе
        Қазақстан Республикасының үкiметтiк кепiлдiгi бойынша берешектердiң
        және уақытылы емес төлемдердiң жай-күйiн талдауға байланысты.
      Қосымшада айтылған жобаға қатысты әрбiр келiсiм-шарт құзыреттi француз өкiметтерi осы шарттар тиiстi негiзде сақталғанын анықтағаннан кейiн Алматыдағы құзыреттi француз өкiметтерiнiң рұқсаттарымен және құзыреттi қазақстандық өкiметтермен әрекет ететiн Франция Елшiлiгiнiң Экономикалық кеңесшiсi арасында хаттар алмасу арқылы оны Хаттаманың есебiнен қаржыландыруға қабылдау рәсiмiнен өтедi.

      7-БАП - ФРАНЦИЯНЫҢ YКIМЕТТIК КӨМЕГIНIҢ ШЕКТI
              МЕРЗIМДЕРI

      Жоғарыда келтiрiлген баптарда анықталған қаржылық көмектi алу үшiн француздық берушi мен қазақстандық сатып алушы қол қойған келiсiм-шарттар Хаттаманың есебiнен қаржыландыруға ең кешi 2002 жылғы 30 сәуiрде қабылдануы тиiс.
      Осы Хаттамамен берiлетiн, Францияның үкiметтiк қаржыландыруы бойынша тираждар 2005 жылғы 30 сәуiрден кешiктiрмей жүргiзiлуi тиiс.

      8-БАП - САЛЫҚТАР МЕН БАЖДАР

      Осы Хаттаманы орындауға байланысты қаржылық көмектiң қаражаты Қазақстандағы салықтар мен баждарды төлеуге жiберілуi мүмкiн емес.
      Негiзгi сома бойынша өтеу және осы Хаттаманы iске асыруға байланысты пайыздарды төлеу Қазақстандағы салықтар мен баждардан босатылады.

      9-БАП - ЖОБАНЫ РЕТРОСПЕКТИВТI БАҒАЛАУ

      Француз Республикасының Үкiметi өз есебiнен осы Хаттаманың есебiнен қаржыландыруға қабылданған жобаның экономикалық, қаржылық және бухгалтерлiк аспектiлерiн, атап айтқанда, оның Қазақстанның экономикасына әсерiн бағалау үшiн ретроспективтi бағалауды жүргiзе алады. Қазақстан

Республикасының Үкiметi, қалауы бойынша, зерттеулердiң нәтижелерiн тез алу 
үшiн анықтау қажет ережеге сәйкес осы бағалауды жүргiзуге қосыла алады. 
Қазақстан Республикасының Үкiметi өзiне Француз Республикасының Yкiметi 
жiберген бағалау миссиясын қабылдау және жобаға қатысты ақпаратқа оның қол 
жеткiзуiн жеңiлдету мiндеттемесiн алады.

     10-БАП - КҮШIНЕ ЕНГIЗУ

     Осы Хаттама:
     - оған екі тарап та қол қойғаннан;
     - оны құзыреттi қазақстандық өкiметтер бекiткеннен;
     - "Алматы су" бiрлескен кәсiпорны мен Еуропа Қайта Жаңарту және    
       Даму Банкi немесе Халықаралық қаржы корпорациясы (Дүниежүзiлiк      
       Банктiң тобы) арасында осы Хаттаманың 1-қосымшасында көрсетiлген    
       жобаны бiрлесiп қаржыландыру үшiн кемiнде 5 (бес) миллион АҚШ
       долларына бара-бар сомадағы Заем туралы келiсiмге қол қойылғаннан   
       кейiн күшiне енедi.

     ОСЫНЫ РАСТАУ YШIН осы үшiн тиiсiнше уәкiлеттiк берiлген екi үкiметтің 
өкiлдерi осы Хаттамаға қол қойды және оған өздерiнiң мөрлерiн қойды.
     Төрт түпнұсқалық данада: екеуi француз тiлiнде және екеуi орыс 
тiлiнде жасалды, бұл ретте француз тiлiндегi мәтiн - шынайы болып саналады.

     Француз Республикасының               Қазақстан Республикасының
       Yкiметi үшiн                               Үкiметi үшiн
     
                               1-ҚОСЫМША



      Осы Хаттама бойынша бөлiнетiн 27,44 миллион Евро сомасындағы француз көмегi тiршілiкке бейiмдi экономикалық шарттарда сумен жабдықтауды басқарудың берiлуiн қамтамасыз ету, сонысымен халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту үшiн Алматы қаласын сумен жабдықтау және кәрiз инфрақұрылымын қайта жаңарту және жаңғыртудың бастапқы бағдарламасын француз фирмасының жеңiлдiктi шарттармен қаржыландыруына арналған.
      Француз және қазақстан үкiметтерiнiң арасындағы су секторындағы ынтымақтастық жөнiндегi әр түрлi iс-шараларды жалғастыратын осы жоба 1999 жылғы 27 қарашада Алматы қаласы мен "Алматы су" бiрлескен кәсiпорнының отыз жылға "Соntrасt for the Lеаsе, Investment and Operation of the Potable Water and Waste Water Facilities" деп аталатын келiсiм-шартқа қол қоюымен ____ Алматы қаласы мен "Generale des Eaux" бiрлестiгi арасында

ұзақ мерзiмдi әрiптестiк орнатуға мүмкiндiк бередi.
     Осы жоба тым болмағанда, 5 миллион АҚШ долларына барабар сомаға 
Еуропа Қайта Жаңарту және Даму Банкiнiң заемымен қосарлас қаржыландырылады 
немесе Халықаралық қаржы корпорациясы қаржыландырады. "Алматы су" 
бiрлескен кәсiпорнының осы заемды тартуы Қазақстан Республикасының 
мемлекеттiк кепiлдiгiнiң берiлуiн талап етпейдi.
     1-қосымша осы Хаттаманың ажыратылмас құрамдас бөлiгi болып табылады. 
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Икебаева Ә.Ж. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады